Жарияланымдар

Шешілмедім...


Алдыңда ақталып бір шешілмедім,
Кінәмді өтінемін кешір менің.
Жанарыңнан үзілген маржан үшін,
Мен о баста кінәмә кесілгенмін.
Жазамда сол алысып тұнық мұңмен,
Өз мұңыма өлгенше құнықтым мен.
Сенің жарық сәулеңді сағынғаннан,
Өзімді-өзім аяуды ұмыттым мен!
Әрі қарай

Иесін тапқан ӨЛЕҢ...

Жасулан Серікке:
Бул ози калай болды уга алмадым,
Басыма бале келип урынганы.
Карап турмай ура атандым,
Ел аманда…
Нелер турли болар –ау, бул заманда…
Кешірім сурайын ел аманда.
Уғына алмас қателік болды білем.
Қайтейін жылаймында, қайта күлем.
Мен қателік етіппін кешірілмес,
Жат жаннан өлең ұрлап күнді көрмек.

Жасұлан Серік бауырымыздың өлеңін жариялап жіберген екенмін. Бұл оқиғаны баяндар болсам, бір отырыста артық ішіп алған сәтімде досым айтты сен бір жақсы өлең шығардың деп. Содан Серіктің өлеңін жазып берді. Нәтежесінде мен бауырымыздың өлеңін иемденіп кете барғанмын. Кешірім өтінем. Алдында жариялаған постқа қатысты айтып отырмын. Бұл жазбам сол постқа қатысты кешірім сұраймын. Серік Жасұлан бауырымыздың өлеңі.

Біз айтқан қайда бақыт,
Өткінші елес емес.
Мені енді ойлама түк,
Қайғы мен кемесі егіз.
Өткенім қиял түсім,
Сазды мұң шертіп арман.
Әлемге сиярмысың,
Мен симай кетіп қалған.
Өзіңді ұмытармын
Сен мені есіңе алма.
Өзгені жылатармын.
Жар болғын есі барға.
Түсіме енбе менің,
Ең соңғы тілек осы…
Періште пендеме едің,
Есен сау жүре берші.
Сезім еді ақ адал шын,
Сөзіме сенемісің?
Сен енді жоқ адамсың,
Мендегі сезім үшін!
Әрі қарай