Жарияланымдар

Астананың барлық мектептері жаңа оқу жылына дайын

Астана жаңалықтары: Астананың барлық мектептері жаңа оқу жылына дайын

Осы жылдың жазында барлық жалпы білім беру мекемелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді және мектептердің ауласы абаттандырылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталық тілшісіне Астана қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев.

— 93 елордалық мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуда. Онда әрлеу жұмыстары жүргізіліп, едендер мен шатырлар жаңартылды, бейімдеу жағдайын құру, аумақты абаттандыру жүргізілді. №29 және №52 мектептер күрделі жөндеуден өтті, — деді Д.Жекебаев.

Нақтырақ №29 орта мектепте былтыр өрт салдарынан зардап шеккен. жаңадан салынған бөлік пайда болады. Ғимараттың шатырында акт залы мен асхана орналасқан болатын, алайда тоқ сымдарының түйісуі салдарынан өртеніп кетті. Осы жазда құрылысшылар жаңа бөлігін салып, инженерлік жүйе тартылды, жаңа есік-терезелер салынды. Білім күні қарсаңында мектепте барлық жөндеу жұмыстар аяқталады.

Тамыздың аяғында астаналық білім, денсаулық сақтау басқармаларының, төтенше жағдайлар департаменті мен қоғамдық денсаулықты бақылау департаментінің басшылары енген жұмыс тобы елорданың барлық білім мекемелерін тексеруді аяқтайды. Қалалық комиссия мектептерді білім нысандарын дайындау жоспар-тапсырмасына сай жаңа оқу жылына қабылдайтын болады.

Д.Жекебаевтің сөзінше, ата-аналардан сыныптарды жөндеуге ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

-Барлық ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті немесе басқа да жұмыстар үшін қаражат қалалық бюждет есебінен жүзеге асты, — дейді Д.Жекебаев.

Ақша жинау сұрақтары бойынша ата-аналар Астана қаласының білім басқармасына 557449 және 556867 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Әрі қарай

Астанада «Мейірімділік шуағы» қайырымдылық акциясы өтті

Астана жаңалықтары: Астанада «Мейірімділік шуағы» қайырымдылық акциясы өтті

Өткен демалыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңбері барысы бойынша «Мейірімділік шуағы» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция аясында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ зейнеткерлерге лайықты құрмет көрсетілді.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы-елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы. Ал қайырымдылық акциясының демеушілері — Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Х.Х. Шарипов пен «Ахметова» ЖК.

«Мейірімділік шуағы» атауымен өткізілген қайырымдылық акциясына 128 адам қатысып, оның барысы бойынша «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды. Олар бір күндік экскурсияда павильондарды аралап, ғажайып көріністердің куәгері болды. Сонымен бірге, іс-шара барысында демеушілер қайырымдылық акциясына арнайы шақырылған меймандарға Латын-Америка павильонына орын тепкен дәмханада түскі ас ұйымдастырды.

Қазақстан халқы ассамблеясы атынан қатысушыларға «ЭКСПО-2017» тақырыбына қатысты бейнелеген әрі керекті жабдықтармен қамтылған кәдесый пакеттері берілді. Жалпы, «Мейірімділік шуағы» акциясы жарқын мерекенің көрінісі ретінде өткізіліп, қайырымдылықтың ерен үлгісін паш етті.

«Осындай маңызды шара тек балаларға ғана емес, зейнеткерлерге де зор қуаныш сыйлады. Сондықтан біз баршамызға ерекше әсер қалдырған ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз», — деп бөлісті «Радима» беларусь қоғамының мүшесі В.Ф. Кириченко.

