Жаңа жыл. Отшашу. Мүгедектік
Қазекем даңғазаланып түпкі идеологиясы христиандардың Рождествосына барып тірелетін «жаңа жылды» да өткізіп тастады. Әрине, әлемдік үрдіс бойынша өткен 2010 жылдың қорытындыларын шығарған дұрыс.Бірақ біздің Ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күнін көлеңкесінде қалдырып, тұмшалап тастайтын «жаңа жылды» тойлау не береді? Аста-төк дастархан жасалады, адамдар жиналып кейбір жерлерде ішімдік ішіледі.
Бәрінен де қорқыныштысы, түнгі сағат 12-нің аржақ-бержағында тарсылдаған-гүрсілдеген отшашулар болады. Осындай жағдайлардан соң бір Алматыда ғана бір адам қаза тауып, 9 адам жараланған. Кейбіреуі мүгедек те болып қалған.
Негізінде адамдар фейерверктетіп отшашу жасағанда ібіліс қуанады екен деп оқыған едім. Сол шынында келіп тұр!
