Жарияланымдар

Smart Astana аясында Астанада 20 жоба жүзеге асырылады

Астана жаңалықтары: Smart Astana аясында Астанада 20 жоба жүзеге асырылады

Сандық технологиялар көлік, медицина, қаланы басқару, экономика және қоршаған орта және басқа да бағыттарда енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

— Мемлекет басшысы бірнеше рет сандық технологияны, жаңа сала — 4.0. индустриясын дамытуды тапсырды. Сандық жүйеге көшкен дәуірде смарт-шешімдерді енгізбеу мүмкін емес. Smart city – бұл жәй ғана сәндік термин емес, жаңа технологиялар мен сандық шешімдерді өмірдің барлық саласында жүзеге асыру жолы, — делінген қалалық инвестициялар және даму басқармасының хабарламасында.

Smart Astana тұжырымдамасы бірінші кезекте тұрғындардың қажеттілігіне бағытталған және қаланың барлық өмір саласын 6 бағыт бойынша қамтиды: ақылды басқару, ақылды қоғам, ақылды өмір салты, ақылды қоршаған орта, ақылды көлік және ақылды экономика.

— Тұжырымдама аясында трансұлттық компаниялармен және өзге де көптеген CISCO, IBM, Autodesk, Hexagon, Mastercard, OrhitecGISnAp секілді халықаралық ұйымдармен байланыс орнатылған. Бүгінгі таңда 20 жоба анықталып, оларды жүзеге асыру басталды. Бұл — ақылды көше жарықтандыру, бейнебақылау, Smart медицина, Smart мектеп, балаларды балабақшаға автоматты түрде анықтау жүйесі, тұрғынның бірыңғай картасы, е-әкімдік, «Smart Astana», е-Билет, Smart tracking, e-KCK, интеллектуалдық, сараптамалық платформа, — делінген ведомство хабарламасында.
Әрі қарай

Астанада «Денсаулығымызды бірге сақтайық» акциясы басталды

Астана жаңалықтары: Астанада «Денсаулығымызды бірге сақтайық» акциясы басталды

Бүгін Астана қ. әкімдігінің қалалық №2 ауруханасында «Денсаулығымызды бірге сақтайық» акциясы басталды. Акция емделушілер мен медициналық ұйым арасында байланысты жақсартуға бағытталған.

— Медициналық сақтандыруға көшу қарсаңында үлкен дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте біз, яғни дәрігерлер тарапынан емделушілерге қызмет көрсетудің жаңа әдісін ұсынуымыз қажет, ол өз алдына қызмет көрсетудің сапасын жақсартып, қолжетімділікті арттыруы қажет. Сондықтан сақтандыру медицинасы кезінде бұл жұмыс тиімділігін арттыратын негізгі өлшемдердің бірі болуы керек, — деді Астана қ. әкімдігінің қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері Иван Ли.

Ауруханадағы триаж жүйесі (емделушілерді іріктеу) 2,5 ай бұрын ЭКСПО көрмесі басталғанға дейін енгізілген болатын. Осы уақыт аралығында ауруханаға 250-ден астам адам қаралды, оның ішінде шетелдік азаматтар да бар. Емделушілерді қабылдаудың біріншілік жүйесі — жедел, жоспарлы және дәрігерлік көмекке өзіндік жүгіну сынды «іріктеуді» білдіреді.

Айта кетейік, аталмыш триаж жүйесі барлық әлем бойынша енгізілген және тиімді қолданыс үстінде. Көмек көрсетудің бірнеше түрі (ағыны) бар. Қызыл ағын – өміріне қауіп төніп тұрған емделушілерге жедел көмек көрсету, сары ағын – бұнда да жедел көмек көрсетілуі тиіс, дегенмен адам өміріне қауіп төніп тұрмаған жағдайлар, жасыл ағын – емделушіні қабылдау, қажетті жағдайда ауруханаға жатқызу үшін жоспарлы жолдама беру. Бұл кезекті төмендетуге көмектеседі.

— Бұл құрылымдық жүйенің ерекшелігі – кеңселік емес жүйе. Емделуші аурухананың күту залына не қаралу бөлмесіне келген соң, дәрігерлерді қоса алғанда, түрлі медициналық жабдықтар, емделушінің жанына «келеді». Емделуші көмекке жүргіну үшін дәрігерлердің кабинеттерін аралап жүрмейді. Медициналық көмекке зәру, ауырып тұрған емделуші кезекке тұрмайды, — деді бас дәрігер Иван Ли.

