Жарияланымдар

Үлкен жетістік

Күзгі қаланың ұзын жолдарын адымдай басып, мектепке қарай асығып келем. 64-ші маршрутка келіп болмаған соң, жайау жүруге тура келді. Қанша аяғымды созыңқырап тездетіп жүруге тырыссам да, мектеп жеткізер емес. Сабақтың басталуына әлі де біраз уақыт болғанымен, асығып келем. Асығуымның себебі мынада. Кеше журналистика мамандығының мұғалім монолог жазуды тапсырған болатын. Міне мен оны жаздым. Жәй жаза салғам жоқ. Көп ойландым, ішіне әдемі сөздерді қостым. Мұғалімге ұнайтынына сенімдімін. Енді міне соны оқуға асығып келем. Менің бұл мамандықта оқып жүргеніме үшінші жыл. Алғашында журналистика мүлде ұнамаушы еді, енді міне кайта ентелей шауып келемін. Жол бойы осындай ойлармен мектепке қалай жеткеімді аңғармай да қалдым. Мектепке кірдім. Енді Аққу күйінің ойнағанын күту керек. Аққу күйі… Түсінбей тұрған шығарсыздар. Біздің мектепте жәй қоңыраудың орнына, Нұрғиса атамыздың Аққу күйі орындалады. Мен осы жаттанды үнді күтіп отырмын. Сағатқа әлсін-әлсін қарап коям. Тездетіп Аққулармен бірге калықтап, сыныпқа кіріп кеткім келіп отыр. Міне күткен күйімде күмбірлей бастады. Сыныпқа кірдім. Қалған оқушыларда бірінен соң бірі кіре бастады. Соңынан мұғалім кірді. Әдеттегідей орнымыздан тұрып, сәлем бердік. Оқытушы бір-бірлеп үй тапсырмасын сұрай бастады. Кейбір оқушылардың шығармаларын тыңдап отырып, мынауы менікінен жақсырақ сияқты деген күмәнді ойлар басыма келіп кетіп жатты. Бір кезде мұғалім менің атымды атады. Жүрегім аттай тулап, оқушылардың алдын шықтым. Бірнеше секунд үнсіз тұрдым да, жазған монологымды оқи бастадым. Оқып жатырған кезде де жүрегім ауызыма тығылып, не қорқып, не қуанып тұрғанымды білмедім. Әйтеуір оқып бітірдім. Оқушылардың КҮШТІ, ЖАҚСЫ ЖАЗЫЛҒАН деген сөздерін естіп қуанып қалдым. Енді мұғалім не айтар екен деп басымды сол жаққа бұрдым. Оқытушы жәймен орнынан тұрды да қол соқты, бұның артынан оқушылар да қол соға бастады. Өзімді үлкен театырда тұрғандай сезіндім. Бұл менің оқудағы үлкен жетістігім еді.
Әрі қарай

Елтаңба туралы аңыз

Ертеде Қазақ жерінде аты белгісіз бір ауылы болыпты. Бұл ауылдың жері кең, шөбі шүйгін, суы мол болған. Адамдары да бір-бірімн достық қарым қатынаста өмір сүріпті. Қазақ болғандықтан әрине мал асырайды. Төрт-түліктің басы жыл сайын көбейіп жатады. Бұл ауылдыың басты артықшылығы осы жерде елде жоқ қос тұлпар мекен еткен. Бұлардың алтын қанаты менен сүйір мүйізі болған. Оларды көрген адам сұлулықтарына көзі тоймай ұзақ қарап тұра береді екен. Әрине алтын пырақты қос тұлпар мекендеген ауылға, өзге елдер де көз салып жүреді. Жәй ғана көз салып қоймай, бұл ауылды қиратып, екі тұлпарды алып кетуді көздеді. Осындай арам ойын көп ұзатпай іске асырмақшы болады. Сөйтіп жау қолы күн батып, айнала қарйғанда, қазақ ауылына екі жағынан шабуыл жасайды. Ештеңеден хабарсыз жатқан ауыл адамдары әбден абдырап қалады. Жалмауыздай жамырап, көз алдындағысын жаймап келе жатқан жау колы бүкіл ауылды қиратып үлгерді. Жалғыз ғана ауыл шетінде жас отбасы тұратын киіз үй аман қалды. Жау қолы енді осы үйге қарай беттеп келе жатты. Сол-ақ екен қос тұлпар жалғыз шаңырақтың екі шетіне тұра қалды. Бұлар, шауып келе жатқан жау қолына алтын қанаттарын жайып қалғанда, жаудың көздерін қараңғылық басып ештеме көрмей қалды. Сөйтіп екі тұлпар жалғыз шаңырақты аман алып қалыпты. Кейіннен бұл шаңырақтан ұрпақ тарап қазақ халқының саны көбейіп жаңа Қазақстан мемілекеті құрылды деседі. Жұлдызды түнде жалғыз шаңырақты қорғап тұрған қос тұлпардың бейнесі, сол елдің таңбасы болып қала береді. Әлі күне дейін бұл таңба Қазақстан Республикасының Елтаңбасы болып есептеледі.
Әрі қарай