Жарияланымдар

Астана күніне арналған «Еңселі елім, байтағым!» жастар байқауы өтеді

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Астана күніне орай «Еңселі елім, байтағым» атты Астана жастарының арасында рухани байқау өткізеді.Байқауға 16-30 жас аралығындағы азаматтар, шығармашылық топтар қатыса алады.

Байқау мынадай номинациялар бойынша өткізіледі: «Үздік поэзия», «Үздік блог-пост», «Үздік дизайнерлік жұмыс» (сәулет, сурет, композиция), «Үздік қолөнер бұйымдары» (әшекей бұйымдар, кәдесыйлар), «Үздік интернет канал» (арнайы түсірілген бейне материалдар),«Үздік мақала».

Аталған байқауға ұсынылатын материалдар 2017 жылғы 27 (қоса есептегенде) маусымға дейін қабылданады.Сарапшылар тобы 28-30 маусым аралығында жұмыстарды іріктеп, бағалайды және үздіктерді анықтайды.

Жұмыстар www.BaikauTDB@mai.ru электронды мекенжайына жолдану қажет.

Номинация шарттары жайлы мәліметтермен www.astanafm.kz cайты арқылы танысуға болады.

Марапаттау кеші арнайы фуршеттік ортада, қонақтар мен қатысушылардың коммуникативтік формат ұстануына негізделеді. Сондай-ақ, шағын концерттік бағдарлама және әр номинация бойынша үміткерлердің жұмыстары, еңбектері жайлы әзірленген бейнесюжеттер көрсетілетін болады. Қызығушылық білдірген БАҚ өкілдерін іс-шараға қатысуға шақырады.

«Еңселі елім, байтағым» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 3 шілде, 16:00-де «Тілеп» қобыз сарайында өтеді. (Керей, Жәнібек хандар к-сі, 18)
Әрі қарай

Астана билігіне жиі қойылатын сұрақтар

Астана билігі тұрғындар арасында жиі қойылатын сұрақтары бойынша мониторинг жүргізді.
Жиі қойылатын сұрақтарды және оларға жауаптарды мына сілтемеден қарай аласыздар: Қосымша.doc
Әрі қарай

Елордада асық атудан қала чемпионаты өтті

Астана жаңалықтары: Елордада асық атудан қала чемпионаты өтті

Ұлдар мен қыздар арасындағы жарыста «Жігер» спорт клубының командасы чемпион атанды.

Клубтың атынан 10 ойыншы қатысты. Қыздар арасында Қуанова Аружан, Даниярова Кәмила және Бекмахан Жайна, ұлдардан – Серік Ернар, Мыңтөре Нұрбақыт, Серік Досжан ептілік танытып, үздік атанды.

Ал күміс жүлдені ұлдар арасында №2 мектеп-гимназияның командасы еншілесе, №24 орта мектептің оқушылары қоланы қанағат тұтты. Қыздар арасында №18 мектептің командасы – үшінші орында.
Әрі қарай

Астанада үздік мемлекет қызметкерлері марапатталды

Астана жаңалықтары: Астанада үздік мемлекет қызметкерлері марапатталды

Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мұрындық болуымен Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік шарада «Қазақстан Республикасы үздік мемлекеттік қызметкері» республикалық конкурсына белсенді түрде қатысып және еліміздің тұрақты дамуы мен мемлекеттік қызмет беделін көтеруге қосып жүрген үлесі үшін бірқатар мемлекеттік органдар қызметшілеріне Агенттік төрағасының марапаттаулары табыс етілді.

Мрапатталғандар ішінде Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов, Есіл ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Русланбек Койбаков, Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев, Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім басшысы Самал Күлбатырова, сондай-ақ Агенттіктің Алғыс хатымен Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Динара Омарова, Астана қаласының Энергетика басқармасының бөлім басшысы Мақсат Есмағұлов, Астана қаласының Энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев марапатталды.

