Жарияланымдар

АБАЙ ТУҒА ҚАРАП НЕНІ ОЙЛАДЫ?



Астана. Орталық көшелердің бірі. Мынау ескерткіш. Еркерткіш не үшін қойылатын еді? Адамдардың арасынан ардақты деп, сыйлы, елге еңбегі сіңген деп, көптің көңілінен шыққан тұлға деп табылғанына тұғырландырылады. Артында қалған ұрпағы қояды. Көрсетілген құрметтің, еленген еңбектің көрінісі. Келешек ұрпаққа үлгі. «Қара да, үлгі ал», яки, есіңе ал. Түп мағынасы осы болуға тиіс.
Әрі қарай

"Қатыным біреумен сүйісіп тұр екен"

Кейде телеарна алдында отырып қарадай қарап күйесің. «Әзілқой», «халықты қыран топан қылатын» бағдарламалар бар ғой… Иә. Бірақ солар әзілдерді қайдан алатынына миым жетпей-ақ қойды… Аспаннан алған дейін десем, брэйк билейтін әже мен қыздарға қырындап жүрген қарттың, әйелінен қорқатын еркек пен күйеуінің көзіне шөп салып жүрген әйелдің аспанға не қатысы бар? Әйтеуір бізге, көрерменге ұсынылған өнімдерден ұғатынымыз, «ұнамаса көрмеге» жүгінуіміз керек боп тұр. Олай болмаған күнде, бір сықыр сүйек ербеңдеп билесе шегіміз қатқанша күлуіміз керек екен. Бір көксоққан қатынынан қорқып бұтына жіберіп қойса да, бұратылып күлкіден жатып қалуыңыз керек. Дым күлкілі емес. Дым өтпейді.Өткенде бір «Тематик шоу» деген хабарды қарап отырсам мынандай әзіл айтады.
— Кеше үйге келсем әйелім біреумен сүйісіп тұр екен.
Қасындағы екінші әзілкеш-сымақ
— мәссаған – дей беріп еді, анау:
— оны қойшы, ең бастысы тамақ істемеген ғой -деп «қыран топан қылды»
Қазақтардың әзілінің сиқы осы.
Әрі қарай

жай өлең

Тұнжырау кабинет іші,
Жағдайы мүшкіл бір мұңым.
Басады сезімнің мысы,
Көзге ілмей өмірдің құнын.

Айнала қаптаған адам,
Тас жүрек. Сезімсіз. Қатты.
Іздеген мұңымда қалам.
Ол да кеп адаспай тапты.

Жан-жағым қаптаған уайым
Мен ғана жападан жалғыз…
Мен ғана бір сертке дайын,
Ал мұңым менсінбес паң қыз.
Әрі қарай

мынау не? мазақ па?

«толерантты » жастар қайдасыңдар? орыстарға қатысты кейбір сыни пікірлерді көтере алмайтын, орыстың сойылын соққыш, «аса мәдениетті» жастар қайда екен? үн қосыңдар енді! Біртұтас ұлтты БОМЖ санап жатыр. Мағжан Жұмабаевты Мағжан Пятницабаев деп мазақ
Әрі қарай

СУДЫҢ ИІСІ



Бақалар шолп-шолп секіреді. Көлеңкелер су бетінде көлбең қағып жүзеді. Ал мен жүріп келем…

Жаңа ғана бір досыммен жолығып, енді үйге қайтып барам. Алматының лебін арқалап келгендерге алып-ұшып баратын әдетім. Бәрі бәз-баяғы қалпында. Алматы
Әрі қарай

ҚАЛДЫҚЫЗҒА арнадым...



ооо, асыға күтемін. Мен негізі өзіме біреу арнап өлең жазса ващще тащицетем :)
@ Zilola

Жабырқау кейде, жанарың мұң боп қалдыңыз,
Көңілге біткен, жалғыздық салған заңды мұз.
Қалыңыз көркем, жаныңыз сұлу одан да,
Жабырқамаңыз, қазаққа
Әрі қарай

АҚЫРЗАМАН БОЛСА…



Бұ қазаққа бәрі той. Енді ақырзаманды «көппен көрген ұлы той» деп қояды. Бессовестный! Немесе «ақырзаман болса не істер едіңіз» деп сұрайды. Сұрағы дұрыс шығар, енді… кішкене ойландыру үшін қойылған деп қабылдасақ. Ал жазылған пікірлердің
Әрі қарай

Ұ.Қ немесе КИНО КӨРСЕТЕТІН ТЕЛЕФОН



ДОСЫМ НҰРАЛЫҒА АРНАЛАДЫ автор

Нұралы Абай атындағы университетті бітірген соң, оқыста үйленіп алды. Алдағы жұмыс туралы, болашақ жайлы ойлағысы да келмеді. Әйтеуір бір тағдырындағы тарының шашыларын, өзі аман болса, шашылған тарының шоқылмай
Әрі қарай

ПІКІР ЖАЗУ - ҚУУ ЕМЕС ШЫҒАР



Қазақ блогшыларының арасында неше түрлі «иттер» қалыптасып келе жатыр. Үруде кәнденнен кем емес. Тістеуде төбетті шаң қаптырады. Қорқаулығы қасқырды жұмыссыз қалдырардай.

Сыңарезу, топас, білімсіз, өтірік жынды, тәкәппар, тоңмойын т.б…
Әрі қарай

"ГОВОРИ ПО РУССКИЙ !!! "



Ольга есімді орыс қатын қанымды қарайтты. «Говори по русский» деп бағжиды. Жоқ, сен қазақша сөйле дегім келген, бірақ айналамдағылардың бәрі қазағы бар, орысы бар, Ольганы жақтап ала жөнелді. «Она же не понимает, говорите по русский», «ол
Әрі қарай