Жарияланымдар

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ (ҚАЛАНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА)

11 сынып бітірген мен үшін Астана қаласы, Еуразия Ұлттық университеті арман еді. Бірақ арманыма суық тидіме білмедім, Еуразияның есігін аша алмадым. Есесіне ҚарМудың табалдырығынан аттап, бақандай 5 жыл оқыдым. 2-3 жатақханалардың қабырғасында менің ең қызықты, өмірім өтті. Сондықтан, Қарағанды мен үшін әрдайым ыстық. Құрылтайға қатысушыларға керек болар-ау деп, одан ары Қарағанды қаласы туралы қазақша ақпарат іздегендерге жарап қалар деген оймен қала туралы аздаған анықтамалық десекте болады Қарағанды туралы 3 карта жасадым. Қазір оған әр түрлі ат қоюға болады (Мультимедиялық, онлай, интербелсенді, активті ) мен интерактивті дедім.

Интерактивті картаны көру үшін суретті басамыз.
Блог - izbasar: ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ (ҚАЛАНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА)

ЕГЕР АРКТИКАНЫҢ МҰЗДАРЫ ЕРИТІН БОЛСА… (7 СУРЕТ)

Ертеме кешпе ғаламдық жылынудың кесірінен арктиканың мұздықтары еріп, құрлықтың көп бөлігі су астында қалады. Қай жерлер, қай қалалар тіпті кей мемлекеттердің аумағы мұхит табанына айналар екенін төмендегі суреттен көрелік.

1 cурет
Блог - izbasar: ЕГЕР АРКТИКАНЫҢ МҰЗДАРЫ ЕРИТІН БОЛСА… (7 СУРЕТ)

Ақ түспен белгіленген аумақ су астында қалады. Сондықтанда Солтүстік Американың ірі мегаполистерімен тұрғындар қоштасқаны абзал.

2 сурет
Блог - izbasar: ЕГЕР АРКТИКАНЫҢ МҰЗДАРЫ ЕРИТІН БОЛСА… (7 СУРЕТ)

Амазонияның көптеген тайпалары өздерін құтқарып үлгеретін шығар.

3 сурет
Блог - izbasar: ЕГЕР АРКТИКАНЫҢ МҰЗДАРЫ ЕРИТІН БОЛСА… (7 СУРЕТ)

Еуропа барлығынанда көп зардап шегеді. Нидерланды және Венеция секілді ұмытуымыз мүмкін. Ал, біздің Каспийдің көлемі ұлғаяды.

4 сурет
Блог - izbasar: ЕГЕР АРКТИКАНЫҢ МҰЗДАРЫ ЕРИТІН БОЛСА… (7 СУРЕТ)

Азияның халқының 60 пайызы су астында қалады.

5 сурет
Блог - izbasar: ЕГЕР АРКТИКАНЫҢ МҰЗДАРЫ ЕРИТІН БОЛСА… (7 СУРЕТ)

Африка басқа материктерге қарағанда көп зардап шекпейді. Тек жағалауы тұрғындары болмаса.

6 сурет
Блог - izbasar: ЕГЕР АРКТИКАНЫҢ МҰЗДАРЫ ЕРИТІН БОЛСА… (7 СУРЕТ)

Аустралияның температурасы қазіргіденде жоғарлайды. Бірақ қалаларының саны азая түседі.

7 сурет
Блог - izbasar: ЕГЕР АРКТИКАНЫҢ МҰЗДАРЫ ЕРИТІН БОЛСА… (7 СУРЕТ)

Антарктидаға келсек, егер оңтүстік полюске баруды армандасаңыз? Бару жолы жеңілдеп тез, әрі жылдам оңтүстік полюті көре алатын боласыз.
Әрі қарай

Әлемдегі ең биік ғимарат

Әлемдегі ең биік құрлыс алаңы өз жұмысын бастады
Сауд Арабиясындағы Жидда қаласында Kingdom Tower деген атпен ірі архитектуралық жоба жасалынды. Бұл ғимарат әлемдегі ең биік архитектуралық ғимарат болмақ. Осы жылдың наурызынан бұл ғаламат жобаның ірге тасы қаланды.
Әрі қарай

"Қазақстан қалалары" онлайн ойын

Желтоқсанның 21-22 күндері Астана қаласында ұйымдастырылған Астана Интернет Форумында қазақ тілді интернет жасаушылармен кездесуде Бақытгүл деген әріптесіммен кездескенімде біраз дүниелер үйренген едім. Оның бірі онлайн ойындар жасау. Мамандығым сай “Қазақстан қалалары” атты ойын жасаған болдым бұл менің www.purposegames.com сайтында жасаған бірінші ойыным артық кемі болса дұрыс пікірлер қалтырарсыздар. Сіздерге де әріптестер сабақтарыңызда қолдану үшін жасауларыңызға болады. Бұл сайт арқылы танымдық сұрақтар жасауға өте қолайлы екен. Сонымен сілтемеге өтіп мен жасаған ойынды ойнап көріп еліміздегі қалаларды қаншалықты білетіндеріңізді сынап көріңіздер.