Ауруханада арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді, ол онлайн режимінде емделушіге көмек қалай көрсетіліп жатқанын көрсетеді.

Жүйенің артықшылықтары туралы айтқан дәрігердің сөзіне қарағанда, медициналық сараптау емделушілердің тарапынан түсетін шағымдардың азаюына септігін тигізген.

1 тамыздан бастап Астана қаласының барлық медициналық ұйымдарында ұйым басшыларының суреттері бар стендтерді және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беретін ақпараттарды орналастыру жоспарлануда. Кез-келген азамат Call center, WhatsA­pp, Facebook, Instag­ram сынды әлеуметтік қосымшалардың көмегімен өз ұсыныстарын білдіріп, қажетті ақпаратты біле алады.

Аталмыш шара «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» ММ жүргізген бақылауымен медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Әрі қарай

«Бәйтерек» монументінің 150 мыңыншы қонағы - Түменнен келген сәулетші

Астана жаңалықтары: «Бәйтерек» монументінің 150 мыңыншы қонағы - Түменнен келген сәулетші

Астананың бас символы адамдардың келуі бойынша рекорд орнатты, деп хабарланды елордалық әкімдік медиа орталығынан.

Түменнен келген сәулетші Елена Михайлова «Бәйтерек» монументінің 150 мыңыншы қонағы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» монументі күрделі жөндеуден кейін 17 маусымда қайта ашылған болатын. Елорданың жаңартылған символы тек қазақстандықтардың ғана емес, сондай-ақ туристердің де сүйіп баратын жеріне айналды. Таңның атысынан кештің батысына дейін елорданың басты символын қызықтауға келетін адамдардың қарасы көп, ұзын сонар кезек байқалуда.

Елена Михайлованың отбасымен бірге Астана келгеніне небары 3 күн болған. Осы күндер ішінде олар елорданың ең көрікті жерлеріне барып үлгерген, оның ішінде ЭКСПО көрмесін де аралаған. Бүгін олар «Бәйтерек» монументіне барған, осылайша күтпеген жерден елорданың басты символына айналған монументтің 150 мыңыншы билетін сатып алған.

«Астананы қатты көргіміз келді. Астаналарыңызды қызықтауға келдік. Жас болса да ерекше сәулетті шаһарларыңыз көздің жауын алады, көшелеріңіз кең әрі таза, ғимараттар болса қандай әдемі, ЭКСПО көрмесінен алған әсеріміз тіптен керемет», — деді Елена Михайлова.

Оның сөзіне қарағанда, ол Астанаға алғаш рет келіп отыр.

«Біз қаланың сәулетімен таныс болғымыз келді, ұсынылған, шаһарларыңызда бар құрылыс құрылымдарын және жасыл технологияларды көріп, керемет әсер алдық», — деді Е.Михайлова.

«Біз сіздерде үйлердің кіреберістеріне дейін жап-жасыл көшеттердің отырғызылғанын байқадық. Бұл өңірдің экологиясы үшін жақсы. Біз бұны өңірлеріңізде желдің екпіні қатты болған соң жасалып отырған қадам деп түсіндік. Қала жасыл көшеттер мен ағаштарға толы, бұл өз алдына ауа райының жақсаруына алып келуіне септігін тигізеді деп ойлаймыз. Және бұған көз жеткізіп отырмыз», — деді турист.

«Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директоры Санияр Айтекенов алыстан келген қонақты құттықтап, ескерткіш сыйлықтарды табыстап, елімізге қайта келуін тіледі.
Әрі қарай

Астана əкімдігінің барлық шаралары EXPO-2017 аясында уақытылы əрі үзіліссіз өткізілді

Астана жаңалықтары: Астана əкімдігінің барлық шаралары EXPO-2017 аясында уақытылы əрі үзіліссіз өткізілді

Астана қаласы әкімдігі тарапынан EXPO-2017 көрмесін өткізу кезінде әртүрлі формат пен жанрдағы 647 мәдени шараларды өткізу жоспарланған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Халықаралық көрмені сәтті өткізуге қалалық әкімдік жанындағы ЕХРО-ға дайындық штабының үлкен әзірлігі мен жұмыстың жүйелі жүргізілуі септігін тигізді.

Көрме аясында қала әкімдігі ұйымдастырған барлық шаралар белгіленген мерзімдерінде өтті, делінген әкімдік хабарламасында.

