Жарияланымдар

Астанада бейбітшілік және келісім Аллеясы пайда болды

Астана жаңалықтары: Астанада бейбітшілік және келісім Аллеясы пайда болды
Елорданың ЭКСПО саябағында Астана-Балет театрының жанында Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік және келісім саяжолы пайда болды. Жаңа мәдени нысанның салтанатты ашылуы Ассамблеяның «Бейбітшілік және келісім энергиясы» шарасы аясында өтті.

Саяжолдың ашылуына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, ҚХА Секретариатының жетекшісі-төрағасы Д.Мыңбай, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ассамблея мүшелері, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің өкілдері, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келген шетелдік қонақтар, дипломатиялық корпустың, мемлекеттік органдардың, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, зиялы қауым, халық қолөнер шеберлері қатысты.
-Қазір біз ЭКСПО-2017 аумағында Қазақстан халқы Ассамблеясының әлемдегі ең таза энергия тарататын келісім мен бейбітшілік аллеясын ашып жатырмыз. Бұл Аллеяда серуендеген әрбір адам қазақстандық қонақжайлылықты, жылулықты, мейірімділікті өзімен бірге ала кетсін деп тілеймін, — деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова.

Салатанатты ашылуында этно-мәдени бірлестіктердің және Астана қаласының шығармашыл жастарының қатысуымен театрландырылған керемет қойылым көрсетілді. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі алаңында «Шеберлер ауылы» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті. Сондай-ақ Қазақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті. Шара шымылдығын жастардың «Алға, Қазақстан!» флешмобы жапты.
Әрі қарай

Ресми такси қызметінің автомобильдері BusLane жолақтарымен қатынай бастады

Астана жаңалықтары: Ресми такси қызметінің автомобильдері BusLane жолақтарымен қатынай бастады

2017 жылдың 13 маусымынан бастап ресми такси қызметінің автомобильдері жол қозғалысының ережелеріне сай 5.9, 5.10.2, 5.10.3 белгілері бойынша арнайы автобустарға арналған жолақтармен қатынай бастайды.

Елорда әкімдігінде өткен пресс-конференция барысында ресми тіркелген таксилердің BusLane жолақтарымен жүру құқықтары түсіндірілді. Жолаушылар тасымалдау және жолжүктері ережесіне сай тасымалдау қызметтерін көрсететін компаниялар Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасымен келісім шартқа отырулары тиіс. Содан кейін көлік құралдарының тіркелгені туралы мағлұмат арнайы жолақтармен қатынау құқығына ие автомобильдердің реестріне қосу үшін әкімшілік полиция басқармасына жіберіледі. Бүгінгі күні қаладағы 13 таксоматорлы компания аталған процедурадан өтті.

— «Астана такси» жалпы қалалық таңбасы құрылды. Біз өзімізге таксомоторлы компаниялар мен көлік қызметкерлерін шақырдық: жұмыстың алғашқы кезінде бізге 7 компания қосылса, қазір олардың саны 13. Жалпы автомобильдердің саны – 414, тағы 60 көлік рәсімделу үстінде. Ерекшелейтін белгілердің эскиздері дайындалды. Сол себептен, «TAXI» белгісін жабыстырып алған жеке меншіктер BusLane жолақтарымен қатынай алмайды, — деп түсіндірді «Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы» ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Жол жүру ережесін бұзғандар мен қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақтармен қатынағандар үшін 11 345 теңге, қайталаланған жағдайда – 10 АЕК (22 690 теңге) айыппұл көзделген.

— Жақын арада қалада құқықбұзушылықты тіркеп отыратын 3000-ға жуық бейнебақылау камералары орнатылады. Барлық құқықбұзушылықтар автоматты түрде тіркеліп, басқарманың әкімшілік практика бойынша процессингтік орталығына жіберіліп отырады, — деді Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Ұзаев.
Әрі қарай

«Астаналық» саябағы қайта жөндеуден кейін қаншалықты өзгерді?

Астана жаңалықтары: «Астаналық» саябағы қайта жөндеуден кейін қаншалықты өзгерді?

Елорданың басты саябағын күрделі жөндеуден өткізу және көріктендіру бойынша жұмысты Астана қаласының жеке коммуналдық қоры 2016 жылы бастаған болатын.

Астанаға арнайы Ресейден әкелінген қара аққулар «Астаналық» саябағының басты сұлулығына айналып үлгерді. Құстар саябақ айдынына бейімделіп, келушілермен жақын жүзіп келіп танысуға қарсы емес.

