Жарияланымдар

kok_bori
көшеде… ия, көшеде түсірілген бейнеклипі бар деп естідім… көргендер бар екен… «Таң шолпан» бағдарламасынан… бірақ өзім көргем жоқ…
kok_bori
Таңғы қала

Әні: Ержан Серікбаев
Сөзі: Жаныс жырау
kok_bori
Кім білген?

Әні: Ержан Серікбаев
Сөзі: Нұржамал Жаңабаева

Шақырған алдан ақ желкен арман,
Тәтті өмір балдан, екенін жалған бір күн,
Кім білген?
Алдамшы – бақыт, сезімге батып,
Бал дәмін татып, өтеpін уақыт бір күн,
Кім білген?

Самғады ақ бұлттай әнім шалқып,
Ой-қиял ұшады көкте қалқып.

Бал күндер әнді, сері күн сәнді,
Сағынтып жанды кетерін мәңгі алыс,
Кім білген?
Сезімге толы махаббат жолы –
Өмірдің жолы, өтерін оның бір күн,
Кім білген?

Самғады ақ бұлттай әнім шалқып,
Ой-қиял ұшады көкте қалқып.
Қайырмасы:
Келші, келші, жанымда
көңілімнің таппай бір емін,
Өмір атты орманда
адасып жүремін мен әлі.
Ғайып болды көп нәрсе,
Көрінбейді көзге ештеңе.
Көз ұшында елестеп,
Қол бұлғап кетті ақ кеме.
-/-/-//-/-/-
Самғады ақ бұлттай әнім шалқып,
Ой-қиял ұшады көкте қалқып.

Қайырмасы:
Келші, келші, жанымда
көңілімнің таппай бір емін,
Өмір атты орманда
адасып жүремін мен әлі.
Ғайып болды көп нәрсе,
Көрінбейді көзге ештеңе.
Көз ұшында елестеп,
Қол бұлғап кетті ақ кеме.
kok_bori
Таңғы қала
Көруге көздер ашық,
Сезуге көңіл ояу…
Түнімен ұйқы қашып,
Қалғанда таңға таяу,
Ақырын есікті ашып,
Төменге түстім баяу,
Асықпай анық басып,
Көшеге шықтым жаяу...!

Оянды ерте қала,
Aсығып суыт жандар,
Тыныққан ой мен сана,
Жүгіріп шыныққандар.
Оянды ерте құстар
Және де терек-талдар,
Оятты біреулерді
Тірлік пен себеп-салдар...!

Қайырмасы:
О, қала!
О, біздің әсем қала!
Төзімде тағат бар ма?
Өмірлік сұрақтарға
Өзіңде жауап бар ма???

О, қала!
О, біздің ару қала!
Сөзіме үн қатпаған,
Жай-күйің жұмбақ маған,
Сырымды кімге ақтарам???

Шамдардай шағылысқан,
Сандардай жаңылысқан,
Қозғалып әрлі-берлі,
Көліктер ағылысқан.
Сеңдердей соғылысқан,
Жандардай сағынысқан,
Жан-жаққа бара жатыр
Адамдар сабылысқан…
Қайырмасы:
О, қала!
О, біздің әсем қала!
Төзімде тағат бар ма?
Өмірлік сұрақтарға
Өзіңде жауап бар ма???
О, қала!
О, біздің ару қала!
Сөзіме үн қатпаған,
Жай-күйің жұмбақ маған,
Сырымды кімге ақтарам???
-/-/-/-/-/-/-/-/-
Қайырмасы:
О, қала!
О, біздің әсем қала!
Төзімде тағат бар ма?
Өмірлік сұрақтарға
Өзіңде жауап бар ма???

О, қала!
О, біздің ару қала!
Сөзіме үн қатпаған,
Жай-күйің жұмбақ маған, (2 рет)
Сырымды кімге ақтарам???
kok_bori
мен бұл әнді өткен жылдың қыркүйегінен бастап тыңдап жүрмін… әлі күнге дейін…
kok_bori
1979 жылы 1 желтоқсан күні Алматы қаласында дүниеге келген. Анасы өмірден ерте өткен. 3 жасында Оралдағы нағашы атасы мен әжесінің қолына берілген.
...Әкесі — Шортанбай, шешесі — Мәншүк. Өзі — Оралда, ініс Көкшетауда өскен. Нұрлан есімді інісінің барын 12 жасында білген.
...2008 жылы Алматыға келген.
… Алматыға келгеннен кейін «Бархан» тобымен шығармашылық байланыс орнатқан.
… Бала кезінен Том Джонс, Григорий Лепс, николай Носковтарды тыңдап өскен.
Есімі — Дәурен, тегі — Сейітжанов.
Жұлдызы — Мерген. Жылы — қой. Әртісі — Юрий Никулин. Сусыны — көже. Тағамы — ет. Киносы — А.Гайдайдың фильмдері.