Жарияланымдар

Астанада елорданың ең үздік қызметкеріне дауыс беру жалғасуда

1-31 тамыз аралығында «Еңбек жолы» кәсіпорындар қызметкерлері арасында жалпықалалық байқаудың ең үздік үміткері үшін онлайн-дауыс беру басталды.

Байқауға қатысу үшін 23 өтініш келіп түсті. Құжаттарды қабылдау 20 мамыр-20 шілде аралығында жүзеге асырылды.

— Байқау Елбасының идеясын іске асыру аясында өткізілуде. Президенттің жарлығымен Еңбек күні бекітілген болатын. «Еңбек жолы» байқауы екінші рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты – еңбек адаманының әлеуетін арттыру, еңбек өнімділігін арттыру, жұмыс мамандықтарын насихаттау. Байқау үш аталымнан тұрады: «Ең үздік еңбек династиясы», «Ең үздік кәсіпорын қызметкері», «Жұмысшы жастың үздік жетекшісі». Жеңімпаздарды таңдау екі кезең бойынша іске асырылады: қалалық және республикалық деңгейде. Дауыс берудің бірінші кезеңі бүгін басталды және ол 31 тамызда бітеді,- деді жұмыспен қамту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақпал Ақбасова.

Ең үздік қызметкерге мына сілтеме бойынша дауыс беруге болады:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSccezf4uWvcVa-xBtUg_XZnJdsfKOskrkvG2ZiYToOOw8GaxQ/viewform

Дауыс беру 3 аталым бойынша жүзеге асырылады:

1.«Үздік еңбек династиясы»- ең ұзақ еңбек өтілімімен бірнеше марапаттауы бар ең көпжылдық династия таңдалады.

2. «Өндірістің үздік жас жұмысшысы»-5 жылдан кем емес еңбек өтілімімен өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.

3. «Жұмысшы жастың үздік жетекшісі»-20 жылдан кем емес еңбек өтілімі бар ең жоғары нәтижелі жетекші таңдалады.

Дауыс беру 3 аталым бойынша өтеді:

Онлайн-дауыс беру — ең көп дауыс жинаған әр аталым бойынша 3 көшбасшыны анықтайды (бас-аяғы 9 үміткер). Екінші кезеңде өңірлік комиссия 3 көшбасшы арасында байқаудың жеңімпаздарын анықтайды.

Ең үздік қатысушыларды марапаттау республикалық «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» форумын өткізу күнінде өтеді.

Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушылар алғысхаттармен марапатталады.
Әрі қарай

Астанада қалдықтарды өңдеу саласын жаңғырту басталады

Астана жаңалықтары: Астанада қалдықтарды өңдеу саласын жаңғырту басталады

Елордалық «Оператор РОП» компаниясымен меморандумға қол қойды. Құжат елордада қалдықтарды өңдеу саласын жаңғырту бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруға және Оператор РОП пен халықаралық қорлардың қаржылай қолдауы арқылы елде экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Айта кетейік, мемлекет басшысы елде экологиялық ахуалды жақсарту мәселесіне үнем үлкен мән береді. Осыған байланысты астаналық әкімдік қойылған міндеттердіжүйелі шешуді ұсынады.

Астана әкімдігі қалдықтарды басқару бойынша Бағдарлама әзірлеуде. Онда елордада қоқыстарды өңдеу арқылы «жасыл» энергия өндіру бойынша инновациялық технологияны енгізіп қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту қарастырылған. Астана қаласында қоқыстарды басқару жүйесі жинау, жеткізу, қайта өңдеу және қалдықтарды полигонда көмуден құралады, — деді қала басшысы Әсет Исекешев.

Бүгінгі таңда қала аумағы 24 участкеге бөлінген, ол жерлерде 1 842 жәшіктер алаңы жайластырылған және 10 477 жәшік қойылған. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруда 70 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Күн сайын қала аумағынан 1000 тонна қоқыс шығарылады.

Бағдарламаны 2 кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда:
1-кезең жұмыс істеп тұрған қоқыс өңдеу кешенін қосымша технологияны енгізу арқылы 2017 жылы ТҚҚ қайта өңдеу жоспарлануда.

