Жарияланымдар

Астанада даун синдромы бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық жарысы өтті

Астана жаңалықтары: Астанада даун синдромы бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық жарысы өтті

23 қыркүйек, сенбі күні Астанада АҚШ елшілігінің қолдауымен «Күн әлемі» қоғамдық қорымен және QSI халықаралық мектебімен ұйымдастырылған «Күн кросы» қайырымдылық жарысы өтті.

2,5 км және 5 км жарысқа барлығы 150 астам адам қатысты. Бұдан басқа, арбасы бар жас аналар мен роликтері қатысушылар жылдамдыққа жарысты. 5 км қашықтықты өткен мүгедек арбасындағы марафоншы Аркадий Губаревты атап өтуге болады. 5 км қашықтықтағы жеңімпаздар Манат Амет, Мурат Аубакиров, Форд Джеремая, Умида Бурханова, Айнур Маликова және Виктория Эльмаз болды.

2,5 км қашықтықтағы жеңісті Кристина Исламова, Люси Мечова және Анна Хочет иеленді.Мектеп оқушылары арасында Дархан Исабаев, Грег Райтен, Лидия Таннер, Мередит Малш және Карэн Хазэлдар жеңіске жетті.

Сонымен бірге, ең жас спортшыларды жеке атап өтіп, марапаттау сыйлықтарымен марапаттады. Бұл 2,5 км қашықтықты өткен жеті жасар Хамза Талгабек пен Лайла Форд.

Барлық жиналған қаражаттар ересек жастағы Даун синдромы бар балаларға арналған «Шығармашылық шеберлік» Қорының жаңа жобасын іске асыруға кетеді.
«Күн кросын» «Астана СкиКлаб», Byro Glaz Events компаниясының аниматорлары, жүргізуші Денис Добров, Жан Сакс қолдағанын атап өтеміз, OMRON компаниясының Brainz –видеосы қатысушыларға қысымды тегін өлшеу мүмкіндігін берді.

«Күн әлемі» қоғамдық қоры 2015 жылы Даун синдромы бар балалардың ата-аналарымен осы патологиямен ауыратын балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, әлеуметтендіру және оңалту мақсатымен құрылғанын еске саламыз. Қор қызметі бағыттарының бірі әр маусымда тұрақты негізде өткізілетін «Күн кросы» қайырымдылық спорт іс-шарасы болып табылады. Түскен ақша «Күн әлемі» қорының жобаларын іске асыруға бағытталады.
Әрі қарай

Астанада еңбек адамдарына құрмет көрсетті

Астана жаңалықтары: Астанада еңбек адамдарына құрмет көрсетті

Астана қаласының Кәсіподақ үйінің ғимаратында Еңбек күнін мерекелеуге арналған қалалық еңбек Форумы өтті.

Форум аясында «Еңбек жолы» қалалық конкурсының «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша жеңімпаздар және кәсіптері бойынша үздіктер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Онлайн-дауыс берудің және Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия шешімінің қорытындылары бойынша «Еңбек жолы» конкурсының «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша 1 орынды Базарбаевтар әулеті иеленді. Теміржол транспорты саласына отбасының 15 мүшесі өз үлестерін қосқан. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 739 жыл.

2 орынды Носиевтер әулеті иеленді. Білім саласына өздерінің үлестерін отбасының 14 мүшесі қосып отыр. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 327 жыл.

3 орын Рақымжановтар әулетіне берілді. Әулеттің басшысы Рақымжанов Абдула Төкнұлы «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК №3 учаскесінің техникалық қызмет көрсету орталығының шебері. Сонымен қатар аталған кәсіпорында жұбайы мен қызы да еңбек етеді. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 57 жыл.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша 1 орынды «Астана-аймақтық электржелілік компаниясы» АҚ подстанция қызметінің 1 топтағы аға мастері Байсалдин Қастай Сәруарұлы, 2 орынды «№ 5 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК-ның бас дәрігерінің медициналық қызмет көрсетуді бақылау жөніндегі орынбасары Мұлдағалиева Гүлнар Шахманқызы және 3 орынды «Қазпочта» АҚ «Астаналық почтамт» Астаналық филиалының оқыту және дамыту жөніндегі бас маманы Кервенева Гүлмағиза Ережепқызы иеленді.

