Жарияланымдар

Ғашықтық қандай керемет!

Блог - naizagai1: Ғашықтық қандай керемет!
Сағыныш емес мұң беріп
Сабырым бізді сынайды.
Сезімге сеніп жүрмелік,
Тағдырлар қарсы сыңайлы…

Өкпелеп қалып жүрмеші?
Өзіңе тағар мінім жоқ,
Ғашықтығымның жүлдесі-
Ғарышта тұрар күнім боп!

Төбеден қысып тағдыр да,
Жұмыстар басты желкеден.
Күн түгіл нөсер жаңбырда
Жақындап барсам өртенем…

Заманмен арпаласардай
Менде жоқ ондай күш, білем.
Сәулеңнен жүрмін қаша алмай,
Күндейін қандай ыстық ең?!

Қараусыз қалған қолдардан
Өлеңнен басқа не келед?
Махаббат бізге болды арман,-
Ғашықтық қандай керемет!
Әрі қарай

Сүй!

Блог - naizagai1: Сүй!
Сүйіктім, сүй! Сүйе бер таң атқанша!
Сен сүйе бер, өзге одан сақтанса!
ЕШНӘРСЕНІ ЕЛЕМЕ Сен! Сүй көзден жас аққанша!

Ол сүймесін, мейлі, оны Сен сүйе бер!
Қабыспай-ақ қойсын, тіпті, шиелер!
Сендегі бұл махаббатқа күллі әлем кеп сүйенер!

Сен сүйе бер! Іркілме де жалықпа!
Сүйе алмаса, алып адам алып па?
Сезімдері сарқылған бұл сүюді үйрет халыққа!

Сен сүйе бер! Сен сүюге тиіссің!
Сан жолдар кеп бір-бірімен түйіссін!
Адамдарға айт: Сыңар тауып, бір-бірімен сүйіссін!
Әрі қарай

Өзіңсіз бәрі біртүрлі

Блог - naizagai1: Өзіңсіз бәрі біртүрлі
Тomendegenin kormeimin ardyn
Konlimdi kaitar Sen, meilin, ar kun!
Tusinwi meni, ozinsiz, sensen,
Nan aluga da kelmeidi bargym!

Keltirip sezim zany kulkimdi,
Bizden ol muldem arige umtyldy…
Senesin be, Sen zhyrakta jursen
Omirde mynau bari birturli.

Ne etermin konil zangar kalasa?
Al zangar bizdi angarmady asa…
Almatyny san aralap kordim:
Koriner Sensiz taular da alasa…

Aspannan asem tiledim olen,
Ainalasyna mine gul egem!
Okiniwtisi — olenderimdi
Otkize almadym zhuregine men…

Zymyrap uakyt sendelgenwe mun
Sagymyn keler kolderden Senin…
Ozine meni tartad ta turad
Suikti kyzym, Sen bergen Senim!
Әрі қарай

Қиял

Блог - naizagai1: Қиял
Өзен боп сонша шулағам,
Арасын тастың жара алмай…
Тас болып неге тумағам?
Тастардың тілін табардай!
Әрі қарай

Ой

Блог - naizagai1: Ой
Өмір деген уақытта да емес, сынақта да емес, басқасында да емес. Өмір адамның жадында екен.
… Ол ұялып, алақанымен аузын басып күліп отыр…
Жадымдағы сұлу қыздың бейнесі — менің өмірім.
Әрі қарай

Сұрақ-жауап

Блог - naizagai1: Сұрақ-жауап

Не керегің бар деп ойлаймын?
Өзіңсіз бірақ жоқ бақыт.
Бақыт деген не деп ойлаймын?
Басым кей кезде көп қатып.
Ойланар несі бар екен?!
Сенде ғой бақыт көп дара!
Түсінбей несі бар екен?
Сүйем ғой Сені тек қана!
Өкінішімнің себебі
Сөздерім жетім қап қойды-ау…
Жалғыз жүретін жандарға
Жетім деп кімдер ат қойды-ау?
Ақтарсам бәрін ішімнің
Ренжітіп тағы алармын,
Сағынсам Сені, түсіндім,
Фотоңнан ғана табармын…
Білемін, өмір сабылыс,
Тірлігі бітпес қашан да…
Ал менде бітпес сағыныш.
Махаббатым-ау, бас алға!
Әрі қарай

Ән салған бақыт

Сезімді мынау сезінбей
Жүруге қалай болады?
Таң атты тағы көз ілмей,
Қызарып күн де жанады.
Қызарды күн де ашулы,
Махаббаты жоқ оның да.
Ұмытты сәуле шашуды,
Қанды жүрегі қолында…

Бәрі де солай сөнеді,
Қызарған күн боп батады.
Қалады болмай керегі,
Еңіреп жылап жатады.

Бағалар, бізді кім байқар?
Түсінер бізді қай адам?
Таң атар тағы, түн қайтар
Жүректі қанға бояған.

Әділдік қалмай әлемде,
Сезімдер қалар жауапсыз.
Мұң шағып ақын өлеңге,
Бақытын күтер тағатсыз.

Бақыты жүрер ән салып,
Басқаның бірақ бағында…
Бақыттан бұндай шаршадық
Айналып кетер сағымға…

Шын ғашық болсаң, айтарым:
Сезімдеріңе көп сенбе!
Сүйгеніңе, мен байқадым,
Бәрібір, жоқ боп кетсең де!

Ұнатса бүгін сені адам
Құшақты жалған ашасың…
Ал өзім тойдым! Демалам…
Максимум бауыр басасың.
Әрі қарай