Жарияланымдар

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға спортпен шұғылдануға жағдай жасалуда


«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров«Астана – рухы мықты адамдардың қаласы» – «Астана – город сильных духом людей» бағдарламасын орындау аясында қала әкімінің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

— «Саламатты болашақ» бірлескен жобасы аясында «Асыл бала» қауымдастығы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен бүгін қалада алғашқы бейімдік жүзу бойынша секция ашылуда. Сондай-ақ, оқушылар сарайында бейімдік каратэ секциясы ашылып, жұмыс істеуде, — деп атап өтті Бақыт Сапаров қала әкімі Әсет Исекешевтің мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуінде.

Бұдан бөлек, бағдарламаны жүзеге асыру аясында Астанада «Білімде төзімділік» халықаралық конференциясы өткізілді. Жеке балабақша базасында инклюзивті енгізу мақсатында эсперименталды алаң ашылды, балалар үшін «Сау денеде – сау рух» қалалық спорт турнирі өткізілді, «Баланы мектепке дайындаймыз» жобасының аясында 200-ден астам балаға мектеп құралдары табысталды.

Сонымен қатар, Б.Сапаровтың сөзінше, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында тұрғындардың аз мобильді топтары үшін қолжетімді орта құру үшін рейдтік тексерістер жүргізілген. Рейд барысындажүз нысанның 33-і құжаттандырылған. Қалғандары аяқталу үстінде.

Бұған дейін хабарланғандай, Астана 2020 жылға дейін ашық, қауіпсіз, ақылды, жайлы, экологиялық тұрақты қалаға айналуға ұмтылуда. Онда әр тұрғында барлық әлеуметтік игіліктерге тең қолжетімділік болады.

Қала әкімдігі Астана тұрғындарының жағдайын жақсартуға бағытталған елорданың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы өзгертілген болатын.
Әрі қарай

Астанада отбасылық дуатлонның жеңімпаздары анықталды

Астана жаңалықтары: Астанада отбасылық дуатлонның жеңімпаздары анықталды

Спорттық жарысқа 32 отбасы қатысты, олар жүгіруден, велосипед тебуден өзара сынға түсті, деп xабарлайды елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Жарыс қорытындысы бойынша 9-11 жас аралығындағы санат бойынша бірінші орынды Степногордан келген Пономаревтер (Максим, Елена және ұлы Максим) отбасы иеленді.

Бұл олардың екінші жеңісі.

«Отбасылық дуатлонға қатысу біздің дәстүрге айналды. Өткен жылы біз осы жарыста жеңіске жеткен болатынбыз. Биыл да сол нәтижеге қол жеткізгіміз келді. 1 жылдай жаттықтық, жеңіске қол жеткіздік,- деді медиа орталық тілшісіне Максим Пономарев.

12-14 жас аралығындағы ең үздік отбасы атанғандар- Вишняковтар отбасы (Максим, Инна және оның қызы Анастасия).

Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар-тұрмыстық теxника, балаларға-ноутбук сыйға тартылды.

Отбасылық дутлон бойынша жарыстар 10 қыркүейектк Отбасы күні аясында елордалық триатлон саябағында өтті.

Отбасылық команда 4 шақырым 300 метр қашықтыққа жүгіріп, өзара бақталасты.

Отағасылар 2 шақырымға жүгіріп, эстафетаны әйелдеріне тапсырды, олар өз алдына велосипедке мініп, жарысқа түсті. Жарыстың ең кішкентай қатысушылары-балалар 300 метр қашықтыққа жүгірді.

Отбасылық дуатлон бойынша жарыс Астана қ. Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізілді.
Әрі қарай

Астанада плейсмейкинг арқылы аудандарды қалай жандандыру және тұрғындарды түрлендіру процесстеріне қалай тарту керектігі туралы айтып берді

Астана жаңалықтары: Астанада плейсмейкинг арқылы аудандарды қалай жандандыру және тұрғындарды түрлендіру процесстеріне қалай тарту керектігі туралы айтып берді

8 қыркүйек күні елордада көлік және плейсмейкинг саласы бойынша АҚШ-тың белгілі сарапшыларының бірі Эндрю Ховар­д «Менің ауданымның гүлденуі» ашық дәрісін оқыды.