2-кезең 2019 жылға дейін органикалық қалдықтарды анаэробты ашыту жолымен және қоқыс газын өңдеу арқылы қалдықтарды қайта өңдеу тереңдігін 75%-ға дейін жеткізу. Қалған 25% қалдық полигонда (күл, құм, жоюға жатпайтын фракция) көміледі.

Қоқысты қайта өңдеу саласына жеке инвестиция тарту мақсатында бағдарлама аясында ҚР Заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленуде. Ол Астана қаласында қоқыстарды жинау, жеткізу, қайта өңдеу және көму бойынша бірыңғай оператор құруға бағытталған.

Астана қаласы аумағынан қалдықтарды шығару бойынша өткізілген тендер жеңімпазы «Клеан Сити» ЖШС компаниясы өз қаражаттары есебінен 30 жаңа қоқыс шығаратын көлік және 1 000 қалдықтарды жинау жәшігі алынды. Қосымша осы жылдың соңына дейін 3 000 жәшік сатып алынады.

Қалдықтарды пайда болатын орында бөлек жинау жүйесін енгізу бойынша жұмыс белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда қала аумағында пластик жинауға 650 контейнер, құрамында сынап бар шамдарға және электронды қалдықтар жинауға 700 жәшік, 350 контейнер күл салуға орнатылған.
Әрі қарай

Астанада Маңғыстау облысының мəдениет күндері өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Маңғыстау облысының мəдениет күндері өтеді

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Маңғыстау облысының «Қарт Каспийден сәлем ал, ерке Есіл!» атты мәдениет күндері өтеді.

Маңғыстау облысының этно-мәдени керуен қатысушылары елорда қонақтары мен тұрғындарына ауқымды бағдарлама дайындаған.

Мәдениет күндерінің ашылуы 15 тамыз күні сағат 21.30-да «ЭКСПО-2017» алаңындағы амфитеатрда өтеді.

15-18 тамыз аралығында Қазақстан эстрадасының танымал жұлдыздарының және Маңғыстау облысының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен 40-қа жуық мәдени шара өткізу жоспарлануда.

Мәдениет күндері барысында Ақтауда ұйымдастырылған және мақтанышпен көрсететін ең қызықты мәдени шаралар мен оқиғалар ұсынылады. Шарада заманауи эстрадалық өнермен қатар, халық шығармашылығы қамтылады. Концерттік бағдарламада Маңғыстау облысында шығармашылық жолын бастаған А.Қосанова, Тамара Асар, Камшат Жолдыбаева, Ғалымжан Жолдасбай, Лұқпан Жолдасов өнер көрсетеді.

Конгресс-холлда Маңғыстау облыстық М.Өскінбаев атындағы филармониясы А.Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің дәстүрлі ән-күй-жыр саздарының концерті болады.

18 тамыз күні сағат 19.00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының «Шыңырау» спектаклі өтеді.

Мәдениет күндері Маңғыстау облысының ұлттық нақыштағы ерекше қолөнер бұйымдары назарға ұсынылады. Бұдан бөлек, этноауылда көрермендер ұлттық ойындарды тамашалай алады.

Барлығы Астанаға Маңғыстаудан 600 адам келеді және облыстың мәдени мұраларын паш етеді.
Әрі қарай

Елордада Астана қаласының серіктесі мәртебесін табыстау рәсімі өтті

Астана жаңалықтары: Елордада Астана қаласының серіктесі мәртебесін табыстау рәсімі өтті

Есіл ауданы әкімінің аппаратында «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасының 28 қатысушысына Астана қаласының серіктесі мәртебесі мен сертификаттарды табыстаудың 5-ші рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімі «Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары Қанат Исабековтың қатысуымен өтті.

Астана қаласының басты серіктестері: «Wyndham Garden Astana» қонақ-үйі, «TheSultans» және «Carreta» мейрамханалары.

Астананың «қола» серіктестері: «Аққу» және «Lion» қонақ-үйлері, «Golden Voice» караокесі.