Астана қаласының мәдениет басқармасы 2017 жылдың жаз мезгілінде арнайы балалар мен қала қонақтары үшін «7 керемет» ойын-сауық бағдарламасын әзірледі. Күн сайын қаланың 5 саябағында екі рет анимациялық шоу өткізіліп тұрады.

Шетелдік қонақтарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында еріктілер өз жұмыстарын бастады. Саябақтың барлық ақпараттық карталары, сілтемелері мен маңдайшалары үш тілде жазылған: қазақ, орыс және ағылшын.

Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне арналып саябақта «жасыл технология аллеясы» пайда болды. Мұнда барлық келушілер гироскутерлерде, сигвеяларда жүріп, роботтарды көре алады.

ЭКСПО-ның өтуі кезінде қала 2 000 000-ға жуық туристі қабылдауды жоспарлаған. Келушілердің ыңғайлылығы үшін қоғамдық тамақтану орындарының санын көбейткен. Бүгінгі таңда «Астаналықта» 164 жеке кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Оның тең жартысы қоғамдық тамақтандыруға жұмылдырылған. 2 стационарлық кафе толық жаңартылды, ал қала күні қарсаңында 10-нан астам тез тамақтану павильондары жұмыс істейді.

Саябақтың басты жаңалықтарының бірі – аттракциондар.

-Араға 8 жыл уақыт салып «Астаналық» саябағында «Американдық сырғанау» пайда болды. Тұрғындардың бұл аттракционға қызығушылығы жоғары. Тағы бір «5-ші элемент» деп аталатын аттракцион орнатылуда,- дейді саябақ қызметкерлері.

Бұл маусымда «Астаналықта» 18 аттракцион жұмыс істеп тұр. Оның 13-і қорға тиесілі, ал қалған бесеуі жеке компаниялардікі.

-Билет құны 500 теңгеден аспайды. Жеке меншіктерде 500 теңгеден 1000 теңгеге дейін бағасы. Балалар аттракциондарына 150 теңгеден 300 теңгеге дейін. Бұдан бөлек мүгедектер мен көпбалалы отбасыларына жеңілдіктер қарастырылған, — дейді саябақ қызметкерлері.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында саябақ аумағын Астана қаласы құқық қорғау органдарының қызметкерлері үнемі қадағалайды. «Астаналық» саябағы күн сайын, сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
Әрі қарай

Астанада ЭКСПО аясында тегін жаяу жүргіншілер экскурсиясы жұмысын бастады


Аудиогидпен жаяу жүргіншілерге арналған экскурсиялар биыл «Нұржол» гүлзарында, жағалауда жұмыс істейді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы тілшісіне «Астана Конвенш Бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков.

-Біз Астанада жаяу аудиогидті іске қостық. 2017 жылы бізде осындай 2 жаяу аудиогид болады. Бұл «Нұржол» гүлзарында, барлық саябақ аумағын қамтитын Есіл өзенінің жағалауында, — дейді А.Адамбеков.
Аудиогидтер көмегімен туристер мен қонақтар қаланың негізгі айшықты жерлері туралы барлық ақпаратты ала алады. Бұл қызметті пайдалану үшін «Хан шатыр» СОСО жанында, «Бәйтерек» монументі алдында және Есіл өзенінің жағасында орнатылған арнайы шатыршаларға бару керек. Аудиогид пен жол көрсетуші картаны алып, 5 мың теңге кепілдеме қалдырасыз. Бағыт аяқталған соң құрылғыларды табыстап, кепілге қалдырған турист ақшасы қайтарылады.

Адамбеков атап өткендей, елорданың айшықты жерлері туралы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын, қытай және өзге де тілдерде болады.

Биыл жаяу жүргіншілер гидін IZI.Travel желісі арқылы пайдалануға мүмкіндік жасалды. Басты айырмашылығы – мұндай жағдайда аудиогид үшін кепілдікке құрылғы алудың қажеттілігі болмайды. Кез келген адам мобильдік құрылғы арқылы IZI.Travel порталына кіріп, сол жерде Астананың көрікті жерлері туралы барлық қажетті ақпаратты тыңдай алады.

