Жарияланымдар

Айбек Бекбосын - Кім кінәлі

Айбек Бекбосынның орындауындағы мұңды әнді ұсынамын.

Мөлдіреген қара көздер қараушы еді жасқана,
Сол көздердің тұнықтығын қимаушы едім басқаға.

Кім кінәлі, айтшы маған, аяулым,
Екеумізді екі айырған, кім, кім, кім.
Кім кінәлі, жалыныш жоқ жүрекке,
Кім кінәлі айтшы маған, кім, кім, кім.
Әрі қарай

Мейрамбек пен "Тарту" тобы - Ерке нәзігім

Мейрамбек өзінің құрған «Тарту тобымен» (3 домбырашы, біреуі вокалист) бірге орындайтын ән.





Түсінер осы мән-жайды
Өзіңдей ешкім болмайды,
Отырам түнде ойланып,
Жаным-ау, жалғыз сен жайлы.
Отырам түнде ойланып,
Жаным-ау, жалғыз сен жайлы.
Әрі қарай

Плагиат детектед

Сырым Исабаевтың орындауындағы әнді YouTube-те тыңдай отырып, әуені басқа қазақ әніне ұқсайтынын байқадым.
Сырым және Мадина — Тек сен.


Жігіттер тобы — О, махаббат


P.S. Плагиат деуге болмайтын шығар. Себебі композиторларын білмеймін, бір композитор болуы мүмкін. Әуендері ұқсас емес, тіпті бір екен ғой. Тек сөздері әр-түрлі. Және әншілер өздерінше орындайды.
Қазақтарда бір әнді бірнеше әншілердің орындай беруі қызық. Композитор мен әнші арасындағы келісім тек сөз жүзінде сияқты.
Әрі қарай

Ұнайды және ұнамайды

Ұнайды:
орталықта жаяу жүру, серуендеу, жаңбырдан кейін ауамен тыныс алу, кітап оқу, жаңбыр жауғанда табиғаттың өзгеріп, ерекше күйге түсуі, адамдардың билегенін қарау (романтикалық әуендерге билейтін би тобының пар-пармен тренировкасын), Битлз, танымал классикалық музыка, кішкентай балалардың қылықтары (туыс балалардың), бір адамның басқа адамды аяуы, мен сөйлегенде адамдардың түсінуі, күлуі, мәдениетті, стандартты емес адамдар, мейірімділік, әзіл-қалжың, КВН, Өнер қырандары, блог, блогерлер, кітапхананың қасындағы кулинарияда әңгіме айту және ондағы «ет пен күріші бар пирог», интернетте отыру, кітаптарды жүктеу, кітап дүкендерін аралау, романтикалық комедиялар

Ұнамайды:
шовинизм-нацизм, менсінбеушілік, сатқындық, дөрекілік, топастық, қиын тілмен жазылған кітап оқу, смайлдарды орынсыз қолдану, хиджабқа қарсылар, стереотиппен ойлайтындар, үлкен кісілердің жастарға «түк білмейді деп предвзято» қараулары, тым эмоционалды адамдар, шыңғыра беретіндер, қайта-қайта темекі тарта беріп, темекіге тәуелділер және басқалардың денсаулықтарын құртатындар, кезекке тұру, күту, сенімсіздік, әділетсіз адамдар, агрессивный адамдар, такт сезімі жоқ адамдар, өзі туралы көп айтатын, өзін, жерін, елін, руын мақтайтын адамдар
Әрі қарай

Аудиокітаптардың жағдайы қандай?

Күннен-күнге аудиокітаптар кеңінен қолдануда. Ол әрине негізсіз емес. Көзбен оқудан шаршаған, тыңдау арқылы жақсы қабылдайтын адам аудиокітап арқылы біраз ақпараттарды біле алады. Түрлі аудиоспектакльдерді тыңдауға болады. Мысалы мен, жақында «Над пропастью во ржи» кітабының аудио нұсқасын тыңдадым. Өте ұнады.
Интернетте ағылшын, орыс тілдерінде аудиокітаптар өте көп. Онда көркем әдебиет, тілді үйрету, ғылыми кітаптар т.б. толып жатыр.
Аудиокітап арқылы шет тілдерін әжептәуір меңгеріп те алуға болады дейді мамандар.
Жалпы аудиокітап деген бұрынғы кездегі пластинкалар деп те айтуға болады. Бұрында осы пластинкалар арқылы ертегі тыңдауға болатын. Жас бала осылай есту арқылы есте сақтауды (слуховая память) дамытады.
Ал қазақ тіліндегі аудиокітаптардың жағдайын қарастырайық. Он шақты ертегіні жүктеп алуға болады екен. Дүкенде Абайдың қарасөздері, «Абай жолы», бар дейді. Одан басқасы жоқ.
Бірақ өкінішке орай, мынадай ағымдар бұл жұмысты ертерек қолға алған екен. Мысалы, мына сайтты қарап көріңіз.
Табысқыңыз келсе
Әрі қарай