Астана қаласының серіктестері: «Акжайык» қонақ-үйі, «QonaQ» дәмханасы, «Құланшы» заманауи өнер орталығы, «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасы, «Астана» «Grand hostel Astana», «Самұрық» және «YURT hostel Astana» хостелдері.

Сондай-ақ «Астана қаласының серіктесі» мәртебесін жалға берілетін келесі апартаменттер алды: «SUNHOME» ЖШС, «Medicalcompass» ЖК, «LuxApartAstana» ЖШС, «Астана апартаменттері» ЖК, «ТАНИЯ» ЖК, «Нурпеисова Г. Р.» ЖК, «LUX APARTMENTS» ЖК, «Ертаева» ЖК, «Ахметова А. Б.» ЖК, «Мүлік агенттігі» ЖК, «7 Қазына» ЖК, «ANI Group» ЖШС, «Омарова» ЖК, «Хасенова М. С.» ЖК, «Макина Г. Т.» ЖК.

Қаланың серіктестері ресми туристік welcometoastana.kz порталында, әкімдіктің сайтында және ЭКСПО-2017 сайтында, әуежайда туристік ақпараттық бағаналарда, теміржол вокзалында және «Хан Шатыр» СОС-да хабарламаларды орналастыру мүмкіндігіне ие болады.

Естеріңізге салайық, бағдарламаның мақсаты ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі кезінде қонақтарды қарсы алу үшін ұсынылатын туристік қызметтердің сапасын арттыру болып табылады, оған қоса туристік дестинация ретінде қаланы әрі қарай дамыту үшін аталмыш салада жағдайды жақсарту болып табылады.

Бағдарлама қатысатын туристік саланың барлық кәсіпорындарында ұсынылып отырған қызмет деңгейіне бағалау жүргізілуде. Бүгінде бағдарламаға қатысу үшін 225 өтініш келіп түскен.
Әрі қарай

Астанада киім жинауға арналған жәшіктер пайда болады

Астана жаңалықтары: Астанада киім жинауға арналған жәшіктер пайда болады

Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламысын, «Атамекен» бағдарламасы жанындағы «Жомарт жүрек» бағдарламасын іске асыру аясында Астанада киім-кешек жинау үшін арнайы жәшіктер пайда болады.

Акцияна елордалық әкімдік ұйымдастырып отыр.

Аталмыш акцияның басты мақсаты- өзгенің қиын жағдайына селқос қарамайтын адамдардың қолданыста емес киімдерін көмекке зәру адамдарға үлестіру, киім-кешек жинау.

Керек емес аяқ киім, киім-кешектер мен кітаптарды кез-келген уақытта арнайы орнатылған жәшіктерге салуға болады.

Қиын жағдайға тап болған не болмаса көмекке зәру адамдарға жәрдемдесу үшін ендігіде өзіне қажет емес заттарды қоқысқа емес, арнайы орнатылған жәшіктерге салып, тапсыруға болады: ол киім-кешек, аяқ киім, спорттық құрылғылар, кітаптар, ойыншықтар мен тұрмыстық теxникалар, сөмке және басқа да аксессуарлар болуы мүмкін, дейді ұйымдастырушылар.
Әрі қарай

Астанада веложарыс өткізу кезінде қозғалысқа шектеу қойылады

Астана жаңалықтары: Астанада веложарыс өткізу кезінде қозғалысқа шектеу қойылады

12 тамызда Астанада кәсіби «AstanaEXPO 2017 InternationalCriterium» веложарысы өтеді.

Осыған байланысты сағат 12.30-14.00 аралығында Тұран даңғылы бойынша Сарайшық көшенінен Ұлы Дала көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады. Ұлы Дала көшесі бойынша Тұран даңғылынар Мәңгілік Ел көшесіне дейін, Ұлы Дала көшесінен Сарайшық көшесіне дейін жолдар жабылады.

