Бөтен әлем әңгімелері. Әмірші

Жалғасы. Басы өткен жазбада.
Көзін ашты. Жо-жоқ, ашқан жоқ. Ашайын деген. Бірақ, аша алмады. Көз сүйегінің айналасындағы ет ісініп, жанарын жауып тастаған ба, қалай өзі. Түсіне алмады. Кенет оң иығының топшысы адам шыдағысыз өткір шаншу қадалғандай болып ауырып кетті. Басында әлсіздеу болса да қарсылық танытпақ болып еді, солқ-солқ қадалған ауру жанын шығарып жібере жаздады. Он жасар бір жапырақ сары қыз денесі босап, аураға шыдамай талықсып кетті…

рте-ерте-ертеде, Жер-ананың қазіргідей кемеліне келіп, ақылының толыспай тұрған шағында, алты материк енші алып бір-бірінен бөлінбей тұрған кезде жападан-жалғыз алып мұхиттың ортасында орналасқан Зарлы атты кәрі құрлық болыпты.
рте-ерте-ертеде…ерте болғанда осыдан шамамен он жыл бұрын болса керек, Алатаудың етегіндегі Алматы дейтін қалада Айжан атты кішкентай қыз өмір сүріпті. Жасының қаншада екенін білмедім, бірақ папасы мен мамасының айтуынша “Нешедесің?” сұраған адамға бес саусағын тарбитып көрсетуін осыдан үш жыл бұрын қойса керек. Айтпақшы, алты жасында мектепке барған Айжан осы мен әңгімелеп отырған сәтте екінші класты әне-міне бітірейін деп жүр екен. Сөмкесі өзінен дәу, шашын екі өріп алған осы бір кішкентай сары қызды көрші-қолаң қатты жақсы көретін.