Таңдаулы

Ақпарат алмасу жылдамдығының жаңа рекорды орнады

Спектрдің ифрақызыл бөлігінде ақпарат алмасу барысында көптеген құжаттар пакетін кодтауға болады
Спектрдің ифрақызыл бөлігінде ақпарат алмасу барысында көптеген құжаттар пакетін кодтауға болады.
Секундына 26 терабайт — ақпарат алмасу жылдамдығының жаңа рекорды орнады
Әрі қарай

ТЕРМИНатор: күтпеген стратегия

ТЕРМИНаторлар: ТЕРМИНатор: күтпеген стратегия
Жәй ғана сканер термині төңірегіндегі пікірталас көп жайдың бетін ашып берді.
Біріншіден — бірұдай пікірдің болуы мүмкін еместігі анық болды.
Екіншіден, бұл енді аздап парадокс: терминді жариялы түрде талқылау — бәрібір жекелеген беделді арбитрдің «Осылай болад, бітті!» деген кесіміне зәру екен!
Тәбет тамақ үстінде келетіні сияқты, талқылау технологиясын да өзгертуге тура келіп тұр. Келесі аптада, ұсыныстар мен аналитикалық ой-пікірлерді топтастыра бастамақпыз. Және тіл саласындағы кәсіби мамандардың да нобайы көрініп қалған сияқты, оларды пікірталастың плацкартынан салиқалы көзқарастардың VIP-купесіне көшіру үдерісі басталатын сияқты.
Әйтеуір ең жақсысы — терминге ресми жауаптылар сияқты, кабинеттік талқылаудың, «Сабең біздің өз ағамыз, шал айтса — дәл айтад» сықылды көңілжықпастық қатынастардың бейшаралығын көрсетті. Соларыңыз үшін рахмет! Жаңалық күтіңіздер!
Әрі қарай