Таңдаулы

Әдеби попурри

Блог - nurbolkarataev: Әдеби попурри
Досым екеуміз әне қарашы, міне қарашы, Қараш-Қараш деп біршама жол жүріп тастаппыз. Тар жол тайғақ кешпесекте, көздеген жерімізге қарай беталып келе жатырмыз. Бұрын бұл жолмен жүріп көрмегесін досымнан бұл қай жол? -деп сұрағанымда, ол еш ойланбастан Абай Жолы деп мақтай жөнелді. Иә есімде Абай Жолын бар қазақ ауызынан тастамаушы еді, айтса айтқандай ерекше екен деп менде азда болса хабарымның барын білдіріп қойдым. Бүгін қайда барамыз деп едім. Қыз Жібектікіне барайық, бүгін қаладан Айман-Шолпан келіпті кешкісін Ақ Сүйек ойынын ойнаймыз деді. Ауыл жастары күндегі әдетіміз түн батса Ақ Сүйек ойнайтын едік. Бүгінде сол ғұрпымыз бойынша ойнайтын шығармыз деп екеу-ара әңгімелесіп келе жатырғанымыз сол еді, әрлі-берлі жүк тасып, ат жетектеп, түйеге жүк артып келе жатырған бір топ адамға қарсы ұшырастық. Әуелгіде сауда керуені болар деп іштей ойлап ем, қателесіппін. Жақындай бере өзіміздің Қазекең екен. Қазекең деппін ғой Көшпенділер дегенім. Өткен жолы Орта Жүзге қарай көшкен, енді міне Ұлы Жүзден Хан ордасын тікті дегенді естіп, сол маңайға игі жақсылармен бірге болуды жөн санап солай қарай түтін түтетуге көшіп бара жатса керекті. Көп ұзамай бізде Жібектің ауылына келдік. Ғашықтардың бәрі осында екен. Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Еңлік-Кебек, Қалқаман-Мамыр, Жүсіп-Злиха, Ләйлі-Мәжнүн жігіт біткен есі кететін Қамар Сұлу, Танакөз, Сұлушаш, Әсия, Ботагөз ағайынды Аманай мен Заманай да бәрі бәрі жиналған екен. Тек Жібек қана жан-жаққа елеңдеп әлде-біреуді іздейтіндей. Жібектің бұл қылығын байқадыма жанына бір жігіт келіп айналшықтап шығар емес. Жөн сұрассақ Бекежан екен. Бекежанды батыр деп естуші-ек оның бұл қылығын түсіне алмадық. Жә бұны қойшы, айналаға көз салып қарайлағаным сол еді, еңгезердей бір жігітті алыстан байқадым. Бұ кім болды екен? Өзі жігіттің төресі секілді. Көпшілігіміз танымадық. Жанағы жан-жағына жалтақтап жүрген Жібегіміз бұл адамды көріп тұра жүгіргені. Бұл сәтте Бекежанныңда түрі бұзылып сала берді. Жайықтың аруына ғашық болған Төлеген осы болса керек! Бәріміз Мөлдір Махаббат деп қарап қалыппыз. Қасымдағы досым Махаббат Қызық Мол Жылдар деп таңданысын жасыра алмай, есі кетіп, қызығада, қызғана қарап қалыпты. Тең-теңімен деуші ед бәріміздіңде төрт көзіміз түгелденіп әннен шашу шашып, алтыбақан ойнап біраз ойын-сауық құрып көңілімізді бір көтеріп алдық. Қожа Насырдың қағытпаларын, Алдар Көсенің әзіл әңгімесін, Тазша баланың Қырық Өтірігін тыңдап отырғанда уақыттың қалай өткенінде байқамай қалыппыз. Жаңылтпаш айтып тіл сындырып, қыз-жігіт боп Абайдың Жұмбағын жасыратынбыз. Қараңғы күні самал жел соғып далада Жусан Иісі аңқып тұрушы еді. Осылайша бір күніміз бір күнге ұқсамай өтетін. Кеш болып, күн ұясына батқанда жан-жақтан іздеп шақырған дауыстар естілгенде бәріміз қоштасып үйге қайтушы едік. Әрбір кеш Әзімнің Әңгімесі секілді аяқталмай бітуші еді!
Айтпақшы өзімді таныстырмаппын ғой Менің атым Қожа…
Әрі қарай

