Жарияланымдар

«Астананың ақкөңілділер клубы» қарттар мен ерекше күтімді қажет ететін балаларды ЭКСПО көрмесіне апарды

Бүгінде ғаламтор желісінде «Астананың ақкөңілділер клубы» деген атаумен танылған қайырымдылық қозғалысының мүшелері қарттар үйінің тұрғындары мен ерекше күтімді қажет ететін балаларды ЭКСПО көрмесіне апарып, экскурсия өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Қарттар үйінің 60 тұрғыны мен ерекше күтімді қажет ететін 15 баланы ЭКСПО көрмесіне әкеліп, экскурсия өткіздік. Ата-әжелеріміз бен балалардың қуанышын айтып жеткізу мүмкін емес», — дейді «Астананың ақкөңілдер клубының» негізін қалаушы Гүлмира Абдрашева.

Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі ірі қозғалысқа айналған аталмыш клуб алты қалада жұмыс істейді. Қозғалыс мүшелері-еріктілеріне қойылатын басты шарт жақын кенттерді қамқорлыққа алып, сол жердің тұрғындарымен жұмыс істеу.

«Астананың ақкөңілдер клубы» елорда маңындағы бірқатар ауылдарды қамқорлыққа алды. Атап айтқанда, Атбасар қаласы, Колотун, Семеновка ауылдары бар. Жақында олардың қатарына Новоишимовка ауылы қосылды», — деді Г.Абдрашева.

Айта кететіні,«Астананың ақкөңілдер клубы» әлеуемттік аз қамтылған отбасылардан бөлек, бүгінде қараусыз қалаған жануарлар мәселесі, қаланың санитарлық тазалығына қатысты бастама көтеріп, нақты жұмыстар істеп келеді.
Әрі қарай

Астанада Қостанай облысының ауыл шаруашылық жəрмеңкесі өтуде

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясында демалыс күндері тауарөндірушілердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілуде.

Қала тұрғындары мен қонақтарына бұл жолы Қостанай облысының тауарөндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Осылайша азық-түлік өнімдерінің түрімен және баға саясатын білу мақсатында қала әкімі Әсет Исекешев жәрмеңкеге барды. Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов Астана қаласының әкімін өңірдің ауылшаруашылық секторымен таныстырды"

Шара бағдарламасында отандық ауылшаруашылық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ауылшаруашылық кешеннің жетістіктері көрсетілді.

Қостанай облысы әкімдігінің мәліметтері бойынша, екі күн бойы облыстың 3 қаласынан, 11 ауданнан 50-ден астам кәсіпорын ауылшаруашылық өнімін сатуда. Атап айтқанда: Алтынсарин, Әулиекөл, Жітіқара, Қостанай, Қамысты, Қарабалық, Мендіқара, Наурызым, Таранов, Федоров, Ұзынкөл аудандары, Аркалық, Рудный, Қостанай қалалары.

Жалпы 650 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері – 33 т, сүт өнімдері – 90 т, шұжық және еттің жартылай дайын өнімдері – 59 т, жарма және макарон өнімдері – 72 т, нан және тоқаш өнімдері – 70 т, ұн – 93 т, 72 мыңнан астам дана жұмыртқа.

Азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрі ұсынылады.

Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін жәрмеңкеде базардың бағасынан төмен сомаға сатып ала алады.
Әрі қарай

Кәсіпкер әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тегін оқытады

Астана жаңалықтары: Кәсіпкер әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тегін оқытады

Әлеуметтік кәсіпкер, «Green tal» шеберханасының жетекшісі Эмин Әскеров әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тігін және ағаш цехтарында оқытып, үздіктерін жұмысқа қабылдайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«Әлеуметтік жоба аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тігін және ағаш цехтарында оқытып, үздік мамандарды жұмысқа қабылдаймыз. Екі жылдың ішінде шамамен 150-ге жуық азаматты оқытып, оның 20-ға жуығын әлеуметтік щеберханаға жұмысқа қабылдадық», — дейді кәсіпкер Эмин Әскеров.

