Жарияланымдар

"Жаңа белестің" жастары

Зерттеуге қатысушы жасөспірімдердің дара типологиялық ерекшеліктерін диагностикалау мақсатында К.Леонгардтың (С.Шмишек модификациясы) характереологиялық сауалнамасы, Пип Уилсонның «Ағаштағы орныңыз қайсы?» проективті тесті, Люшердің «Түстік социометрия» әдістемесі, Тұлғаның агрессивтілік деңгейін зерттеуде Басс- Дарк сауалнамасы, Ч.Спилбергтің мазасыздық деңгейін зерттеу әдістемесі қолданылып, психологиялық сипаттама дайындалды.
Блог - uljan-17: Жаңа белестің жастары
Тренингтер мен кездесулердің жоспарлары мен мазмұны. Социумға бейімделе алу мен жағымды әрекетке түсе білу қабілеті жеке тұлғаның көптеген даралық ерекшеліктеріне тәуелді болып табылады. Аталған мәселеге қатысты адамның өзге адамдар мен әлеуметтік жағдаятты түсінуді қамтамасыз ететін интеллектуальдық қабілеті ерекше назар аударуды қажет етеді. Мұндай қабілет психологияда әлеуметтік интеллект деп аталады. Әлеуметтік интеллект айналасындағы тұлғалармен өзарақатынасты үйлесімді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, олардың тәртібі мен іс-әрекетін адекватты түсінумен сипатталады. Әлеуметтік интеллект құрамына келесі аспектілер енеді: коммуникацияға қатысушылардың ойын, сезімін, ықыласын түсінуге негізделген оқиға мен мінез-құлық сапаларын алдын ала көре, түсіне білу іскерлігі; өзгелерді бейвербальды қимыл әрекеттері бойынша жәй-күйін, сезімін, дұрыс бағалай білу қабілеті; тілдік экспрессия деңгейі (мінез-құлқы мен сөз бояуына сезімталдық); адамдармен өзараәрекеттестік барысындағы күрделі жағдайларды талдап, олардың шынайы себебін тауып, түсіну. Девиантты тәртіпті түзету мен алдын-алуға бағытында құрастырылып, жасөспірімдермен жүргізілген бағдарлама социумға бейімделуге мүмкіндік беретін әлеуметтік интеллектілерін дамытуға жағдай туғызды. Бағдарлама міндетттері: Әлеуметтік интеллектінің аспектілерін дамыту. Жасөспірімдерге әлеуметтік дағдыларды меңгеру маңыздылығын түсіну мүмкіндігін жасау. Жасөспірімдерге қарым-қатынас тәсілдерін меңгеруге баулу, рөлдік репертуарларын кеңейту. Бүгінгі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, экспериментке қатысқан жеке тұлғалар тәртіптерін бағалау құрылымына енетін өзара байланысты бірнеше деңгейлер (тәртіпке итермелейтін мотивация, тәртіпті жетелеуші эмоционалдық үдерістер; тәртіпті өзіндік реттеу; ақпаратты когнитивті өңдеу; сыртқа көрініс беруші іс-әрекеттер) тұрғысынан қарастырылды. Аталған жүйелердің бұзылуы жеке тұлға тәртібіндегі ауытқуларға себеп болып табылады. Біздің жасөспімдермен жүргізген психодиагностикалық жұмыстарымыз девиантты тәртіптердің келесі себептерін анықтауға мүмкіндік берді: Девиантты мотивация- бұл құндылық, сенім, жеке тұлғалық мән, қажеттілік, және мұның барлығы жеке адам үшін белгілі маңызға ие болады да, нормативке қарсы белсенділікті оятады. Ауытқулы тәртіп жоғары мәнді құру және өмірлік құндылықтарын бекітудің тапшылығынан, тұлғаның рухани дағдарысына байланысты болуы мүмкін. Мұнда девиация мотивациясы агрессиялық және аутоагрессиялық тәртіп формасына ие. Екінші себеп — эмоционалдық проблемалары мен өзін-өзі реттеуде туындайтын қиындықтарға байланысты. Мұндағы ауытқулы тәртіп жағымсыз эмоция немес эмоционалдық бұзылу, агрессия, депрессия, алаңдаушылық формасында көрініс алған. Аталған себептер ерікті әрекеттерді реттеуге қатысты – жоспар құру, мақсат қою, бағалау және өзін қадағалаудың бұзылуымен тығыз байланысты. Нәтижесінде, жасөспірімдерде жеткілікті дамымаған тілдік регуляция, төмен деңгейдегі рефлексивтілік, өзін төмен бағалауларымен сипатталады. Девиантты тәртіп тән келесі топ жағымсыз-девиантты әлеуметтік тәжірибелерімен ерекшеленеді. Бұл дезадаптивті тәртіп стереотиптері (әдет, дағды), когнитивті бұрмалану, т.б. Девиантты тәртіптердің себептерін қарастыра отырып, психологиялық көмектің стратегиялық мақсаттарын құрдық: — жекелеген тәжірибелерді интеграциялау; — өз тәртібін реттеуді жетілдіру; — стресске төзімділікті көтеру мен тұлғалық ресурсты кеңейту; — дезадаптивті мінез-құлық көріністерін азайту және жою; — әлеуметтік байланыстар мен тұлғалық жағымды әлеуметтік тәжірибені кеңейту
Әрі қарай