Штаб жұмысы негізгі бес бағыт бойынша ұйымдастырылды: құрылыс нысандарының, көлік және инженерлік инфрақұрылымның өз уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз ету, индустрия кәсіпорындарын қонақжайлылыққа дайындау, қаланың мерекелік безендірілуі, спорттық және мәдени шараларды өткізу, қоғамдық көлік және логистика қозғалысының сызбасын құрастыру, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету, келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасау.

-Бүгінгі таңда қаланың барлық қызметі барлық саланы қамтитын: көліктік қызмет көрсету, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, медициналық, туристік қызметке қатысты шаралар мен әрекеттің кешенді жоспары аясында күшейтілген режимде жұмыс істеуде, — делінген хабарламада.

Көрме ашылғаннан бері елордаға 2,1 млн адам келген, оның ішінде 1,4 млн турист. Темір жол вокзалдарының жүктемесі — 60%, әуежай — 70%, туроператорларға деген сұраныс 78%-ға өскен.

Үш тілде ақпарат беріп, материалдар тарататын 6 ақпараттық дүңгіршек құрылып, жұмыс істеп тұр. «Welcometoastana» жаңа ресми туристік интернет-порталының нағыз қолданушылар саны екі ай ішінде 20 мың адамды құрады, ал кіру бойынша – 75 мың қолданушы.

Елорда тірлігін үздіксіз қамтамасыз ету және штаттан тыс жағдайлар орын алғанда жедел шешім қабылдау мақсатында Астана әкімдігінің ахуал орталығы құрылды. Бейнебақылау камераларының орнатылуы елордада қылмыс санын едәуір азайтты.

Қолданыстағы нормативке сай елорданың тұтыну көлемі күніне 1500 тонна азық-түлікті құрайды. Алдын ала болжанғандай, қонақтардың көрмеге келуіне байланысты, тұтыну 20-30 % ұлғайды.

Осыған байланысты бағаны тұрақтандыру және қалаға тағамдарды жеткізу көлемін ұлғайту бойынша жаңа нарық механизмі қолданылды.

Азық-түлік бағасын белгілеу мақсатында «Астана-ӘКК ҰК»АҚ арқылы «Кенмарт» СО, «Астықжан» СО-ға 300 млн теңге көлемінде қарыз берілді. Қазір бұл нысандар осы жылдың соңына дейін тауардың 10 санаты бойынша азық-түліктің 49 атауына өз бағаларын бекітті.

Бұл барлық тауар топтары бойынша тұтыну 20-дан 80%-ға артса да бағаны бақылауға мүмкіндік берді және жетпейтін азық-түлік бағасын қасақана және күрт өсіруге жол бермеді.

ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге жол-көлік инфрақұрылымын дайындау аясында қашықтығы 23,4 шақырым 11 көше жолы салынды және 17,6 шақырым жолға орта жөндеу жүргізілді. ЕХРО-2017 аумағын жәнеаталған шараға арналған қала нысандарын жылу және электрмен қамтамасыз ету үшін50,2 шақырым жылу жүйелері, 25 585 шақырым электр желілері және 3 электрмен қамтамасыз ету нысаны салынды, «Жаңа жол» ПС жөндеу жүргізілді. Жаңа тазартқыш ғимараттары мен жаңбырға арналған суағар коллекторлары пайдалануға берілді. Су тасқынының алдын алуға қатысты шаралар жүргізілді.

Көрме аясында елорданың қоғамдық көліктерінің қозғалыс жүйесін жаңғырту бойынша қабылданған шараларға қосымша тағы 7 «Shuttle Bus» бағыттары жүре бастады. Олар ЕХРО-ны шалғайдағы қаланың аудандарымен байланыстырады. Сонымен қатар ЕХРО бағытындағы тұрақтардағы жолаушыларды апарып-алып кетуді қамтамасыз етеді. Ұстап қалу тұрақтарынан жоспарланған жолаушылар ағынына сәйкес – тәулігіне 55 000-нан астам жолаушыға есептелген автобус саны 142 бірлікті құрады. Диспетчерлік орталыққа қала тұрғындары тарапынан көрме аяқталған соң да олардың шаһар халқы үшін жайлылығы мен жылдамдығын ескеріп, бұл автобустарды пайдалану бойынша ұсыныстар түсуде. Қосымша «Bus Lane» арнайы жолақтары Астана қаласының 12 негізгі көшелерінде, жалпы аумағы 37,55 шақырым қашықтықта енгізілді.