«Green tal» шеберханасының жетекшісі Эмин Әскеров әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды оқытып, үздіктерін жұмысқа алады.

«Сонымен қатар алғаш рет менталды ауытқуы бар азаматтарды оқытып бастадық. Оның үшеуі тұрақты жұмыс тапты. Жақын күндері тағы біреуі орналасады. Менталды ауытқуы бар 90-нан астам адам жұмыс кезегінде тұр», — деді «Green tal» шеберханасының жетекшісі.

Аталған шеберхана кез келген әлеуметтік аз қамтылған әлсіз топқа жататын азамттарды тегін оқытуға дайын. Үш топтағы мүгедектер, көп балалы аналар, есту және сөйлеу қабылеті төмен және жетімдер үйінің түлектерінің шеберханадан кәсіп меңгеріп, әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

Шеберxана басшыларымен байланыс орнату үшін:

«Green tal» Эмин Аскеров, мекенжай: 187 көше, 21 үй, Green TAL әлеуметтік шеберxанасы
Әрі қарай

Астаналық әкімдік азық-түлік бағасын бақылауда

28 шілде-6 тамыз аралығында жасалған бақылаудың нәтижесі бойынша, қырыққабат (22,0%), картоп (9,4%), жұмыртқа (0,7%) бағасы айтарлықтай төмендеген.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының индексі ай басынан 97,4%құрайды, жыл басынан 108,5%.

«Кеңмарт» СО және «Астықжан» СО ағымдағы жылдың соңына дейін тауардың 10 санаты бойынша азық-түліктің 67 өніміне өз бағаларын бекітті: (тауық еті, сүт өнімдері, гастрономия, тәтті сусындар, жартылай фабрикат өнімдері, сұйық май, нан және тоқаш өнімдері).

Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында тексеру жүргізілуде. Қанттың бағасы 260 тг/кг болып бекітілген.

«Астықжан», «Кеңмарт», «Магнум», «Шапағат», «Апрель», «А2» желісі, «Встреча», «Алма» супермаркеті, «5 минут» сауда жүйесі секілді 33 сауда нысанында азық-түлік өнімдері іске асырылады

Қала билігі қаладағы «Астықжан», «Магнум» және «Шапағат» сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын қатаң бақылауда.

2017 жылдың наурыз айынан 32 өңіраралық жәрмеңке өткізілді, онда 12 мыңнан астам азық-түлік өнімі сатылды.

5-6 тамызда «Қазақстан» спорт кешенінің көлік тұрағы аумағында Қостанай және Атырау облыстарының жәрмеңкесі өтеді.
Әрі қарай

Астанада кәсіби бокс кеші өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада кәсіби бокс кеші өтеді
9 қыркүйекте «Сарыарқа» велотрегінде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған кәсіби бокс кеші өтеді. Көптен күттірген бокс кеші өтпек, атап айтқанда бокс саңлақтары Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасында жекпе-жек өтеді.

Кештің басты айқасында қарсыластар 1-ші орта салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental және WBO-NABO версиясы бойынша титулға өзара бақталасады. Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта біздің еліміздің мақтанышы, бокс саңлағы – Қанат Ислам — бұл титулдардың иегері.

Рингте танымал қазақстандық боксшылардың қатысуымен 8 жекпе-жек өтеді. Олардың ішінде — Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Али Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Руслан Жаңайбаев сынды мықты спортшылар бар.
Бүгін, 4 тамызда Қанат Ислам, Жанқош Тұраров және Нұрсұлтан Жаңайбаев жаттықтырушылардың делегациясымен Нельсон Лопестің басшылығымен Алматыдан Астана қаласына келеді.