Мұндай акцияларды қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері ұдайы өткізіп келеді. Осы жолы ЭКСПО-ға жасалған экскурсияны ұйымдастыруға «Возрождение» неміс қоғамы, «Поляк» және «Оберег» украин қоғамдық бірлестіктері атсалысты.
Әрі қарай

«Нұрлы жол»: болашаққа жол

Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол

Жуырда «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалы миллионыншы жолаушысын құрметтеді. Бұл елордалық «қақпа» көліктік түйінді анағұрлым босатып, үстіміздегі жылдың мамыр айында ғана есігін айқара ашқан болатын. Сонымен қоса жаңа вокзал дүниежүзілік сәулет байқауына қатысып, Астананың көрікті орындарының біріне айналды.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
«Нұрлы жол» вокзалы қазіргі таңда қалай жұмыс істеп жатқаны туралы Астана әкімдігінің медиа-орталығының тілшілері әзірлеген фоторепортаждан оқып, біліңіз.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Алты деңгейлік кешен жүз ымңнан астам шарты метр аумақты алып жатқан нысан. Мұнда жалпы есептегенде 740 орынға шақталған паркингтер бар. Одан әрі перронға шығаберіс орналасқан, сәл жоғарыда – күту залдары. Мейрамханалар мен кафелерге, сонымен қатар вокзал әкімшілігі және қызметкерлеріне арнайы қабаттар бөлінген.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Журналистерге арналған пресс-тур барысында әкімшілік қоғамдық тамақтану нүктелеріндегі бағаларға баса азар аударады. Тілшіледің жаңа нысандағы бағалар соншалықты қымбат емес екеніне көздері жетті. Мысалы, самсаны 25 теңгеге, ал шайды 100 теңгеге сатып алуға болады. Төмен бағаны тамақтану нүктелерінің көптігі және бәсекелестіктің арқасында ұстап қалу мүмкіндігі бар.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Сатушылар журналистермен халық көп келмесе де бағаны көтеруге оларға ұяттары жібермейтінін айтып бөлісті. Нәтижесінде барлығы да жақсы көңілде: қалтасынан қағылмаған клиенттер де тоқ, жақсы табыс табатын сауда иелері де, жолаушылар мен шығарып салушылар тарапынан сөз естімейтін әкімшілікте көңілді.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Азаматтардың жайлылығы мен ыңғайлылығы – біз үшін ең маңызды, дейді вокзал басшылығы. Мүгедектерге ерекше мән берілген. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалысы үшін жанасу жолдары, Брайль әліппесін пайдалану арқылы ақпараттық тақта, арнайы касса қарастырылған.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Демалыс бөлмесін де қашанда тынығатын келушілерді кездестіруге болады.

-Вокзал тамаша! Біз адасып адасып кетеміз бе деп қорықтық, өйткені ол жаңа, бейтаныс орын. Сөйтсек, қорқудың қажеті жоқ екен. Бізге бұл жерде барлығын түсіндірді, қай жерде демалуға болатынын шығарып салды, көрсетті. Енді біз пойызды қалай табамыз деп алаңдамаймыз, — Атыраудан елордаға отбасымен емделуге келген зейнеткер Әзиғали Кемелбай.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Вокзал ішінде сілтеме белгілер орнатылған.

Бір сөзбен айтқанда, сілтеме белгілермен тұспалдай алмаса, көмекке әрқашан жарқын жүзді қызметкер келеді. Олардың орта жасы -30-дан жоғары емес. Барлық қызметкерлер қатай іріктеуден өтті. Барлық мамандар жоғары білімді, үш тілді меңгерген. Шағымдар мен ұсыныстар кітабында соңғы жазбалардың пікірі көңіліңді жадыратады. Оны АҚШ азаматшасы жазған. Оған вокзал ішінде бағыттарды көрсетіп, такси шақырып, тіпті қонақ үйге орналасқанын хабарласып білгені үшін барынша көмектескені үшін қазақстандық қызметкерлерге алғысын білдірген.

Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Вокзалда үзіліссіз жұмысты 1300 қызметкер қамтамасыз етеді. Олар үнемі оқытылып тұрады. Бұл жерде қызметкерлерге де барлық жағдай жасалғанын айта кету керек. Арнайы орында – демалыс бөлмесі, жуыну, демалу кабинеттері.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Жаңа технологиялар – ерекше назарды талап ететін жеке бөлім. Бұл жерде ғаламторға шығу, телефонды тегін қуаттап алумен мәселе жоқ. Алдағы уақытта басшылық вокзалдағы кей кездері желі ұстамайтын нүктелерден арылуды жоспарлап отыр. Бұл сұрақ бойынша операторлармен келісім бар.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Супер заманауи кешеннің тағы бір ерекшелігі, оның шатыры болып табылады. Оның аумағы 42 мың шаршы метрді құрайды. Шатырдан ағатын су тазалаудан өтеді де көгалдарды суғаруға пайдаланылады.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Энергоүнемдеуші эскалаторлар. Егер оларда адам болмаса, олар қозғалысын ақырындатады немесе тоқтайды. Бұл энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Болашақта жаңа вокзал арқылы жаңа теміржол көлігі жүретін болады. Осылайша, вокзал өзіндік жолаушы хабқа айналады. Желі қала орталығын, шығыс аумағын, ЭКСПО, Назарбаев университетін және әуежайды байланыстырады.

