Таңдаулы

Ұстаздық ету-келешекке даңғыл жол салу

"Ұстаз болу-жүректің батылдығы.
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу-адамның ақылдығы",-деп алты Алаштың ардақты азаматтары жырлағандай, саналы ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ұшқыр ойлы етіп тәлім беру де-ұлы іс.Бүгінгі сұқбатым білім ордасында елеулі қызмет көрсетіп жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы Назира Бопинаевамен болмақ.

1.Сәлеметсіз бе, Назира ханым! Сұқбат беруге келіскеніңіз үшін алғысымды білдіремін.Әңгімемізді ұстаздық қызметіңізден бастасақ.Осы жолды неліктен таңдадыңыз?
-Сізге де рахмет.Жалпы алғанда, мен ұлағатты ұстаздың отбасында өмірге келдім.Бір жағынан асқар таудай әкемнің де ұстаздық қызметке келуіме өзіндік ықпалы болды.Жақын жандарымның бәрі де -ұлағатты ұстаздар.Ал мен сол кісілерге еліктеп өстім.Сонымен бірге өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруді мақсат тұттым.Бұл мамандық білімділікті ғана емес, сабырлылық пен жан-жақтылықты талап етеді екен.Ұстаздық ету-келешекке даңғыл жолды салу.Сол себепті де мен осы қызметті қаладым.
2.Ұстаздарды ұлықтау-асыл іс.Қазіргі таңдағы ұстаз бен оқушының арасындағы сыйластыққа көңіліңіз тола ма?
-Бүгінде қоғам арасында түрлі келеңсіз жайттар орын алып жатқыны даусыз.Кейбір мектеп оқушыларының жағымсыз қылықтары көңілімді түсіреді.Ұстазға сыйластық таныту қажет.Иә, мұғалім тарапынан қателік кетпейді деп айта алмаймын.Бірақ, білікті ұстаз-шәкіртін жақсылыққа ғана жетелейді, білім көгіне шығарады.Меніңше, кез-келген мұғалім оқушының бойындағы сыйластық қасиетін оятуы қажет.
3.Ұстаздық қызмет нені қажет етеді деп ойлайсыз?
-Ұстаздық ету-ғибратты іс.Ол-тәлім мен тәрбиені ұштастыру, шәкірт болашағын күйттеу және оқушыны биік белестерге жетелеу.Келешек ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу де-ұстаздың парызы.Ертеңгі ел жақсыларын қалыптастыру жолында аянбай тер төгетін де-ұстаз.Сондықтан да оның бағасы биік.Ұстаздық қызметтің мұраты сан қилы деп білемін.
4.Шәкірттерді жеңіс тұғырына шығару үшін ұстаз талмай еңбек ететіні хақ.Оқушы бойындағы қызығушылықты ояту үшін қандай шараларды қолға алу қажет?
-Шәкіртін білімділікке тәрбиелеу үшін ұстаз бойында этика мен эстетиканың болуы шарт.Әр сабағын қызықты әрі есте қаларлықтай етіп өткізсе, оқушының да талабы оянады.Ұстаз шәкірттерін бөліп-жармауы керек.Осы бағытты ұстанамыз деп оқушының қызығушылығын жоямыз.Бар кінәні оның бойынан іздейміз.Ал, шәкірттерді қанаттандырушы-ұстаз.Сабақты ұғынымды түрде түсіндірсек, қызығушылықты да оятатынымыз айдан-анық.
5.Әңгімемізді жеке өміріңізге ойыстырсақ.Бала күніңізде кімге еліктеп өстіңіз?
-Мына жарық дүниедегі шуағын төгер жақсыны-ақ сүт берген аяулы ана тәлім бере отырып, бойына бар бағалыны сіңіртеді.Биік бастаманы қалауыма себепкер болған да-менің ардақты анам.Ес білген шағымда:"Қызым, ешқашан да адамдықтың арынан аттама.Күндей күлімдеп, өзгелерге ыстық мейіріммен қарасаң, нұр үстіне нұр болады.Кез-келген істі байыппен баста.«Сабыр түбі-сары алтын» деген.Сынақтарға мүжіліп, өзіңді құрдымға кетіре көрме" деп үнемі асыл сөздерін жадыма тоқитын.Осындай тұнып тұрған даналықтың иесі-анашымдай қадірлі тұлға болғым келеді.
6.Мына әлемде не нәрсеге алғыс айтар едіңіз?
-Ең әуелі, Жаратушының сыйлаған әрбір күніне ерекше алғысымды білдіремін.Жақын жандарым мен аяулы шәкірттерімнің қамқорлығы мен құрметі жанымды ерекше жадыратады.Көңілімді көктемдей құбылтатын ұстаздық қызметіме айтар алғысым бір төбе.
Сұқбатыңызға көп рахмет.Сізге шығармашылық табыстар тілеймін!
Аружан Самидин

