Жарияланымдар

Сіз барда...

Мұң атаулы жолай алмас көңілге,
Қорқыта алмас мені тіпті өлім дe,
Сіз болсаңыз жүрегімнің төрінде…

Сіз барда …
Суыта алмас сезімімді ызғар да,
Қарсы тұрам қарлы боран мұздарға,
Жетелейді алға мені үнемі,
Көкірегімде бүршік атқан ізгі арман
Жүрегімде сіз бар да…
Ештеңе емес…
Ештеңе емес жаным біраз тоңғаны,
Түк те емес көңілге мұң қонғаны,
Атады әлі талай шуақ таңдарым,
Жүрегімде сіз болсаңыз болғаны…
Әрі қарай

Керекинфоға керекпін бе?

Кеше ақылыма осындай бір сұрақ келді. Жалпы қолым бос кезде аударма мен шимай шатпақ жазумен айналысатыным бар еді. Ноутбугімнің түкпіріндегі сары папкаға жиналып қалған туындыларымды интернетке салғым кеп жүргеніне біраз болған еді. Сөйтіп кенеттен Керекинфоға кездестім. Әрине тіркеліп жазғандарымды салмас бұрын, біраз уақыт сайтты бақылап көрдім. Жазылған шығармаларды, пікірлерді оқыдым. Байқағаным бұл жерде нормативтіге жатпайтын лексика мен жаргон сөздерді қолданғанды жақсы көретін адамдар көөп екен. Очм, ырысбек, зайып алды, тігем, исчо деген сөздер алғашында құлағыма түрпі тікенегіндей тигені былай тұрсын, мағынасын түсіне алмай дал болдым. Артынша үйреніп кеттім. Осыған орай бір айтарым жаргондарды жинап арнайы Керекинфо сөздігі деген сөздік шығарса да болатын секілді. Жалпы айтқанда жақсы сайт. Адамдар тіркеліп, бастарынан өткендерін жазып, одан қалса Инекеңнің түкпір түкпірінен тірнектеп жинаған мәліметтерімен бөліседі екен. Бір бірімен пікір алмасады екен. Сонымен бірнеше меланхолиялық жазбаларым мен өлеңсымақтарымды арқалап мен де келіп қалдым араларыңызға. Бәлкім бұл жазғандарым балалықтың ауылынан ары аса алмай жүрген қыздың шатпағы болып көрінер. Шын мәнісінде де солай болуы мүмкін. Не де болса салып көрейін деп тәуекелге бел будым. Дей тұрғанмен кермек шындықты кедергісіз айтатын керекинфошылардың критикасына қаламын деп ойламадым. Сын пікірлеріңізді оқи отырып таңғалдым, таңырқадым, бір жағынан қуандым, бір жағынан мұңайдым.Қайтем енді тумысымнан қатты әсершілмін. Алайда жазғандарымды оқыған барлық адамдарға ризашылығымды білдіргім келеді. Пікір қосқандарға да жеке жеке алғысымды білдіремін. Оның ішінде
Zholantai (атыңызды дұрыс жаздым деп үміттенем) мырзаға кетш, оттамаш дегендері үшін рахмет, көктен жерге парашютсіз ақ түсірдіңіз.
Araika ханым мен Daniar Alan мырзаға да пробел жөнінде жазған сындарыңыз үшін алғыс айтам.
MERmukhanov мырзаға да бұл жазбада әсіре ештеңе жоқ деп шындықты айтқаны үшін үлкен рахмет.
Және басқа да пікір жазған адамдарға көптен көп рахмет. Пкірлеріңіз жақсы болсын жаман болсын мен үшін өте қымбат. Алдағы уақытта да сіздерден сын пікір күтетін боламын. Және де бұдан да жақсы жазбалармен қуантып тұруға тырысамын. Соңында керекинфошылардың тілімен айтатын болсам ОЧМ БАРЛЫҒЫНА ҮЛКЕН ЫРЫСБЕК КО.
Әрі қарай

Тағы да өлеңге ұқсайтын бір нәрсе....

