Бұл не қылған батпан құйрық?
ОЛ үшін темір тұлпардың рөлін тартып міну күні кеше арман еді. Бес жыл мемлекеттік қызметте жүріп орындалмаған арман бір жарым жылда орындалды. Бүгін ОЛ досына алғыс айтады. Өйткені, соның шақыртуымен «КЮНЕТке» кіріп, желілік маркетингпен айналысады. Бұрыңғы алатын жалақысы – 37 мың теңге болған. Әрі тартып, бері тартып, әйтеуір күнделікті нанына жеткізетін. Ал бүгін, ОЛ айына 32 мың АҚШ долларын қалтаға басады. Кеше жаман жидемен жүрген ОЛ бүгін қымбат киім киеді. Тіпті, жетім балалар мен мүгедектерге де көмек қолын созып жүр. Бұл желілік маркетингтің бір жарым жылда жеткізген – жетістігі. «Бүгін жиырма жетіге келген ОЛ отызында ойраңдап жүреді-ау», деп біз де іштен ойлап, сырттан қызыға қарап қалдық. Бұл не қылған батпан құйрық?

Сөздігімізде «Жаңаөзен оқиғасы» деген «аты дардай» тіркес қалыптасты. «Мен Жаңаөзендікпін» десе, жұрт үрке қарайтын болды. «Не істемек керек?» Көптен толғандырған сұраққа «Жаңаөзендік» қариялар жауап тапты: «Жаңаөзен қаласының атауын «Бекет ата» деп ауыстырамыз...». Бүгін Маңғыстау облысы ақсақалдар кеңесінде ауыл қарттары басшылыққа осындай ұсыныс жасады. «Мезі болған» ақсақалдар ресми түрде құжат толтырып, 40 шақты қол жинады. Облыстық әкімшіліктен соң ресми өтініш аймақтағы маслихаттың қарауына жіберіледі. Тиісінше, Жаңаөзен қаласын «Бекет ата» деп атау мәселесін онамастикалық комиссия қарайтын болады.
Түн. Айлы түн… Қара түн…
«Өмірдің бір қызығы бала деген,