Текст: Күнсұлу ЖАҢБЫРБАЕВА

Фото: Әділхан ИЛЬЯСОВ
Әрі қарай

Елордада спорттық психология бойынша кітаптың тұсау кесер рәсімі өтті

Спорт күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебінде «Білім және спорт психологиясы» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітаптың авторы – Астана қ. әкімдігі «Мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебі» КМК басшысыРустам Калин. «Білім және спорт психологиясы» кітабы 6 бөлімнен тұрады: ұжымдық психология, басшылар түрі, спорт психологиясы және т.б.

Бүгінде мектепте 17 спорт түрі бар.

-Оқырман осы кітап арқылы кез-келген салада алға қойған мақсаттарды іске асыру үшін ұйым ішінде қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыста, ұжым ішінде жаттықтырушылармен және спортшылармен психолог маманының жұмысының қажеттілігі туралы білгенін қалаймыз, — деді кітап авторы.

Тұсау кесер барысында көрнекті спорт шеберлеріне, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушыларға алдағы Спорт күнін тойлау қарсаңында алғысхаттар берілді.
Әрі қарай

Астаналық жұмыспен қамту орталығының жаңа мекен-жайы бойынша әлеуметтік қызмет алуға болады

Астана жаңалықтары: Астаналық жұмыспен қамту орталығының жаңа мекен-жайы бойынша әлеуметтік қызмет алуға болады

Бүгін Астанада Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы орталығының жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Қала тұрғындары мен қонақтары ведомство мамандарына келесі мекен-жай бойынша хабарласа алады: Достық көшесі, 13, «Нұрсая-2» ТК.

Басқарманың басты жаңашылдығы – электронды кезек арқылы тұрғындарға жедел қызмет көрсету. Ведомствоның жаңа ғимараты кең, қажетті барлық құрал-жабдықтармен және кәсіби біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз етілген.

-Біз қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жұмыс істейміз. Біздің жұмысымыздың сапасы күн сайын артады деп ойлаймын, — деді ведомство орынбасары Сәуле Нұргожина.

Басқарма мамандарымен көрсетілетін барлық қызметтер толық көлемде сақталды және жаңа мекен-жай бойынша берілетін болады.

Бүгінде Басқармамен мемлекеттік қызметтің 21 түрі көрсетіледі, оның ішінде: 11 қызмет түрі альтернативті негізде ХҚКО-да немесе «Электронды үкімет» порталында көрсетіледі.

-18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

— мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек беру;

— өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

— Тұрғын үй көмегін тағайындау;

— жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру;

— жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту;

— үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау;

— оралман мәртебесін беру;

— шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта рәсімдеу және ұзарту;

— Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;

-адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді. нысандарына қатысуға жолдамалар беру;

Басқармада баламасыз негізде 10 қызмет түріне ие бола алады

Оған қоса азаматтар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды рәсімдеу бойынша кез-келген сұрақтармен басқармаға келе алады.2017 жылдың басынан Басқармамен 68357 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы – 9320 қызмет, «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы 537 қызмет көрсетілді (2016 жылы — 229 183 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ХҚКО арқылы 19 879 қызмет; 7 800 қызмет «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы).Жұмыспен қамту саласында 17 605 қызмет көрсетілген, көші-қон саласында 47 78 қызмет, әлеуметтік салада– 45 974.