Бастаманың кілті

Әрбір туынды көңіл көкжиегіңізді кеңейтіп, болашаққа бағдар жасауға септігін тигізеді.Ендеше, әлем шығармаларында қамтылған пайдалы кеңестермен таныс болыңыз:
1.Мүмкіндікті бағалаңыз.Оны жүзеге асыра біліңіз.
2.Кругозорыңызды кеңейтеңіз.
3.Табысқа апарар жолды іздестеріңіз.
4.Өмірлік мақсаттарыңызды жоспарлаушы болмаңыз.Жоспар-айқындылықты күшейткенмен, жолыңыздан жаңылыстырады.
5.Өзіңізді төмен бағаламаңыз.
6.Кез-келген адам қабілетті болып келеді.Бірі-тумасынан, бірі-қоршаған ортасынан.
7.Сіздің көңіл-күйіңіз стресстен құтылуыңызға көмектеседі.Сол себептен, күлімдеңіз.
8.Ортаңызды қабілеті жоғары жандармен толықтырыңыз.
9.Шешім қабылдамас бұрын, жан дүниеңізге құлақ асыңыз.Әрбір істі бастамай тұрып, «неліктен?»сұрағын өзіңізге қойыңыз.
10.Сыннан қорықпаңыз.
11.Ой таразысын тазалаңыз.
12.Бірнеше жұмысты бір уақытта атқаруға тырыспаңыз.Әуелі, маңызды іспен айналысқаныңыз дұрыс.
13.Мидың міндеті-ойлау.Алайда, ол кейде арнасынан ауытқиды.
14.Жеңіс тұғырынан қол үзбеңіз.
15.Белсенді тыңдаушы болыңыз.Әрбір тұлғаның айтқан кеңестерін іштей саралап, қорытындыға келіңіз.
16.Жоспарларыңызбен бөлісуші болмаңыз.
17.Есіңізде болсын:өзгеріс енгізу үшін тәртібіңізді емес, мінезіңізді түзеңіз.
18.Қарым-қатынаста ашық-жарқын болыңыз.Ойыңызды бүкпесіз жеткізуге тырысыңыз.