Алқаш

Ертеде бір алқаш болыпты. Өзі жас екен. Күндердің бір күнінде… ну енД күндіз емес, түнде бір сұлу қызды көріпті. Ол бұл галлюцинациядан пайда болған пері деп ойлапты. Содан қыз тіл катыпты дейді: Пяншік, малатаңанә. Алкаш аң-таң. Перілер сөйлеуші ме еді? Сөйтсе ол пері емес кәдімгі қыз екен. Сұлулығына тамсанған алқаш сол мезеттен бастап арақты ішуін қойыпты деседі. Міне сұлулық әлемді құтқарады деген тезис өмірде осылай жүзеге асқан екен.
Әрі қарай

Маған олар ұнамайды

Маған полиция қызметкерлері ұнамайды. Жалпы полиция емес. Нақтырақ айтқанда Қазақстандық орта есепті полицей бейнесі ұнамайды. Олар топас, дөрекі көрінеді. Өз міндетін дұрыс атқара алмайды.
— Ақтөбедегі және Алматыдағы полицей мен спецназдардың таяқ жеуін алайық.
— 1986 жылғы полиция қызметкерлерінің үкімет бұйрығын орындауының өзін алайық. Бұйрықты орындаудан бас тартқандары кемде-кем. Сол оқиғаларға қатысқан милиция қызметкерлерін жазалау керек. Шындықтың бетін ашу уақыты келді. Бұйрық берген, үкімет басында отырғандарды да, бұйрықты орындағандарды да жазалау керек. Кешірім сұраттыру керек.
Бала болғанда «Робокопты», «Крутой Уокерді» көріп, идеалды көзқарас болып еді. Ал есейе келе, бәрінің басқа екенін байқадым. Көбі білімсіз. Заңдардың кейбірін ғана біледі. Адами қалыптан айрылып бара жатқандай.
— «Астарлы ақиқаттағы» полицейлермен түсірілген любительский видеоларды көрген шығарсыздар. айуандар.
Көбі алқаштар.
Тәртіп сақтауда идеал болу керек адамдар мүлде идеал емес. «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» дегенді осы кісілерге қатысты айтуға болатын шығар.
Барлық елдің полицейі осындай ма деген сұрақ туады. Бәлкім, жапондық полицейлер ондай емес шығар.
Әрі қарай

Жаһандану


Жаһандану туралы қазір кім айтпайды десеңші. Шынымен де жаһанданудың ұлтты жоя алатынын білгендіктен айтады. Оның дүлей күш екенін бәрі мойындайды. Егер де жаһандануға қарсы тұра алмайтын болсақ, ағысқа қарсы жүзіп неміз бар. Ғалымдардың айтуы бойынша, жаһандану дүние жүзіндегі барлық ұлттық мемлекеттерді (90% бір ұлттан құралған) жояды екен. Ал Қазақстанды (көпұлтты деп ақпарат құралдары жаһанға жар салатын Қазақстанды) біз ұлттық мемлекеттер қатарына жатқыза алмаймыз. Демек жаһандану алдында сол елдерге қарағанда дәрменсізбіз.

Сурет мына жақтан барымталанды.
Әрі қарай

Қоғам болайын десең...


Адамдар туғанынан әр-түрлі жағдайларда өсіп-өнеді. Бірінің пешенесіне бақуатты, психологиялық ахуалы жақсы отбасында туу жазылса, екіншілері Мегамозгтай онша емес ортаға түседі. Сөйтіп түрлі адамдардан түрлі тәрбие көреді. Осы орайда туған қияли ой: болашақта үкімет (сірә, бүкіл әлемдік үкімет) жаңа туған сәбилерді бір жерде, бір ортада өсірсе. Балалардың барлығына тең, шынайы адам болуына жақсы жағдайларда өседі. Бұл арада мынадай мәселелер тууы мүмкін: 1) қай ата-ана өз баласын «инкубаторға» берсін; 2) балаларға көз алдында көріп жүретін отбасы моделі керек. Болашақта өздері жанұя құру үшін. Сондықтан да осы ойды тек қиял деп қабылдау керек.

Сурет мына жерден ұрланды
Әрі қарай