Жарияланымдар

Түнгі елес

Facebook пен Kerekinfoны парақтай отырып, Ол сағат тілінің түнгі 3 ті көрсетіп, сәл минуттардан кейін 4-ті көрсетуге дайындалып тұрғанын байқамай қалды. Сол түнде оның әке-шешелері ауылға кеткен болатын. Кенет… туалеттің суының аққанын естіді. Аяқ-қолы дірілдеп, орнынан әзер тұрды. Сенімсіз қадамдарымен әжетхана жаққа барып, өзіне сенімділік беру үшін военный ағаcының дауысына салып «бұ кім ей, нақ!» деп қалды. Сәлден соң туалеттің есігі ашылып, қараңғыдан алдымен мүйіз көрінді. Одан кейін құйрық пен тұяқ. «Кім болушы еді, мен ғой» деп очки, киген әдетте қорадан шықпайтын сиыр умывальникке қарай Конвиктті ығыстырып өтіп кетті…
Әрі қарай

Джыным келеді

Дәл осылай «джыным келеді» деп басталушы еді бір пост. Мен де қазір не нәрсеге жыным келетінін жазғым келіп тұр. Бұнымен бетпе-бет енді ғана кездесе бастадым. Ол — жұмыста саясатпен айналысатын адамдар. Олар өзінің қызметі жоғарылап, игіліктерге
Әрі қарай

ЖОО-дағы келеңсіздіктер

Қазір қай ЖОО-нына бас сұқсақ та парақорлықты көреміз. Аттестация мен сессияға жақындаған күндері оқытушылар, жастардың тілімен айтқанда «қатая» қалады. Кейбір «ұстаздар» тіпті шын өз күшімен оқып, 5-тік бағаға лайық болғысы келген студенттерді жақтырмайды, тіпті құлатуға тырысуы да мүмкін. Парақорлық дендеген жерде қандай білім мен тәрбие туралы айтуға болады. Оқытушылардың пара алуын жалақының аздығымен байланыстыратындар бар. Әрине, айыратын нәпақалары көңіл көншітпейтіні рас, бірақ дегенмен де мүлде ақша алмай қызмет істеп жүрген ғалым-ұстаздар баршылық. Олардың киімдері де, өздері де қарапайым. Жаяу жүреді. Бірақ ары таза.
Әрі қарай