Жарияланымдар
Қазақ әскері: не жақсы, не жаман?
(3)
- nigmetovartur
Осы постта менің де пікірім болу керек еді, бірақ, өкішінке қарай, жазып үлгермедім. Автордың өзі кешіре көрсін Менің ойымша, Қазақстандық армияның бүгінгі ахуалын сөз ету үшін алдымен өзімізге «Ел басына күн туса, жағдай қалай болады? Біз қаншалықты дайынбыз» деп елестетіп көру керек. Техника, қару-жарақтың жұтаңдығын былай қойғанда, негізгі күш жауынгерлердің санының аздығы ойландырмай қоймайды. Қазақстандық армияға байланысты әуелден келе жатқан мәселелер әлі де өзекті.Мәселен, өзі аз қазақстандық азаматтардың ішінен денсаулығына байланысты әскерге баруға жарамсыз деп табылатындардың көптігі. Денсаулығы жарамды болғанның өзінде халық тарапынан Қазақстан армиясына деген сенімнің төмендеуінен көпшілік әскерге әдейі бармай қалудың жолын іздестіруі тағы бар. Ал әскер қатарындағылардың дайындығы ше? Менің ойымша, біздің әскерлерге профессионалдық тәжірибе жетіспейді. Сондықтан оларды 1-2 жыл оқумен шектемей, бітімгерлік миссиямен афганистан секілді соғыс алаңдарына жіберу керек. Әрине, Қазбат тек келісім-шартпен әскери қызметін өтеп жатқан жауынгерлерден құрылу қажет деп есептеймін.
Соңғы түзету:
- Жасыру