Таңдаулы

bambad
Гастер байтердің бұл жазғаны расымен балалық шақты еске түсіріп отыр. Балалығымда сникерс деген есімде қалмапты, әйтеуір, юпи алып суға суға қосып ішетінбіз, альбениді 18 теңгеге сатып алатынбыз. Охо, сол кездің сағыздарын айтсаңшы, 3 теңгеге сатып наклейкасын жабыстырасың, ал сағызын үпіріп қойып екі күн бойы шайнап жүресің. Ал, кәмпиттердің фантиктері балалардың құнды қағазы болатын. Сол үшін де ұрысып-қырылысып жататынбыз. Қандай жақсы, өткен күндерің идеальный болмағанымен, еске алып қызықтай аласың.