Жарияланымдар

Мәулен Әшімбаев: «Нұр Отан» партиясы жаңғыру идеясы мен құндылықтарының жаршысы болуы тиіс

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен ӘшімбаевБлог - nur_otan: Мәулен Әшімбаев: «Нұр Отан» партиясы жаңғыру идеясы мен құндылықтарының жаршысы болуы тиіспартия филиалдарының өкілдерімен кездесті. Партияның өңірлік, аймақтық филиалдарымен қатар ірі кәсіпорындар базасында құрылған филиал және бастауыш партия ұйымдарының басшылары қатысқан жиында Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы кеңінен талқыланды. Жиынды ашқан Мәулен Әшімбаев партиялық жаңғырудың басым бағыттарын атап өтіп, алда тұрған міндеттердің аймақтық деңгейде де аса маңызды екеніне назар аударды. Партия Төрағасы Бірінші орынбасарының айтуынша, нұротандықтар елімізде қолға алынған жүйелі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші болуы керек. Сол үшін алдымен өзімізге партияның негізгі міндетін анықтап, идеологиялық жұмыстың бағыт-бағдарын айқындап алу керектігін айтқан Мәулен Әшімбаев: – Біз бүгінде көбіне ішкі жұмыстарға басымдық беріп, солармен ғана шектеліп қалғандаймыз. Тіпті кейбіреулер Орталық аппаратқа құдды бір министрлік, ал партияның аймақтардағы филиалдарына жергілікті әкімдіктердің бір бөліміндей қарайды. Бұл Елбасымыздың партияның алдына қойған мақсат-міндеттері мен атқарар рөлін дұрыс түсінбеудің салдарынан болып отыр. Мемлекет басшысы: «Нұр Отан» – министрлік те, атқарушы билік те емес. Ол – стратегиялық күш», – деп партияның бағыт-бағдарын анықтап берді. Сондықтан біз жұмысы жүйелі әрі тиімді, міндеті айқын стратегиялық күш болып қалыптасуымыз керек, – деді. Мәулен Әшімбаев партияның жаңа бағытта жұмыс істеп, нақты нәтижелерге қол жеткізуі үшін қалыптасқан әдіс-тәсілдер мен форматты өзгертуді ұсынды. Бірінші кезекте партия жұмысына дебюрократизация қажет екенін де тілге тиек етті. Бұл, әрине, өңірлерге де тікелей қатысты бастама. Сондықтан жергілікті жерлерде нұротандықтар өздерін партия шенеунігі емес, халықпен ашық әрі тікелей жұмыс істейтін партия мүшесі ретінде көрсете білуі тиіс. Партиялық іс-шараларды таптаурын нұсқадан арылтып, қоғаммен саяси байланысты жаңаша қарқынмен қайта орнатудың да маңызы зор. Нұротандықтардың ұйымдастыруымен өтетін әр іс-шара мәнді, мазмұнды, креативті болып қана қоймай, нақты нәтижеге қол жеткізуі керек. Сондай-ақ, жиында идеологиялық жұмыстарда өңірлердің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына басымдық беруі керектігі айтылды.
Әрі қарай

Оралда нұротандықтар қарияларға жәрдемдесіп жатыр

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында нұротандықтар көмекке зәру қарияларға қол ұшын беріп жатыр. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында партияның еріктілері олардың үй шаруасына көмектесуді үлгілі іске айналдырған. Қазір жүзден астам оралдық қария партияның қамқорлығында. Жастар олардың ауласын тазалап, қыста қарын аршып, көмек етеді. Жәрдемдесуге жыл он екі ай бойы әзір жүретін нұротандықтардың арқасында бүгін жалғызілікті Валентина Дубовская қыстық отынмен қамтамасыз етілді.
Қысқы уақытта да, жазғы уақытта да көмектесуден шаршамаған нұротандықтар қыс басталғалы осы үйге бесінші рет келіп тұр. Жастар үшін бұл атқарылып жатқан жұмыстар оңай болғанымен, жалғызбасты қариялар, үлкен кісілер, ардагер үлкен кісілер үшін қиын.
Ұзақ жылдар бойы балабақша тәрбиешісі, кейін жергілікті театрда жұмыс істеген 83 жастағы қарт кісі қазір жалғыз тұрады. 50 жыл бойы бел жазбастан еңбек еткен қария көмекке зәру. Өздігінен жүріп-тұруы қиын болғасын, жасотандықтар ұдайы қол ұшын береді екен. Қаладағы әлеуметтік салаға жауапты мекемелердің көмегімен енді қарияның үйіне газ өткізу мәселесі қарастырылып жатыр.
— «Нұр Отан» партиясының жастарына мың алғыс! Оларға ризашылығымды қалай жеткізерімді де білмеймін. Өздері келіп, отынымды жарып, көмірімді тасып береді, — деп алғысын жаудыртты тыл ардагері Валентина Дубовская
Әрі қарай