Оған қоса Қонаев көшесі, Ақмешіт көшесі, Достық көшесі және Түркістан көшесінде көлік қозғалысына толығымен шектеу қойылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі.
Әрі қарай

Астана әкімдігі ЕХРО-2017 көрмесінің 2 ай жұмысы бойынша қорытынды шығарды

Астана жаңалықтары: Астана әкімдігі ЕХРО-2017 көрмесінің 2 ай жұмысы бойынша қорытынды шығарды

Астаналық әкімдікпен EXPO-2017 көрмесін өткізу кезінде түрлі жанрдағы және форматтағы 647 мәдени шараны өткізу жоспарлануда.

Халықаралық көрмені сәтті өткізуіне әкімдік жанында EXPO көрмесіне дайындық бойынша үйлесімді әрекеттер мен үлкен дайындық жұмысы септігін тигізді.

Қаланың әкімдігімен көрме аясында ұйымдастырылған шаралар белгіленген әрі бекітілген уақытқа сәйкес өткізілді.

Штабтың жұмысы негізгі 5 бағыт бойынша ұйымдастырылды: құрылыс нысандарының уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ету,; көлік және инженерлік инфрақұрылымды пайдалануға берумен қамсыздандыру; туристерді қабылдауға кәсіпорындарды дайындау; қаланы мерекелік стильде безендіру, спорттық-бұқаралық шараларды өткізу, қоғамдық көлік қозғалысының және логистика кестесін әзірлеу; қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету; елге келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

«Бүгінде қаланың барлық қызметтері көлік қызметі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, медициналық жәрдем көрсету, туристік қызметтер сынды барлық салаларды қамтитын кешенді жоспарлар мен іс-әрекеттер аясында күшейтілген режимде жұмыс істеуде», — деді қала басшылығы.

Туризм

Көрме ашылғаннан бері елордаға 2,1 млн-нан астам адам келді, олардың 1,4 млн адамы – туристер. Теміржол вокзалдарының жүктемесі 60 пайызды құрайды, әуежайдың жүктемесі – 70 пайыз, туроператорлардың қызметіне сұраныс 78 пайызға артты.

6 ақпараттық дүңгешіктер құрылған, олар өз алдына қажетті қызмет көрсетуде, атап айтқанда 3 тілде жазылған ақпараттық жадынамаларды ұсынады.Туристік Welcometoastana интернет-порталының қолданушылар саны екі ай ішінде 20 мыңға жетті, сайтқа кіру көрсеткіші 75 мыңды құрайды.

Елорданың тіршілік әрекетін үздіксіз қамтамасыз ету үшін және штаттас тыс оқиғаларға әрекет ету бойынша жедел шешім қабылдау мақсатында Астана қ. әкімдігінің жағдаяттар орталығы құрылды. Орнатылған бейнекамералар елордадағы қылмысты төмендетуге септігін тигізді.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету

Қолданыстағы нормаға сәйкес елордада азық-түлік тұтыну көлемі күніне 1500 тонна азық-түлік өнімін құрайды. Көрмеге қонақтардың көптеп келуіне байланысты азық-түлік өнімдерін тұтыну 20-30 пайызға артты.

Осыған байланысты бағаны тұрақтандыруда жаңа тетіктер қабылданып, қалаға азық-түлік өнімдерін көптеп жеткізуде бірқатар шаралар қабынданды.

Азық-түлік өнімдеріне бағаны бекіту мақсатында «Astana-ӘКК» ҰК» АҚ арқылы «Кеңмарт» СО және «Астықжан» СО-на 300 млн теңге көлемінде несие берілді. Қазір бұл нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін тауардың 10 санаты бойынша азық-түліктің 49 түріне бағаны бекітті.

Қабылданып отырған барлық шаралар азық-түлік өніміне деген сұраныстың 30 пайыздан 80 пайызға артуына қарамастан бағаның өспеуіне көмектесті.