Кітап жайлы таңғаларлық деректер

1.Әлемдегі ең бағалы кітаптың бірі-«Лестерлік кодекс».Бұл шығарманың авторы-Леонардо да Винчи.Ғылыми трактат су мен жерге, аспан денелеріне арналған.Леонардо да Винчи өз туындыларын айналық қаріппен жазған.Оны оқу үшін сізге айна қажет болады.Бүгінде «Лестерлік кодекс» трактатының қожайыны-Билл Гейтс.Ол әлемдік деңгейдегі туындыны 24 миллион долларға ұсынған.
2.Ал, қазіргі таңда сұраныстағы қайталанбас туынды-«Апокалипсис» аталады.Оның авторы-Жозефем Форе.Кітап 100 миллион франкқа бағаланған.Бүгінгі күнде Париждің танымал мұражайында сақтаулы.
3.«Медицинаның терең құпиялары» кітабы-небәрі 100 бетті құрайды.Шығарма иесі-Герман Бурхав атты дәрігер әрі ғалым.Кітап аукцион кезінде 10 мың долларға сатылған.
4.Ағылшын жазушысы Уильям Шекспирдің шығармаларында «махаббат» сөзі 2259 рет, «жек көрушілік» сөзі 229 рет қайталанған.
5.Орта жастағы тұлғалар кітап оқуға 6,5 сағат жұмсайды екен.
6.Көлемді роман жазуға 475 сағ жұмсалады.
7.Уақытын рухани баюмен өткізетін жандар еріктілікпен айналысады немесе спорттық шараларға белсене қатысады.
8.Әлемдік аренадағы сөздіктер қатарына «Deutsches Wortetbuch» жатқызылады.Сөздік 34519 бетті құрады және 33 томнан тұрады.
9.Ең қызығы- Стивен Блумберг атты адам әлемнің 268 кітапханасынан 2300-ге жуық сирек кездесетін кітаптарды қолды қолған.Ол өз коллекциясын құрып, кітаптарды 20 миллион долларға саудалаған.

Рухани баюдың 8 тәсілі.

Кез-келген кітаптың ішкі әлеміне үңіле білу-үлкен өнер.Кітап-айнымас жолдасыңыз, бағалы құндылығыңыз, рухани байи түсудің өзгермес шарты.Жан дүниеңізге жақын әдеби туындыны таңдау-ғұмырыңызға жаңа леп кіргізеді.Кітап оқудың да өзіндік қағидаларымен танысыңыз:
1.Қалауыңызға қарай әлем әдебиетімен немесе төл туындылармен сусындау.
Ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз.Сізге ләззат пен пайда әкелмейтін кітаптарды оқуды доғарыңыз.Адамдар кітаппен достасу арқылы естен кетпес саяхат жасай алады.Әрине, бұл өзіңізге ұнаса ғана.Дегенмен, байқап көріңіз.
2.Кітап оқуға уақыт бөліңіз.Бұл үшін сіз жоспармен жүруді әдетке айналдыруыңыз керек.Бір күндік уақытты жеке бөлікке бөліп,2сағатыңызды кітап оқуға арнаңыз.Орташа есеппен алғанда, осы арқылы сіз бір айда 2 немесе 3 кітапты оқып, тауыса аласыз.
3.Оқыған шығармаңызбен бөлісіңіз.
Кітап оқиғаларын жадыңыздан шығармау үшін жақын досыңызбен не болмаса танысыңызбен осы жөнінде әңгімелесіңіз.Бұл-есте сақтаудың керемет тәсілі.
4.Кітап авторымен диалог құрыңыз.Туындыны оқу барысында сіз келіспейтін тұстар болуы да мүмкін.Туындаған сауалдарыңызды ішкі әлеміңіз арқылы авторға қоя аласыз, тіпті сұрақтарға жауап та табасыз.
5.Өз ойыңызды күнделікке түртіп қойыңыз.
Өзгелердің көзқарасымен шектелмей, өз пікіріңізді бүкпісіз жеткізіңіз.Кітап оқудың тактикасы-шахмат ойынына ұқсас.Жеке сөйлемдерге тоқталып өтіңіз.
6.Арнайы тізім жасаңыз.
Тізім арқылы кітап оқуды жалғастыру-шабыт сыйлайды.Өз тізіміңізді жасау арқылы туындылардың негізгі идеяларымен танысасыз.
7. Мейлінше мұқият оқыңыз
Ия, мұқият әрі баяу оқығаныңыз жөн.Сіз әрбір сөйлемнен ләззат алуға тиістісіз.
8.Кітапты ақыл-ойыңызды дамыту көзі деп біліңіз.
Шығармаларды эмоцияларыңызды білдіру және шабытқа бөлену үшін оқығаныңыз жөн.Комикстермен танысыңыз, алайда жеке туындыларды оқу-интеллектіңізді шарықтататынын ұмытпаңыз.