Көкшетаулық студент қыздар оқу ақысына75 % жеңілдік алды

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университінің студенті атанып, қуаныштары қойнына сыймай қуанған Диана Неғметжанова, Жұлдыз және Жанар Темірбековалардың қуанышы көпке ұзамады. Кенеттен ата-аналарынан бірдей айрылып, тағдыр талқысымен тұл жетім атанған қыздар енді оқу ақысын төлей алмай қиналады. Осындай күйге түскен студенттердің жағдайын қарастыратын университеттегі арнайы комиссия студент қыздар жеңілдік берілмейтіндігін алға тартады. Аршалы ауданынан келіп оқуға түскен екі қыздың әкелері 1-ші курс оқып жүргендерінде қайтыс болып, аналарынан да көп ұзамай айырылып қалады. Бір жылдық оқу ақысы 350-450 мың теңге екен. Мұндай соманы төлеу қыз балалардың қолынан қайдан келсін. Алайда қыздарды қамқорлығына алып, барынша көмек жасап жүрген оқытушысы Дина Қабдығалымқызы, «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалына өтініш білдіруді жөн санайды. Партияның қоғамдық қабылдауына келіп түскен өтініштен соң, оқытушы мен студент қыздарды сол кезде азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіп жатқан Парламент Мәжілісінің депутаты Кәрібай МұсырманБлог - nur_otan: Көкшетаулық студент қыздар оқу ақысына75 % жеңілдік алдытыңдайды. Соның нәтижесінде партияның аралсуымен бұл мәселе қайта арнайы комиссияның талқылауына түсіп, студент қыздардың оқу ақысына 75 % жеңілдік берілді.
Әрі қарай

Қостанайда жол полициясы мен партиялықтар бірігіп рейд өткізген

2018 жылдың 24 қаңтары күні Қостанайда партия мен полиция бірлесіп рейд өткізді. Бұл рейдті жол үстінде тәртіп бұзушылықты анықтау бойынша «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалдары мен қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырды. Рейдті өткізге аймақтағы қоғамдық қабылдауларға жүргізушілерден, керісінше құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан да түскен көптеген шағымдар себеп болған. Тексеру барысында көлік құралдарын себепсіз тоқтату фактілерінің алдын алу, сол сияқты полиция қызметкерлерінің азаматтармен әдепті болуларына негізгі назар аударылды. Бұл акцияның бастағандар «Нұр Отан» партиясы Қостанай қалалық филиалының белсенділері Сергей Колесниченко мен Владимир СорокинБлог - nur_otan: Қостанайда жол полициясы мен партиялықтар бірігіп рейд өткізген.
Әрі қарай

«Астана – 20 жыл даму мен инновация» Форумы Бүгін Астана қаласында "Нұр Отан" партиясының ұйымдастыруымен өтті.

Блог - nur_otan: «Астана – 20 жыл даму мен инновация» Форумы Бүгін Астана қаласында Нұр Отан партиясының ұйымдастыруымен өтті.

Бүгін Астана қаласында«Астана – 20 жыл даму мен инновация» Форумы «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өтті.
Бірінші болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед: – Елбасының ғажайып жобасымен дүниеге келген Астана бүгінде жаһандық саяси үдерістер мен бітімгершілік бастамалардың белді қатысушысы ретінде әлем картасынан ойып тұрып орын алды. Аз уақыттың ішінде Астана дүние жүзіне конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын бесігі ретінде танылды. Елордамыз бүкіл әлемді бейбітшілікке шақырған халықаралық форумдардың ұйытқысына да айналып үлгерді. Әлемге әйгілі инвесторлардың қызығушылығын оятқан бас қаламыз шын мәнінде халқымыздың ұлттық бренді болып қалыптасты. Зор табыспен өткізілген ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі Астананың инновациялық әлеуетін айқын көрсетіп берді, – деді.
Аталмыш шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары – М.Құл-Мұхаммед, Астана қаласының әкімі – А.Исекешев, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасары – Э. Жұмағазиев қатысты
Әрі қарай

Астана қаласында «Астана – 20 жыл даму мен инновация» Форумы өткізіледі

Ертең Астана қаласында «Астана – 20 жыл даму мен инновация» Форумы өткізіледі. Форумда Астана қаласындағы шағын және орта бизнестің жетістіктері мен Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Форум барысында Елорданың «Смарт-сити» үлгілі стандарт тәжірибесін Қазақстанның барлық өңірлеріне тарату мәселесі қаралатын болады.
Форумға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары – М. Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – А. Жұмағалиев, Астана қаласының әкімі – Ә. Исекешев, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы – А. Мырзахметов, шағын және орта бизнес, білім беру институттары, индустриялдық-инновациялық және IT компанияларының өкілдері қатысады. Өтетін орны мен уақыты: 2018 жылғы 26 қаңтар, 12.00 с. Хилтон қонақ үй і(Нұрәлем)
Әрі қарай

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед сарапшылар қауымдастығымен кездесті

Блог - nur_otan: «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед сарапшылар қауымдастығымен кездесті

Сөз, ой бостандығы қазақ қоғамы үшін әрқашан болған, бола да береді. Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде мұндай деректер жетіп-артылады.

Кеше елордамызда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед сарапшылар қауымдастығымен кездесті. Бұл еркін жиында қағаз жүзіндегі баяндамалар мен жалықтыратын есеп берулердің бірі де болған жоқ. Бүгінгі ел өмірінде орын алып отырған ең көкейтесті мәселелер төңірегіндегі еркін пікір алмасу, қызықты кеңес болды. Қоғамда ойып алатын орындары бар саясаттанушы, мәдениеттанушы т.б. құралған сарапшылардың кейбіреуі өз ойында жүрген түйткілді мәселерді ортаға салса, енді біреулері нақты ұсыныстар мен жобаларын алдыға тартты. Кейбір сұрақтар сол арада шешімін тауып та жатқаны жасырын емес.
Қорытындысында Мұхтар Құл-Мұхаммед түрлі мәселелерді қарастырып, соларды бірігіп шешудің механизмдерін табуға жұмыс жасайтын арнайы Сарапшылар кеңесін құруды ұсынды.
Әрине, түрлі пікірлер, позитивтер мен негативтердің де болатынын жоққа шығармаймыз. Әр адамның әр түрлі пікір білдіретіні заңдылық. Қалай десек те, партия өзінің модернизацияға дайын екенін танытып отыр.
Әрі қарай