Астанадағы кездесуінде американдық урбанист өзінің тәжірибесімен бөлісті, Be­tter Block қалалық инфрақұрылымды тестілеу әдіснамасының қалай құрылғаны туралы айтып берді. Сонымен қатар плей­смейкинг арқылы аудандағы өмір сапасын қалай жақсартуға болады, қалай жандандыру керек, өзгеру процессіне тұрғындарды қалай тартуға болады деген сұрақтара жауап берді.

Бүгінде Better Block жобасы – көлік және плейсмейкинг саласындағы ең сәтті жобалардың бірі. Ол 2007 жылы Эндрю Ховард Далластың шет жағында орналасқан қылмысты көшелерінің бірін өзгерту бойынша бір күндік экспериментін жасаған кезде құрылған.

— Алғашқы Better Bloc­k мен үшін маңызды болды. Қобалжыдым. Мен14 жыл жоспарлаумен айналысқаннан кейін қағаз бен компьтерлік модельге түсіргеніммен бөлісуге мүмкіндік алдым. Жаяу жүргіншілер бағыты жұмыс істеп тұр. Тіпті Техаста да! Мен жергілікті тұрғындарды экспериментке қатысуға шақырдым, ал дәлірек, тротуарлар бойына гүлдерді қойып, кафелердің үстелдерін жаяу жүргіншілер өтетін жерге шығаруды, тосыннан аялдамалар ұйымдастыруды, жаяу жүргіншілер өткелін салуды және иесіз қалған гаражды балалар арт-студиясына айналдыруды ұсындым. Команданың жақтастары қалалық әкімшіліктің назарын тұрғындардың сұранысына аударды. Бұл осы аудандағы аймақтандыру ережесінің өзгеруіне әкелді. Осылай Better Block пайда болды, — деп Эндрю Ховард жобаның тарихымен бөлісті.

Одан кейін екінші Better Block-тан кейін урбанистің сөзінше, оны жұмыстан шығарып жіберген.

-Мені жұмыстан шығарған соң біз Team Better Block іске қостық. Бұл менің өмірімді өзгертті. Сіз жақсы көретін нәрсеңіз үшін шығарып жібергеннен қорықпаңыз, — дейді урбанист.

Айта кету керек, Эндрю басқаратын Bet­ter Block компаниясының портфолиосында – бұл ұқсамайтын орындар текстурасына және аудандардың қалыптасқан мәдени дәстүрлеріне құрметпен ұйымдастырылған қоғамдық кеңістікке ақырындап басып кіру сенімді үлгілері бар.

Ашық лекцияға қатысуға барлық қызығушылық танытқан тұрғындар және мекемелер шақырылды. Дәріс тыңдауға «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ кеңсесіне студенттер, кәсіби қоғамдастық, азаматтық белсенділер, бизнес пен қалалық басқармалардың өкілдері жиналды. Барлығы 60 адам қатысты.
Әрі қарай

Астанада 73 мыңға жуық оқушы тегін тамақтанады



Астанада жаңа оқу жылында 73 мыңға жуық мектеп оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 3,5 млрд.жуық қаржы бөлінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Елорданың 84 білім беру мекемесінде бастауыш сынып оқушыларының барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар 5-11 сыныптардар оқитын аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларда тегін ыстық тамақпен қамтылады», — деді қалалық білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Әсем Үсенова.

Оның айтуынша Астана мектептеріндегі асханаларда 26 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Жаңа оқу жылына дайындық барысында барлық мектептердің асханалары ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті.
Әрі қарай

Астанада «Денсаулық фестивалі-2017» жүздеген адамды жинады

Астана жаңалықтары: Астанада «Денсаулық фестивалі-2017» жүздеген адамды жинады

Бүгін елорданың триатлон-бағында қоғам назарын гиподинамия мәселесіне аудартуға және де белсенді өмір салтын дамытуға бағытталған «Денсаулық фестивалі-2017» өтті.

Биыл фестиваль елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыратын қызметтің құрылғанына 20 жыл толуына арналған. Шараның ұйымдастырушылары — Астана қаласының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

Фестиваль 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» медицина саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында өтті.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысы Камалжан Надыров фестивальдің ашылуында қала тұрғындары бұқаралық спортты насихаттайтын осындай шараларға белсенді қатыса бастағанын айтты.