Мына сілтемеден өтіп ойнап көріңіздер Сосын қанша пайыз білгеніңізді пікір ретінде жаза отырыңыз. Картада қала орындары сәл тайып кету мүмкін оны түсіністікпен қарарсыздар. Карта кішкене болғандықтан.
Әрі қарай

e-cabak.kz онлайн журналының алғашқы жеңісі

2012 жылдың 26-27 қарашасында Кереку қаласында облыстық ішкі саясат басқармасы мен әлеуметтік волонтерлық орталығының ұйымдастыруымен Экология, туризм, кәсіпкерлік саласында Халықаралық жастарды in kaz форумы өтті. Форум аясында Экология, туризм, кәсіпкерлік саласындағы ең үздік инновациялық идеялар арасында сайыс болды. Халықаралық жастарды in kaz форумына алыс жақын шет елденде қонақтар қатысты Ресейден Германиядан сондай-ақ Астана, Семей, Қарағандыдан озық ойлы біраз жастардың 300 – ден астам жобасы негізінде басын біріктірген екен.

Айтайын дегенім сол сайысқа менде өз жобамды ұсындым. Ол жоба өткендегі бір жазбамда сіздердің назарларыңызға ұсынылған Ұстаздарға арналған онлайн журнал болатын. Нәтижесі жаман емес. Тимур ағаның ІТ-тірлігінің артынан ілесе шығарған e-cabak.kz ұстаздарға арналған әдістемелік онлайн журналымды ұсындым. Сайыс сырттай (заочна) өтті.
Әрі қарай

Қазақша смайліктер жасап шығарыпты

Кешелі бүгін әлеуметтік желілерде қытай қазақтары қазақша смайліктер жасапты деген жаңалықтар шығып жатыр сіздерге соларды юөліскім келіп отыр. Смайліктерді жасаған Қытайдың Нань Джин қаласындағы Дұң Нань университетінің 3-курс студенті Нұрсал Сетерханұлы деген азамат екен. Жақсы басатама бастаған екен алдағы уақытта жалғастырам деп отыр. Ісіне сәттілік тілейік.

Бір қызығы смайліктердің барлығының түсі қызыл екен. Бұл сол елдің жүргізіп отырған саясатына, ішкі жағдайына қатыстыма деген ой туды. Жалпы сіз бұл жігіттің жұмысы, әрекетіне не баға бересіз. Толығырақ Бақ.кз оқи аласыз.
Әрі қарай

e-cabak.kz онлайн журнал

Тимур Бектұр ағаның ізімен it-tirlik журналынан кейін e-cabak.kz ұстаздарға арналған онлайн журнал жарық көрді. Астана қаласында өткен блогқұрылтайда Тимур ағаның IT — тірлік журналы таныстырылған кезінде менде осындай журнал жасасамба деген ой келген еді. Соны жасаудың сәті түсті. Журнал жаңашыл ұстаздар қауымына арналады. Қараңыздар пікір айтыңыздар!

To view this flipping book you need to have Flash Player 9 or newer installed and JavaScript enabled. Flipsnack is a flash video player that allows you to create stylish flipping books out of your PDF document.
Әрі қарай

"Мектепке жол" акциясы осылай жарылқайма?

Әр жылдың тамыз, қыркүйек айларында білім беру орындары «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып өз мектептеріндегі аз қаржылы отбасылардың балаларына көмек ретінде киім кешек, оқу құралдарын т.б. материалқы жағдайлар жасап жатады, оған тек мектеп емес ауқатты ата-аналарда қолқабыс етеді. Ол тірліктерін құп делік, Ал, енді мына балаға берілген аяқ киім оқушының аяғына қалай деп ойлайсыздар?
Әрі қарай

Мектепті жауып кетті ғой

Алоо
— Ермұхан қал қалай мен келдім, қазір саған жіберем агентке шықшы,
— Алоо е, мен уже үйдемін, мектеп жауып кетті ғой.
— Қалайша обед жаңа ғана болды ғой.
— Біздің жақта түстен кейін ешкім болмайды мектепте, түске дейін ғана ғой жұмыс.
— қалайша түс жаңа ғана болды түстен кейін балармен кім жұмыс жасайды?
Түстен кейін ешкім жүрмейді бізде мектепте. Біз Югтанбыз ғой! Ол сендерде ғой солай істейсіңдер сосын гранттың бәрін аласыңдар.
— Жарайды онда электронды поштаңа салас салам.
— Мақұл, ертең таңертең қараймын…

Бұл Қала мен ауыл мұғалімінің ұялы телефон арқылы Қазақ елінің бір шетімен екінші шетінен аз ғана әріптестік қатынасы…
Әрі қарай

Мұғалімнің қуанышы мен мұңы

Бүгін міне мектеп табалдырығынан тарыдай болып аттап, таудай болып қанаттарын қағып жатқан жайлары бар, барлығына дерлік Ақжол дейміз. Әрине мектеп бітірту мектеп үшін қуаныш, ата үшінде қуаныш. Мектеп үшін неге қуаныш дейсізбе? Себеп көп мұғалімдер жыл соңында шаршайды, екіншіден 11 жыл бойы білім беріп тәрбиелеген оқушылары қанаттары қатайып алыс сапарға аттанады. Сосын 5-11 классқа дейін қаншама мұғалімнің жүйкесін тоздырған кейбір балалардан құтылады.))) Өкініштісі келер күзде сол жүйкені құртатанын оқушылардың жаңа легі келеді.))) Осылай қуаныш пен мұң қатар олар үшін.
Әрі қарай