Менің орыс тілім

Блог - nurbolkarataev: Менің орыс тілімАуылда мектепті орысша оқыған мен үшін қалаға келіп қазақша түсіну, сөйлеу қиынға соқты. Түсінікті болу үшін басынан бастасам.
2009-шы жылы ауылдағы мектептің 9-шы сыныбын бітірдім. Мен 9-шы сыныпты бітірген жылы апам 11 бітіріп университетке оқуға түскен. Екеумізді қатар оқытуға ата-анамның қаржысы жетпейтін. Менің 11 оқуыма тура келгенді.
Жазғы демалыстың жартысын қаладағы жездемнің үйінде өткізетін едім. Сол жылы жездем өзім оқытамын деп, ауылдағы ата-анама қолқа салып, менде ауылдан кететініме қуанып қалаға келгем. Үш ай демалыста зу етіп өте шығып, көптен күткен оқу жылыда басталды. Мектепті орысша оқығасын, лицейдіде орысша оқығанды дұрыс деп шештім. Арада біраз күн өткенде жездем орыс тобынан қазақ тобына ауыссаңшы. Оқыған мамандығыңды үйренбесеңде қазақшаңды түзерсің деген. Өзімді патриот санап жүргесін бе? -қайтемін оны деп қазақ тобына ауыспадым. Расы қажет етпедім. Арада біраз жыл (сондағы үш жыл) өтті. Оқуды да тәмәмдадық. Диплом иесі атанып, жақсы деген бағамен бітірдім. Енді жұмыс керек. Қысқасы таныс қажет дегендей. Оқу бітірген алғашқы жылдары қазақ тілінен аса қатты қиналмасамда, кейін қазіргі жұмысыма кіргенде, қазақша неге оқымадым деп бармақ тістеп қалғаным бар. Қазақ тіліне шорқақтығымда қатты сезіліп тұрды. Есіме оқуға түскенде жездемнің айтқан, қазақша оқысаңшы дегені еріксіз еске түсе берді. Жалпы қазақша түсінемін. Бірақ емін-еркін әңгімелесе алмайтыныма қынжыламын. Ауылда оқушы күнімде қазақ тілінен сабақ беретін үш мұғалім бар еді, олардың өзі кейде бар, кейде сабақ мүлдем өтпейтін. Ұстаздың жоқтығынан қаншама ауыл баласы қазақша білмей өсіп келеді.
P.S. Қос тілдің орнын ауыстырып оқуларыңыз сұралады
Әрі қарай

Кітап жайлы

Блог - nurbolkarataev: Кітап жайлы

Кітап оқымағалы көп болды. Кешегі демалысты пайдаланып Marwin-ге кітап қарауға барғам. Ішке ене бере көзіме бірден Есентаеваның кітабы түсті. Жанынан байқамағансып өте бердім. Баян емес, іздегенім Іскерлік Әдебиеттер еді. Көптен бері аңсарым ауып жүрген Стив Джобс жайлы жазылған Уолтер Айзексонның еңбегі еді. Одан қала берді Брайан Трейси, Дональд Трамп, Роберт Кийосакидің еңбектерін оқығым келіп жүрген. Іздеген кітаптарымның бәрі табылып қуанғанымды-ай. Тек Іскерлік Әдебиеттерді ғана емес өзім ұнататын Детектив жанрын, басқада жанрдағы кітаптарға да уақыт бөліп, сол жақтардыда беттеп келемін. Оқуға ерінбесеңіз іздеген кітаптарыңызды оңай тауып аласыз. Классика, фантастика, психология, мүмкін мотивациялық кітаптар, жоқ әлде бизнес кітаптарма бәрі де жетерлік. Осы ретпен аралап келе, соңында ғана Қазақ Әдебиеттеріне көзім түсті. Жетім баладай бір бұрышта елеусіз қалыпты. Қазақша кітаптардың саны елуге жетер жетпес екен. Есесіне орыс тілінде қалаған кітаптарыңыз табыла кетеді. Қазақша кітаптардың көбі кеңес кезеңіндегі Әдебиеттер ғана. Бүгінгісі Баянмен шектеледі.

Әлем Әдебиеттерінің қазақша аудармасын оқығыңыз келсе kitap.kz сайтынан таба аласыз. Тек экран алдында бас алмай отырамын демесеңіз.

