Таңдаулы

Gastarbaiter
Сен Керекшіліктің түпкі мағынасын мүлде түсінбейсің. Керекинфошы болу деген ол ювижендықтардың “О казахи, зацените прикол на казахском нашел ха, хасы” емес. Керекинфо деген Іргетасақтың псевдоинтелектуалды талқылары, не Намыс.КЗ-тің ультракөтриоттық коменттері емес. Бұл саған arular.kz, вордпресс.ком не «мой мир» емес. Керекинфо адамдардың нағыз құбыжық кейіпін көрсететін орын, қатыгез, сезімсіз, немқұрайлы зымияндығын көрсетуіне болатын мекен.
Қыз күзгі балда жеңіліп қалды, біз күлеміз. Ғашық жігіт өзінің мұңын шағады, біз күлеміз. Кемпір төмен жылжыған эскалаторға міне алмай әлек, біз бұттан кетіп, тағы сұраймыз. Әділетсіздік, парақорлық, алкоголизм — біз күлеміз. Ұлтшылдық, түсініспеушілік, алалау, зорлық, балағат, себепсіз қақтығыстар — біздің ішегіміз қатады. Біз кез-келген жексұрынның тірлігіне бетіміз бүлк етпей қол қойып, қосыла кетуге дайынбыз. Біздің талғамдарымыз саналы қисынға негізделмеген, мақсатсыз даулар — біздің болмысымыз, біз — Қазнеттің бетпердесін шынайы кескініміз.