Жарияланымдар

Жас журналистке көмек керек!



22 жастағы Қонысбек сіз бен біздің көмегімізге зәру. Көрермендерін күн сайын таңертең таңғы бағдарламамен бірге оятататын «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының тілшісі Қонысбек Рысмағанбетов аты жаман ауруға шалдыққан. Дәрігерлер Қонысбекке бүйрек рагі («феохромоцитома») диагнозын қойған (“рак надпочечника и опухоль вненадпочечниковый локализации”). Ел медицинасының бұл ауруды емдеуге толық мүмкіндігі жоқ. Израиль мамандары Қонысбекке көмектесуге әзір. Израильдегі Шиба клиникасында ота жасату үшін оған 16 миллион 500 мың теңге қаржы қажет…
Әрі қарай

Орамжапырақтан жасалған голубцы


Суреттің сапасы нашар болғанына ренжімессіздер! Бұл менің алғашқы постым!
Сайттың аты айтып тұрғандай керекші қыз-келіншектерге көмегі тиер деген оймен өзім дайындаған голубцыдың (қазақшасы қалай екенін білмеймін) мәзірін жазбақпын.
Қажет заттар тізімі:
— 500 гр тартылған ет (фарш)
— 1 үлкен орамжапырақ;
— 0,5 стақан күріш;
— 1 сәбіз;
— 2-3 тал сарымсақ;
— 1 үлкен пияз
— 2 орташа қызанақ
— Тұз
— қара бұрыш
Соус үшін:
— 1 ас қасықтомат соусы немесе кетчуп
— 2 ас қасық қаймақ
— Су (қажетінше)
— Тұз (қажетінше)
Дайындалуы:
Алдымен орамжапырақты жапырақтарынан айырып аламыз. Сосын әрқайсысын бөлек-бөлек ыстық суға 2-3 минут қайнатамыз. Немесе орамжапырақтың екі жағындағы түйінін пышақпен алып тастап, бүтіндей ыстық суда ұстауға болады. Содан кейін жапырақтарын даралап аламыз.
Пияз бен сәбізді 3-4 минут табада қуырамыз. Күрішті шала пісіріп аламыз. Сосын тартылған етпен осы аталғандарды араластырамыз, үстіне сарымсақ пен қызанақты және қажетінше бұрыш пен тұз қосамыз. Жақсылап араластырамыз.
Дайын болған қоспаны орамжапырақтың жапырақшасының ортасына саламыз да, жан-жағы жабық болуын қадағалап ораймыз. Қалған жапырақшалар мен қоспаны дәл осы әдіспен жасаймыз.
Соустың дайындалуы:
Томатсосусын(мен осыны пайдаландым) сметанамен араластырамыз. Қажетінше тұздаймыз да су қосамыз.
Терең қазанға оралған голубцыларды салып, тығыз орналастырамыз. Үстіне соусты құямыз. Соус голубцыды жауып тұруы керек. Қақпағын жауып, 40 минутқа асты жай отқа қоямыз.
Дастарханға берген кезде үстіне қаймақ қойып, көк шөптермен әрлейміз. Астарыңыз дәмді болсын!
Әрі қарай