Жарияланымдар

Өнерпаз квн командасы

“Өнерпаз” КТК Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының актер шеберлігі мен журналистика мамандығы оқушыларынан құралған ұжым. Команда 2009 жылы құрылып, содан бері өз шеберліктерін шыңдап келеді.Атырау қалалық мектеп лигасында өнер көрсетіп, азулы клуб ретінде танылып қалған ұжым, енді Республикалық лиганы бағындыруды мақсат етуде. Команда мектепаралық лигадан басқа, аудандық КТК сайыстарында барып олжа салып жүрді. 2010 жылы Құрманғазы ауданының әкімі кубогын иеленді.2011 жылғы Атырау қаласының мектеп аралық чемпионы атанды.
Әрі қарай