@Simona мен кездесу :)
Салтаның туған күнін де, яғни 1 тамыз күні Симонамен кездестік. Германияда тұратын Симона жерлесті көру бақытына ие болдық @Simona нигімен жүретін Сымбатпен, сонау 2007 жылы ашылған солай.де ауылынан витерде таныспыз. Өзінің жеке блогында Оқып жатқан ортасы, өмірі жайлы біраз инфо беріп тұрады. Тек соңғы кезде сабағына байланысты блог жазуға уақыты болмапты.
Кездесуге Өзіміздің таныс блогшылар кешкі 19.00де Сити кафесіне келе қалды. Шақырған жерден қалма деген
Көп нәрсе жайлы сұрап біліп, қанық болдық. Маған ұнағандары, Германиядағы плагиат жайлы, яғни арнайы қондырғымен біліп отыратын ұқсайды. Және соңғы кезде Жоғары лауазымды адамның докторлық жұмысы кей бір сөз/сөйлемдері плагиат деп табылып, Алмания қоғамында біраз шу шыққан болса керек
Және тағы ұнаған Германиядағы тазалық/тәртіп жайындағы айтылған коменттер)))
Тағы бір есімде қалғаны Германияда немкалардың көбі феменисткалар болса керек. Каблук кимейтін
Кездесуде болған никтер: Қуаныш, Терискей, Қарасақал, Зере, Арсик, Мадлен, Балғырған, Симона, Монти.
Кездесуден суреттер: Балғырған, Симона фотоапараттарында кетті, сол үшін жекеде күтеміз
@Simona қазір ұшақта болар! Оқуыңа жақсы жет!!!






2011 жылдың 17 маусымда Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдық мерейтойына орай көркемсурет көрмесінің ашылу салтанаты өткен еді. Көрмені ұйымдастырған Суретшілер Одағының ықпалымен құрылған «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубы болатын.
