Жарияланымдар

Балаларға арналған жаңа градусник...

Корей дизайнерлері Chun-Chia Hsu, You-Ren Chen и Liu Rong-cheng балаларға арналған градусник ойлап тапқан.Оның ерекшелігі тәтті дәмінде, яғни градусниктің ұшында орналасқан кәмпитінде! Кәмпит қарапайым дәмі бар шын тәтті тағам, ал таяқшасы-термометр.Балаға жалынып немесе қинап ауызын аштырганша, бұл кәмпитті бере салған ыңғайлы.Яғни бала кәмпитке көңілін бөліп жатқанда, температурасын біліп алуга болады.
Қазіргі заманның жетістігі деп осыны айт
Әрі қарай

Хахаха!!Хехехе!Хихихи!


***
Бір жігіт қызға сүйетіндігін білдіріпті.
— Мен сені Ләйлі мен Жібектен бетер сүйем.
— О, арам-ай. Менен де бұрын қыздарың болған екен ғой.
***
Жұмыстан мас болып оралған күйеуіне әйелі айғайлай бастайды.
Күйеуі:
— Маша, сен айтатыныңның бәрін қағазға жаза салшы, мен оны таңертең тұрғанда оқып аламын.
***
Қыз жігіттен:
— Менің туылған күніме қандай сыйлық жасайсың?
— Үлпілдеген бетіңнен сүйемін.
— Ал, мен рұқсат бермесем ше?
— Онда жүре бер сыйлықсыз…
***
Екі еркектің әңгімесі:
— Сен көшеден әдемі келіншек көрсең, ең бірінші қай жағыңа қарайсың?
— Жақын маңда әйелім жоқ па екен деп жан-жағыма қараймын.
***
Әйелі күйеуін жерден алып, жерге салып жатыр. – Оңбаған, ит, қасиетсіз… Кетемін бұл үйден. Билетке ақша бер. Шешеме барамын…
Күйеуі ақша ұсынады.
— Оңбаған, ал қайтар жолға ше?..
***
Қызы үйіне телефон шалып: — Әке, мен күйеуге шықтым, — дейді.
— Ештеңе білмеймін, кешке үйде болатын бол.
Әрі қарай

Ән шырқайық!)))))


Қайрат Нұртас-Үнсіз жүрек
Таңданамын тамаша сымбатыңа,
Барма амалым жүрегім сырға тұна.
Ұсынамын қолымды қиялымда,
Қысыламын көргенде тіл қатуға.
Шын сүйемде, өзгеден шын қызғанам
Дүниеде саған тең жұлдыз барма?
Жоқ амалыл көрдімде тағы бүгін,
Әрі қарай

Ұлт болашағы-тәрбиелі ұрпақ

Апай:
-Тақырып түсінікті болса, деп жатқанда қоңырау шыр ете тусті.Оқушылар абыр-дүбір сыныптан шығып барады.Ал Арман болса партасынан қозғалмайды.Апайы Арманға:
-Арман, сабақ аяқталдығой кеш түсіп кетпей тұрғанда уйіңе жетіп алсаңшы.Ата-анаң уайымдап қалар!
— Әттең, солай болсағой!-деп сөмкесін арқасына іліп алып сыныптан шығып кетеді.Әр түрлі ойға батып уйінеде жетті.Уйге кіргенде баяғы сол тыныштық, баяғы сол мұңлы көңіл.»Мүмкін анам мен әкем жұмыстан ерте келер» деген үмітпен алдырына тағамдыда әзірлеп қойды.Сағатқа қарай-қарай шаршаған ол, анасына өзі хабарласып:
-Ана,қашан келесіздер? Мен тамақтыда дайындап қойдым.Ең бастысы тез келіңдерші
-, деп жатқанда анасы Арманның сөзін бөліп:
-Балам, тоқтай тұр.Біз әкең екеуміз дереу жұмыстарымызбен басқа қалаға кетуіміз керек.Қазір қасыңа әжең барады, уйде бол жарайма?-, дегенде
-Мен ешкімге керек емеспін, мағанда ешкімнің керегі жоқ-, деп ашуға бой алған Арман тұтқаны қойып тастап уйден жүгіріп шығып кетеді.»Мен неге жалғызбын?! Басқа балалардың басынан сипап арыстаным деп еркелетер әкесі,құлыншағым деп қойына алатын аналары қасында.Ал менің әке-шешем неліктен әр уақытта меннен алшақ жүреді?! Тым құрығанда қасыма демеу болар бауырымда жоқ»
Ойға шомыла жолдан өтіп бара жатқанда, улкен жылдамдықпен келе жатқан мәшиненің қасынан қалай тап болып,қалайша ауруханадан бір шыққанын сезбейде қалады.
Ұшаққа мініп бара жатқан кезде әкесінің ұялы телефоны соғады.Бұл хабарды естіген анасы мен әкесі жұмыстарын тастап, дереу ауруханаға жетеді. Баласының көзі жасқа толы кейпін көрген анасы өз қателігін бірден тусінеді.
Әрі қарай

Адамның бақыты — балада

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін.Ата –аналарынан мектеп қабырғасында жылылық сезінбеген жас өспірім өмірде «мен ешкімге қажетсізбін»,- деп санап уайымға жиі саналады.Сондықтан темекі шегу, алькаголдік ішімдіктерді пайдалана бастайды.Яғни өзін жападан жалғыз сезініп калайша адасып кеткенінде байқамай қалады. Осының салдарынан Жасөспірімнің имунитеті әлсіреп денсаулығы нашарлайды.
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.
Әрі қарай