Жарияланымдар

shokan1990
Мен сені мәңгі ұмыттым,
Өшіріп отын үміттің.
Қош аман бол жалғанда,
Қосыла алмаған ғашығым… 05.04.12.
shokan1990
Ұғыныстық ақыры үнсіздікпен,
Қайырлы таң армысың Үнсіз Әпкем.
Бір смайлик жіберіп жұбанттыңыз,
Бір тілекпен балаша қуанттыңыз.
shokan1990
Иман нұры құйылғай жүрегіңе,
Мың алғыс ниет еткен тілегіңе.
Ата сөзін ар тұтқан қара басым,
Мен сені қара жерге қаратпаспын.
shokan1990
Қатыгез ғой тіршілік не десемде,
Басымды ием жап-жана жерлесіме.
Жырдан жаһұт бар екен жерлесімде,
Өлең сыйы бұйырғай еншісіне…
Біржан сал Сара қызды өр дегенді,
Сараға Жиенқұлды тең көрмеді.
Сал Біржанның боламын бір сынығы,
Өлең деген өзеннің бір тұнығы.
shokan1990
Көкбөрі кексініңе жөн болғай. Зарина түркі халқына ортақ тұлға. Тарих тереңінен сусындап бағамдар болсаңыз. Ал, есіміне келер болсам атына заты сай бұрымды екен замандасымыз. Түркі халқының Заринасы өз заманының алтыды тұмары еді. Асыл сөздің мәрмәрі еді.
shokan1990
Менің пайымымша бұл Зарина қыз Түркістан топырағының тумасы болар. Әрине, менің қателесуім әбден мүмкін. Тегі Шәмшиева Зарина болар болса менің қателеспегенім.
shokan1990
Білемін айтқан сөзің жалған емес,
Келешек біздер үшін сағымды елес.
Ақиқатын білетін Алла ғана,
Сол төреші білерсің дауласқанға.
Құшақ ашып төрімнен орын берем,
Қызда болсаң мен сені өрендерем.
Бөріктілер айтатын аталы сөз,
Текті болып туыпсың сен қара көз.
Туғаның ата мекен Туркистанба,
Сәлеміңді жолдарсың Түркістанға.
shokan1990
Мен сізге кінә артып тілдемедім,
Түсінетін жансыз ғой сөз мәйегін.
Сара мен Ұлбикенің сарқыты деп,
Өлеңнің ұсынып ем барқытын кеп.
Ұғынбай асыл сөздің қасиетін,
Маған төктің өлеңнің қасіретін.
Мен емес, бақсы еді бағам еткен.
Болжамы бақсылардың бізге жеткен.
«Жаманның сандырағы болар деген»,
Қауіптен туындап ет сол бір өлең.
shokan1990
Бәрі жақсы… Әдемінің сөзіне орай тіліме орамданған өлең жолы еді. Арнайы пост жазардай тұтастанып, тұшынған өлең деп айта алмас едім бауырым.
shokan1990
Бәрі жақсы… Шынында бәрі жақсы… Не деп кетті ұқпадым мына бақсы? Аманатын айтқандай жаратқанның, Келді дейді ақыры адамзаттың. Ақыры келсе егер адамзаттың, Артық болмас өзгеден қара басым… Ия, ия… Шынында бәрі жақсы… Кімнің құлы ұқпадым мына бақсы? Ақиқатпа айтқаны жалған ба еді? Әлде бір қайғы басты өр еңсемді… Бәрі жақсы… Бәрі жақсы…
shokan1990
Сұлу жан тым сұлу сөйлейді екен. Атам қазақ ашық айтқан ғой, "Өтпес пышақ қол кесер, Көргенсіз бала жол кесер. Тексіз туған сөз кесер", -деп. Сол сөзге тоқтаған текті халықтң текті ұрпағымыз ғой. Әттең, сол бір кіршіксіз құндылыққа кірлі дақ тамғаны...
shokan1990
Бәріненде кешке көшеге шығып доп қуып кететін кездер-ай… Қауын ұрлау… Жазда шомылу… Уай, жастық… Шашылған асық…
shokan1990
Әдемі Әлем әдемі әрі әсерлі әңгімеңіз.
shokan1990
"Қуырдақтың көкесін, Түйе сойғанда көресің", — деген әсте осы болар. Сұлу сөздің емес, сұлу сынның құрбанына айналдым. Кінәлі болып қоймай, қастерлі өлең үшін күнәhар жан атандым. Ия...
shokan1990
Құдай сақтасын. Мұны махаббаттың мастығымен жазғанмын. Досымды телефонмен бір сыбап алдым-ау…
shokan1990
ия. Ұятты іс орын алды. Өзге түгіл өзімде таңданыстамын. Мойындайын көбіне өлеңді шараптың буымен жазатын едім. Оңаша отырып. Соның пайдасын емес, зиянын тарттым.
shokan1990
Бұл өлеңнің авторы өзім. Жаным қиналып, жүрек ауырғанда бір бұрымдыға арнаған едім…
shokan1990
Оған жақсы қаржы болса, керемет демеуші болса… Әлде қайда жақсы болар еді…