Жарияланымдар

Астаналықтардың өмір сүру ұзақтығы республикалық орташа көрсеткіштен 3 жылға артық

Астаналықтардың өмір сүру ұзақтығы75,4 жасты құрады, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 3 жылға артық.

Бұл жайында қала әкімі Әсет Исекешев медициналық қызметкерлер күні қарсаңында елордалық докторлармен кездесу барысында айтты.

– Денсаулық сақтау еліміздегі ерекше басымдық беретін маңызды салаларының бірі. Үздік халықаралық стандарттарды кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз ету үшін, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, қаржыландыру және ресурстарды оңтайлы пайдалануға бағытталған Астана қаласының өз бағдарламасы қабылданған болатын. Елорда тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы артқанын айтқым келеді: жыл қорытындысы бойынша астаналықтардың орташа өмір сүрулері 75,4 жасты құрап отыр. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен 3 жылға артық. Бұған туу көрсеткішінің артуы мен жалпы өлім-жітімнің азаюы себеп. Былтыр рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік: 27 244 астаналық сәби өмірге келді – бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 5% көп, — деді Әсет Исекешев.

Соңғы екі жылда Елордада: медициналық жедел-жәрдем қызметінің қалалық станциясы, балалар инфекциялық ауруханасы, наркология және психотерапия орталығы, туберкулезға қарсы диспансер және № 12 қалалық емхана тұрғызылды. №4 қалалық емханада геронтологиялық орталық ашылды.

Интервенциялық және кардиохирургиялық мақсаттағы жоғары технологиялық қызмет түрлерінің көлемі артты. Емдеу-диагностикалық құрылғылармен толық жабдықталған өңірлік екі инсульт орталығы ашылды.

Халықтың қолайлығы үшін бірыңғай медициналық колл-орталығының жобасы іске қосылды, сондай-ақ, дәрігерлерді басы артық қағазбастылықтан арылтуға бағытталған «SMART-медицина» жобасы енгізілуде.

2015 жылы Астана қаласының денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 11 млрд теңге, 2016 жылы — 14 млрд теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 2015 жылы 10 млрд теңге болса, өткен жылы 12 млрд теңгеге жетті.
Әрі қарай

Астана әкімдігі мен БҰҰ даму бағдарламасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана жаңалықтары: Астана әкімдігі мен БҰҰ даму бағдарламасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана экономикалық форумы аясында «Болашақтың «ақылды» әрі тұрақты қалалары» атты арнайы сессия өтті.

Шараны ұйымдастырушылар — ғаламдық экологиялық қор және Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің қолдауымен Астана қаласының әкімдігі және ҚР-ндағы БҰҰ даму бағдарламасы.

Жоғары деңгейдегі сессия барысында Астана қаласы әкімдігі мен БҰҰ даму бағдарламасы меморандумға қол қойды. Маңызды құжат аясында қолайлы жағдайлар жасауға арналған бірлескен жобаларды құру көзделіп отыр. Нақтырақ айтсақ, энергия үнемдейтін іс-шараларды енгізу, «ақылды қала» технологиясы, басқару саласындағы инновациялар арқылы қала шаруашылығын орнықты дамытуға көшуді қамтамасыз ету сондай-ақ, табиғи сипаттағы төтенше жайттардың алдын алуға бағытталған жобалар.

— Астана – Қазақстанның саяси, мәдени, іскер орталығы, әлемдегі ең жас және тез дамып келе жатқан бас қалалардың бірі. Сол себептен, біз Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмаларын ескере отырып Астананы жемісті, жаһандық қалаға айналдыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Әлемдік сын-тегеуріндерді есепке ала отырып, жалпы елдің ғана емес, тұтас макроөңірлердегі экономиканың дамуына белгілі салалардың емес, осындай мегаполистердің ықпалы зор екенін байқаймыз. Капиталға, талант пен нарыққа деген жоғары бәсекелестік байқалған тұста экономиканы басқаша жасау қажет әрі қалалық басқару саясатын өзгерткен жөн. Нәтижесінде ең жақсы жағдай жасаған қалалар ғана жеңіске жетеді, — деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Өткен жылдың соңында әкімдік 2020 жылға дейінгі қаланың даму бағдарламасын әзірлеген болатын. Бағдарлама негізгі екі мақсатқа бағытталған: қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және Астананы ғаламдық жемісті «ақылды» қалаға айналдыру.