Көлік

EXPO-2017 Халықаралық көрмесін өткізу үшін жол-көлік инфрақұрылымын дайындау аясында 23,4 шақырымдық 11 көше салынып, 17,6 шақырымдық жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көрме аумағында жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 50,2 шақырымдық жылыту жүйесі, 25 585 шақырым электр желісі және электрмен жабдықтаудың 3 нысаны салынды, «Жаңа жол» ҚС қайта құрылды. Жаңа тазалау құрылғылары мен жаңбыр кәріз жүйесінің құрылғылары (коллекторлары) пайдалануға берілді

Оған қоса қоғамдық көліктің қозғалыс жүйесін жаңғырту бойынша елордада көрме аясында 7 қосымша Shuttle Bus маршруттары іске қосылды. Олар ЭКСПО көрмесін қаланың шет жақта орналасқан шалғайдағы аудандарымен байланыстырады. Жоспарланып отырған жолаушылар ағынына сәйкес, күніне 55 мың жолаушы есебінде автобустардың саны 142 қоғамдық көлікті құрады. Астана қаласының негізгі 12 көшесінде 37,55 шақырымдық Bus Lane арнайы жолағы енгізілді.

Қауіпсіздік

Ағымдағы жылдың 7 ай қортындысы бойынша тіркелген қылмыс саны 19,3%-ға төмендеді. Жалпы барлық түрлері бойынша азаю байқалады. Қолдыанылған шаралардың арқасында қылмыстың барлық санаты бойынша ашу деңгейі жақсарды.

Бос уақытты ұйымдастыру

Астана әкімдігі тарапынан ЕХРО-2017 көрмесін өткізу кезінде әртүрлі формат пен жанрдағы 647 мәдени шараларды өткізу жоспарланған. 10 маусымнан осы уақытқа дейін 51 ірі және маңызды шаралар өтті.

Кәсіпкерлік

2017 жылдың маусым-шілде айларына елорданың мейрамханаларынан, қонақ үйлерінен, қоғамдақ тамақтану орындарынан салық түсімі артқан және ол 462 млн.теңгеге жеткен, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 есе немесе 105 млн. теңгеге көп.

Бұған қоса, кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері де өскен. 6 ай ішінде тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 143 084 бірлікті құрады, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға артық. 2017 жылдың 1 шілдесіне әрекет етуші ШОБ субъектісінің саны 96 242 бірлікке жетті.

Медицина

Сапалы медициналық қызмет көрсету бойынша жедел штаб құрылды. Көрме аумағында 7 медициналық пункті мен медициналық орталық орналасқан. Қала бойынша 7 қалалық медициналық мекеме және 7 республикалық клиника дайындалған. Жаңа орталық жедел жәрдем станциясы салынды.

Жас туристер

10 маусымнан 2 тамыз аралығында көрмені 12 095 елордалық оқушы ата-аналарымен және 14 облыс пен Алматыдан 45859 оқушы келіп тамашалады. Олардың келу кезеңінде – күтіп алу, тұратын жерлеріне дейін жеткізу, көрмеге дейін жеткізу, экскурсиялар мен кері қайтару арнайы бөлінген жайлы автобустармен, жол полициясының шығарып салуымен орталықтандырылған жеткізумен қамтамасыз етілді. Аймақтардан келген оқушыларды тамақтандыру жатақханалардағы екі асханада және жақын маңдағы 4 мектептің асханасында қарастырылған.

Еріктілер

Ұлттық компанияның еріктілерінен бөлек, күнделікті 510 қалалық еріктілер жұмысы ұйымдастырылған. Күн сайын олар шараларды өткізуге және әуежайлар мен вокзалдарда күтіп алу міндеттерін атқарды. Барлығы шетел тілдерін меңгерген. Қалалық еріктілер штабы құрылған.
Әрі қарай

Астанада жаңа оқу жылында 17 мың бала бірінші сыныпқа барады

Астана жаңалықтары: Астанада жаңа оқу жылында 17 мың бала бірінші сыныпқа барады

Биыл жаңа оқу жылында Астанада өңірлерден келген 23 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, оның 17 мыңға жуығы — бірінші сынып оқушылары.

Бірінші сыныпқа арналған мектеп бағдарламасы өткен жылы енгізілген жаңартылған мазмұнда жүргізіледі.

Бірінші сынып оқушыларын 95 жалпы білім беретін мектеп қабылдауға дайын. Астана қаласының білім басқармасының мәліметінше, елордада оқушылар орны жетіспеушілігі болуы мүмкін.