Кетер болсаң біржолата кетші енді!
Маза берші маздап жатқан жаныма,
Жүрегімнен өшіріп бар өткенді,
Жаңа өмір бастап көрем тағы да.

Кешірмеймін сұрама бос кешірім,
Тірі болсам сенсіз де атар таң күліп,
Ұмыт бәрін бұдан былай есімің,
Құлағымда тұрмасыншы жаңғырып.

Өтінемін өмірімнен жоғалшы,
Сен жайлы енді естігім де келмейді
Тек бейшара жүрегіме обал шын,
Сені кетіп қалды десем сенбейді.

Қайтем енді осы болса шешімің,
Кетем десең жолың ашық тек бірақ,
Кетеріңде жүрегімнің есігін,
Өтінемін жауып кетші қаттырақ.!!!
Әрі қарай

О.Генри Сиқырлы бөлкелер

Мисс Мартаның кішкене ғана нан сататын дүңгіршегі бар еді. Байлығы асып тасып жатпаса да, оны кедей деп ешкім айта алмас. Мисс Марта банкте сақтаған екі жүз доллар ақшасы, аузындағы отыз екі тістің арасында екі протезі, және ерекше қайырымды жүрегі бар қырық жастағы сүр бойдақ әйел. Алайда көңіл түкпірінде «күндердің күнінде тұрмыс құрам ау» деген үміт шамы әлсіз ғана жанып тұрған еді.
Әрі қарай

Аты жоқ өлеңсымақ

Өртемеймін суретіңді сөз берем,
Іліп қоям бөлмелерге шам қылып.
Соңғы демім таусылатын кезде де,
Ақылымда сен қаларсың мәңгілік.

Зорлай берме көз жасыңды ақпаған,
Қайғырғаның керек емес мәжбүрден.
Саған деген еш өкпем жоқ сақтаған,
Сүймейтініңді әлдеқашан сездім мен
Әрі қарай

Білмейсіз...

Арай шашқан алтын күн мұзды сүйетінін білмейсіз,
Мына әлемде бір жанның сізді сүйетінін білмейіз,
Отырып ап сіз жайлы қиялдайтынын білмейсіз,
Мөлдір мөлдір жырларын жиі арнайтынын білмейсіз,
Ешбір жанға айтпаған сыры болғаныңызды білмейсіз,
Ескертпестен жүрегіне кіріп алғаныңызды білмейсіз,
Осылайша арманына айналғаныңызды білмейсіз,
Көңіліне мұң болып жайланғаныңызды білмейсіз,
Сізді ойласа шумақ жыр құрап шығатынын білмейсіз,
Құс жастығын құшақтап жылап шығатынын білмейсіз,
Сезімінің пернелерін басып өткеніңізді де білмейсіз,
Қарап жүрмей өзіңізге ғашық еткеніңізді де білмейсіз.
Сіз ештеңені де білмейсіз!
Әрі қарай

сен оқымаған хат...

Блог - melek: сен оқымаған хат...

Біз екеуміз ғашықтар болмасақ та болар еді. Жай ғана жақын достар болсақ қандай керемет болар еді ия? Мұңайған кезіңде сен маған қоңырау шалар едің.Мен барлық шаруамды тастап жаныңа барар едім.Сен тіземе басыңды қойып, кезекті ғашықтық дертің туралы сөз етер едің.
Әрі қарай

Cәтсіздікке ұшыратқан сәнқойлық

Блог - melek: Cәтсіздікке ұшыратқан сәнқойлық

Тоуерс Чандлерді Нью Йорктің самала шамдары сәуле шашқан кешкі көшелерінде көрген адам сөзсіз байлығы асып тасыған бақуат адамның қатарына жатқызар еді.Іс жүзінде тіптен олай еместігінен ешбір жанның хабары жоқ тұғын.Оның тап тақыр кедей екенін тірі жан білмейтін.Чандлер жиырма екі жасқа енді жеткен уыздай жас бозбала.Офистегі архитектор қызметінен алатын жалақысы аптасына бар жоғы 18 долларды құрайды.
Әрі қарай