Кәсіби бокс кешінің Бас серіктесі – ҚР мәдениет және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры, Астана қ. әкімдігі, ZHERSU” инвестициялық өндірістік корпорациясы, «QAZAQ Promoutions» және «Nelson Promotions» промоутерлік компаниялары.
Әрі қарай

Қостанайлықтар Астанаға өз өнімін әкеледі

5-6 тамызда сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін «Қазақстан» спорт кешенінің аумағында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Азық-түлік өнімдері Қостанай облысының 3 қаласынан, 11 ауданы мен 50 кәсіпорнынан әкелінеді.

Жалпы 650 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері – 33 т, сүт өнімдері – 90 т, шұжық және еттің жартылай дайын өнімдері – 59 т, жарма және макарон өнімдері – 52 т, нан және тоқаш өнімдері – 57 т, ұн – 93 т, 2000-нан астам жұмыртқа.

Азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрі ұсынылады.

Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін жәрмеңкеде базардың бағасынан төмен сомаға сатып ала алады.
Әрі қарай

Астанада "Парыз" флешмобы өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Парыз флешмобы өтті

Елордалық «Promenade Expo» ТК-нің аумағында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының 10 жылдығына арналған флешмоб өтті.

Өткен жылдың жеңімпазы «Bi Holding» ЖШС және «Астана жастары» КММ еріктілері тұрғын үй бөлігінің бірінде аталмыш шараны өткізді.
Әрі қарай

Астанада латынша басылған кітаптардың көрмесі өтеді

4 тамызда сағат 14.00-де «MEGA Silk Way» ОСО-да «Qazaq kitaptary 1929-1940» шарасы өтеді.

Көрмеде 1929-1940 жж. аралығында латынша басылған оқулықтар, көркем және шетел әдебиеті, мерзімді басылымдар ұсынылатын болады.

— Қазақ тілі үшін латын қаріпіне көшу қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың бірі, қоғамдық сананы серпіндірудің жолы. Елбасы жыл сайынғы Жолдауында біздің қаріпімізді латын қаріпіне 2025 жылға дейін ауыстыру қажет екенін атап өткен болатын, — дейді ұйымдастырушылар.

Естеріңізге салайық, латын қарпі елімізде 1929-1940 жж. аралығында ресми түрде қолданылған болатын. Аталмыш көрме «Men qoldaimyn» бағдарламасы аясында "Қазақстан-2050" жалпықоғамдық қозғалыс пен ҚР Ұлттық академиялық кітапxананың қолдауымен өткізілуде.
Әрі қарай

Ірі қала басшылары Астанада кездеседі

19 және 20 қазанда CREW (Commercial Real Estate Week) коммерциялық жылжымайтын мүлік жылсайынғы аптасының аясында Астанада «CRE Central Asia 2017» жылжымайтын мүлік мәселелері бойынша Орталық-Азия форум өтеді.

Қытай, Сипгапур, Франция, Ұлыбритания, Канада елдерінің жылжымайтын мүлік бойынша халықаралық сарапшылары, құрылысшылар, сәулетшілер, мемлекеттік құрылыс және бизнес қауымдастықтың өкілдері мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын ғана емес, сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу, мейрамхана бизнесін және фуд-рейтелді дамыту мәселелерін талқылап, жылжымайтын мүлік нарығы бойынша статистикалық мәліметтерді ұсынады.

— Шара Тәуелсіздік сарайында Астана қ. әкімдігінің қолдауымен өтеді. Біздің басты мақсатымыз – сарапшылардың тәжірибе алмасуы және жылжымайтын мүлікті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді шешуі үшін келіссөздер алаңын құру, — деді ұйымдастырушылар.

Орталық-Азия өңірінің және Ресейдің ірі қалаларының басшылары кездеседі, бұл кездесу форумның басты оқиғасы болмақ.

Әсет Исекешевтің шақыртуы бойынша Ашхабад, Баку, Қазан, Екатеринбург, Новосібір және Тбилиси сынды қалалардың басшылары елордаға келеді.

