Жарияланымдар

Астанада қауіпсіз жол қозғалысы апталығы басталды

Елорда полициясының қызметкерлері ұйымдастырған акция жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оларға балалардың қатысуын болдырмауға және көлік жүргізу мәдениетінің деңгейін көтеріге бағытталған.

Осы аптада оқу орындарында ата-аналардың қатысуымен кездесулер және конкурстар жоспарланған. Акция шеңберіндегі «Қамқор ана» атты алғашқы шара № 28 орта мектепте өтті. Конкурс барысында аналар жарық шағылыстыратын элементтері бар балалар киімін көрсетті. Әрбір қатысушы қараңғы түскен уақытта осындай киім киюдің маңыздылығы туралы әңгімелеп берді.
Әрі қарай

Астанада алғаш рет «Қазақ қызы» байқауы өтті

«Әйелдер — ұлт болашағы үшін» ҚБ елорда әкімдігінің қолдауымен алғаш рет «Қазақ қызы» байқауын ұйымдастырды. Жобаның ерекшелігі– жеңімпаз сұлулығына қарап емес, қазақ халқының мәдени-адамгершілік және отбасылық дәстүрлерін білуіне қарай анықталды.

Жарыстың финалына 125 үміткердің ішінен 20-сы өтті. Байқау барысында 16-дан29 жасқа дейінгі арулар шеберлік байқасты.

«Қазақ халқының салт-дәстүрін білгенімен қатар, оларды күнделікті өмірде пайдалану керек. Мысалы, аспаздық. Қазіргі заманда қыздардың кейбірі ұлттық тағамды әзірлеу білмейді, біздің конкурс отбасылық дәстүрлерді жандандыруға және насихаттауға, адамгершілікке тәрбиелеуге, қыздар мен жас әйелдерді қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді тартуға бағытталған», — дейді «Әйелдер — ұлт болашағы үшін» ҚБ басшысы Жанна Бороздина.

Байқау барысында арулар ас әзірлеу, тігу мен тоқу өнерінен сайысқа түсті, Абайдың қара сөздерін оқыды, сондай-ақ, ән айтып, би биледі, актерлік шеберліктерін ортаға салды. Финалдың бес кезеңінің қорытындысы бойынша «Инабатты қыз» номинациясы бойынша Жанкерке Тынышбаева үздік шықса, Арайлым Советжан «Өнерлі қыз» атанды, «Ісмер» — Зумрат Қайроллаева, «Зерделі» — Айым Дәуіт, «Тіл шебері» — Гауһар Кішірбаева, ал Дана Еламанова нағыз «Қазақ қызы» титулына ие болды.
Әрі қарай

Астанада әлеуметтік осал топтар санатына жататын балалар спорттық-бұқаралық шараларға барады

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана-Арена» және «Астана-Барыс» стадиондарының басшылықтарымен меморандумға қол қойды.

Енді әлеуметтік осал топтар санатына жататын және арнайы есепке алынған жасөспірімдер тұрақты түрде футбол және хоккей ойындарына барып тұрады. Жүзге жуық кәмелеттік жасқа толмаған балалар «Барыс» (Астана қ.) пен «Слован» (Братислава қ.) арасындағы құрлықтық хоккей лигасы чепионатын тамашалады.

«Балаларды спорт түрлеріне апаруымызға әкімдік оңай колдау көрсетті, сондай-ақ осындай оңтайлы іс-шараларды алдағы уақытта жалғастырамыз. Біздің басты мақсатымыз – балалардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, алға қойған мақсатына қол жеткізген спортшылардың өмір тәжірибелерінің балаларға түрткі болуын мысал ретінде көрсету» – деп Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы өз ойымен бөлісті.
Әрі қарай

Астананың білім беру мекемелерінде сабақты тоқтату параметрлері

Астана қаласының Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленген, қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім мекемелеріндегі (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс студенттері үшін) сабақты тоқтату параметрлерін ұсынады.

Білім басқармасының хабарлауынша, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында, білім мекемелерінде сабақты тоқтатудың параметрлері:

– 1-4 сыныптарда ауаның температурасы минус 25 градус және одан төмен болғанда (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес);

– 1-9 сыныптарда ауаның температурасы минус 30 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

– 1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін ауаның температурасы минус 35 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

Айта кету керек, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран, көру деңгейінің төмендеуі).

