Жарияланымдар

Сенемін

Мен жастарға сенемін!

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты —
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар-балапан,
Жайылып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан.
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиетті тілектер —
Мен жастарға сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды Алаш елім дер,
Алтын арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Қажу барма тұлпарға,
Талу барма сұңқарға,
Иман күшті олрарда,
Мен жастарға сенемін!
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті Құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға,
Алаш отын оспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Әрі қарай

Жазбаға қойылатын талаптар

Басқа сайттан (http://gitivi.com/Profile/View/1-10000035) көшіргенімді ескертемін.


Біз өзіміздің жазып жатқан жазбаға сыни көзбен қарап, оқырмандардың көңілінен шығу үшін кейбір ережелерді сақтау керекпіз:
1. Тақырыптын аты мен айқайлап тұру керек. 3-5 сөз болса жеткілікті.
2. Тым ұзын жазба оқырмандарды шаршатып жібереді. 1500-2000 қаріп болады.
3. Жазбаны бастаудан бұрын оның негізгі ойларын айқындау керек.
4. Жазбаның басында қысқа шолу болса тіпті жақсы. Және де жазба ішінде тақырыпшаларды ұмытпау керек.
5. Жазбада кескін, иллюстрация, кесте болса оқырмандар оңай қабылдайды.
6. Не жазсаңыз да оны сауатты жазыңыз. Әйтпесе ондай жазбаға сенім болмас.
7. Жазба міндетті түрде тым үлкен емес азат жолдарға бөліну керек.
8. Маманданған блог жазушылар үшін мета таңбалар қою лазым.
9. Егер ақпарат басқа сайттан алынса, онда оның түпнұсқасын көрсетеміз.
10. Жазба түсінікті әрі оңай оқылу керек.
11. Жазба әрдайым қызықты әрі пайдалы ақпаратты айқындаты керек.
12. Осы оңай ережелерді сақтау аркылы оқырмандардың санын көбейтіп, көптеген адамдардын сапалы әрі жарамды жазбаны оқитын авторлардың бірі боласыз.

Іске сәт!
Әрі қарай

Ғаламтордағы қазақ тілі мәселесі және қазақы оқырмандар аясы

Бай да баянды қазақ тілі ғаламторда өз орнын тауып қана қоймай, сонымен қатар алыс-жақын жердегі қазақты байланыстыратын ұлттың қасиетті құралы боп, күннен күнге етегін кеңге жайып отыр. Енді мәселе осынау бір елдің мәдени, ғылыми, саяси салалары басқа тілді сайттармен қатарлас ия болмаса одан асып түсу керек деп ойлаймын. Ол үшін дүниені алаңдатып отырған мәселелерге ұтымды шешімдерді айту арқылы қазақ тілді сайттарға көңіл аудартып, оны өркендете аламыз. Ол үшін не қажет сол туралы сөз қозғайық.
Әрі қарай

Баяғы жартас

Осы Қазақстан қашан қазақша сөйлей бастайды? Біздің елдің негізгі шешілетін мәселелер қандай? Сіздің қосып жатқан үлесіңізді айтсаңыз құрметті достар!
Әрі қарай