-Жалпы Астананы спорт қаласына жатқызуға болады. Сіздер білесіздер, Астанада көптеген бұқаралық спорттық шаралар өтіп тұрады. Сондықтан мен ойлаймын, біздің тұрғындарымыз мұндай шараларға үйренген және осындай бастамаларға сөзсіз, жақсы қабылдап, қатысады. Жыл сайын спортпен шұғылданатын адамдар саны көбейетініне сенімдімін. Бұл өте дұрыс! Өйткені, физикалық белсенділік деңгейі ұлттың дамуымен, мәдениет деңгейімен тікелей байланысты, — дейді Камалжан Надыров.

Сонымен қатар, дәрігерлер салауатты өмір салтын насихаттап жүретінін айтты. Атап өту керек, дәрігерлер дертті емдеумен күреседі, ал әр адам өз денсаулығын ойлау тиіс. Бұл адам баласының ұранына айналуы керек.

-Астанада күн сайын ешқандай қосымша шығынсыз, әр тұрғын өз денсаулығына көңіл бөлу үшін жақсы жағдай жасалуы керек, — деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

«Денсаулық фестивалі-2017» шарасы барысында олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев және Бақтияр Артаевпен бірге жаттығу жасалды.

Сондай-ақ фестиваль аясында бірқатар шаралар өтті. Атап айтар болсақ, «Жүру марафоны», «Біз салауатты өмір салты үшін» акциясы «Сау рух» ұранымен жарыс, «Менің денімнің саулығы – елімнің саулығы» флешмобы ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек джиу-джитсу стилінде жекпе-жекшілер, скандинавтық жүру бойынша спорт шеберлері,әртістер үлгілік өнер көрсетті. Сонымен қатар елорда ардагерлерімен жаппай жаттығу жасалды.

Кең ауқымды акцияға елорданың барлық қызығушылық танытқан тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Жарыстарда ерекше көзген түскен спортшылар Астана қаласы әкімдігінің Алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Әрі қарай

«Астана марафон-2017» жеңімпаздары 850 мың теңге алады

Астана жаңалықтары: «Астана марафон-2017» жеңімпаздары 850 мың теңге алады

Жарысқа қатысу үшін 15 елден өтініш келіп түскен, деп хабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Жарысқа Ұлыбритания, АҚШ, Украина, Испания, Ресей, Польша, Нидерланды, Малайзия, Қытай, Қырғызстан, Кения, Италия, Үндістан, Германиямен Австрия сынды елдерден спортшылар қатысады.

«42,2 шақырым қашықтыққа астаналық марафон бойынша жүлде қоры бекітілді. Жеңімпаз (әйел не ер адам) 850 мың теңге көлемінде ақшалай сыйға ие болады», деп хабарлады медиа орталық тілшісіне «Астана марафон» директоры Гаухар Брамлей-Фентон.

Биыл марафон елордада, 17 қыркүйекте өтеді. Спортшылар 3 қашықтықта өзара сынға түседі. Атап айтқанда, 42,2 шақырым – бұл ең төзімділер үшін, 21,1 шақырым – дайындығы мықты спортшылар үшін, әуесқойлар үшін – 10 шақырым.

Онымен бірге марафон аясында скандинав жаяу жүру бойынша жарыс қарастырылған.

Шараға әлемге танымал Кениялық жүгірушілер қатысады деп күтілуде. Олардың ішінде Саймон Кипругут Кируй, Генри Кипсанг және Чебой Хильда Джепкогей бар.

Марафон 17 қыркүйекте, ЭКСПО көрмесіне қарама-қарсы орналасқан Р4 көлік тұрағы аумағынан басталады.
Әрі қарай

«Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысында қазақстандықтар үшін 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады

Астана жаңалықтары: «Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысында қазақстандықтар үшін 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады

Онымен бірге жергілікті кадрды даярлау бойынша арнайы бағдарламаны әзірлеу жөнінде келесімге қол жеткізілді, деп хабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Кездесу барысында «Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшылығы «Абу-Даби Плаза».кешенінің құрылысы аяқталған соң, Қазақстан азаматтары үшін 2 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатынын хабарлады.