"Жаңа белес" Талдықорғанда

«Жаңа белес» — жастар арасында девиантты тәртіптің алдын-алу жобасы. Жоба Қазақстан жастарының конгресі мен ҚР Тұңғыш Президент Қоры қолдауымен Қазақстанның төрт облысында өткізілді.
Блог - uljan-17: Жаңа белес Талдықорғанда
Жасөспірімдік шақтағы тұлға психологиясын ескере отырып, түзету жұмыстарында:
— кешенділік (әлеуметтік кеңістіктегі түрлі деңгейдегі әсер етуді ұйымдастыру);
— жас ерекшелік, жыныстық және әлеуметтік сипаттамаларын ескеру;
— жиындық (топтық жұмыс формаларының приоритеті);
— жпғымды ақпарат;
— жағымсыз зардаптардың болмауын немесе аз болуын;
— қатысушылардың жеке қызығушылық танытуы мен жауапкершілігі;
— әр тұлғаның максимальды белсенділіктері;
— болашаққа ұмтылу немесе бағдарлану (өз тәртіптерінің бағалау, мақсаттары мен жағымды құндылықтарын өзектендіру, болашақтарын девиантты тәртіпсіз жоспарлау), т.б.
Қағидалар басшылыққа алына отырып, жүргізілген жұмыстың нәтижесінде респонденттерде өздеріне сенімділік, жағымды көңіл-күйлерінің жиі байқалуы, бір-біріне қамқорлық, ықылас білдіру тәрізді жағымды қасиеттерінің пайда болғандарын байқадық.
Психологиялық-педагогикалық портрет
Психологиялық сапалары Тұлғалық сапалары
Аналитикалық-жинақтаушы қабылдау, бақылағыштық, абстрактылы ойлау, мақсатты жоспарлау, интеллектуалды танымдық белсенділік; психологиялық қорғаныс сезімі, оқу-танымдық қызығушылықтары, жетістіктергеқол жеткізу мотивациясы, әлеуметтік мотивация (парыз, жауапкершілік); өзіне сенімділік, көңілі толу, тәртіпке бағыну адаптивтілік, коммуникабелділік, мейірімділік, эмпатия. Әлеуметтік есею, өз тәртібіне жауап беру, қоғамдық жағымды әрекетке деген (оқу), танымдық қызығушылықтар, адекватты өзіндік бағалау, өзінің дербестігін саналы түсіну, қоғамдық қабылдауға қажеттілік, топтағы өз орнына қанағаттану.
Түзету жұмыстары барысында топтық жұмыстар жүргізілгенде әр жасөспірімнің даралық қасиеттері міндетті түрде ескеріліп отырылды. Бұдан өзге де, өзгелерді дәл өздеріндей қабылдау, сезімдерін түсініп, шығара білу тәрізді жұмыстар да жүргізілді. Түзету жұмыстарының соңында балалар мінез-құлқында, құрбыларымен қарым-қатынасында айтарлықтай өзгерістерінің болғанына көз жеткізіле бастады. Олар эмоционалды күйзелістерінің төмендеп, адамгершілік түсініктерінің қалыптасуы, өзінің эмоционалды күйін түсіну және адекватты білдіру қабілетінің, өзіндік релаксацияға бейімделгендерін байқадық.
Аталған түзету моделі топтық тренингтер түрінде ұйымдастырылды:
1. Резистентті тренинг (төзімділік) – жағымсыз әлеуметтік әсерге қарсы тұра білуге баулу. Тренинг барысында девиантты тәртіпке қатысты ұстанымдары өзгерді, жарнамалау стратегияларын тану дағдылары қалыптасты, құрдастары тарапынан үстемділікке «жоқ» деп айта білуге үйренді, ересетердің жағымсыз әдеттері жайлы ақпараттары кеңейді.
2. Ассертивті немесе аффективті-құндылыққа үйрету тренингтері. Девиантты тәртіптері эмоционалдық бұзылуларымен тығыз байланысты жасөспірімдермен стресспен күресу, эмоцияны жағымды басқара білу, агрессияны түзету бағытында ұйымдастырылды. Мұнда жасөспірімдер конструктивті шешім қабылдау, өзін-өзі адекватты бағалау позитивті құндылықтарды дамыту мен өз жолын дұрыс таңдау жолдарын меңгерді.
З. Өмірлік маңызды дағдыларды қалыптастыру мақсатындағы тренингтер барысында үйлесімді қарым-қатынасқа түсе білу, достық қатынасты қолдау, тұлғааралық қарым-қатынастағы қақтығыстарды конструктивті шешу, өзінің жеке басына жауапкершілікті алу, мақсат қою, өз көзқарасы мен қызығушылығын өзгелерге мойындату, өзін қадағалау, сенімді мінез-құлық сапалары, өзін және айналадағы жағдайды өзгертуге бейімділіктері қалыптастырылды.