БҰҰ даму бағдарламасына сай тұрақты дамуды қамтамасыз ететін 17 мақсат айқындалды. Солардың бірі – қол жетімді баспана, қауіпсіз көлік, урбанизация, табиғат және мәдениет ескерткіштері, халықты қорғау, ауаның сапасы, жасыл желек, «қала мен қала маңының байлалысы», климаттың өзгеруіне әсер етуді жеңілдету, жасыл құрылыс сынды 10 тапсырманы қамтитын қаланы орнықты дамыту.

БҰҰ даму бағдарламасы да бірқатар ұсыныстар жасады. Солардың маңыздысы – орнықты қала. Бағдарлама Қазақстанның 15 қаласында Елорда инфрақұрылымына жеке инвесторларды тартуға бағытталған қаржы инструментін құру. Бұл тізімге республиканың ірі және шағын қалалары: Астана, Шымкент, Қостанай, Лисаковск, Теміртау және т.б. өңірлер еніп отыр.
Әрі қарай

ЭКСПО кезінде Елорда хостелдері 4 мың туристі қабылдауға дайын

Биылғы жазда Елорданың 92 хостелі келушілерді қарсы алуға дайын. Оның 56-ы ЭКСПО көрмесі қарсаңында арнайы ашылды, деп мәлімдеді әкімдіктің медиа орталық тілшісіне «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-нің бас менеджері Марат Әлмағанбетов.

Қаладағы хостелдердің басым бөлігі бестен жиырма орынға арналған нөмірлерді ұсынып отыр. Тәуліктік бағалары үш мыңнан бес мың теңге аралығында. Кейбір хостелдерде екі орындық бөлмелер бар, алайда, бағалары да сәйкесінше жоғары, жеті мыңнан басталады.

Марат Әлмағанбетовтің айтуынша, хостелдердің стандарттық қызметтерден басқа да артықшылықтары бар. Ол — Елорданың көрікті жерлеріне жақын орналасуы, яғни Есілдің сол жағалауында. Қонақтардың ЭКСПО көрме орталығына тез жетуге де мүмкіндіктері мол.

«Жыл басынан бері халықаралық көрмеге орай 56 жаңа хостел ашылды. Қазақстан мен шетелден келетін меймандар үшін онда тұрақтау қолайлы әрі жайлы болады», — деп санайды М.Әлмағанбетов.

Бас менеджердің айтуынша, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-нде қаладағы барлық хостелдер туралы ақпарат бар: орналасқан жері, орынның бағасы, көрсетілетін қызметтер және т.б. Қажет болған жағдайда «Конвеншн Бюро» мамандары тұратын жерді тауып бере алады.

Туристер Астана әкімдігінің брондау бөліміне 87751167174, 8-777-772-05-06 және қалалық 8(7172) 27-78-15, 8(7172) 27-78-21 нөмірлері бойынша, сондай-ақ, сall-орталықтың 8-800-080-38-38 нөміріне хабарласып мәлімет ала алады.
Әрі қарай

Елордада Астаналық экономикалық форум басталды

Астана жаңалықтары: Елордада Астаналық экономикалық форум басталды

15 маусым күні Тәуелсіздік сарайында «Жаңа энергия – жаңа экономика» тақырыбында Х Астаналық экономикалық форум басталды.

— Сіздерді Астаналық форумда көргеніме қуаныштымын. Біз осымен 10-шы рет жиналып жатырмыз. Биыл «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуімен тұспа-тұс келді. Осы уақыт аралығында біздің форум абыройын асқақтатты, өзекті мәселелерді талқылайтын алаңға айналды. Астаналық форум жұмысы оған қатысушыларға бігінгі уақыт талабына жауап табуға септігін тигізетініне сенеміз. Қазақстан Үкіметіне осы жерде көтерілетін сұрақтар аса маңызды. Біз бірлесе жұмыс істеуге, мәселелерді бірігіп шешуге дайынбыз, — деді ҚР Премьер министрі Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан – елдің жүйелі диагностикасы» сессиясының ашылуында.

Екі күн ішінде форум алаңында 40 панельді сессия өтеді, оған 100 елден 4 395 адам қатысады.

«Болашақтың ақылды және тұрақты қалалары» арнайы сессиясы кезінде Астана қаласы әкімдігі мен БҰҰ Қазақстандағы даму бағдарламасы арасында меморандумға қол қойылады. Меморандум тараптарға «ақылды қала» технологиясын енгізу арқылы қалалық шаруашылықтың тұрақты дамуына көшуді қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асыруға жағдай жасайды.

