Жарияланымдар

Ерболат Құдайбергенов: Табиғат бойынша еркек адам шиқылдамайды.

Блог - galok_95: Ерболат Құдайбергенов: Табиғат бойынша еркек адам шиқылдамайды.

Ел көзінен тасаланған Ерболат Құдайберген бүгінгі қазақ эстрадасына қатысты пікір білдірді.
Ол қазақтың атын әлемге танытқан Димаш Құдайбергенді ерекше дауыс иесіне теңеді деп хабарлайды «Сөккен әңгіме» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«ДИМАШТЫҢ ДАУЫСЫ, ОРЫНДАУ ШЕБЕРЛІГІ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС. БІРАҚ, ОЛ БІЗДІҢ АТАҒЫМЫЗДЫ ӘЛЕМГЕ ШЫҒАРЫП ЖҮР. НЕГІЗІ ТАБИҒАТ БОЙЫНША, ЕРКЕК АДАМ ШИҚЫЛДАМАЙДЫ. ЕРКЕКТІҢ ДАУЫСЫ ТЕНОР БОЛАДЫ. АЛ ДИМАШТЫКІ СОПРАНО. ОЛ ЕКІ-ҮШ ҒАСЫРДА БІР ТУЫЛАДЫ», — ДЕДІ.

Сондай-ақ, ол Димаш Құдайбергенді қанша жерден сыйлағанымен, ешқашан тойына шақырмайтынын да жеткізді.
Әрі қарай

Тағы бір отандық фильм көрерменге жол тартады

Отандық «Зор» спорттық драмасы 21 желтоқсанда шығады. Көркем фильмді Dostar production компаниясы түсірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлайды. Картинаның қоюшы-режиссері – Шапағат Орынбаев, бас продюсері – Еркебұлан Молдашев. «Зор» таспасының түсіріліміне қоюшы-оператор Асыл Мелдебеков және композитор Мансұр Гатауов үлес қосты. Жобаның екінші режиссері – Парасат Ибраев. Фильмнің саундтрегін Мақпал Исабекова мен Нұржан Керменбаев орындайды. Туындының атауы «Айта бермеші» деп аталады. «Зор» фильмінде ауылдан қалаға көшіп келген жас боксшы Айдын туралы хикая баяндалады. Ол анасының қалауымен спортпен қош айтысады да, жаңа достар табады. Яғни, ауқатты отбасының балаларымен жақын араласады. Бір қарағанда, өмірінде барлығы сәтті сияқты еді. Дегенмен, Айдынның арманы – бокспен кәсіби түрде айналысу. Бірақ, ата-аналары бұл арманға қарсы болады. Бір күні Айдынға қабілетін іспен көрсететін уақыт келеді. ©Brod.kz Фильмнің бас продюсері Шапағат Орынбаевтың айтуынша, кейіпкерлер “Топ-томпақ” бейнебаянынан алынған. «Фильм түсіру идеясы BN тобының «Топ-томпақ» бейнебаянын көргеннен кейін туындады. Маған өте ұнады, кейін продюсер Еркебұлан Молдашев кино түсіруді ұсынды. Алғашында комедия түсіреміз деп ойлаған болатынбыз, бірақ кейін экшн элементтері бар драмаға тоқталдық. Фильмдегі кейіпкерлер бейнебаяннан алынған. Жобамызды «Зор» деп атадық, себебі бұл сөз «жақсы, мықты, үздік» дегенді білдіреді», – деді Шапағат Орынбаев. Айта кетейік, картинаға Айдын Жұмахан, Адина Бажан, Еркебұлан Тоқтар, Альбина Болатқызы, Әлішер Әскербеков сынды жас актерлармен қатар, BN тобының мүшелері қатысты.
Әрі қарай

