Жарияланымдар

«Екпін» — мәдени-танымдық журнал



Сәлем, достар!

Бүгін көптен бері күткен жобамыз ашылды. Барлығымызға танымал қазақ блогшыларының қатысуымен жасалған қызықты материал да жарық көрді.

Ал келешекте журналымыздың беттерінде не оқи аласыздар?

«Екпін» командасы өнер, мәдениет, тарих, әдебиет сияқты тақырыптарды көбірек көтеруге тырысады, сонымен қатар, дарынды жастар, замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді.

Негізгі мақсатымыз — жас болса да, бір асуды бағындырып үлгерген, елге танылған немесе таныла бастаған дарынды, белсенді, өнерлі, айтары бар қара көз қыз бен жігіттерді әңгімеге тарту, сырласу.

Сонымен қатар, түрлі шаралар, кино, музыка, театр, арт және осы бағыттағы басқа да қызықты оқиғалар мен жаңалықтар жайында хабардар ететін жазбалар мен репортаж, сұхбаттарды ұсыну.
Қош келіпсіз!
Әрі қарай

Көз жасы туралы аңыз

Қан төгілсе – қасірет, жас төгілсе – мұң ғана… Солай ма? Сіз білесіз бе, көз жасының химиялық құрамы қан құрамына ұқсайды. Болмашы ғана өзгерістері бар. Көз жасының бір тамшысы адам ағзасы туралы ақпаратты қаннан кем бермейді екен. Адамдар неге жылайды? Ер адамдар неге көз жасын көрсеткісі келмейді? Әйелдер неге көз жасымен қорғанады?Блог - rakisheva: Көз жасы туралы аңыз
Әрі қарай

Аққулы көл

Аққу пәктік пен тазалықты, адалдықты пір тұтатын киелі құс. Қазақ халқы аққуларды ежелден махаббаттың символы мен сезім патшайымына балаған…

Блог - rakisheva: Аққулы көл
Әрі қарай

Сен қазақсың

Блог - rakisheva: Сен қазақсың
Сен – қазақсың!
Қазақ деген ел бөлек,
Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.
Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр,
Шаңырағы күн сияқты дөңгелек.
Сен – қазақсың!
Бір Алланың құлысың!
Адамға адам құл болғаны — құрысын.
Жойқын соғыс, зұлматтарда жойылмай,
Қалған ұлтсың. Қаһармансың! Ұлысың!
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарыңның тұяғының дүбірі!
Сен – қазақсың!
Алғызбайтын барыссың!
Ар – ожданның асқағысың, намыссың!
Тағдырыңды танығысы келгендер
Тасқа басын тарихыңмен танисың!
Сен – қазақсың!
Байырғы жұрт – түздегі ең,
Табиғаттан тән тамырын үзбеген.
Қолын жайып, Көктен өмір сұраған,
Жер бетінен жерұйықты іздеген.
Сен – қазақсың!
Қазынасы – нәсіп, құт.
Қазақ болу – ғаламатқа ғашықтық.
Жерің, суың, тауың сұлу соншалық,
Көрген көзден кететіндей жас ытқып!
Сен – қазақсың!
Отаншылсың, тектісің!
Досыңа адал, дұшпаныңа кектісің.
Бұл далаға мұрагерлік, иелік — Ұрпақтарға ұлы аманат деп түсін.
Сен – қазақсың!
Айлалысың, ептісің!
Айбарлысың, ақылдысың, беттісің!
Көп болуға,
Бір болуға тиіссің,
Көрмеу үшін жаттың езгі, тепкісін!
Сен – қазақсың!
Рухы еркін, өзі еркін!
Мұзбалақсың, сорғалаған сөзі еркін!
Қайталанбас күйшісің сен құя алған
Домбыраның өзегіне өз өртін!
Сен – қазақсың!
Келе жатқан бағы асып,
Адамзаттық ізгілікке жол ашып,
Дастарқанның – елшілігің ежелден,
Мейірбансың, меймандоссың қолы ашық.
Сен — қазақсың!
Ғарышкерсің, жаны – аспан.
Өрелісің, өз орнына таласқан.
Төрге лайық марқасқасың, мықтысың,
Төрткүл дүние саясатта санасқан.
Сен – қазақсың!
Қазақ едің туғанда!
Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,
Ата жұрттан, Ана тілден айрылма,
Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда!

Күләш Ахметова
Әрі қарай