Астаналық экономикалық форум еуразиялық алаң болып табылады. Жылда Астанада Орталық Азия аумағының, сондай-ақ барлық әлемнің ғаламдық экономиканың өзгеруі жағдайында экономикалық даму мәселелерін талқылау үшін әлемдік экономикалық қауымдастықтың өкілдері, мемлекеттердің бұрынғы және бүгінгі басшылары, Нобель сыйлықтарының лауреаттары, ғылым әлемінің белгілі тұлғалары, кәсіпкерлер жиналады. Жыл сайын АЭФ-қа 80 елден 5 мыңнан астам адам қатысады
Әрі қарай

ЭКСПО-ға туристер көп келетін күндер белгілі болды

Көрмені өткізу аясында туристер ең көп келетін 17 күн анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

-Көрмені өткізу кезінде 17 күнде келушілер саны көп болады. Бұл ауқымды мәдени бұқаралық шаралар өтетін күндер. Дәлірек айтсақ, Еуразиялық медиа форум, Димаш Құдайбергеновтың концерті, ТМД елдерінің ең үздік командаларының қатысуымен КВН ойындары өтеді. Әрине, осы күндері туристер легі көп болатыны сөзсіз, — деді медиа орталық тілшісіне берген сұхбатында «Астана Конвенш Бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков.

Ол Астанада ЭКСПО-ның ашылғанына аз күн өтсе де туристер легі тұрақты екенін атап өтті.

-Қай елдерден екенін нақты айта алмаймын. Бұл шекара қызметіне қойылатын сұрақ. Белгілісі, бес күн ішінде 10 мыңнан астам турист келді. Ал соңғы екі күндегі нақты санды айтсам – 5670 турист. Бұл 180 қонақ үйден алынған мәлімет. Дегенмен, қонақ үйлер мен хостелдерде бос орындар жеткілікті. ЭКСПО көрмесі енді басталды, сол себептен, алдағы уақытта туристердің ағынын күтеміз, — деді ол.

А.Адамбековтің айтуынша, қазіргі таңда Елордада 197 қонақ үй мен 91 хостел бар. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтарын орналастыратын 18 жатақхана қарастырылған. Олардың тәуліктік бағасы екі мыңнан бес мың теңгеге дейін.Жатақхана орындарын брондау үшін 8 (717 2) 277-815 немесе 8 777 772 05 06 ұялы байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.

Бұдан бөлек, ЭКСПО меймандарына Елорданың әр аудандарынан 10 мың қолайлы пәтер дайындалды.
Әрі қарай

Әсет Исекешев Осака қаласының мэрімен ынтымақтастық жайындағы мәселелерді талқылады

Астана жаңалықтары: Әсет Исекешев Осака қаласының мэрімен ынтымақтастық жайындағы мәселелерді талқылады

Елорда әкімдігінде қала әкімі Әсет Исекешев Осака қаласының мэрі Ёсимурой Хирофуми бастаған жапон делегациясымен кездесті.

Астана әкімі күн шығыс елінің меймандарын қарсы алып, қос тараптың өзара тиімді ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.

– Астана қаласының медициналық және жедел жәрдем қызметі автомобильдерінің паркі, сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту, логистикалық желіні жетілдіру сынды көптеген бірлескен нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Бұл жапондық тараптың Астананың дамуына қосқан аз ғана үлесі. Сіздің бүгінгі сапарыңыз қалалар арасындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің кепілі боларына сенімдімін, — деді Әсет Исекешев.

Бұдан басқа, көптеген елордалық компаниялар Кайдзен жүйесіне көшуде, дәстүрлі жапон асханасы бар мейрамханалар көптеп ашылуда, ал жапон жекпе-жегінің жанкүйерлері қаланың көптеген спорт залдарында шеберліктерін сынай алады.

Еске салайық, 2015 жылдың 27 қазанында Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэнің қатысуымен Қазақстан-Жапон бизнес форумы өткен болатын. Онда Мемлекет басшысы жапондық іскер топты инвестициялық жобаларға қатысуға шақырды. Маңызды жобалардың бірі ретінде ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі.

– Екі елдің арасын байланыстыратын тағы бір дәлел – бұл біздің бейбіт қатар өмір сүрудегі ортақ ұстанымыз және мемлекеттер арасындағы ықпалдастық. Жапония мен Қазақстан арасын ядролық қару мәселелері бойынша өзара түсіністікке негізделген тарихи тәжірибе біріктіретіні сөзсіз, — деді әкім Осака қаласының мэріне.