Келесі тренингтік бағдарлама балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алуға бағытталды. Тренинг барысында қарым-қатынастың: «Өзіңе өзгелердің қатынасы қандай болғанын қаласаң, айналадағыларға қатынасың дәл сондай болсын» деген «Алтын ережесі» басшылыққа алынды.
Қазіргі қоғамда толеранттылық адамдардың өзара тұлғааралық қатынастарында саналы қалыптасқан үлгісі болуы қажет. Сол себептен, күнделікті тұрмыс тіршілігімізде үйреншікті мінез-құлық сапасы ретінде қалыптастыру мақсатында тренингтік жұмыстардың келесі бағыты толеранттылықты дамытуға арналды.
Девиантты тәртіпке тән сипаттардың жасөспірімдердің бірі эмоционалдық-еріктік салаларындағы ауытқуды түзетуге бағытталған тренингтік бағдарлама жүзеге асырылды. Бағдарламаға енген жаттығулар эмоционалдық, еріктік, адамгершілік және мінез-құлық саласын өзгертуге және түзетуге арналды.
Оқыту және кәсіпке бағдарлау жұмыстары
Мұнда біз М.Рокичтің құндылық бағыт әдістемесін пайдаландық. Барлық оқушыларға болашақ таңдаған мамандығына сай негізгі құндылықтар атауы ұсынылды. Оқушылар өздерінің таңдаған мамандықтарына сай кәсіби құндылықтар жүйесін бақылау нәтижесінде 10 негізгі құндылықтар жүйесін бөліп шығарды.
Оқушыларының кәсіби құндылық бағдар жүйесі мен мамандық түрін таңдауы арасында өзара тығыз байланыс бар.
Кәсіптік бағдар беру жұмысын зерттеу оқушылардың кәсіби бағыттылықтарының деңгейін есепке ала отырып, жүргізілді. Оқушылардың үштен бірі (31,7 пайыз) кәсіби айқындалу мотивтері ретінде “ата-ана мен достарының ықпалы”, “қалыптасқан жағдайлар”, т.с.с. саналы түрде мамандық таңдауды айқындайтын мотивтерді атады.
Блог - uljan-17: Жаңа белес Талдықорғанда
Оқушының болашақ кәсіпті таңдауына өзара тығыз байланысты екі фактор – біріншіден, оның тұлғалық құндылық бағдар жүйесімен, екіншіден, таңдалған мамандықтың қоғамдық маңыздылығымен әлеуметтік беделі жоғары дәрежеде әсер ететініне көз жеткіздік.
Спорттық және мәдени іс шаралар.
Жоспарға сәйкес респонденттермен жүргізілген келесі жұмыс формасы- девиантты тәртіпке балама іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру болды. Аталған бағытта салауатты өмір сүру салтына байланысты әр жасөспірімнің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, қоршаған дүние және өз ағзасымен үйлесімділікті орнату бағытындағы спорттық іс шаралар ұйымдастырылды. Мұнда дұрыс тамақтану, жүйелі дене жаттығулары, еңбек және демалыс тәртібін сақтау, табиғатпен байланыс орнату, т.б. экологиялық ойлауларын дамыту жүзеге асырылды.
Аталған спорттық іс шаралар олардың тұлғалық ресурстарын белсендендіріп, спортпен шұғылдануға қызығушылықтарын оятты.
Әрі қарай