Осы жылдың жеті айының қортындысы бойынша тіркелген қылмыс көлемі 19,3%-ға кеміді. Жалпы барлық түрлері бойынша азаю байқалады. Қабылданған шаралардың арқасында қылмыстың барлық санаты бойынша ашу көрсеткіші жақсарған.

Астана әкімдігі тарапынан ЕХРО-2017 көрмесін өткізу кезінде әртүрлі формат пен жанрдағы 647 мәдени шараларды өткізу жоспарланған. 10 маусымнан осы уақытқа дейін 51 ірі және маңызды шаралар өтті. 2017 жылдың маусым-шілде айларына елорданың мейрамханаларынан, қонақ үйлерінен, қоғамдақ тамақтану орындарынан салық түсімі артқан және ол 462 млн.теңгеге жеткен, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 есе немесе 105 млн. теңгеге көп.

Бұған қоса, кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері де өскен. 6 ай ішінде тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 143 084 бірлікті құрады, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға артық. 2017 жылдың 1 шілдесіне әрекет етуші ШОБ субъектісінің саны 96 242 бірлікке жетті.

Сапалы медициналық қызмет көрсету бойынша жедел штаб құрылды. Көрме аумағында 7 медициналық пункті мен медициналық орталық орналасқан. Қала бойынша 7 қалалық медициналық мекеме және 7 республикалық клиника дайындалған. Жаңа орталық жедел жәрдем станциясы салынды.

10 маусымнан 2 тамыз аралығында көрмені 12 095 елордалық оқушы ата-аналарымен және 14 облыс пен Алматыдан 45859 оқушы келіп тамашалады. Олардың келу кезеңінде – күтіп алу, тұратын жерлеріне дейін жеткізу, көрмеге дейін жеткізу, экскурсиялар мен кері қайтару арнайы бөлінген жайлы автобустармен, жол полициясының шығарып салуымен орталықтандырылған жеткізумен қамтамасыз етілді. Аймақтардан келген оқушыларды тамақтандыру жатақханалардағы екі асханада және жақын маңдағы 4 мектептің асханасында қарастырылған.

Ұлттық компанияның еріктілерінен бөлек, күнделікті 510 қалалық еріктілер жұмысы ұйымдастырылған. Күн сайын олар шараларды өткізуге және әуежайлар мен вокзалдарда күтіп алу міндеттерін атқарды. Барлығы шетел тілдерін меңгерген. Қалалық еріктілер штабы құрылған.
Әрі қарай

Астанада Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді

Асанада тамыздың 11-де сағат 19.00-де алғаш рет ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аясында өткізілетін, Украина мен Қазақстанның танымал дизайнерлерінің Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы Астана қаласы Қазақстан халық Ассамблеясы болып табылады. Сән марафонын өткізу идеясы Астана қаласындағы «Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігіне тиесілі.

Іс-шара барысында қатысушыларға танымал дизайнерлердің қайталанбас топтамаларын, қазіргі заман киімдерінде ұлттық үлгілердің көрінісін, этномәдени орталықтарының астаналық шығармашылық ұжымдарының шығармашылық өнерлерін тамашалау мүмкіндігі пайда болады.

Халықаралық этникалық сән марафоны аясында авторлық суреттердің, ұсынылған топтамалардың киімдерінің, кәдесый өнімдерінің және т.б. көрме-сатылымы өтеді. Іс-шара аясында дизайнерлер-марафон қатысушылары ұсынған бұйымдардың ұтысы өткізіледі.

Іс-шара Республика даңғылы, 34 үй, «Жастар» сарайында өтеді. Кіру тегін.
Әрі қарай

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында қала тұрғындары мен қонақтары қаламен «тікелей» сөйлесіп, байланыс орната алады

Астана жаңалықтары: ЭКСПО-2017 көрмесі аясында қала тұрғындары мен қонақтары қаламен «тікелей» сөйлесіп, байланыс орната алады

8 тамызда Астанада «Сәлем, Астана» атты интерактивті қалалық жоба іске қосылатын болады, ол өз алдына қала тұрғындары мен қонақтары үшін қаламен хабарлама арқылы байланып орнатып, сөйлесуге мүмкіндік береді.

