Жарияланымдар

Астанада "Жайдарлы Жасұлан" республикалық сайысы жалғасын тапты

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жайдарлы Жасұлан» сайысы биыл да өз жалғасын тапты. 22 қазан күні Астанадағы "Қазмедиа" концерт-залында өткен ойында еліміздің барлық аймағынан келген жеткіншектер өзара бақ сынасты. 

Бұл сайысқа Астана, Алматы қалалары және облыстардағы мектепаралық сайыстардың жеңімпаздары және «Маусымашар» фестивалі қорытындысы бойынша телевизиялық жобаларға жолдама алған командалар келіп қатысқан болатын.

Барлығы 20 команда қатысқан ойында алматылық «Тәтті құрама» жеңімпаз атанды. Өздерінің өткір ойлары мен тәтті қалжыңдарымен көпшілікті тәнті еткен алматылықтар бір ауыздан үздік деп танылды.

«Жайдарлы Жасұлан-2016» жеңімпазы — «Тәтті» құрамасы «Жайдарлы Жасұлан-2016» жеңімпазы — «Тәтті» құрамасы

Ал ІІ орынды  қостанайлық «Көшіп келгендер» тобы тобы иеленсе, ақтөбелік «Осал емес» командасы өздерінің осал емесін дәлелдеп жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады.

Жас жеткіншектердің өнерін бағалаған қазылар алқасы құрамында: "Қазақстан Халқы Ассамблеясы" қоғамдық қорының директоры – Құрманбек Жұмағали, «Жас Ұлан» бірыңғай жасөспірімдер және балалар ұйымының төрағасының орынбасары – Александр Тен, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы –Қасымхан Сенғазыев, ҚР Білім әне ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары – Ернат Мұхамадиев және ардагер жайдарманшы – Алдан Жылгелді секілді танымал тұлғалар болды.

ІІ орын иегері - "Көшіп келгендер", Қостанай ІІ орын иегері — «Көшіп келгендер», Қостанай

ІІІ орын иегері - "Осал емес" тобы, Ақтөбе ІІІ орын иегері — «Осал емес» тобы, Ақтөбе
Айта кетейік, «Жайдарлы Жас Ұлан» республикалық сайысы "Қазақстан КВН Одағы" республикалық жастар қоғамдық бірлестігі ҚР Білім және ғылым министрлігі және республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөсіпірімдер ұйымымен үшжақты меморандум негізінде өткізіліп келеді.
Әрі қарай

Астана төрінде Оңтүстік жайдарманшылары өнер көрсетті

Блог - jaidarman: Астана төрінде Оңтүстік жайдарманшылары өнер көрсетті

Бүгін Астана қаласындағы «ЖАСТАР» сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласындағы «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің аясында жайдарман ойыны өтті.

Жастардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялататын, шығармашылық қабілеттері мен өнерге деген құштарлығын арттыратын шарада қонақтар мен көрермендерге Оңтүстік Қазақстан облысынан келген үздік 8 топ өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды.

Аталмыш шараға арнайы шақырылған қонақтар, Қазақстан республикасы Білім және ғылым министірлігінің Жастар саясаты департаментінің өкілдері және Астана қаласының тұрғындары мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 1 мыңға жуық студент жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Айта кетейік, жалпы қазақша КВН-нің арнайы біріншілігі 1999 жылы оңтүстіктен өз бастауын алған. Ал «Қазақстан КВН одағы» 2005 жылы құрылған болатын.

Оңтүстік Қазақстан облысында 14 пен 29 жас аралығында 800-ге жуық жас бар. Ал облыстағы 12 жоғары және 92 орта арнаулы оқу орындарында 66 513 студент білім алуда.

Қазақша Жайдарман аталған оқу орындарындағы белсенді, талантты жастар Елорда тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй мен жарасымды әзіл сыйлады.
Әрі қарай

Астанада «Жайдары Жасұлан» республикалық сайысы өтеді

Блог - jaidarman: Астанада «Жайдары Жасұлан» республикалық сайысы өтеді
22 қазан күні Астанадағы «Қазмедиа» концерт залында «Жайдары Жасұлан» республикалық сайысы өтеді.

Жоба жыл сайын «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі ҚР Білім және ғылым министрлігі және республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөсіпірімдер ұйымымен үшжақты меморандум негізінде Астана, Алматы қалалары және облыстардың мектеп оқушылары арасында өткізіліп келеді. Бұл дәстүр алдағы жылдары да жалғасын табады деген үміттеміз.

Сайыстың мақсаты — жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту болып табылады

Кеш сағат 17:00-де басталады.
Әрі қарай

Жайдарман: “Астана қаласы әкімінің кубогы-2016” жобасының жеңімпазы анықталды

Блог - jaidarman: Жайдарман: “Астана қаласы әкімінің кубогы-2016” жобасының жеңімпазы анықталды
Жазғы демалыстан кейінгі маусымның екінші жартысының ойындары әдеттегідей «Астана қаласының әкімі кубогы» республикалық арнайы жобасын өткізді. Әдеттегідей дегенмен бұл ойынның ерекшелігі көп болды.