Жаңа белес деген қандай болады екен?

«Жаңа Белес» жобасы жастардың девиантты мінез-күлкін алдын алуға бағытталған. Жасөспірімдер мен жастармен психолог-педогог мамандар 2016 жылдың қыркүйек пен қараша айларының арасында, еліміздің 5 аймағында жұмыс жасады. Арнайы мамандар семинарлар, дәрістер, курстар өткізді. Бұл семинарлар арқылы жасөспірімдер белсенді азаматтық ұстанымдарға ие болды жəне көпшіл болуға көмектесті.

Бұл өткізіліп отырылған шаралар жасөспірімдерге көп кеңестер береді жəне де дұрыс бағыт таңдауға көмектеседі. Бұл «Жаңа Белес» жобасы елімізде болып жатқаны барлығымыз қуантарлықтай.
Әрі қарай

Ал сіз өзіңіздің қай әрекетіңізбен мақтана аласыз?

Қазір сіз осы постты оқып отырсыз. Дәл осы сәтте белгісіз бір ауылда жасы сексенге таяп қалған зейнеткер-апамыз жалғыз отыр. Жалғыз сүйеніші ұлын да бақытсыз бір жағдай алып кетті. Жары да көп жылдар бұрын дүниеден өткен болатын. Жалғыз зейтнетақыға күн көреді, жәрдем беріп, қолдау көрсетер еш жақыны жоқ. Келген жаны-жайсаң кейбір жандар азық-түліктерімен бөлісіп кетеді.
Айналып тағы да күздің күрең күндері де келіп жетті. Жаз кезінде ауа-райының жылылығынан ба, тұрмыстың қиындығы білінбеп еді, ал қазір күн де суытып, әжеміздің мазасын алды.Тұрмыс қажеттіліктерін барынша жасауға тырысты, бірақ қайтсін күш-жігері барынша сарқылған!..
Сижу я с думою своею,
Зима подходит вот-вот-вот,
Как мне успеть все в доме сделать?
Да и просить кого, кого?
Ну вот же чудо!
Как будто бы из небес подъехали студенты группой
Их сколько было мне не счесть!
— Бабуся, мы пришли на помощь
Что сделать? Нам скорей скажи.
Покрасим дом, огород вскопаем,
Дровишек мы наколем впрок, —
Бабулю словом утешают,
Здоровья долгого желают.
Такие дружные ребята!
— Покрасим кругом забор, —
Я благодарна за заботу,
За труд, что вложен был в мой дом!
Спасибо Вам большое!
За заботу о стариках.
Всем Вам хорошего здоровья, успехов в учебе.
Баба Валя, 80 лет
Актюбинская область,
Мугалжарский район,
Покровка/Сагашили.
Блог - uljan-17: Ал сіз өзіңіздің қай әрекетіңізбен мақтана аласыз?