Тараптар «Абу-Даби Плаза» нысанында жұмысқа ие бола алатын жергілікті кадрды даярлау бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу жөнінде келісімге келді.

«Абу-Даби Плаза» кешенінің жобасын іске асыруға 17 мыңнан астам қазақстандық қатысты, олардың 9,5 мыңы біліктілігі жоғары қызметкерлер – инженерлер, мұнаралы кран операторлары, қауіпсіздік техникасы бойынша мамандар.

Қазіргі уақытта құрылысқа 3,5 мың қазақстандық азамат тартылған.

Жобаның іске асуына ұсынылып отырған 267 компаниямен АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Испания, Ирландия, Ресей, Украина сынды 43 елдің азаматтары қатысуда.

Айта кетейік, «Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Жоба бойынша инвестиция көлемі 1,6 млрд АҚШ долларын құрайды. Құрылыс халықаралық стандарт және жаңа құрылыс технологиялары бойынша жүргізілуде.
Әрі қарай

Alem Barysy қазақ күресінен әлем чемпионатына 40 мемлекеттің күресшілері қатысады

Астана жаңалықтары: Alem Barysy қазақ күресінен әлем чемпионатына 40 мемлекеттің күресшілері қатысады

8 қыркүйек күні Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен «Әлем Барысы» түйе балуандар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылып отырған беделді бәсекеге 40 елдің балуаны қатысады. Шетелдік спортшыларға Қазақстанның төрт балуаны төтеп береді.

22 тамыздан бастап қазақ күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жиын нәтижесі бойынша бас жаттықтырушы Ерлан Естек бастаған баспкерлік кеңес «Әлем Барысында» ел намысын қорғайтын балуандарды іріктеді. Олар: төрт дүркін әлем чемпионы және Қазақстан Барысы жеңімпазы Айбек Нұғымаров, әлем чемпионы және Қазақстан Барысы турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов, жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін Айбат Сейтен және Дәурен Нұралинов.

Сонымен қатар, биылғы Қазақстан Барысы жеңімпазы Еламан Ерғалиев, танымал түйе балуан Ержан Шынкеевтің қатысуы да тек мүмкін.

Әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар Астанаға келе бастады. Бүгінде Австралия, Жаңа Зеландия, Қытай және Гана балуандары Елордаға жетті. Жарыс шарты бойынша, барлық қатысушыларға қазақ күресінен арналған спорттық күртеше мен аяқ киім берілуде. Бүгін шетелдік төрешілерге қазақ күресінің ережелері бойынша семинар өткізіледі.

Біріншіліктің жалпы жүлде қоры 30 миллион теңге. Оның ішінде 15 миллионы жеңімпазға тиесілі. Дәстүр бойынша, алтын, күміс және қола белбеулер де қарастырылған. Жанкүйерлер де жүлдесіз қалмайды. Көрермендер арасында Renault Logan автокөлігі ойнатылады.

Айта кету керек, абсолютті әлем чемпионатын тікелей эфирде «Qazaqstan», «Qazsport», түріктің «TRT Avaz», Ресейдің «Матч! Планета» және «Бокс ТВ» телеарналары көрсетеді.

Естеріңізге саламыз, Alem Barysy 2014 жылы Павлодар қаласында өтті. Тартысты бәсеке нәтижесінде алтын белбеу мен жүз мың АҚШ долларды кубалық Брайсон иеленді. Екінші орында Айбек Нұғымаров, үшінші сатыда ресейлік Максим Ширяев.
Әрі қарай

Елордада «Астана – таза қала» жалпы қалалық сенбілігі 16 қыркүйекте өтеді

Жалпықалалық «Астана – таза қала» қалалық сенбілігі күзгі экологиялық айлық аясында өтеді. Астана қаласын санитарлық тазалауға, абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған сенбілік ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен 4 қазанға дейін өтеді.

Шараға 90 мыңға жуық адам қатысады, олардың ішінде мыңнан астам кәсіпорын мен ұйым бар, 49 жоғары және орта білім беретін білім мекемесі, 184 мектепалды және жалпы білім беру ордасы, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 161 мемлекеттік мекеме, ведомство және ұлттық компания бар, 560 техниканы жұмылдыру жоспарлануда. Сенбілік қатысушыларына барлық тазалау құралдары беріледі.