Бұдан басқа, қала әкімі Астана мен Осака арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға қызығушылық танытып, Осакада тұрғызылған жасанды арал үстіндегі «Кансаи» халықаралық әуежайы сынды қала құрылысындағы шешімдер бойынша тәжірибе алмасуға шақырды.

Әсіресе, туризм индустриясын дамыту бойынша ықпалдастыққа аса көңіл бөлінді әрі Осака қаласындағы тарихи бекініс сияқты Астанада да көрікті жерлер құру мәселесі, Universal Studio көңіл көтеру паркі, келушілер арасында аса танымалдыққа ие «Каюкан» океанариум сынды ерекше жобалар мәселесі талқыланды.

– Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу қаладағы инфрақұрылымды одан әрі дамытуға ықпал етеді, «жасыл» экономикаға көшуге мүмкіндік ашады, сондай-ақ, жалпы елдің экономикасы үшін қуатты мультипликативті нәтиже береді. Осындай маңызды шараның өткізілуі біздің екі тарапты ықпалдастығымыздың тарихына жаңа серпін беріп, қалалар арасын барлық тараптан жақындастыра түсетініне кәміл сенемін, — деді әкім.
Әрі қарай

Орталық саябақта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа жаттығу құрылғылары пайда болды

Астана жаңалықтары: Орталық саябақта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа жаттығу құрылғылары пайда болды

Есту қабілеті төмен жандар қазақ қоғамының бастамасымен Астана қаласының орталық саябағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттығу құрылғыларымен толықты. Енді мүгедек адамдар таза ауада бос уақыттарын жаттығу жасап, пайдалы өткізе алады.

Естеріңізге салайық, 12 мамыр күні Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевпен кездесу жиынында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қалада жаттығу құрылғыларын орнатуға уәде берген болатын. Міне, сол уәделерінде тұрып, жоспарларын жүзеге асырды.

Айта кету керек, жаттығу құрылғылары елордалық есту және сөйлеу қабілеттері төмен қоғамы мүшелерінің қолдарымен жасалған. Бұл сыйлықты тарту етудегі мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бұқаралық спортты дамыту, дейді жақсылық жасаған жандар.

— Мүгедектік – бұл үкім емес, өз ағзаларын қалпына келтіруге талпынғандар үшін тіпті өмірінің соңы емес. Сенімділік пен өмір сүруге деген құлшынысы бар мүмкіндігі шектеулі жандарға спортпен шұғылдануға мүмкіндік те мол, — деп санайды мамандар.

Функционалдық жағынан бұл құрылғылар әдеттегіден еш кем емес, тек айырмашылығы сол ерекше тағдыр иелеріне икемделіп жасалған. Осындай құрылғылармен шұғылдану төзімді болуға, күш-қуатыңды арттыруға әрі өз-өзіңе деген сенімділікке жетелейді.

Мұндай спорттық алаңдар арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа мүдделес достармен танысуға мүмкіндік беріп, салауатты өмір салтын берік ұстануға ықпал етері сөзсіз. Мәдениет және демалыс саябақтары мен аула алаңдарында да осынай құрылғыларды орнату аса қажет әрі өзекті. Жаттығу құрылғылары орталық саябақтағы теннис кортының маңында орнатылды әрі олармен шұғылдану тегін.
Әрі қарай

Елордада кітап сүйгіш оқырманның кезекті кездесуі өтті

Астана жаңалықтары: Елордада кітап сүйгіш оқырманның кезекті кездесуі өтті

Астанада Bookdating жобасының төртінші кездесуі өтті. Шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Мұндай шаралар ай сайын Multispace коворкингінде жаңа тұлғалардың қатысуымен өткізіледі. Бұл жолы жиналғандар алдында қалалық Astana Invest инвестицияларды дамыту орталығы бас директорының орынбасары Тілектес Адамбеков, саяхатшы Қуат Болатов және белгілі алматылық блогер Ержан Рашев сөз сөйледі.

Жобаның басты мақсаты – жас буынды өмірі өнегелі адамдармен таныстыру. Сонымен қатар, қонақтар олардың жетістіктері мен табыстары туралы сұрап білді, пікір алмасып, қызықтырған сұрақтарын қойды.