Халыққа әлеуметтік қолдау бойынша 2016 жылы жұмыспен қамту саласында-51 704 қызмет, оралмандардың көші-қон саласында-1 054 қызмет, әлеуметтік салада 176 425 қызмет көрсетілген.
Әлеуметтік қолдаумен жыл сайын 110 мыңнан астам адам қамтылады.

Қазіргі уақытта 2018 жылдан бастап мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы жайында халықты ақпараттандыру жұмысы атқарылуда. Тұрғын алқаптарында 157 кездесу өткізілген, 12249 адам ақпаратпен қамталды.Басқармада ведомствоаралық алаң құрылды, (әр дүйсенбі және сәрсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді). 55-14-88; 8 775 353 74 99 телефон нөмірлері бойынша сенім телефондары жұмыс істейді.
Әрі қарай

Астана халықаралық марафонында 9 орынға дейін дейін жүлде қарастырылған

Астана жаңалықтары: Астана халықаралық марафонында 9 орынға дейін дейін жүлде қарастырылған
Бүгін Астана қаласындағы Этноауылда Астана халықаралық марафонына арналған кезекті баспасөз мәжілісі өтті.

Осы жылдың 4 сәуірінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) жеңіл атлетикадан Астанада халықаралық марафон өткізу туралы келсімге келген еді. Бұл марафонды құрылғанына биылғы жылы 25 жыл толатын «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің» (АӨСШК) форумымен бірге өткізу жоспарланған. Халықаралық марафонды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР жеңіл атлетика Федерациясы, Астана қаласының әкімдігі және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Баспасөз мәжілісінде ҚР жеңіл атлетика федерациясының маркетинг және PR бойынша бас менеджері Мақпал Зинашева тіркеу жұмыстары қай уақытқа дейін жалғасатынын және жарна көлемін, ақпараттық насихаттау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны туралы айтып өтті.

– Астана халықаралық марафонына қатысушыларды тіркеу 15 шілде күні басталды. Қазіргі кезде 1000-нан астам адам тіркеліп үлгерді. Тіркеу жұмыстары 26 тамызға дейін жалғасады. (http://scomarathon2017.com). Марафонға қатысуға өтініш бергендердің көбісі 10 мың шақырымға жүгіретіндер. Ал 2017 метр мен 42 шақырым 195 метрге жүгіруге өтініш берген адамдардың саны бір-біріне шамалас. Қатысушыларға жүгірер алдында бастапқы пакеттер таратылып беріледі. Оның ішінде арқаға асатын сумка (рюзак), әрбір адамға жеке нөмірі көрсетілген жейде бар. 42 шақырымға жүгіретіндер 5 мың теңге, 10 шақырымға жүгіретіндер 3 мың теңге жарна төлеуі тиіс. Ал 2017 метрге жүгіретіндер, мүмкіндігі шектеулі жандар және зейнет жасындағы кісілерге қатысу тегін, – дейді Мақпал Зинашева.

Оның айтуынша, Астана халықаралық марафонына қатысушылардың арасында өнер, спорт жұлдыздары да бар екен.

– Марафонды өткізудегі ең негізгі мақсатымыз – салауатты өмір салтын насихаттау. Біздің бұл бастамамызды қолдаушылардың арасында актер Максим Акбаров, бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, «МИСС Қазақстан» байқауының жеңімпаздары және т.б танымал жұлдыздар бар. Астана марафоны халықаралық болғандықтан әрі елімізге туристерді көптеп тарту мақсатында әр түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Шетелдегі ақпараттық демеушілеріміздің арасында Қытайдағы танымал халықтық газет қазіргі кезде электрондық нұсқаға ауысқан «Жэньминь Жибао» басылымы бар, –дейді ҚР жеңіл атлетика федерациясының өкілі.

Ұйымдастыру комитетінің мүшесі, марафонға жүгіруден Гинесс рекордтар кітабына 7 мәрте енген, төрткүл дүниенің ең үлкен құмды шөлдерін бір өзі ғана жүргіріп өткен әлемдегі жалғыз марафоншы Марат Жыланбаев халықаралық шараның жүлде қорымен таныстырып өтті.

