Жарияланымдар

Мұрат Өнал - "Әнұран маған ерекше шабыт береді"

Біздің бүгінгі сұхбатымыздың қонағы бірінші лигада өнер көрсетіп жүрген Қыран ФК-ның шабуылшысы Мұрат Өнал.

— Мұрат, бүгінгі жеңіс құтты болсын!

— Рахмет!

Блог - shota2030: Мұрат Өнал - Әнұран маған ерекше шабыт береді

— Уақыт тауып келіп отырғаныңа рахмет. Сұхбатымызды бастасақ. Алғашқы сұрақ. Алғашқы добыңды кім сатып алып берді?

— Ағам. Қара-қызыл-жасыл аралас доп еді. Түнде жатарда сол допты құшақтап жатып ұйықтайтын едім.

— Балалық кезіңдегі жақсы көретін футболшың кім?

— Бразилиялық Роналдо. Қақпаға әр түрлі жағдайда теуіп гол соға беретін.

— Ал қазіргі ойыншылардан кімнің ойынын ұнатасың?

— Иньеста. Оның допты алып жүру мәнері ұнайды.

— Төрешінің саған қызыл қағаз көрсетіп алаңнан қуған кезі болды ма?

— Ия. Кішкентай кезімде болды. Бір командадан жаман ұтылып жатыр едік. Бір сәт болды, жыным келіп қарсылас ойыншының артынан бір теуіп құлатқанмын.

— Ол кезде қай позицияда ойнаушы едің?

— Шабуылшы. Мен көбінесе шабуылшы, кейде жартылай қорғаушы болып ойнайтынмын.

— Ал ойыншы жетпей қақпашы немесе қорғаушы болып ойнаған кезің болды ма?

— Жоқ. Бірақ мен бір жәйтті айтып кетейін. Алдын қай командада ойнасам да бойымның да жасымның да кішілігіне қарамай әрдайым капитан болып шығатынмын алаңға.

— Гол соққанды ма әлде гол пасын бергенді жақсы көресің бе?

— Гол пасын бергенді ұнатамын.

Блог - shota2030: Мұрат Өнал - Әнұран маған ерекше шабыт береді

— Командаң ұтылып тұрып, сенің соққан голдарыңмен командаңның камбэк жасағаны болып па еді?

— Ия. Ол кезде Аякс ФК-ның дубль командасында ойнайтынмын. НЕК Неймеген командасының дубль командасынан 0-2 ұтылып жатқанбыз. Соңғы 20 минутта мен үш гол соғып командамның жеңісін тойлағанбыз. Сол ойыннан кейін мен Брюггеның дубль командасына трансфер болдым.

— Ырымға сенесің бе?

— Жоқ, бірақ ойынға шығардың алдында дұғамды оқып шығамын.

— Қазақстанға келгелі ойындарда саған не ұнады?

— Ойын басталмай тұрып орындалатын әнұран маған ерекше шабыт береді.

— Футбол карьераң біткен соң не істемек ойың бар?

— Бапкер болып қазақтың қараторы балаларына бір нәрселер үйрете алсам менен асқан бақытты адам болмас еді.

— Қазақстанға келіп үйренген жаңа қазақша сөз қайсысы?

— Қалайсың? Мен бұл сөзді қандайсың деп қолданушы едім.

— Домбыра тарта аласың ба?

— Жоқ, бірақ үйренгім келеді.

— Футболшы болмасаң кім болар едің?

— Банкир боламын деп ойлайтынмын. Мүмкін қазір банкте істеп жүрер ма едім.

— Айдаладағы аралға түсіп қалсаң өзіңмен бірге қандай үш зат болғанын қалар едің?

— Хахаха (деп күліп алды Мұрат). Ойланайын. (90+4 секундтан кейін берген жауабы) Шашлык, күннен қорғайтын крем және доп.

— Астана, Алматы, Шымкент?!

— Астана өте әдемі, заманауи қала. Алматы да қыдыратын жері көп өте әдемі қала. Ал Шымкентте қазақтар өте көп. Сол үшін Шымкент маған қатты ұнайды.