— Осы жылы жаяу аудиогидті халықаралық IZI.Travel желісімен дамыттық. Онда барлық әлемдік жаяу аудиогидтер жүктелген. Жақында онда Астана да пайда болды. Яғни адам бізден аудиогидті алмай-ақ, сонда кіріп, тыңдай алады. Демек, жобаның екінші кезеңін жүзеге асырғанда біз қалауы бойынша аудиогид бермейміз, — деп түсіндірді «Астана Конвенш Бюро» басшысының орынбасары.
Әрі қарай

45 мыңнан астам елордалық оқушылар мектеп жанындағы лагерьлерде демалуда

Астана жаңалықтары: 45 мыңнан астам елордалық оқушылар мектеп жанындағы лагерьлерде демалуда

Астанада 82 мектепте демалыс лагерьлері ашылды. Бұл жерлерде бастауыш сыныптардың 45 мың оқушысына демалыс ұйымдастырылуда, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа-орталығына қалалық білім басқармасы.

Мектеп жанындағы лагерлерде тек тамақтану үшін ғана 500 теңге төленеді. Жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардың балалары тегін, жергілікті бюджет есебінен тамақтандырылады.

-Мектеп жанындағы лагерьлердің ерекшелігі – бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарынын дамыту, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, — деді қалалық білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің жетекші маманы Еркөкше Қафизов.
Әрі қарай

Астананың елді-мекендеріндегі балабақшаларға орынды кезексіз алуға болады

Мұндай жеңілдік қала шетінде тұратын тұрғындарға ғана қарастырылған, деп хабарлайды Астана қаласының медиа орталығы.

Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жаңғозиннің айтуынша, ол үшін www.e.astana.kzпорталында «Елді-мекендердегі балабақшаны таңдау» жеке функциясы болады.

«Қала шетінде, яғни, Ильинка, Пригородный сынды елді мекендерде орналасқан балабақшаларда балаларды қабылдау баяу жүргізілуде. Өйткені ондағы балабақшалар сол ауданның тұрғындары үшін ғана қажет. Сәйкесінше, біз оларға жалпы кезек санын күтіп қалмаулары үшін жеке қызмет көрсетеміз. Бірақ, бұл жекелеген аудандарда орналасқан балабақшаларға ғана қатысты, — деді Ә.Жанғозин.

Астана жаңалықтары: Астананың елді-мекендеріндегі балабақшаларға орынды кезексіз алуға болады

2017 жылы Астанада мемлекеттік балабақшаларға 6310 орын бөлінді. Мемлекеттік балабақшалардағы жалпы бос орындардың қатарына елді-мекендердегі бос орындардың саны да кіріп отыр.

2017 жылдағы жалпы орындардың 386-ы – 2011 жылы туған балаларға, 1111 орын – 2012 жылы туғандарға, 1340 – 2013 жылғы бүлдіршіндерге, 2233 – 2014 жылы туғандарға және 1240 орын – 2015 жылы туғандар балаларға берілді.

Қазіргі таңда Астанада мемлекеттік балабақшаларда 2542 орын берілді, тағы 3769 орын тапсырылу кезеңінде.

Астана жаңалықтары: Астананың елді-мекендеріндегі балабақшаларға орынды кезексіз алуға болады

«2017 жылға бөлінген 6310 орынның жартысынан көбі тапсырылды. Неге барлығы емес? Себебі біз ата-аналарға хабарландыруларды смс немесе электронды пошта арқылы жібереміз, алайда, барлығы бірдей ол хабарландыруды ала бермейді. Кейбірі қоныстарын ауыстырып жіберген, енді басқалары жеке меншік балабақшаларға барып жүр және басқа да себептерге байланысты балабақшадағы орын оларға керек болмай қалады. Сәйкесінше, бос орындарды беру мерзімін тездету үшін біз енді күту уақытын 15-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартамыз, — деді Ә.Жанғозин Елорда әкімдігінің медиа-орталық тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, 15 жұмыс күні бойынша күту мерзімі мектепке дейінгі мекемелердегі қабылдау үдерісін баяулатады. Келесі кезекте тұрған балалардың ата-аналары тағы жарты айлап күтулеріне тура келеді.

«Яғни, біз қазір ата-ананың www.e.astana.kz порталының жеке кабинетіне кіріп, рәсімдейтіні туралы ойын растайтынын 15 күн бойы күтпейміз. 5 жұмыс күні бойынша күтеміз, әрі қарай кезек бойынша жұмыс жылжи береді. Бұл үрдіс бір жылға арналған орынның бәрін толтырмайынша жалғаса береді, — деді Жанғозин.
Әрі қарай

Астанада ханшайым Сүйінбике атындағы көше пайда болды

Астана жаңалықтары: Астанада ханшайым Сүйінбике атындағы көше пайда болды

12 маусым күні Family Village коттедж қалашығында Қазан хандығының ханшайымы Сүйінбике атындағы жаңа көше ашылды. Салтанатты шараға қала әкімі Әсет Исекешев пен Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов қатысты.

