Жарияланымдар
Екінші Блог құрылтай жайлы саясаткерлер ләм деді...
(91)
- erlankara
Саясаткерлер деп тақырыпқа шығарғасын — барлықтарыңыз құрылтайға саясаткерлер қандай қатысы бар, немесе қандай қатысы болу керек деп басқа тақырыпқа ауысып, бос даурығып кеттіңіздер. есімде болса, бірінші құрылтайды да өткізуге ұсыныс жасағанымда да осылай кейбіреулер күдіктеніп, сескініп, ол бастаманың астарында не жатыр екен деп талдап жатты. Кейін сол құрылтайды өткізуге бастаманы көтерсек те, оны ұйымдастыруға, ондағы тақырыптарды анықтауға ешбір араласпай, барлық жұмысты блогшы жігіттер өздері атқарған болатын. Сондықтан, күдіктің бәрі бос. Бұл біріншіден. Меніңше, жиынды қалай атасақ та өз еркіміз. Мәселе онда да емес. Жыл сайын кездесуге де болар еді. Бірақ, қазақ блогы — жаңа дамып келе жатқан жаңа бағыт. Қатары да шын айтқанда көп емес. Сондықтан, темтпі жоғалтпай, сол серпінді сақтау қажет. Ертең қалыптасып кетсе, қатары молайса, жыл сайын ба, төрт жыл сайын бәрібір бір дәстүрге көшуге болады. Соңғы құрылтайдан кейін Уордпрестің өзі бір емес, бірнеше рет жабылды. Блошылаодың көбісі басқа платформаға кетті. Кейбіреулері тіпті қойып кетті. Твиттерде 1 күнді қазақ тілі деп жарияласа да, орыс тілділерді айтпағанда, қазақ тілді блогшылардың өзі оны ұмытып кетті. Кейбір орыс тілді басылымдар соны керек болса бетімізге басып айтты. Қазақ тілінің заң жобасы талқылағанда қазақ журналситері мен қазақ блогшылардың ұйымдасқан даусы естілмеді. Сондықтан, қауымдастықты дамыту керек. Әзірше осы
- Жасыру