-Осыған байланысты, қазір мектептерге қосымша нысандар салу құрылысы аяқталуда. Оларды пайдалнуға 2017-2018 оқу жылының басында беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 6 мектеп құрылысы басталды. Жыл соңына дейін тағы 4 білім ордасының құрылысы басталады, — деп мәлімдеді Астана қаласы білім басқармасы басшысының м.а.Әнуар Жанғозин.

Былтырғы оқу жылында жалпы білім беру мектептерінің 1 сыныптары жаңартылған білім мазмұнына көшті.

-Көшу бірінші кезекте ұстаздар үшін оңай болған жоқ. Жаңартылған мазмұн сабақ беру тәсілін өзгертуді талап етті. Әр сабақта педагогтар критикалық және сараптамалық ойлауды дамытуға бағыттау технологияларын қолдану керек. Ең маңызды құрам критериялық бағалау жүйесі болады, ол білім мекемесінің ашықтығын қаматамсыз етуге мүмкіндік береді. Білім берудің жаңартылған мазмұнын жүзеге асыру үшін қалалық мұғалімдер кеңесі құрылды, — деді Әнуар Жанғозин.

2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптардағы жаңартылған бағдарлама бойынша 4149 мұғалім жұмыс істейді. Педагогтардың 75 пайызы оқытудан өткен. Тағы 156 бастауыш сыныптардың ұстаздары және 787 пән мұғалімдері 2017 жылдың соңына дейін курстан өтеді. 25 мектепте қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көптілділік оқыту енгізілген, 99 ұстаз жаратылыстану-математика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды сәтті жүзеге асыруда, 19 мектепте екі шет тілін оқыту енгізілді.

Барлық мектептер 100 пайыз ғаламторға қосылумен қамтамасыз етілген. 46 робототехника кабинеттері ашылады.
Әрі қарай

Астана қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қарқынды жүзеге асырылуда

Астана жаңалықтары: Астана қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қарқынды жүзеге асырылуда

Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қалың жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленіп, халықтың кең қолдауын табуда. Осы мақсатта Астана қаласында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, тек «Тәрбие және білім» бағыты бойынша жалпы 100-ден астам шара жоспарланған.
«Тәрбие және білім» аясындағы шаралар өз кезегінде негізгі 4 идея төңірегінде топтастырылады. Олар: «Отаным – тағдырым», «Саналы Азамат», «Өлкетану» және «Кітап – білім бұлағы». Сондай-ақ, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру, қазақ тілінде жүз жаңа кітап шығару мәселелері де осы бағдарлама аясында іске асатын болады.
Жастар мемлекет келешегінің тұтқасы. Осы орайда, алдағы күндері «Менің Отаным – Қазақстан» атты өлкетанушылар мен туристер слеті, «Астананың дарынды балалары» фестивалі, «Тал күні» экологиялық акциясы ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, Елордада «Қазақстанның ашық кітапханасы» жобасы іске қосылды. Қазір 10 000-нан аса туынды е-паб форматына көшірілді. «Astana — Bilimland» онлайн-жобасының қызметін пайдалану үшін елорда тұрғындары мен қонақтары интернетке қосылған ұялы гаджеттің көмегімен баннердегі қажет кітапты таңдап, QR-кодын сканерлер, қалаған кітабын оқуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, оқырмандар аудиокітап қосымшасын жүктеп алса, барлық кітаптар интернет жоқ жерлерде қолжетімді болады.
Кітапханада 10 000-нан аса электрондық кітап, 1500-ге жуық аудиокітап және 400-ден аса аудиоертегі бар. Кітапхана шеңберінде қазақ тілінің әмбебап сөздігі жұмыс істейді, оған 150 000-нан аса сөз бен сөз тіркесі енгізілген. Алдағы уақыттар бұл жоба Елордадағы білім беру және медицина мекемелерінде де кеңінен орналастырылады.
«Тәрбие және білім» бағыты аясындағы жобалар халықтың қолдауын тапқан маңызды шаралар болады деп сенеміз. Көпшілік тарапынан қосымша ұсыныстар мен ой-пікірлер болған жағдайда Астана қаласының әкімдігі қарастыруға дайын.
Әрі қарай