Елбасымыз Жолдауында Әлемдік Бестселерді Қазақ тіліне аударуға тапсырма бергенді. Тапсырма орындалып жатыр-ау. Бірақ сол кітаптар тек Оқу орындарына ғана таратылып, кітап сүйер оқырманға жетпейтіні өкінішті. Әйтпесе соңғы шығып жатқан бизнес кітаптарды өз тілінде оқуды кім жек көрсін.

Осы орайда Болашақ түлегі Қанат Әуесбай алғашқылардың бірі болып «Батыс көрген. Ұлыбритания Қазақтың көзімен» атты кітабын жазған еді. Өзгеде Болашақ түлектері Қанат Әуесбайдың ізін қуып бір-бірден кітап жазса Қазақша кітаптардың саны артып, Қазақ Әдебиетіне жаңа леп әкелер еді. Бір күні оқитын Қазақша кітап қалмай әншілердің ішіп-жегенін, не істеп, не қойғанын оқып жүрмесек болғаны. Кітап оқитын жастар емес, оқитын Қазақша кітап қалмай барады.
Әрі қарай

Экспо тарихын білеміз бе?

Блог - nurbolkarataev: Экспо тарихын білеміз бе?
1851-ші жылы 1 мамырдан бастау алатын Бүкіл Әлемдік Көрме Альберт ханзаданың бастамасымен Лондон қаласындағы Гайд-паркте «Барлық халықтардың өңдірістік жұмыстарының ұлы көрмесі» деген атаумен өткен еді. Көрменің басты назар аударарлық ғимараты, Джозеф Пакстонның сәулеттік жобасымен тұрғызылған Хрусталь сарайы болды. Бір өкініштісі бұл тарихи ғимарат 1936-шы жылы өртеніп кеткен.

Ең алғашқы Әлемдік Көрмені 20 аптаның ішінде 6 миллионнан астам адам тамашаласа, сол кездегі Лондонның халқы 3 миллион ғана еді.

Көрмеде бу қозғалтқыштары, стерео-фотосуреттер, америкалық Чарльз Гудиер ойлап тапқан ысытылған резеңке (Goodyear), қойылтылған сүт, консервіленген азық түлік, мүгедектерге арналған протездер, шыны көздер, стоматологиялық креслолар, «веналық» деп аталатын орындықтар және басқа да заттар қойылған!

Көрмеден шамамен 186 000 фунт стерлинг пайда түсті. Бұдан түскен пайда әйгілі Виктория және Альберт тағы да басқа бірнеше музейінің құрылысына жұмсалған.
Әрі қарай

Қазақстандық You tube жұлдызы!

Блог - nurbolkarataev: Қазақстандық You tube жұлдызы!
Бұл Қадірбек Назиров. Көпшілік Kadrin Jacson лақап атымен білетін, Қазақстанға танымал жас биші. Бұл жігіт көптеген танымал клиптермен өнер жұлдыздарына cover жасап жүрген cover биші, пародист. Қадірбекті алғаш рет You tube желісінен Майкл Джексонға пародия жасап, поп жұлдызға еліктеп жүргенін көріп байқағам. Кейіннен той думан, концерттік бағдарламаларда биімен көптің көңілінен шығып жүрді.
PSY Әлемді дүр сілкіндіріп аз уақытта танымал болған Gangnam Style клипінеде алғашқылардың бірі болып сover жасап, аз уақытта You tube видеохостингінде үлкен көрілім жинап үлгерді. Көпшілік видеоның тек сапасын жақсы камерамен түсіріп, кәсіби актерларды ойнатқанда деген секілді сынды ғана айтқанымен, жалпы клипке көңілі толатынын, жас биші Қадірбекке сәттілік тілеуші болды. Осы аз қателігін Қадірбекте келесі жолы қайталаған емес. PSY-дың кезекті танымал клипі Gentleman шыққан уақытта Қадірбекте осы клипке кезекті cover жасапта үлгерді. Осы жолы өткен қателікті қайталамай сапалы видеокамерамен және облыстық театрдың кәсіби актерларында клипке түсіріп өте жоғары деңгейде клипке пародия жасап шықты. Осы клиптер арқылы Республикаға танымалдығы арта түсті. Бірақ Қадірбекке танымалдық емес, ол өзінің биімен cover жасап, өзін жаңа қырынан байқап көргісі келді. Және сол мақсатқа жете білді.
Әлемге танымал тағы бір жұлдыз Bruno Mars-тың Uftown Funk клипіне cover жасап сол арқылы өз өнерінің биігіне шыға алды. Қадірбек Назиров ек шетелдік жұлдыздарға ғана емес, еліміздің танымал әншісі Қайрат Нұртасқада пародия жасап ерекше биімен көпшілік қошеметіне ие болды. Әншінің өзі де отандық бағдарламалардың бірінде Қадірбекке өз ризашылығын білдіріп оған қолдау көрсеткен. Кейіннен жастар арасында көптеген танымал әндердің клипіне пародия жасап одан әрі өз өнерін шыңдай түсті. Қадірбек пародия жасаған әр клипіне Атырау қаласының ең тамаша, ең танымал жерлерін түсіріп, өзін ғана емес, өзінің туған қаласында таныта түсті. Бұл біздің Атырау үшін үлкен жеңсі, әрі мақтаныш. Қадірбекке үлкен шығармашылық табыспен, өнер әлемінде тек биік белестерді бағындыра берсін демекпін.
Толығырақ,Қадірбектің ресми You tube каналынан көре аласыздар;
www.youtube.com/channel/UCuPM9ZmzGhl2KwQHHtE6g6g
www.youtube.com/watch?v=d82Jt8I2Cig
Әрі қарай