Биылғы кубок еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында өткізілді.
Сонымен қатар, осы ойында тұңғыш рет миллионер команда анықталды. Себебі бас жүлдеге миллион теңге тігілген болатын.

Сонымен ойынға келейік, келген құрамалардың барлығы жақсы дайындықпен келген екен. Тартысты өтті.
Айтпақшы, биылғы жобадағы тағы бір ерекшелік — Жайдармандағы түркі тілдес елдердің өкілдерінің саны артты. Башқұрт командасы өнер көрсеткен болатын.
Бұл команда Әкім кубогының арнайы сыйлығына ие болды.

Ал үшінші орынды Семейден келген жастар — «Элемент» алса, екінші орынды астаналық команда — "Қазақстан Темір жолы құрамасы" иеленді.

«Астана қаласы әкімінің кубогы чемпионы» деген атақ бұл жолы алматылық "Қатынас жолдары университетіне" бұйырды. Бұл топ жас болса да, көрерменнің көзайымына айналып үлгерген жігіттер болатын. Бұл жолғы ойында ол деңгейге кездейсоқ жетпегенін дәлелдеді.

Сонымен қатар, қатысқан барлық командаларға сертификат табыс етілді. Кеш соңында жайдарманшылар «Жайдарманның әнұранын» орындады.

Блог - jaidarman: Жайдарман: “Астана қаласы әкімінің кубогы-2016” жобасының жеңімпазы анықталды Башқұртстан құрамасы

Блог - jaidarman: Жайдарман: “Астана қаласы әкімінің кубогы-2016” жобасының жеңімпазы анықталды Элемент (Семей)

Блог - jaidarman: Жайдарман: “Астана қаласы әкімінің кубогы-2016” жобасының жеңімпазы анықталды ҚТЖ (Астана)

Блог - jaidarman: Жайдарман: “Астана қаласы әкімінің кубогы-2016” жобасының жеңімпазы анықталды ҚЖУ (Алматы)
Әрі қарай

«Жастар» жазғы фестивальдің арнайы кубогы өтті

Астанада «Жастар» сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жазғы фестивальдің арнайы кубогы» өткен болатын.

Сайысқа аймақтардан келген 19 команда қатысты. Солардың арасынан суырылып шығып, 2-3 орынды БҚО-лық екі топ «С класс» (3-орын), «Оян» (2-орын) иеленді.

Ал үздік өнер көрсеткен шымкенттік «Азия интернейшнл» командасы жеңімпаз атанып, арнайы кубокты иеленді.

Блог - jaidarman: «Жастар» жазғы фестивальдің арнайы кубогы өтті
Блог - jaidarman: «Жастар» жазғы фестивальдің арнайы кубогы өтті
Блог - jaidarman: «Жастар» жазғы фестивальдің арнайы кубогы өтті
Блог - jaidarman: «Жастар» жазғы фестивальдің арнайы кубогы өтті
Әрі қарай

"Жастар" жазғы фестивалі өтті

Блог - jaidarman: Жастар жазғы фестивалі өтті

9-12 тамыз күндері Астанада ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Жастар» жазғы фестивалін ұйымдастырды. Төрт күнге созылған шарада, еліміздің барлық аймағынан жиналған 73 жайдарман топтары түрлі ойындар өткізіп, семинар-тренингтерге қатысты.

Жазғы фестиваль аясында "Қазақстан КВН Одағы" РЖҚБ Президенті Есен Елеукен жайдарманшыларға семинар өткізді. Семинарда қазіргі мемлекеттік жастар саясатындағы жайдарманның рөлі туралы және алдағы осы бағыттағы жоспарлар, сонымен қатар жайдарманшылардың өзін қалай ұстау керектігі туралы айтылды.

Фестивальдің екінші күнінде Астанада тұңғыш рет «Жайдарман Импровиз-шоу» өтті. Танымал жайдарманшылардан арасында әзілді суырып салу мен ұшқыр ой көрсете алудан сайыстырды. 16 жайдарманшы төрт төрттен бөлініп, командалық түрде өнер көрсеткен шоу өз деңгейінде өтті деуге толық негіз бар.

Сайыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші командаларға бір ситуациялық оқиға беріп, табан астында қиыннан қиыстыру керек болса, екінші кезеңде әр топтан бір-бір адамнан шығарып, бір жағдайды сомдап шығуға тапсырма берілді.
Жайдарман сахнасында тәжірибе жинап, талай сыннан өткен жайдарманшылар саспай, жоғары деңгейде өнер көрсете білді. Алайда шоу алғаш рет өтіп жатқандықтан, жеңімпаз анықталмады.
Алдағы уақытты тұрақты жалғастырып отыру жоспарда бар.

Фестивальдің үшінші күні Қазақстан КВН Одағы" мен Қазақ күресі федерациясы ұйымдастырып отырған жайдарманшылар арасында тұңғыш рет республикалық «Жайдарман барысы» өткен болатын.
Фестивальге келгендер арасынан іріктеліп алынған 16 жайдарманшы өзара күш сынасты. Сайыс өте тартысты өтті. Бастапқы кездесулер минутқа жетпей аяқталып жатса, кейінгі кездесулерде жеңімпаз соңғы секундтарда аяқталып жатты.
Сонымен екі сағатқа созылған «Жайдарман барысында» үшінші орынды қорғалжындық Саян Шәріпов, екінші орынды алматылық «Байланыс жігіттері» ойыншысы Дархан Сұлтанбай иеленді.