– Былтырғы жылдың қазан айында біз Астанада Татарстан уәкілдігінің мекемесін салтанатты түрде ашқан болатынбыз, ал бүгін ханшайым Сүйінбике атындағы көше ашылып жатыр. Бұл – ортақ тарихи тамырдың тереңдігі мен халықтар арасындағы берік достықтың нышаны деп санаймын. Елорда тұрғындарын және татар серіктестерін бүгінгі маңызды оқиғамен құттықтаймын, — деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Ханшайым Сүйінбике көшесі – осымен Елордада татар халқының өкілдеріне берілген екінші көше. «Сарыарқа» ауданында Кеңес одағының батыры, татар ақыны, Мұса Жәлел атындағы көше бар.

— Біз бүгін бұрынғыдан да жақындай түстік. Біз ағайынды халықпыз, бұл көшенің ашылуы – аса маңызды әрі тарихи оқиға. Біздің астанамызда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы тамаша көше бар. Осындай қадамдар бізді жақындастыра түсері сөзсіз. Қазақстан Президентіне, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке және ханшайым Сүйінбике атындағы көшенің ашылуына шешім қабылдаған барлық тұлғаларға алғысымыз шексіз. Достығымызды нығайтатын осындай мүмкіндіктердің болғанына қуаныштымын. Барлық қазақстандықтарды ЭКСПО көрмесінің ашылуымен құттықтаймын және әлемдік деңгейдегі шараның лайықты өтуіне тілектеспін, — деді Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов.

Ханшайым Сүйінбике атындағы көшенің ашылуына халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шарбан Бейсенова, ақын, филология ғылымдарының докторы Жанат Әскербеккызы мұрындық болды. Ханшайымның мүсінін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Татарстан Республикасының халық суретшісі, Қазақстан мен Татарстанның мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Ресей және Қытай Халық Республикасының суретшілер академиясының құрметті мүшесі Кәміл Муллашев дайындады.
Әрі қарай

Елорда тұрғындары мен қонақтары ЭКСПО-2017 көрмесі туралы ойларымен бөлісті - 3-бөлім


Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары куә болды.

Астанадағы оқиғаларға қарапайым xалықтың ой-пікірі қандай? Алған әсерлері жайында өздері айтып берді.
Әрі қарай

Елорда тұрғындары мен қонақтары ЭКСПО-2017 көрмесі туралы ойларымен бөлісті - 2-бөлім


Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары куә болды.

Астанадағы оқиғаларға қарапайым xалықтың ой-пікірі қандай? Алған әсерлері жайында өздері айтып берді.
Әрі қарай

Ескекшілер мен каноистер Есіл өзенінде көрнекі өнер көрсетті

Астана жаңалықтары: Ескекшілер мен каноистер Есіл өзенінде көрнекі өнер көрсетті

Астана қаласының №4 олимпиадалық резервтегі балалалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің спортшылары аз қамтылған отбасылардың және жетім балаларға байдарка және каноэ мен академиялық ескек есуден көрнекі өнер көрсетті.

Шараны ескек есу спорт түрлері бойынша «Қайық» федерациясы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірлесіп ұйымдастырды. Мақсаты – балаларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу және ескек есу спорт түрлеріне қызығушылығын ояту. Шара шымылдығын №4 олимпиадалық резервтегі балалалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің директоры Қали Саит Мейрамұлы ашты.

Салтанатты бөлімнен кейін байдарка мен каноэда, академиялық ескек есу жаттықтырушылары балаларға қайықпен жарыс және жаттығу түрінде өнер көрсетіп, бұл спорттың ерекшеліктерін айтып берді. Одан кейін спортшылар шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ балаларға спорт кешені ішінде экскурсия ұйымдастырылды.

Жаттығу залында жас қонақтар спортшылардың арнайы жаттығу құралдарын тамашалады. Тіпті, балалар академиялық ескек есу спортшыларына арналған кәдімгі ортаға лайықталған ескек есу ваннасында өздері жұмыс істеп көрді.

Шара аяқталған соң «Қайық» федерациясыныңвице-президенті Жасұлан Тайтенов пен байдарка мен каноэ бойынша ескек есуден мемлекеттік жаттықтырушы Қайсар Нұрмағамбетовтың атынан балаларға естелік сый-сияпат берілді.
Әрі қарай