— Сенің Қазақстан азаматтығын алу жөніндегі шаруа не жағдайда?

— Әзірге тыныш. Мен Қазақстанда жұмысшы визасымен жүрмін. Анда санда көші көші-қон полициясына барып тұрамын. Қазақстанда қазақ «турист» болып жүрген маған қызық көрінді және бұл жағдайға ұяламын. Визаның уақыты қараша айының соңында бітеді, бірақ командамның бірінші лигадағы соңғы ойындарында ойнай аламын.

Блог - shota2030: Мұрат Өнал - Әнұран маған ерекше шабыт береді

— Қазір Қыран ФК бірінші лигада бірінші орында тұр. Премьер лигаға шығу жолындағы көңіл күйлерің қалай?

— Командадағы бүкіл ойыншылардың көңіл күйлері тамаша. Бәрінің де алға қойған мақсаты жақсы ойын көрсетіп премьер лигаға шығу.

— Егер Қыран ФК бірінші лиганың чемпионы ретінде премьер лиғаға шықса бұл табысты қалай тойлар едің?

— Ол чемпиондықты бір қой сойып, шашлык жасатып осы күнге дейін командамызды қолдап келген жанкүйерлермен атап өтер едім.

— Ал өзің есте қалар қандай жынды тірлік істер едің ол күні?

— Шашымды сарыға боятармын мүмкін (деп бір күліп алды Мұрат)

— Сұхбатқа рахмет, Мұрат! Шашыңды сарыға боятқан күні шашлык жеуге болмаса да селфиге түсуге шақырарсың. Алдағы Ақжайық ойынында саған және командаңа табыс тілеймін. Жеңісті күндерде жолыққанша!

Блог - shota2030: Мұрат Өнал - Әнұран маған ерекше шабыт береді
Әрі қарай

Куә бол, ұлы дала!

Дүйсенбі, 28 шілде 2014 жыл. Кешқұрым. Сәрсенбі күні осы стадионда Ақтөбе ФК Еуропа чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Румынияның Стяуа Бухарест командасын қабылдайды.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Сейсенбі, 29 шілде 2014 жыл. Стадион маңындамыз. Кассадағы билеттер әлдеқашан сатылып кеткен. Тек қана абонементі бар жанкүйерлерге ғана билеттер сатылуда.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Қара базар болса да қызып жатыр.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Ал стадион болса ойынға дайын.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Ақтөбеде гүлдер де доп тәрізді өседі.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

«Суретке түсіру ақылы» — деп әзілдеді автобус жүргізушісі.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Фаншоп өзінің тұтынушыларын күтуде.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Сәрсенбі, 30 шілде 2014 жыл. Бүгін күндерден Ақтөбе

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Бүгінгі ойында тактикалық соғыс болатыны анық.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

13 сектор жанкүйерлер қозғалысының бастауымен болатын шеруге жанкүйерлер паркке жиналуда.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Әрине селфиге түсуді де ұмытпаймыз.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Жанкүйерлер Тұңғыш Президент паркынан Қобыланды батыр атындағы стадионға жүруге дайын.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Жарты сағаттық шеруден кейін жанкүйерлер стадионға жетті.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Ақ-қызыл жанкүйер.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Баннерді көтереміз және бірнеше минут ұстап тұрамыз.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Бұл фотоны өкінішке орай мен түсірмедім.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Баннердің астында ойын тамашалап отырған жанкүйерлер.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Ойын басталды.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Жанкүйерлер өз командасын қызу қолдауда.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Үзіліс.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Ақтөбе ФК-ны қолдауға Ресейден де жанкүйерлер келді.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Ойын аяқталған кезде Ақтөбе ФК ойыншылары өз жанкүйерлеріне қолдағандары үшін рахметтерін айтуда.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Ойынның есебін айтпаймын.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Ақтөбе ФК-ның нәзік жанкүйерлері.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Ойыннан ләззат алған жанкүйерлер.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Ақтөбе ФК-ға Европадағы ойындарда сәттілік ілеп қаламен қош айтысамыз.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!

Бонус. Баннердің дайындалу барысы.

Блог - shota2030: Куә бол, ұлы дала!
Әрі қарай