«Сәлем, Астана» жобасы Урбанистика және Астана қ. әкімдігінің қолдауымен ЭКСПО-2017 үшін FutureCreativeбритан мәдени бағдарламасы шеңберінде Британ Кеңесімен іске асырылуда. Жоба 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Жобаны әзірлеп жатқан мамандардың айтуынша, жобаға Астана қаласындағы кез-келген қала тұрғыны-қонағы қатыса алады. Қаламен «сөйлесуді» бастау үшін FacebookMessenger қосымшасы арқылы SalemAstana2017 (https://www.facebook.com/salemastana2017/) қолданушысына «Сәлем» сөзімен, өзі тұратын көшенің атауы мен үйдің нөмірін қоса көрсетіп, хабарлама жіберу керек. Мәселен, «Сәлем Республика#3».

Одан кейін хабарлама жіберген адамға жауап хат (хабарлама) келеді. Қаламен байланыс орнатуда онымен «сөйлесу» 4-5 сұрақ қою арқылы және оған түрлі тақырыпта жауап алу арқылы өтеді.

Интерактивті «Сәлем, Астана» жобасы қала тұрғындарына өздерінің сүйікті шаһарларымен «сөйлесіп», байланыс орнатуына мүмкіндік береді; кез-келген қала тұрғыны шаһар туралы өзінің пікірімен не болмаса алған әсерімен бөлісе алады, қаланы жаңа тұрғыдан танып, мол ақпарат жинай алады, өзге де адамдардың пікірін біле алады. Жоба қаланың Сарыарқа, Алматы, Есіл сынды 3 ауданын қамтиды.

Айта кетейік, «Сәлем, Астана» жобасы қала тұрғындары арасында, онымен бірге қала тұрғындары мен шаһар арасында байланыс орнату үшін қалалық сәулет пен «ақылды қала» технологиясын қолданатын PlayableCityхалықаралық жобасының негізінде құрылған.
Әрі қарай

Астаналықтар өңірлік ауылшаруашылық жәрмеңкелерінен 12 мыңнан астам азық-түлік өнімін сатып алды

Айта кеткен жөн, өңірден әкелініп жатқан азық-түлік өнім көлемі артуда, деп хабарланды әкімдіктің медиа орталығынан.

Жыл басынан елорда тұрғындары мен қонақтары ауылшаруашылық жәрмеңкелерден 12 мыңнан астам азық-түлік өнімін сатып алды. Бүгінде 32 жәрмеңке өткізілген, дегенмен өңірлерден тасымалданып жатқан азық-түлік өнім көлемі селеп артуда.

Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз айында небары 300 тоннаға жуық азық-түлік өнімі сатылса, бүгінде астаналықтар бір келгенде 1000-ға жуық тонна азық-түлік өнімін сатып алады. Ауылшаруашылық басқармасынан хабарланғандай, бақша өнімдері, көкөніс, жеміс-жидектер мен қант өнімі елорда тұрғындарының жоғары сұранысына ие.

«Қарбыз, қауын тез сатылып кетеді. Қазір «тосап» маусымы болғандықтан жеміс-жидектер, көкөністер, қияр, қызанақ, картоп тез сатылады. Ет өніміне сұраныс азайды», — деді Ауылшарушылық басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бөлімнің басшысы Ризагүл Мүслімова.

Оның сөзіне қарағанда, азық-түлік өнімдері белгіленген әрі бекітілген баға бойынша сатылады. Саудагерлердің бағаны қымбаттатуға құқысы жоқ. Мәселен, ет өнімі әдетте 1250 теңгеден сатылады, ал базарларда бұл баға 1800-ге дейін жетеді.

«Біз азық-түлік өнімін бекітілген баға бойынша сатпаған кәсіпкерлерді жазалаймыз. Баға нарыққа байланысты қойылады. Кей кездері тұрғындар баға базарларда әлдеқайда төмен деп шығамданып жатады. Бұл шындық, нарыз заманы, саудагерлер өз сатушыларын жоғатлып алмауы үшін бағаны төмендетіп өздігінен реттейді», — деді Ризагүл Мүслімова.

Ауылшаруашылық басқармасынан хабарлан, андай, тазалық пен тәртіп арнайы қызметтің күнделікті бақылауында. Санитарлық дәрігерлер барлық азық-түлік өнімін тексереді.

Өңіраралық жәрмеңкелер Астанада қазан айына дейін өткізіледі. Бұл ЭКСПО көрмесі кезінде халықты азық-түлік өнімімен қамтамасыз ету мақсатында жасалынады. Жәрмеңкелер «Қазақстан» СК тұрақ аумағында және «Алтай» СО-да өткізілуде.
Әрі қарай

Беларусь ЭКСПО-2017 көрмесін өткізіп жатқан Астананың тәжірибесіне қызығушылық танытуда

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Анатолий Калининмен екіжақты кездесу өткізді.