Бас жүлдені Арқалықтың «Спортфак» командасының ойыншысы Нұрқадір Әбдіқадір жеңіп алып, «Жайдарман барысы» атанды.

Шараға арнайы қонақ ретінде шақырылған "Қазақстан барысы-2014" атанған Мұхит Тұрсынов «Жайдарман барысының» беліне осы сайысқа арнайы жасалған белбеуді өз қолымен тақты.

Жалпы «Жайдарман барысы» республикалық деңгейде екінші рет өтіп отыр. Бұл жоба жастар арасында салауатты өмірді, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында қолға алынған еді. Алдағы уақытта Қазақ күресі федерациясымен бірлесе отырып, «Жастар» жазғы фестивалінде дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.

«Жастар» жазғы фестивалінің соңғы күнінде Халықаралық Жастар күніне орай гала-концерт өтті. Бұл кештің бұрынғыдан өзгешелігі – арнайы кубок ойнатылған болатын. Үздік деп табылған үш команда – «Қорғалжын құрамасы» (ІІІ орын) – 200 мың теңге, оралдық «Грант» (ІІ орын) – 300 мың теңге, маңғыстаулық топ «Боранқұл» (Бас жүлде) — 400 мың теңге сертификатын жеңіп алды.

Сонымен қатар, гала-концертте Жайдарманның жартылай финалына берер жалғыз жолдаманы астаналық «ЕҰУ құрамасы» иеленді.

Блог - jaidarman: Жастар жазғы фестивалі өтті
Блог - jaidarman: Жастар жазғы фестивалі өтті
Блог - jaidarman: Жастар жазғы фестивалі өтті
Блог - jaidarman: Жастар жазғы фестивалі өтті
Блог - jaidarman: Жастар жазғы фестивалі өтті
Әрі қарай

“Жаңару кубогы”: “Павлодар қыздары жеңімпаз” (фото)

Блог - jaidarman: “Жаңару кубогы”: “Павлодар қыздары жеңімпаз” (фото)Шілденің 3 күні Қазмедиа орталығының киноконцерт залында Жайдарман ойындарынан «Жаңару кубогы» республикалық арнайы жоба болып өтті. 200-ден астам жайдарманшы қатысқан ойынды мың қаралы көрермен тамашалады.

Еліміздің барлық аймағынан түрлі лигаларда үздік өнер көрсетіп жүрген топтардың басын қосқан жоба жоғары деңгейде өтті деуге әбден негіз бар. Кешті Қазақстан КВН Одағының президенті Есен Елеукен жүргізді. Сонымен қатар сайысқа Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қолдау көрсеткен болатын.

Өзара бақ сынасқан 20 топтың арасынан үздіктерді қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, НұрОтан партиясының төрағасы орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Ернат Мұхамадиев, Қазақстан ҰТА жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы, Ұлттық музейдің баспасөз жетекшісі Олжас Сыдықбек және қазақ эстрадасының жұлдызы Серік Ибрагимов секілді танымал тұлғалардан құралған қазылар алқасы анықтады.

Сонымен, үздік үштікке ілінген Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының «Мұнай тамшылары» командасы 200 000 теңгенің сертификатын иеленсе, екінші орын алған Атырау облысы, Құрманғазы ауданынан келген «Құрманғазы жастары» командасы 300 000 теңге ұтып алды.

Ал сайыстың жеңімпазы болып, Павлодар қаласынан келген «Чехов аялдамасы» тобы атанып, 400 000 мың теңгелік сертификат пен қоса, «Жаңару кубогын» төбесіне көтерді.

Орын иеленген топтардың барлығы арнайы жүлде сертификаттарымен қатар, дипломдармен және кубокпен марапатталды.

Ойыннан кейін жайдарманшылар үшін боулингтен де жарыс ұйымдастырылып, жаңаөзендік «Мұнай тамшылары» жеңімпаз атанды. Ал екінші-үшінші орынды астаналық «Энерго» мен атыраулық «Бейбарыс» командалары бөлісті.
Блог - jaidarman: “Жаңару кубогы”: “Павлодар қыздары жеңімпаз” (фото)
Блог - jaidarman: “Жаңару кубогы”: “Павлодар қыздары жеңімпаз” (фото)
Блог - jaidarman: “Жаңару кубогы”: “Павлодар қыздары жеңімпаз” (фото)
Блог - jaidarman: “Жаңару кубогы”: “Павлодар қыздары жеңімпаз” (фото)
Әрі қарай

«Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті

Астана жаңалықтары: «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті
24 қазан күні мектеп жасындағы балалар арасында «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты – оқушылардың өнерін жанып, тапқырлыққа баулу. Әрі әзілге жақын болып, өмірге көңілді қарауды да мақсат тұтады. Бұл шара жыл сайын өтіп келе жатқан болатын.
Әрі қарай