Атап өтейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсанындағы №716 Қаулысымен 23 маусым мемлекеттік қызметкерлер күні болып бекітілді.

Сонымен қатар Агенттіктің Астана қаласындағы департаментінің Алғыс хаттарымен Астана қаласы әкімдігінің өкілдерінен бөлек, әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың 34 қызметкері марапатталды.

Осылайша ведомство мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыруды көздейді. Бұл осы сала қызметкерлерінің рөлін жоғарылататыны сөзсіз.
Әрі қарай

Пластикалық жол жүру билеттерінің теңгерімін банк карталары арқылы толықтыруға болады


Жүйе жыл аяғына дейін енгізіледі.

Бұл жайында «Астана LRT төлем жүйесі орталығы» ЖШС маркетологы Ахметжан Далиев Елордалық әкімдіктің медиа-орталығына берген сұхбатында мәлімдеді. Қазіргі таңда пластикалық жол жүру билетінің есебін толтыру арнайы терминалдар арқылы ғана жүргізіледі. Алайда, терминал артық ақшаны қайтарып бере алмай жатады, бұл өз кезегінде жолаушылардың келеңсіздіктерге тап болуына әкеліп соғады.

«Біздің инженерлер шынайы уақыт аралығында автоматтарды қарап отырады. Артық ақша аяқтала басталысымен, біз бірден автоматты блокка қоямыз, осы аралықта қолданушы автоматты пайдалана алмайды. Алайда, бір немесе бір жарым сағаттың ішінде инженерлер автоматтарды қайтадан толықтырады. Жыл аяғына дейін бұл проблема толық шешіледі, Астра карточкаларын банк карталары арқылы толтыру мүмкіндігі пайда болмақ», — деді А. Далиев.

Сұхбат берушінің айтуынша, қазірге дейін 30 мыңнан астам пастикалық жол жүру билеті сатылған. Астраның жеңілдік карталарын 66 мың тұрғын, оқушыларға арналған карталарды – 160 мың адам пайдалануда. Елордада оларға қызмет көрсету үшін 37 автомат пен 7 арнайы касса жұмыс істейді.
Әрі қарай

Астанада қазақстандық полицияның 25 жылдығы аталып өтілді

Астана жаңалықтары: Астанада қазақстандық полицияның 25 жылдығы аталып өтілді

22 маусым күні Астана қаласының Ішкі істер департаментінде елордалық үздік полицейлерді мемлекеттік марапаттармен ұлықтау және ресми салатанатты шара өтті. Қаланың ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров қызметкерлерді құттықтады.

— Ширек ғасыр ішінде Қазақстан полициясы қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қорғанына айналды. Азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуде берік іргетас қаланды. Тиімді нормативті-құқықтық база құрылды. Ішкі істер минисртлігі мен әкімдіктің департаментке көрсетіп жатқан барлық қолдауының арқасында жыл сайын елорда полициясының әлеуметтік қамтамасыз етілуі нығаюда. Мен астаналық полицейлердің бас қалада құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ары қарай да қызметін лайықты атқаратындарына сенімдімін, — деді ол.

Астана қаласының үздік полицейлеріне мереке орай құрметті марапаттар табысталды: «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісі, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі, «Ішкі істер органдарынын үздігі» ІІ деңгейлі төсбелгісі, Қазақстан Республикасыынң ІІД алғыс хаттары мен грамоталары табысталды.

Айта кетейік, тәуелсіздіктің 25 жылдығында елорданың 8 полиция қызметкері қызметтік міндетін өтеуде көз жұмды. 20 тәртіп сақшысы оқпен, пышақпен жарақаттанды. Олардың барлығы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің Жарлығымен «Айбын», «Ерлігі үшін» мемлекеттік медаліне ұсынылды.

Бүгінгі таңда Астана қаласының Ішкі істер департаменті мықты кадрлық құраммен жасақталған және заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуында жұмыс істеген елордалық полицейлердің еңбегін ерекше атап өткен болатын.