Беларусь делегациясы елордамызға ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылыс нысандары саласында, қалалық инфрақұрылым, коммуналды шаруашылық басқармасы секторында Астананың тәжірибесін үйрену үшін келді.

Кездесу барысында тараптар сәулет және қала құрылысы, смарт технологияларды қолдану, қалалық шаруашылықты басқару, энерготиімді жасыл құрылыс стандарттарын қолдану, қоғамдық көліктің жұмысы, аумақты абаттандыру саласында ынтымақтастық мәселесін талқылады. Энерготиімді технологияларды қолдану мен қалаларды дамыту саласында ынмақтастық орнату және тәжірибе алмасу басты әрі өзекті мәселе болды. Оған қоса қос тарап коммуналды техника және жабдықтар өндірісі саласында өнеркәсіптік кооперацияда ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Онымен бірге Беларусь елінің делегациясы Астананың Бас жоспарымен танысып, қала басшылығымен қосымша кездесулер өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасы бойынша Астанада 2020 жылға дейін қаланы дамыту бағдарламасы іске асырылуда, оған сәйкес Астана шаһары өзін ақылды әрі қауіпсіз қала, өңір шеңберінде инвесторлар мен инновациялар үшін өңірлік халықаралық орталық ретінде қалыптастырады.
Әрі қарай

«1000 орын-көше саудасы» жобасы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі анықталды

«Astana» ӘКК» Ұлттық компаниясы «Астана қаласында көше саудасын жүргізу үшін павильондарды орналастыру туралы» жобаның аясында жер учаскелерін жалға беру келісімшартына ие болу үшін өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарланды әкімдіктің медиа орталығынан.

Жобаға қатысу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 7-21 тамыз аралығында smart.astana.kz/ru/competition сайтында қабылданатын болады.

Өтінім берген кезде мына құжаттарды тіркеу керек: өтініш-анкета (үлгі); жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болса); өтініш берген кезде салық бойынша қарызының жоқ болуы туралы анықтама;

Өтінімдер тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен ғана қабылданады.

Байқауды өткізу мен өтініштерді қабылдау бойынша келесі мекен-жайға хабарласуға болады: «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ байланыс телефондары: Астана қ., Есіл ауданы, Д. Қонаев к., 8 үй, 1413 кеңсе, тел. 8 (717) 261-35-54.
Әрі қарай

Астана-инновациялар қаласы

Астана жаңалықтары: Астана-инновациялар қаласы

Астанада қала мәселелерін шешуге арналған ашық мәліметтер бойынша хакатон өтті.

2017 жылдың 5-6 тамызында Astana Innovations Challenge ауқымды стартап-марафоны аясында ашық мәліметтер (Open Data) негізінде қала міндеттерін жүзеге асыратын жобаларға арналған бірінші хакатон өтті.

Стартап-марафонды Астана қаласы әкімдігі атынан «Астана Innovations» АҚ мен MOST бизнес-инкубаторы бірлесіп ұйымдастырды.

Хакатон – ашық мәліметтер негізінде сервистер мен мобильді қосымшалар жасау арқылы қаланың технологиялық мүмкіндігін шешу мүмкіндігі.

Қатысушылар өз жобасымен жұмыс жасау барысында сарапшының қолдауына және нетворкингке арналған алаңға қол жеткізді. Ал үздік үш команда жүлде қоры 500 000 теңгені өзара бөлісті.

Бағдарламалық қамту саласындағы құрастырушылардан дизайнерлерден, маркетологтардан, сарапшылардан құралған команда Астананы одан әрі жақсарту үшін бас қосты.

Іс-шарада құралған командалар 48 сағат ішінде қосымшалар прототипін жасап, өнертапқыштық бағдарламалау машықтары мен мәліметтерді өңдеу бойынша өзара жарысты.

Хакатонның бірінші күні бірқатар ақпараттық және білім беру сессиялары өтті. Оның барысында шақырылған сарапшылар ашық мәліметтермен қалай жұмыс істеу керектігін айтып берді. Менторлар мен қазылар ретінде тәжірибелі кәсіпкерлер, сарапшылар мен мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.

Ашық мәліметтердің басты мәні (open data) – билік органдары жұмысының ашықтығын арттыру, тәуелсіз құрастырушыларға қосымшалар мен сервистер жасауға жаңа мүмкіндіктер жасау, қаланы өз күштерімен жақсартуға жол ашу.
Әрі қарай