Сабақты тоқтату туралы ақпаратты 6.45-тен 7.00-ге дейін (бірінші ауысым) және 11.15-тен 13.00-ға дейін (екінші ауысым) келесі ақпарат көздерінен ала алады:

— Smart Astana мобильді қосымшасы бойынша,

— «Алма ТВ» кабельдік жүйесіне қосылмаған болсаңыз, «Хабар», «Қазақстан-1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ», «КТК», «НТК» телеарналарынан «дауысты хабарлама» беріледі;

— 109 телефонына қонырау шалуға болады (ұялы телефоннан тегін);

www.e.astana.kz Астана қаласы әкімдігінің электронды қызметтер порталында;

www.bilim.astana.kz Астана қаласы білім басқармасының сайтында;

— Мектептегі кезекшінің телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.

Ата-аналарды мұқият болуға шақырамыз. Сабақты тоқтату туралы ақпарат жоғарыда көрсетілген уақытта ғана беріледі. Қыс мезгілінде ауа-райының суықтығын ескеріп, балаларыңызға жылы киінуді, ақпаратты уақытылы тыңдауын қатаң тапсыруларыңызды сұраймыз.
Әрі қарай

Жыл басынан бері Астанада бизнес-компаниялардың саны 5 мыңнан аса субъектіге артты

2016 жылдың 1 қарашасында жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 33,6 мың бірлікті құрады. Олардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5247 субъектіге немесе 18,5%-ға өсті, деп хабарлайды Статистика департаменті.

Соның ішінде 97,7%-ы — шағын, 1,5% — орта және 0,8% ірі болып табылады. Олардың негізгі саны «Алматы» — 49,8% және «Сарыарқа» — 31,4% аудандарында шоғырланған.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ең көп саны сауда — 24,9%, құрылыс — 23,5%, өзге де қызметтерді көрсету — 9,2%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет — 7,8%, өнеркәсіп саласы — 5,6%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет — 5,2% салаларына шоғырланған.

Үстіміздегі жылдың қазан айында 552 компания бастапқы тіркеуден өтті, ал бизнестің 75 субъектісі таратылды.
Әрі қарай

«Астана Опера» театрында Балнұр Қыдырбектің концерті өтеді

16 қарашада «Астана Опера» театрының Камералық залында композитор, әдебиет және өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Балнұр Қыдырбектің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бабалар аманаты — Тәуелсіздік» атты концерті өтеді,

Концерт бағдарламасында композитордың оркестрлік, вокалдық және басқа да шығармалары орындалады, соның ішінде «Ақтау сарыны», «Өрен», «Өрлеу», «Гауһар күй», «Дешті-Қыпшақ», «Балғын», «Туған мекен Күреңбел», «Сенбейсің», «Той көбейсін» және т.б…

«Мен бұл кешті камералық оркестрге жазылған шығармаларға арнағым келді. Өзім аса толқыныспен күтетін мереке — Тәуелсіздік күні қарсаңында бұл әуендер жақсы қабылданады деп ойлаймын. Жалпы, мен өз шығармашылығымда махаббат, Отанға деген сүйіспеншілік, табиғатқа, туған өлкеге деген махаббат сезімін жырлап келемін», — дейді Балнұр Қыдырбек.
Әрі қарай

Елордалықтар «Алау» мұз айдынында коньки тебуді ұнатады

Қала тұрғындары мен қонақтарының арасында кең тараған демалыс түрлерінің бірі — коньки тебу. 1 қазанда «Алау» мұз сарайында кезекті бұқаралық коньки тебу маусымы ашылды. Бүгінге дейін аталған спорт орталығына 22 мыңға жуық адам барған.

Чемпиондық мұз айдынында жаппай коньки тебу шарасы салауатты өмір салтын насихаттауға, қала тұрғындарын спортқа баулуға бағытталған. Мұнда дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру үшін түрлі спорттық-көңіл көтеру шаралары тұрақты негізде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, жастарға және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының өкілдері үшін жеңілдіктер қарастырылған.

«Биыл біз 1 қазанда ашылдық, және осының алдындағы жылдармен салыстырғанда келушілер саны 30%-ға көп, яғни, Мұз сарайы коньки спортының түрлерін насихаттау бағытында жұмыс істеп келеді деп айтуға негіз бар. Биыл біз қайырымдылық шеңберінде белсенді негізде жұмыс жүргізудеміз, мұнда балалар үйлерінің балалары тегін негізде жиі келеді», — деп мәлім етті «Алау» Мұз сарайы директорының орынбасары Ильдар Садыков.

«Алау» отбасымен бірге уақыт өткізуге ең лайық орын, дейді мұз сарайына келушілердің бірі Әсел Мәселова. Ол қысқы спорт түрлерін жақсы көреді, және өз балаларын да спортқа буылып келеді.

«Әр демалыс сайын, мектеп каникулы кезінде балалармен бірге келуге тырысамыз, бұл салауатты өмір салты ғой. Барлық астаналықтарды балалармен бірге демалуға шақырамын, бұл өте пайдалы, бұл жер де керемет. Менің ата-анам бала кезімнен шаңғы, коньки тебуге үйретті. Өзім де балаларыма үйреткім келеді, кішкентайынан спортпен әуестенгенін қалаймын», — дейді Әсел Мәселова.

