Таңдаулы

ken
Қоныс тойы құтты болсын! Іші тек құтқа толсын! Келін алып, қыз ұзатып Жаратқанның адамзат баласына сыйлаған барлық бақытын осы үйдің шаңырағында тойлай беріңдер! Отбасы деген Отандарың ортаймай, Кәрі болып қартаймай, ауырдым деп жантаймай, шуылдағана немере мен шөбереге айқайлай қуанышты ғұмыр кешіңдер!

Шаңырақтарыңның шаттығы құтты болсын! Терезесінен нұр төгіліп, шаңырағынан жыр төгіліп, табылдырыққа жетпей мұң көміліп, ақ пейілді әкелер сыр сөгіліп тұрсын! Үйіңде тек той болсын! Баланың былдыры үзілмесін! Балалардың қос тірегі, мақтанышы болып ауырмай, сырқамай тек қана бақытты күндер өткізіп жүре беріңдер!

Жаңа үйдің қоныс тойы құтты болсын! Жаратқанның берген бұл сыйы ұзағынан сүйіндіріп, шуақ әкелген үй болсын! Қазақта болатын барлық тойлар: келін алу, қыз ұзату, бесік тойы, тұсау кесер, сүндет той, Ораза, Құрбан айт, құда түсу, туған күн, барлық мереке-мейрам, мектепке бару, мектеп бітіру, диплом алу, осылардың барлығы осы шаңырақта өтсін! Жаратқанның берген барлық сыйы сендерді айналып өтпесін!
Тілек мына жерден көшірілді.
Gastarbaiter
"Қыз күзгі балда жеңіліп қалды, біз күлеміз. Ғашық жігіт өзінің мұңын шағады, біз күлеміз. Кемпір төмен жылжыған эскалаторға міне алмай әлек, біз бұттан кетіп, тағы сұраймыз. Әділетсіздік, парақорлық, алкоголизм — біз күлеміз. Ұлтшылдық, түсініспеушілік, алалау, зорлық, балағат, себепсіз қақтығыстар — біздің ішегіміз қатады. Біз кез-келген жексұрынның тірлігіне бетіміз бүлк етпей қол қойып, қосыла кетуге дайынбыз. Біздің талғамдарымыз саналы қисынға негізделмеген, мақсатсыз даулар — біздің болмысымыз, біз — Қазнеттің бетпердесіз шынайы кескініміз. "©
satibaldi
Өзің жариялай берсейш, бұ қаззақ ұмытып кету, білмей қалу, демалысқа шығып кетуден әлемнің он бір дүркін чемпионы нақ.
Басқалар не жейд деп телміріп отырғанымызға аптадан асты, прогресстің тежегіштері өңшең.
Gastarbaiter
Лібә, бұл пост біраз әйелдің қытығына тию үшін, немесе уродкаларда комплекс тудыру үшін жазылмаған.
Керісінше, автор жатып ішер, тек талап еткенді білетін, әрбір әйел мінсіз болу керек деп ойлайтын боскеуде еркектерді мазақ қылып отыр. «Ей, мәмбет ау, арманың орындалмайды бәрібір, өйткені бір пунктің екінші пунктке қарсы келеді» деген меседж айтып отыр жігіттерге. Әйелдердің жоғын жоқтап отыр былайша айтқанда.
Бәріне үлгеруге тырысып жүріп, еркекпен бірдей сегіз сағат жұмыс істесе де, бір қолында бала, бір қолында пылесос, белі бүгіліп, күйеуіне шаршағанын білдірмей күлімдеп тұрғанда күйеуінің түнгі үште масаңдау боп келіп «Лібә, достарым келе жатыр кәне жүзграм ұйымдастырып жіберш, тез-тез-тез болшы» деген әңгімелерінен, оны орындай алмай жатса «Лібә, әйел болып қарқ болмайды екенсің» деп сынауынан зайыбы шыққан нәзік жанды әйелдің жан айқайы.
Қап менікі де арабтардың анекдотындай болды.))
Gastarbaiter
Менің коментарийіме жазған жауаптарың тек менің жеке басыма бағытталғаны көрініп тұр. Маған деген жеккөрініштеріңнен сәл назарыңызды тақырыпқа бұрсаңдар, қарсы қояр аргумент болса, жауап беруге тырысып көрейін.

Семья институты тек секс пен махаббат үшін емес, бірлесе қатаң заманда аман қалу үшін, және бала шағаны өсіріп, оны тәрбиелеп, сырттан төнген қауіп-қатерден қорғау үшін, әйел жыртқыштардан, басқа еркектерден қорғап, аң аулап асырауға қауқары жететін мықты еркекті іздейтін. Ал еркек ұсақ түйек терімшілік/нәски жуу/ тамақ пісірумен және бала бағумен басы қатпай билікке, территорияға, тамаққа таласу үшін әйелді жанында ұстайтын.
Сондықтан семья бұрын тіпті махаббат оты сөнген кезде де маңызды болатын. Яғни семьясыз жалғыз қубас болып арам өлетінсің. Сондықтан, қатындар таяқты килограмдап жесе де шыдайтын, еркектер шаш түгіл қолтық жүні ағарып, жас қатынға елірсе де, ескі бәйбішесін далаға қуып шықпайтын.
Семьясыз қалу ежелгі әлемде — анық өлімді білдіретін.
Ал қазір әсіресе аса жоғары урбандалған елді мекендерде семьяны біріктіріп тұратын күштер азайып бара жатыр.
Әйелдер еркектермен тең, тіпті көбірек ақша таба алатын заман келе жатыр, сондықтан ақылды әйелдер көбіне еркектің спонсорлығына бағынышты болмайтын болады. Екіншіден әйелді де баланы да мемлекет толық қорғай алатын заңдар пайда болуда, (АҚШ-тағы жағдай соның айғағы).
Семьялық кландық қатынастардың құлдырауына мүгедектерді реабилитация жасайтын, қарттарды бағатын, мекемелер, және тәрбие ісін толық өз мойнына алатын бала бақшалар, арнайы бағып қағушы специалисттер, "әке көрген оқ жонар" «ана көрген тон пішер» дейтін едік, енді мектеп көрген жазып-сызар, "әскер көрген автомат атар", «оқу көрген іс білердің» күні туып жатыр.
Сонымен қатар, ұрпақты жасанды жолмен жалғастыру да дамып жатыр.
Қарап отырсаң, семья құруға себеп болған нәрселердің барлығы құлдырап жатыр. Еркектер болмысынан полигамды(көп әйелді бір мезгілде қалай алады), оны моногамды ететін дін, заң және моралдық шектеулер.
Егер әйел мен еркек арасында ешқандай материалды, моралды бағыныштылық болмаса, сүйіспеншілік болмаса, онда сүмірейіп жалғыз ғана адалдық қалады.

Ал өзінің ата болмысына көніп, басқа әйелге көз салған еркек сол адалдықты бұзған есебі. Оны бұзған соң не қалады? Ойланып көріңіз. Бәрекелді. Ештеңе қалмайды.