2017 жылдың мамыр айында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ІІД жас қызметкерлеріне арналып жатақхана ашылды. Қазақстандық полиция қызметкерлері күні қарсаңында қала әкімдігі 100-ге жуық қызметтік көлікпен қамтамасыз етті.
Әрі қарай

Астанада тұңғыш рет «Ассамблея аруы - 2017» байқауы өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада тұңғыш рет «Ассамблея аруы - 2017» байқауы өтеді

23 маусым күні сағат 19:00-де Астанада тұңғыш рет этномәдени бірлестік өкілдерінің арасында «Ассамблея аруы — 2017» байқауы өтеді. Шырайлы шара қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылуда.

Байқауға ҚР Парламенті мен Астана қаласының депутаттары, мемлекеттік органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық қалыптастыру, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысады деп күтілуде.

Байқаудың мақсаты – жастарды заманауи эстетикалық және өнегелі құндылықтарға баулу, түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерімен таныстыру, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін жетілдіру.

Шара бағдарламасы бойынша қатысушылар өздерін таныстырады, ұлттық киімдер мен кешкі сәнді көйлектер шеруі ұйымдастырылады, үміткерлер шығармашылық қырларын көрсетіп, жеке стильдерін ұсынады әрі сұхбат жүргізіледі.

Байқау мына мекен-жай бойынша: Шұбар ш.а., Космонавтов к., 60, конференция залы Komfort Hotel мейманханасы. Барлық келем деушілерге есік ашық.
Әрі қарай

Астанада Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласы талқыланды

Астана жаңалықтары: Астанада Елбасының Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру мақаласы талқыланды

2017 жылдың 21 маусымында Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Ұлы даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Іс – шараның ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты және ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Кітапханасы ұйымдастырды.

Конференцияға Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өбекстан елдерінің танымал тарихшы — ғалымдары, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Мемлекет тарихы институтының ғалымдары, жоғары оқу орындарының ғылым қызметкерлері қатысты.

— Бүгінгі іс-шара Елбасымыздың озық идеялары және бастамаларын іске асыратын Назарбаев орталығында өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Біз үлкен өзгерістер заманы, еліміздің тарихы бетбұрыс кезеңінде өмір сүрудеміз. Бүгін Қазақстан мемлекет пен қоғамның жұмыс істеу негіздерін жаңғыртуға бағытталған реформаларды жүзеге асыруда. Экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларда ауқымды қайта құрылымдау жүріп жатыр. Өзекті экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жаңа идеялар мен тәсілдер ұсынылуда. Президент жүктеген жаңғырту тақырыбы бойынша жаңа міндеттерді ең алдымен ғылыми тұрғыдан түсіну қажет. Конференция барысында күн тәртібіне қойылған өзекті мәселелер талқыланды, — дейді ҚР Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов.

Конференция Пленарлық мәжілістен және «Тарихи контекстідегі Қазақстанның жаңғыру әлеуеті» және «Қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту аясындағы тарихи сана» атты екі секциядан тұрды.

Кездесу барысында Қазақстандағы тарих ғылымының міндеттері, ұлттық код және оның қоғамдық сананы жаңғыртудағы маңызы, қазіргі гуманитарлық ғылымдағы өлкетанудың рөлі мәселелері талқыланды.
Әрі қарай

Smile Astana байқауының жеңімпаздары анықталды

Астана жаңалықтары: Smile Astana байқауының жеңімпаздары анықталды

19 маусым күні «Smile Astana» жобасын іске асыру шеңберінде «Күміс күлкі, бақытты бейне» ең үздік фотография немесе эскиз-идея байқауы «Бақытты бейне, күміс күлкі» байқауының онлайн дауыс беру аяқталды.

Нәтижесінде guzya_kaldybekova 37,4% дауыс жинап, жеңімпаз атанды. Zhanar_notes 34,6% жинаса, yergalieva_aigerim – 18,9%, mikatumen – 9,1%.
Әрі қарай