Жарияланымдар

Мектептегі демалыс туралы


Алдағы уақытта еліміздің мектептерінде оқушыларының демалыс уақыттарына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланған «Мектеп оқушыларының жазғы демалысының құрылымдық өзгерісі туралы» атты министрдің осы мәсеге қатысты жұртшылықтың бұрын жолданған сауалдарына берген жауабында айтылған.
Бұл сұрақ, әрине, әр түрлі жағдайларға қатысты мәселелерден туындаса керек. Осыған қатысты менің бір қосарым — мектеп демалыстарын өзгерту елдің шығыс және солтүстік өңірлерінің қолайына ыңғайлы келер еді деп ойлаймын. Өйткені осы өңірлерде қыстың қаһарлы келіп, аязды күндер 20-30-ге созылатыны бәріне белгілі. Осы уақыттарда өңірдегі мектептерде сабақтар қысқартылып, жұмыс бағдарламасынан қалыс қалып жатады. Сондықтан осы аймақта сол суықтардың уақытын демалыс қылып, жаз маусымында оқыса елге ыңғайлы болар ма деген ой ғой.
Сурет мына жерден алынды
Әрі қарай

Жұлдыздар жымыңдайды...


Мәссаған!!! Аспан неткен керемет! Түнгі аспанның сонааау бір көгінде жымыңдай жыпырлаған сансыз көп жұлдыз қандай ғажап! Қаншама сырды бойына жасырған жұлдыздар — жұмбақ!
Дүние неткен тылсым ең?!..
Өмір неткен керемет ең! Сүйемін сені…

Пы Сы: Кешкі шай-пайға керек заттарды алып келу үшін осы жаңа дүкенге шыққанда оралған ойлар. Жұлдызды түнде шаттанамын.
Әрі қарай

Әке мен баланың айтысы



Әдемі айтыстардың бір үлгісі осы айтыс шығар деп ойлаймын. Бұл — ескі мен жаңаның, кешегі мен бүгінгінің, әке мен баланың арасындағы айтыс. Керектен керек дүниәлеріңізді қарай отырып, осы аудио айтысты тыңдай отырсаңыздар артық етпес деп ойлаймын…

Скачать с podkazt.kz


мына жерден алынды
Әрі қарай

Туған ай – туралған ет!..


Өледі кімдер, туады кімдер,
Батады күндер, шығады күндер.

Семеді гүлдер, өседі гүлдер,
Келеді күндер, көшеді күндер.

Өмірде қымбат асылдар – күндер,
Өмірде қилы ғасырлар – күндер.

Өмірге керек бақыттар – күндер,
Өткізген сәтті уақыттар – күндер.

Өмірдің мәңгі қосағы – күндер.
Өмірді мәңгі тосады күндер.
Күндер…
Күндер...


М.Мақатаев, 1973 ж.

Күнді күн алмастырып, өмір өзен еш тоқтаусыз, дамылсыз алға қарай сырғып ағып жатыр, ағыыып жатыр. Жағада мен отырмын ойланып. Неменеге ғана ойланып отырмын?.. Өзгенің қанжығасына байлаулы кете берген өзіме тиесілі несібеме жармасып, алысып-жұлыспай, күресіп-шалыспай, шарпыспай несіне ғана отырмын?
Міне, таң атсыншы келесі, сонда бастаймын… Осы апта аяқталсын, келесі дүйсенбіден қалдырмай барлық істі қолға аламын әлі. Жоқ, айдың соңы тақап қалыпты, неде болса келесі айдың бірінен бастап басқаша өмір сүретін болам…
Бірақ, қайдам өз өмірімді өзгертемін деп оқталғаныммен, әлі атыла қоймай-ақ жүрмін-ау… Сол баяғы бұрынғы орнымдамын… Туған ай — туралған ет…
Әрі қарай

Сәлем!

Армысыздар, құрметті ағайын! Мен өзіме бүгін блог ашып отырмын. Осы сайтты бұрынырақ көзім шалып еді — Мерамбектің әнінің сөзін іздеп отырғанда. Іздеген жоғым табылғанға қуандым, әрине. Содан сайтқа ырза болдым. «Керекинфо» десе дегендей-ақ екен дедім.
Кейін блог екенін түсіндім. Жазылған посттар мен пікірлерді оқи бастадым. Олар баурап алды. Қазақ тілді орта екен, ырза болдым. Енді міне орталарыңызға келіп отырмын. Жатырқамай, жылы қарсы аларсыздар деп үміттенемін. Мында, сосын, жақсы-жақсы сындар көп айтылады екен. 6 сөйлемнен құралған постқа 60 ауыз пікірлер жазылады екен. Сайт осы пікір алмасуымен құнды деп ойлаймын маған.
Мен посттарды қатты жазып қоймаймын енді. Енді-енді үйреніп жүрген жайым бар. Сондықтан аса сөкпессіздер деймін. Пікір бөлісулерге көп араласатын шығармын, әзірше.
Осы… айтайын дегенім… Типа, кіріспе сөзім)
Әрі қарай