Сіз қандай кеңес бересіз?

Блог - nurbolkarataev: Сіз қандай кеңес бересіз?Биылдыққа оқыған екі кітабым, мен үнемі оқитын блоггерлерде тіл үйренудің артықшылығын айтыпта, жазыпта келеді.
Елбасыда биылғы жолдауында ағылшын тілін үйренудің қажет екенін шегелеп бекітіп берді. Соңғы күндері (опшым айлары, жылдары) Ағылшын тілін үйренуге құштарлығым артып-ақ жүр. Бірақ күнделікті күйбең тірліктен шаршап келгенде сол құштарлық әп-сәтте талқан болады.
Тіл үйренушілердің кеңестерін, сайттармен бағдарламалардың бәрін қарағаныммен соңында бір нәрсе кедергі келтіріп, желкемнен тартып жібермей тұрғандай көрінеді. Осы жайлы таныстарымнан кеңес сұрасам?! -олардың бәрі ақылдасып алғандай, Соның не керегі бар, ағылшын тілін үйреніп қайда барасың? -деп, іштей аяқтан тартқысы кеп тұратыны байқалады. (Бәлкім менің ойым солай шығар). Жә, ол уақытша кедергі екені анық. Бірақ ертеңге қалдыра бермей тіл үйренуді тездетіп қолға алу керек. Әйтпесе Абай секілді "Қолымды мезгілінде кеш сермедім" -деп іштей өз ісіме өкініп жүрмесем болды. Бүгін, дәл осы сәттен бастап ағылшын тілін үйренуге бар күшімді саламын. Тіл үйрену артықшылық қана емес, тіл үйрену білім алу, білім қууға керек басты кілт!
Ал, сіздер тіл үйренген болсаңыздар пікірге кеңестеріңізді қалдырыңыздар!
Әсіресе жұмыстан кейін шаршап келіп тіл үйреніп жүргендер болса.
Әрі қарай

Қазақ киносценариінің жаңа таланты!

