Жарияланымдар

Маған түсініксіз жайт...

Өмірдің түсініксіз жайттары көп қой… Сондай жағдайдың бірі (мен соны ешқашан түсінген емеспін)-бір сәттің дәл солай екі рет қайталануы. Қызығы сол, бұрын болған оқиға көз алдында тағы қайталанып жатады, ал озің бұрын сол жағдайды бастан кешірген сияқтысың.Бірақ ешқашан есіңе түспейд… мен бұрында өмір сүргем бе деп ойлап қаласың кейде… сосын ішіңнен: бұрын болды осы сәт, бірақ қашан ед? — деген ойлар мазалайды, сөйтесің де кейін ұмытып кетесің. Бүгінде мен үшін тағы сондай жағдай болды..әйтпесе мұндай тақырып қозғамас едім. Сіздерде сондай бола ма? Ғылыми тілде қалай атайды екен бұл жағдайды? ауру ма екен?өмірдің тылсымы ма бұл? Қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай

Қыз жүрегі...

Қыз жүрегі.

Өмірдің жолы,
Сан қилы неге келесің?
Соншалық алдан,
Күтуде әрбір белесің…
Жетейін деген
Талпынған жүрек сөзіне
Аяқтан шалып, несіне қинай бересің

Бірақ та мейлі…
Тіршілік-жалған. Өтер күн!
Сүйгенім аман.
Оған да шүкір етермін…
Сездіре алмай,
Жалындап жазған сезімді
Фәниден мынау,
Сүйсініп қана өтермін…

Кеудеме сыймай,
Жүрегім неге тулайсың?
Тағдырдың жолын,
Арнаға өзге бұрғайсың!
Кей кезде көріп алыстан нұрлы бейнесін,
Бақытын тілеп,
Тілекші болып тұрғайсың!
Әрі қарай

Қалай - қалай сөйлейміз???

Көшеде:
-Привет!
-О, Қалайсың?
-Нормально! Жүрген сол.
-Не жаңалық бар?
-Да так, особенно ештеңе жоқ.
-Бізде де ничего, пока бәрі жақсы.
-Балалар калай?
-Үлкені школда, кішісі садикке барады.
-«Большие дети-большие проблемы» десеңші!
— Нуу..Үлкен ұлым үйленген, свадбьасының өзіне біраз шашылдыко…
-Ладно, мен асығыс едім.
-Жарайды.звандап тұр.

***
Дүкенде:
-Не аласыз?
-Маған екі килограмм огурцымен помидордан еще бір пачка чай мен коробка конфет беріңіз.
-Хорошо.
-Активке мың единица барма?
Есеп айрылысар кезде:
-Мелочь жоқ па?
-Щась..қарайын…
-Сдачаңызды алыңыз.
***
Қоғамдық көлікте:
-За проезд бере салыңыздар!
-Студенческий
-Пенсионный,
-Проездной.
-Қазір Абая-Ауезова болады.
-Назад проходим, орын бос қой!
-Следующая Жарокова. Заранее дайындаламыз!!!

***
Үйде:
-Пап, телевизорды өшіріп видикті қосайықшы?
-Тұра тұршы, ОРТ-да жақсы передача болып жатыр.Осыдан кейін новости басталады.
-Программа да басқа не бар?
-Одан да сабағыңды оқы.
-Ертең воскресенье ғой…
-Мамаң не істеп жатыр?
-Кухняда обед істеп…

Біз осы қалай-қалай сөйлейміз???
Әрі қарай

Әскерге хат

Сен жүресің ел үшін құздарды аттай,
Кеңістікті шарт тіліп ызғар батпай,
Өз орнында озіңнің үйің тұрар,
Үміт күткен жер көктен қызғалдақтай.

Амандығың бәрінің барша бағы,
Ырыс болсын әскердің әр сабағы.
Тәңір жазып ай өтер жыл да өтер,
Сүйген бір жан өзіңді қарсы алады.

Сағыныштар тығылар алқымыңа,
Ол дегенің алыстың шарты мына.
Мен өмірде шат күліп журермін тек,
Егер сен де тоңбасаң салқынына.

Сен сезінші алыс пен жақыныңды,
Торыққанда алыстан шақыр үнді.
Еш бөгетсіз сол шақта жүріп өтер,
Сәлемім сан мыңдаған шақырымды…

Отан қорғау-ұлы іс ұғынғанға,
Сезініп қал, сыр бар да, жырың барда.
Ата- ана бар алыста сағынысқан
Көргісі кеп жүретін ұлын алда

Мініп алып «шынығу желкеніне»
Ораларсың мейлі кеш, ертелі де.
Оңды — солды үміт қып бір сәулені,
Алаңдаймын уақыттың ертеңіне.

Адам болмас жан — жақты жиып термей
Жаратушым еңсеңді биік бергей!
Көріне бер, әр жырымның әлемінде
Сағынышты сомдаған кейіпкердей…
Лаура Әбдіқадырова
Әрі қарай