"Бала дауысы - 2017" балалар ән байқауы басталды

Блог - galok_95: Бала дауысы - 2017 балалар ән байқауы басталды
«Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының ақтық кезеңі басталды. Естеріңізге, жобаның финал ережесін сала кетейік. БАЙҚАУДЫҢ ФИНАЛДЫҚ САТЫСЫ (1 қазан – 31 қазан 2017 жыл) 1. Байқаудың финалы (телевизиялық шоу) Алматы қаласында 27, 28, 29 қазанда КТК каналында тікелей эфирдекөрсетіледі. 1 қазаннан бастап барлық финалисттерге «Бөбек» Ұлттық орталығында орналасқан «Жұлдызды үй» өз есігін айқара ашады. Балалармен хореографтар, стилисттер және музыкалық продюсерлер жұмыс жасайды. 2. Байқаудың финалы 16 финалист қатысатын 3 бөлімнен тұрады: 27 қазан – Байқаудың концерттік бағдарламасы: Қатысушы тәлімгермен дуэтте тәлімгердің авторлық әнін орындайды. 28 қазан — Байқаудың концерттік бағдарламасы: «Ұлы Даланың аңыз әндері»; Қатысушылар заманауи өңдеуден өткен қазақтың белгілі халық әндерін бірігіп, дуэтте орындайды. 29 қазан — Байқаудың концерттік бағдарламасы: Қ«Әлемдік хит»; Қатысушы әлемдік хитке айналған 1 ән орындайды. Барлық байқау кезеңдері кәсіби мамандардан құралған қазылар – алқасынан және смс арқылы дауыс бере алатын телекөрермендерден тұрады. Суперфиналда белгілі әнші, финалистердің жұлдызды тәлімгерлерінен бөлек, Жанар Дұғаловамен қатар Ninety One тобы да өнер көрсетпек.
Әрі қарай

"Бала дауысы" байқауының жас жұлдыздары концерт берді

DISNEYLAND күтіп жүрген “Бала дауысы” ұлттық балалар ән байқауының “болашақ” жеңімпазы мен жоба финалистері осы жұмада Алматы қаласының “Оқушылар сарайында” сарайдың балақайлары үшін концерт өткізді. Кеште жоба финалистері өздерінің толық дайын екендіктерін көрсетіп, жаңа әндерін айтып, балалар мен ата-аналарды қуантып қайтты. Естеріңізге сала кетейік, жобаның финалы “Алматы Аренада” Республикалық масштабта, үлкен көлемді, 3 күн бойы, яғни, 27-28-29 қазан арасында өтеді. Алматыда болсаңыз, міндетті түрде барып, сүйікті жас өнерпазыңызды қолдап қайтыңыз! Басқа қаланың тұрғындары үшін, КТК каналында тікелей эфирде көрсетіледі. “Бала дауысымен” жаңа жұлдызды бірге жағайық!
Әрі қарай

"Бала дауысы-2017" байқауының дайындығы қалай болып жатыр?

“Бала дауысы – 2017” жобасы биыл екінші рет өтпек. Жоба ұйымдастырушысы Алия Назарбаеваның “Жандану әлемі” фондының аясында өтетін балалар байқауы биыл жаңа форматта. Әуелі, «БАЛА ДАУЫСЫ» деген не? Осы сұрақтарға қысқаша жауап берсек. (Жобаның ресми парақшасынан)

«БАЛА ДАУЫСЫ» – Ұлттық балалар ән байқауы

«Бала Дауысы» – еліміздің 7 және 13 жас аралығындағы жас дарын иелерінің ән мерекесі!

«Бала Дауысы» – Мемлекеттік тілде шығарылатын балаларға арналған жаңа әндер!

«Бала Дауысы» – жас композиторларға өзін елімізге танытатын таптырмас мүмкіндік!

«Бала Дауысы» – ұстаздарға тегін оқу-тәжірибелік сабақтары мен шеберлік сыныптарын жүргізу!

«Бала Дауысы» – Қазақстан эстрада жұлдыздары және кішкентай талант иелерінің қатысуымен өтетін керемет шоу!

Елбасының қоры қолдауымен өтетін бұл жобаға биыл да барлығы 3871 үміткердің ішінен іріктеліп, ақтық сыңға ең дарынды деп саналған 18 қатысушы өткен.18 қатысушының ішінде 2 дуэт бар, 16 номер болмақ. Әр қатысушының жұлдызды демеушісі, тәлімгерлер қатарында елімізге белгілі әншілер: Толқын Забирова, Медеу Арынбаев, Дильназ Ахмадиева, Мөлдір Әуелбекова, Айқын Төлепберген, Луина т.б бар.
Әрі қарай