Міне, осындай әсерлі өз өлең жолдарын әжеміз зейнеткерлерге, еңбек ардагерлеріне, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, барлық көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп жүрген еріктілерге арнады. Бұларды біріктірген — Қазақстан Жастар Конгрессінің «Казахстан- это Я» — «Менің Қазақстаным» Ұлттық жобасының алдыңғы қатардағыларының бірі- «Жаңа Дем» жобасы. «Казахстан- это Я» жобасының мақсаты — балалар мен жастардың құқықтарын қорғап, жастарда патриоттық және рухани сезімдерін қоғамға көмек көрсету, жас та болса саясатпен айналысулары арқылы дамыту болып табылады. Бұл үлкен жобаға «Жаңа Дем», «Жаңа белес», «Молодежный промоутер», «Молодежная трибуна», «Біргеміз» жобалары жатады.

Блог - uljan-17: Ал сіз өзіңіздің қай әрекетіңізбен мақтана аласыз?

Қазақстан- бұл сен,
Қазақстан- бұл мен,
Қазақстан – біздің бәріміз!
Бәріміз- Қазақстан деген қоғамның белсенді мүшелеріміз! «Тамшыдан теңіз құралады» демекші, жақсы, игі істерді атқаруға келгенде, ешқайсымыз қолымыздан келгенше аянып қалмауымыз қажет. Сонда ғана ата-бабаларымыз армандаған тамаша коғамды қалыптастыра аламыз. Ал оның бәрі біздің, яғни жастардың қолында!
Блог - uljan-17: Ал сіз өзіңіздің қай әрекетіңізбен мақтана аласыз?

Осы орайда, еріктілерді айта кеткеніміз жөн. Олар «Істерге ісі жоқ» дейтін адамдарға жақсы мысал болары анық. Себебі, олардың бар мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қоғамның дамуына, дұрыс қалыптасуына кішкене болса да, өз үлестерін қосу. Осының арқасында, міне, әжеміз қысты еш уайымсыз өткізетін болды.

Конгресстің тағы бір жобасы «Біргеміз» қиын жағдайға түсіп қалған отбасыларға бейқұрам қарамайтын, оларға қол үшін созуға дайын жастардың басын біріктірді. Олар құса болған әке- шешелеріне жоғалған ұл-қыздарын тауып беруге бар күштерін салады. Ешқандай туыстық қатынасы жоқ балалардың жанында сағат, тәулік бойы отырады, өйткені, ол- қоғамның баласы, бала жоғалса- жеке жандардың емес, қоғамымыздың ауруы. Бұл жерде де олар ақша алмайды. Және олар үшін бұл маңызды емес, маңыздысы- баланы аман-есен отбасына жеткізу. Бұл жоба аясында Қазақстанның облыстарында дәрістер өтуде. Қазіргі таңда Астана, Ақтөбе, Шымкент қалаларында өткізілді.
Блог - uljan-17: Ал сіз өзіңіздің қай әрекетіңізбен мақтана аласыз?Блог - uljan-17: Ал сіз өзіңіздің қай әрекетіңізбен мақтана аласыз?

Біздің жобамыздың мақсаты- біздің қоғамымыздың қандай екенін естен шығармау. «Біргеміз», «Жаңа Дем», «Жаңа белес», «Казахстан — это Я» — бұл, бәріміздің ортақ мақсатымыз – қоғамымыздың дамуы мен жандануына, бірлігіне шақыратын Жастар Дауысы.
Блог - uljan-17: Ал сіз өзіңіздің қай әрекетіңізбен мақтана аласыз?

«Жаңа Дем» көмекке көбірек мұқтаж облыстарда жүргізілуде. Ол облыстар қатарына: Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары жатады. Енді еріктілеріміздің арқасында облыстарымыз, ауылдарымыз гүлдене түсуде.