«Алауда» коньки тебуге арналған екі корт бар. Мұнда дүйсенбіден басқа кез келген күні келуге болады. Демалыс күндері — бес сеанс, жұмыс күндері үш сағаттық — 1 сеанс қарастырылған.

Жергілікті тұрғындардан басқа, Мұз сарайына Қазақстанның басқа қалаларынан келген қонақтар мен шетелдіктер жиі келеді.

«Мен Астанаға Алматы қаласынан келдім, осында тұрып жатқаныма үш ай болды. Мұз сарайында құрбымды коньки тебуге үйреттім. «Алау» Астанадағы керемет орын. Өзім қысты және мұзда коньки тепкенді ұнатамын», — дейлі Медея Ахмарова.

Бұқаралық коньки тебуден басқа, мұз сарайының халықаралық жарыстар кестесі бар. Мысалы, желтоқсанның 2 інен 4-іне дейін ол өз айдынында конькимен жүгіру спортынан әлем Кубогының үшінші кезеңін қабылдайды, ал 7 желтоқсанда келушілер үшін есігін қайта ашады.
Әрі қарай

Астанада ASTEX Astana Smart City форумы өтеді

30 қарашада Оқушылар сарайында ASTEX Astana Smart City 2016 форумы өтеді. Оған Қазақстаннан, алыс және жақын шет мемлекеттерден 400-ге жуық адам қатысады, деп хабарлайды Astana Innovatiоns АҚ.

Форум шеңберінде өткізу жоспарланған көрмеде адамның өмір сүруі үшін жайлы жағдайлар жасауға бағытталған жоғары технологиялық жобалар ұсынылады. Инновациялық қоғамдастықтың көшбасшылары, Smart City стандарттау, энергетика, ІТ, «жасыл технологиялар» салаларындағы белгілі қазақстандық және шетелдік сарапшылар, ғылыми және жобалаушы ұйымдардың өкілдері тәжірибелерімен бөліседі.

Панельдік пікірталас шеңберінде «Смарт ситиге» цифрлау; «ақылды» қалалардың экономиканың дамуына әсері; электрондық үкіметті дамыту мәселелері; «ақылды» қалалардың цифрлық трансформация және инновациялық шешімдері; Smart education «Bilimal»; жақын келешекте Астана қаласы үшін инновациялық шешімдер қаралатын болады.
Әрі қарай

Астанада ASTRA көлік карталарын сатуға арналған арнайы кассалар ашылды

Астанада қалалық автобустарда ASTRA Plat электронды жолақы төлеу жүйесін енгізу жалғасуда.

Бүгінгі күні жүйеге №№101, 102, 103, 105 төрт express-бағыты және №№3, 6, 8, 10, 12, 20, 21, 23, 29, 32, 40, 61 он бір қалалық бағыт қосылды. ASTRA көлік карталары жұмыс істейтін барлық автобустардың есіктерінде арнайы ерекшелік стикерлері бар.

Елорда тұрғындары мен қонақтары көлік карталарын аялдама пунктерінің қасында және қаланың сауда орталықтарында орнатылған RTVM автоматтарынан сатып алып, толтыра алады. Сондай-ақ, жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін бұл қызметтер қаланың арнайы кассаларында қолжетімді.

Еске салсақ, ASTRA көлік карталарының үш түрі бар: толтырылатын, мектеп және жеңілдікті. Жолақы төлеудің үйреншікті әдістері — ақшалай есеп айырысу және жол жүру билеттері күшінде қалады.

Карталарды мына мекен-жайлар бойынша орналасқан кассалардан сатып алуға болады:

Кассалар / Мекен-жайы / Жұмыс кестесі

№2 касса
Абылай хан даңғ., 57/1 («Астана LRT» ЖШС КДО)
09.00 — 19.00

№ 3 касса
Петров к-сі, 24 («Евразия» СҮ)
10.00 — 20.00

№ 4 касса
Тілендиев даңғ., 15 («Рахмет» СҮ)
10.00 — 20.00

№ 5 касса
Гете к-сі, 5 (Сапаржай Астана)
08.00 — 19.00

№ 7 касса
Бөгенбай батыр даңғ., 68 («Әлем» СҮ)
10.00 — 20.00

№ 8 касса
Қабанбай батыр даңғ., 5 (Астаналық цирк)
10.00 — 20.00

№ 11 касса
Жеңіс даңғ., 47 («Жеңіс» СҮ)
10.00 — 20.00
Әрі қарай