Таңдаулы

...

Жүрекке құйып жыр мүсін,
Айтайын саған құнды сыр,
Ұмытпай оған жеткізші,
Өтінем сенен жыл құсы!

Бір ауыз сөзге жарымай,
Тұрсың ба әлде танымай?
Сезімімді оған жеткізші,
Жалынам саған жарық ай!

Сенсің көктен тамған нұр,
Берейін жазып арман жыр,
Ұстатшы көрсең қолына,
Өтінем сенен ақ жаңбыр!

Жұлдыздарменен сырласқан,
Жазайын құрап жыр дастан,
Кездессең оған жеткізші,
Өтінем сенен түнгі аспан!
Әрі қарай

Тағы да өлеңге ұқсайтын бір нәрсе....

Кетер болсаң біржолата кетші енді!
Маза берші маздап жатқан жаныма,
Жүрегімнен өшіріп бар өткенді,
Жаңа өмір бастап көрем тағы да.

Кешірмеймін сұрама бос кешірім,
Тірі болсам сенсіз де атар таң күліп,
Ұмыт бәрін бұдан былай есімің,
Құлағымда тұрмасыншы жаңғырып.

Өтінемін өмірімнен жоғалшы,
Сен жайлы енді естігім де келмейді
Тек бейшара жүрегіме обал шын,
Сені кетіп қалды десем сенбейді.

Қайтем енді осы болса шешімің,
Кетем десең жолың ашық тек бірақ,
Кетеріңде жүрегімнің есігін,
Өтінемін жауып кетші қаттырақ.!!!
Әрі қарай