Әр қатысушы жиналғандарға өздері сүйіп оқитын үш кітапты ұсынды. Олардың ішінде Абай Құнанбаев, Грег Мортенсон, Александр Бек, Ермек Тұрсынов және басқалардың кітаптары бар.

Қатысушылар өз ойларын білдіріп, көрермендерге жеке өмір тарихтары туралы айта отырып, осындай кездесулердің интернет жауабын бере алмайтын өмірлік жағдайларда қандай шешім шығаруға септігін тигізетінін дәлелдегендей.
Әрі қарай

Талдыкөл көлі астаналықтардың демалыс орнына айналады


Су қоймасындағы тазалау жұмыстары толығымен жағымсыз иісті жойып, аққулар мекеніне айналды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа-орталығы тілшісіне коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Талдыкөлді тазалау жобасы ерекше тәжірибе болды, деп санайды басқарма мамандары. Алғаш рет елімізде жағымсыз иісі бар көл кіршіксіз тазаланып, құстар қайтып оралған орынға айналды.

Қазақстан ТМД елдері ішінде ағынды суларды тазалау бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді қолданған алғашқы ел.

Су тазалаудың классикалық технологиясы бірнеше кезеңнен тұрады: механикалық, биологиялық, флотофильтрация, ультракүлгін, залалсыздандыру.Барлық кезеңнен кейін мөлдір залалсыздандырылған су Есілге құйылады.

Жер жұмыстары мен су түбіндегі сазды сору жұмыстарын коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен «Алсим Аларко» ЖШС жүргізуде.

Екі жыл бұрын Талдыкөлге қалдық суларды құю тоқтатылды. Елорда басшылығы аумақты қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстарын бастап, ағынды су жинақтаушыны ретке келтіру мәселесін шешті.

Жер жұмыстары 3 кезеңмен жүргізілуде. Бес балшық сорғыш кеме түбін тереңдету жұмыстарын жүзеге асыруда. Қазіргі таңда көл түбінен алынған құрғатылған соркәдімгі топырақпен араластырылып, қайта қалпына келтіру жұмыстарына пайдаланылуда,

Қазір көл көлемінің табиғи шекарасын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде, су айдынының ауданы 4 есе кішірейеді – 2 мыңнан 450 гектарға дейін.

Екі жылдан кейін ағынды су ауданын көріктендіру және аббатандыру жоспарланған. Бұл Талдыкөлді тұрғындардың уақытын өткізетін орынға айналдырады.
Әрі қарай

Астанада қолданбалы урбанистика бойынша семинар өтті

Астанада урбанистика орталығының бастамасымен қала тіршілігін жақсартуға және жекелеген аумақтарды зерттеп, регенерациялау мәселелері бойынша екі күндік семинар өтті.

Семинарда Ресей қалаларын зерттеп жүрген урбанист Святослав Мурунов дәріс оқыды. Жиынға урбанистер, қала белсенділері, профессорлар, сараптамалық қоғамдастық өкілдері мен тұрғындар қатысы. Бес сағатқа созылған сессия барысында көптеген жаңа мағлұматтар айтылды. Айталық, посткеңестік қалалар қандай қиындықтарға тап болуда, постиндустриалды қалалар қайдан пайда болады, мәдени кодтардың шифрын шешу жолдары қандай сынды өзекті мәселелер талқыланды.

— Ең жақсы қала деп сол шаһардың тіршілігіне бей-жай қарамайтын халқы бар қаланы атаймыз. Қалалық қоғамдастықтар мен креативті кластар – постиндустриалды қаланың қарапайым ғана бөлігі, аталған сұраныстардың генераторы іспетті. Сол себептен семинардың негізгі бөлігі осы мәселелерге бағытталды, — дейді урбанистика орталығы басшысының орынбасары Асхат Садуов.

Қала құрылысындағы әлемдік тәжірибенің негізгі бағыттарының бірі – қаланы зерттеу. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, осы тақырыпқа арналған лекция ерекше маңызға ие болды.Святослав Мурунов үш қабатты авторлық қала үлгісі жайында кеңінен әңгімелеп, қаланы зерттеу технологиясы бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Сондай-ақ, семинар барысында қатысушылар дала зерттеулері үшін қалаға шығып, қоршаған ортаның картасын жасады, қоғамдық кеңістіктің әлеуеті мен аномалиясын анықтады. Тыңдаушылар назарына қалалық қоғамдастықың үлгілері, өзара байланысы мен даму құралдары ұсынылды.
Әрі қарай