Қала аумағында қалалық және республикалық ұйымдардың қатысуымен ағаштар мен көшеттерді отырғызу жоспарланып отыр. Қалалық басқармалардың қызметкерлері өздерінің нысан аумағында 18,5 мыңға жуық ағаш отырғызбақ.

Онымен бірге Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасын тазарту бойынша экологиялық акция өткізу жоспарлануда. Бұған студенттер, еріктілер мен әскери бөлімдердің қызметкерлерін тарту көзделіп отыр.

жалпықалалық «Астана – Таза қала!» қалалық сенбілік күзгі экологиялық айлық аясында өтеді. Астана қаласын санитарлық тазалауға, абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған сенбілік ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен 4 қазанға дейін өтеді.

Шараға 90 мыңға жуық адам қатысады, олардың ішінде мыңнан астам кәсіпорын мен ұйым бар, 49 жоғары және орта білім беретін білім мекемесі, 184 мектепалды және жалпы білім беру ордасы, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 161 мемлекеттік мекеме, ведомство және ұлттық компания бар, 560 техниканы жұмылдыру жоспарлануда. Сенбілік қатысушыларына барлық тазалау құралдары беріледі.

Қала аумағында қалалық және республикалық ұйымдардың қатысуымен ағаштар мен көшеттерді отырғызу жоспарланып отыр. Қалалық басқармалардың қызметкерлері өздерінің нысан аумағында 18,5 мыңға жуық ағаш отырғызбақ.

Онымен бірге Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасын тазарту бойынша экологиялық акция өткізу жоспарлануда. Бұған студенттер, еріктілер мен әскери бөлімдердің қызметкерлерін тарту көзделіп отыр.
Әрі қарай

«Астана марафон-2017» шарасына 3 мыңнан аса қатысушы тіркелді

Астана жаңалықтары: «Астана марафон-2017» шарасына 3 мыңнан аса қатысушы тіркелді

Марафонға қатысу үшін ұйымдастырушылардың www.astana42k.com, сайтында онлайн тіркелуге болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Жыл сайынғы Астана марафонына қатысуға тіркеуден өткен қатысушыларға биыл «Әрқашан бірге» деген жазуы бар жейде таратылады.

-Қазіргі таңда Астана марафонына 3724 қатысушы тіркелді. Бірақ бізде әлі де он күндейуақыт, сондықтан күтеміз. Шараға басталғанға дейін 4500-5000 — ға жуық адам тіркеледі деп ойлаймыз, — деп хабарлады медиа орталық тілшісіне «Астана марафоны» директоры Гаухар Брамлей-Фентон.

Қатысушыларды тіркеу әлі де жалғасуда. 11 қыркүйекке дейін 42,2 шақырым мен 21,1 шақырым қашықтыққа қатысушы жеңіл атлеттер бағын сынауға тіркеле алады. 10 шақырым қашықтықта тіркелу 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Сонымен қатар қатысу үшін 14 қыркүйекке дейін Crossfit Astana клубтары арқылы және 15-16 қыркүйек сағат 19:00-ге дейін Astana Marathon EXPO 2017 спорттық жәрмеңкесі кезінде тіркелуге болады.

Биыл марафон Қазақстан астанасында 17 қыркүйек өтеді. Спортшылар 3 қашықтық бойынша жарыс жолына шығады. Ең шыдамдылары 42,2 шақырымды, дайындалған атлеттер 21,1 шақырымды, ал әуесқойлар 10 шақырымды бағындырады. Бұдан бөлек скандинавиялық жүру ұсынылады.

Шараға кенияляқ есімдері белгілі желаяқтар қатыспды деп күтілуде. Марафондық қашықтықтарда тұрақты таңғаларлық нәтиже көрсетуші Саймон Кипругут Кируй (Simon Kiprugut Kirui), Генри Кипсанг (Henry Kipsang) и Чебой Хильда Джепкогей (Cheboi Hildah Jepkogei) бар.

Марафон 17 қыркүйек күні мамандандырылған халықаралық ЭКСПО көрмесіне қарама-қарсы Р4 автотұрақ аумағында өткізіледі.
Әрі қарай