Блог - nurbolkarataev: Қазақ киносценариінің жаңа таланты!Бұл Мұрат Есжан! Хабар арнасының журналисті. Бүгінде Болашақ бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Калифорния штаты, Сан-Франциско қаласындағы Academy of Art Univercity студенті. Болашақ Магистрант. Мұрат Есжанды бұрын Хабар арнасындағы «Таразы» бағдарламасы арқылы танитынмын. Кейін Әлеуметтік желідегі жазбаларын оқып, онлайнда араласып жақыннан тани түстім десем болады.
Мұхит асып, Американы ішінен таныстырып, көргенін видеоға түсіріп, әлемжеліде қажетті жазбаларымен бөлісіп жүреді. Ақындық өнері бар, өнер емес Алланың берген дарыны десем болар. Ол жазған өлеңді бүгінде Елге танымал әншілер орындап жүр.
Бұдан басқа блогер, видеоблогер депте айтуға негіз бар. You Tube-те өзінің жеке арнасы бар. Сол жерден сапасы жақсы, деректі фильмнен еш кем түспейтін видеоларды көруге болады. Оскар иеленген, әкелі балалы Джейден мен Уилл Смиттер түскен, Голливудтың әйгілі The Pursuit of Happyness киносына породия жасаған. Бұданда басқа көптеген пайдалы әрі қызықты видеоларды көресіз.
Ағылшын тілін үйренуге арналған кеңестері де керемет. Ағылшын тілінің мамандарынан артық болмаса, әсте кем емес.
Асыл арнаның "Үлкен Үй", «Мұнаралы Америка», «Көке» кино жобаларының сценарий авторы. Оқып жүрген мамандығыда осы киносценарии саласы.
Өлеңде келетіндей өзі актер, өзі сценарист, өзі режиссер, өзі ақын, өзі блогер, өзі, өзі… қысқасы сегіз қырлы, бір сырлы, бес аспап жігіт.
Егер қызықты әрі қажетті ақпаратты оқығыңыз келсе, әлеуметтік желіде Мұрат Есжанды оқи жүріңіз!
Әрі қарай

Қазақ блогының мақтанышы

Бұл Өркен Кенжебек! Хабар арнасының журналисті. Журналист қана емес Көк жәшіктің отымен кіріп күлімен шыққан, өз саласының МЕН деген мықтыларының бірі, һәм бірегейі.
Медиалектор әрі Блогер! Қазақ блогерлерінің ішіндегі көшбасшысы деуге болады. Қазақ блогын өргесүйреп жүрген жайы бар. Блогсыз Өркенді, Өркенсіз қазақ блогын елестету қиын. Екеуі егіз ұғым секілді.
Жиһанкез! Ер аралап жер көргенді жаны сүйеді. Әр саяхатынан алған әсерімен әлемжеліде бөлісіп тұрады. Бүгінгінің Шоқаны.
Кәсіби фотографтардан еш қалыспайтын әуесқой фотограф. Көргенін canonмен түсіріп, түйгенін Жақсы жобасында пісіріп жүреді.
Одан басқа қандай өнері бар дейсізбе?!
Көлік құмар. Бірақ көлік жүргізбек түгілі Жүргізуші куәлігіде жоқ. Көлік жайлы блогын оқысаңыз оны Автосалонның PR менеджеріме деп ойлап қаласыз?! Әр саладан хабары бар мықты маман. Қоғам талқысында жүретін мәселелерге тоқталып, өз ойын ашық айтып, екшелеп, тарихымен текшелеп Facebook атты жеңгесімен, Instagram атты сәнқой қарындасымен бөлісіп тұрады.
Егер қызықты әрі қажетті ақпаратты оқығыңыз келсе Өркен Кенжебекті әлеуметтік желіде оқи жүріңіз!
Әрі қарай

Наурыз және Қыдыр Ата

Блог - nurbolkarataev: Наурыз және Қыдыр АтаЖелтоқсан мен Наурыздың қарама қайшылықтары көп қой жалпы, солардың бірі Жаңа жыл. Біздің ел Жаңа жылды екі рет тойлайды. Бірі орыстың отарлауынан сіңген Христиан дінін ұстанушыларға тән Жаңа жыл болса, екіншісі бабамыздан еншіге қалған Түркі жұрты, Ислам әлемінің Наурыз жаңа жыл мейрамы. Екеуіде қолайсыз уақытта бірі қар борап, қытымыр қыстың, екіншісі қар еріп, жаңбыр маусымының басталар уақыты. Ал ең қызығы осы екі жаңа жылдыңда өз кейіпкері бар. Кім дейсіз бе? Бірі Аяз Ата енді бірі Қыдыр Ата. Біріншісі балаларға базарлық таратса, кейінгісі жалпы халыққа Бата беруші. Балалар Аяз атаға арнап хат жазсада, Қыдыр атадан Бата аламын деп ешкімде күтпейді. (Көбіне Қадір түнімен шатастырады) Бізге енді Қыдыр Атаны насихаттау қажет секілді. Солай етсек қана 31-ші Желтоқсанда күтетін жаңа жылды Аяз Атасымен қоса жеңеміз! Ал Наурыздың жалпы халықтық мейрамға айналғаны көз қуантады.
Әрі қарай