Екі күн бойы форум қатысушылары Астана мен Алматыда өткен EXPO 2017, Универсиада (2017) және Азиада (2011) сынды ірі шаралардың инфрақұрылымдық мұрасына арналған мәселелерді талқылайды.

Форум делегаттарын түрлі білім шаралары күтуде: тренингтер, практикалық семинарлар мен шеберлік сабақтар. Форум жыл сайынғы «Commercial Real Estate Awards 2017» жылжымайтын мүлік саласында кәсіби премиясын табыстаумен аяқталады.
Әрі қарай

Астанада Қостанай облысының мәдени күндері өтеді

2017 жылдың 5 – 9 тамызы аралығында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Қостанай облысының күндері өтеді.

Осы күндер аясында Қостанай облысының үздік қайраткерлері өнерін көрсететін Мәдениет күндері ұйымдастырылатын болады: суретшілер, мүсіншілер, қолөнер шеберлері, филармония және театр әртістері, спорттық жарыстар және өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің Жәрмеңкесі.

Қостанай облысы күндері шеңберінде сіздер келесі шараларға куә бола аласыздар:

5 тамызда, 21.30 с. – ЭКСПО амфитеатрында– Қостанай облысы Мәдени күндерінің ашылу салтанаты және өңірдің үздік шығармашылық ұжымдарының Гала-концерті;

6 тамызда, сағат 15.00-ден 20.00-ге дейін – «Қазанат» атшабары — «Шырқар әнім туған өлкем – Қостанай!» концертінде Қостанай облысындағы халық әндерін үздік орындаушылар, сондай-ақ, Елубай Өмірзақов атындағы Облыстық филармониясы шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалауға болады;

6 тамыз күні сағат 18.00-де — Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында – Ілияс Омаров атындағы Облыстық қазақ драма театрының Ыбырай Алтынсаринге арналған «Дала шамшырағы» спектаклі өтеді;

7 тамыз күні сағат 19.00-де – М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрында – облыстық орыс драма театрының Ахмет Байтұрсынов пен оның жұбайы Бәдрисафаға арналған «Любовь и смерть Ақ келін» спектаклін тамашалауға болады;

7 тамызкүні сағат 19.00 –де – Астана қаласының орталық алаңында – «Славянская песня» орыс халық аспаптар оркестрі мен ансамблінің «Музыка-душа народа» вокальдық-поэтикалық бағдарламасын көре аласыздар;

8 тамыз күні сағ 19.00-де — Астана қаласының Орталық алаңында — «Костанайские зори» би ансамблінің «Сиқырлы би әлемі» хореографиялық шолуы болады;

9 тамыз күні сағ.19.00 -де – Астана қаласының Орталық алаңында -Қостанай облысы Мәдени күндерінің жабылу салтанаты, концерттік Big-band пен «Нью-бойс» тобының «Достармен бірге заманауи әуен аясында» джаздық шолуы.

Сонымен қатар,31 шілде мен 9 тамыз аралығында Этноауылдың («Қазанат» атшабары) «Қолөнершілер» секторында Қостанай облысының 20 қолөнер шеберінің «Туған жер құшағында» экспозициялық көрмесі шақырады.

5 және 6 тамыз күндері «Қазанат» атшабарында көріністер көрсетіліп, спорттың ұлттық түрлері бойынша жарыстар өтеді: Қыз қуу, Аударыспақ, Жамбы ату, Тоғызқұмалақ, Қазақ күресі, Аламан бәйге, Құнан бәйге.

Сонымен қатар 5 және 6 тамыз күндері «Қазақстан» спорт кешенінде Қостанай облысының14 ауданы мен қалалары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен Жәрмеңке өтеді, онда шұжық, сүт, кондитерлік, ұн және макарон өнімдерінің түрлері және басқа да өнімдер тауар өндірушілердің бағасымен ұсынылады.
Әрі қарай