– 42 шақырым 195 метр марафонының жалпы жүлде қоры 60 мың долларды құрайды. Егер спортшы аталған қашықтықты 2 сағат 20 минутта жүгіріп өтетін болса, 13 мың АҚШ долларына ие болады. Әйелдер бұл қашықтықты 2 сағат 40 минутта жүгіріп өтсе жеткілікті. Мәреге 2 сағат 20 минутта емес, одан сәл кешірек келіп, бірақ жеңімпаз атанатын болса, 7 мың долларға қол жеткізеді. Жалпы, 9 ер, 9 әйел спортшыға дейін ақшалай сыйақы қарастырылған. Ал 10 шақырым және 2017 метрге жүгіретіндерге демеушілер тарапынан бағалы жүлделер тағайындалған. Бірақ оларға ақшалай сыйақы берілмейді, –дейді Марат Жыланбаев.

ҚР жеңіл атлетика федерациясының орта, ұзақ қашықтық және марафонға жүгіру бойынша аға жаттықтырушысы Артем Жигалов марафонның маршруттарын таныстырды. Оның айтуынша, Астана халықаралық марафоны таңғы сағат 07:30-да басталады.

– «ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың басты көшелерін қамтиды.Біз әлемнің әр елінен келетін марафоншыларға елорданың әдемі көшелерін көрсетуді мақсатып етіп отырмыз. 10 шақырымға жүгіретіндердің старты сағаты 08:00-де басталады. Олар Mega Silk Way сауда орталығынан бастап, Қабанбай батыр, Ұлы дала, Мәңгілік ел, Керей және Жәнібек көшелерінің бойымен жүгіреді. Ал 2017 метрге жүгіретіндердің старты 08:30-ға жоспарланған,–дейді Артем Жигалов.
Еске сала кетейік, Astana EXPO-2017 көрмесі аясында өтетін халықаралық ШЫҰ және АӨСШК марафонына 5 мың адам қатысады деп күтілуде. Оның ішінде мың адам шетелден келмек. Сондай-ақ ШЫҰ-ның әрбір елінен 30 кәсіби спортшы тарту көзделген.
25 және 26 тамыз күндері Astana EXPO көрмесінің оңтүстік қақпасы жағынан тіркеуден өткен қатысушыларға бастапқы пакеттер беріледі. Онда жүгіруге арналған жейде мен әрбір қатысушының жеке нөмірі бар. Пакеттерді тарату кезінде танымал марафоншылардың қатысуымен шеберлік сағаттары өтеді. Олар әуесқой жүгірушілерге марафонға қалай дайындалу керектігін көрсетіп, ақыл кеңестерін айтатын болады.

Марафонның бағдарламасы:
25 тамыз: 16.00 – 22.00 аралығында бастапқы пакеттер таратылады
25 тамыз: 14.00 – 20.00 аралығында бастапқы пакеттер таратылады
27 тамыз: 05:00-06:30 – бастапқы пакеттер таратылады
6.30 – 7.00 – аралығында кәсіби нұсқаушылардың қатысуымен бұқаралық жаппай жаттығу өтеді

Анықтама үшін: ШЫҰ алғашқы марафоны 2016 жылы өткізілді. Оған төрт құрлықтан 15,6 мың адам қатысты. Марафон ШЫҰ құрылуына 15 жыл толуына орайластырылды. Аталған шара қарапайым қазақстандықтар үшін салауатты өмір салты, достық пен әріптестік белгісі іспеттес болмақ.
Әрі қарай

Астанада "Астана Балет EXPO GALA" өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Астана Балет EXPO GALA өтеді

18 тамызда елордалық театрда қала тұрғындары мен қонақтардың назарына «Астана Балет EXPO GALA» театры өзінің әйгілі бағдарламасын ұсынады.

Бағдарламада көрермендерге екі біракті балет көрсетіледі: Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен Рикардо Амарантенің «A fuego lento» туындысы.

Айта кетейік, «Серенада» балеті ХХ ғасырдағы балеттің алтын тізіміне кіреді. Джордж Баланчиннің «Серенада» балеті П. Чайковскийдің ішекті аспаптар оркестрі үшін Серенада музыкасына Д. Баланчиннің қорымен әзірленген және Баланчиннің техникасы мен стиліне сәйкес дайындалған.

Балеттің басталуы сағат 18.00-де.
Әрі қарай