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша 1 орынды «Қазахтелеком» АҚ «Астанателеком» филиалының өңірлік телекоммуникация дирекциясының жетекші маманы Жексембаев Саят Қабдрғалиұлы, 2 орынды «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК сынау зертханаларының қарапайым лаборанты Қалиев Шернияздан Серікұлы және 3 орынды «Қазпочта» АҚ «Астаналық почтамт» Астаналық филиалының №4 сәлемдемелер супермаркетінің байланыс операторы Даниарова Дина Асқарқызы иеленді.

Форумға атқарушы және өкілетті органдардың, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілердің, жұмысшылардың, БАҚ-ның өкілдері қатысқанын атап өтуге болады. Ұйымдастырушылар: Астана қаласының әкімдігі, Кәсіподақ Орталығы және Кәсіпкерлер палатасы.
Әрі қарай

Елордалық университет оқытушылары әйелдер көшбасшылығы мектебінен өтті

Астана жаңалықтары: Елордалық университет оқытушылары әйелдер көшбасшылығы мектебінен өтті

Астана Туран Университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы Астана қаласының әйелдер көшбасшылығы мектебін өтті.

Ұйымдастырушылар «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» МММ қаржылық қолдауымен «Қазақстан әйелдері Қауымдастығы» ҚБ болып табылады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік мәселелерін талқылау, әйелдердің көшбасшылығының әлеуетін күшейтуде заманауи тәжірибелік құралдарды пайдалану.

Әйелдер көшбасшылығы мектебінің бағдарлама шеңберінде келесі тақырыптар ашылды: «Біз қандай әйелдерді өз көшбасшылары ретінде көргіміз келеді? Гендерлік саясат не үшін қажет?». Осы тақырып бойынша тренер Expo&Women халықаралық ұйымының атқарушы директоры – Лязят Аскарова болды. Қатысушылармен «Сәнді эмоция гардеробы» тақырыбы да талқыланды.

— Бүгін бізде жаңа тақырып – көшбасшылық. Біз сатылы көшбасшылыққа үйренгенбіз, деңгейлі көшбасшылық болады екен. Сертификатталған тренер қатысушыларға ең басты аспектілердің әнгімелейді. Бұл біздің әйелдерімізге бергіміз келетін американдық жаңа әдістеме. Бірінші кездесу әйелдерге гендерлік саясат туралы баяндаудан тұрады. Бізде лекциялар, семинар-тренингтер, дөңгелек стол кіретін тоғыз іс-шара өтеді. Соңында біз әйелдерден олардың тілектері мен ұсыныстарын естігіміз келді, — деп айтты «Қазақстан әйелдері Қауымдастығы» Президенті Гульнар Байымбетова.
Әрі қарай

Астанада Қазақстан халқы тілдерінің ХІХ қалалық фестивалі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақстан халқы тілдерінің ХІХ қалалық фестивалі өтті

Астанада «Астана» концерт залының қабырғасында Қазақстан Халқы тілдерінің қалалық фестивалі өтті.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінің құрметіне ұйымдастырылды. Кеш ұйымдастырушыларының айтуынша, фестивальдің негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту, ұлтаралық келісімді, Қазақстан халқының достығы мен бірлігін насихаттау, болашақ елді дамытуға жас ұрпақтың назарын аудару.

— Осы фестиваль жыл сайын өтеді, Астанада мереке шеңберінде бірнеше іс-шаралар өтеді, бүгінде қазақ халқының салт-дәстүріне арналған бірінші мерекелердің бірі. Бүгін мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаларды мүсіншелермен марапаттадық, олардың ішінде журналисттер, блоггерлер, дәрігерлер, сондай-ақ қоғамдық қайраткерлер, — деді Астана қ. Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің бастығы Нурзила Каскатаева.

Сонымен, мерекелік іс-шара барысында, Астана қ. әкімінің атынан мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғалар «Тіл тұғыры» атағымен марапатталды. Олардың ішінде танымал журналист, тележүргізуші, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі департаменттің директоры Берик Уали, Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектеп директоры Ербол Иргебай, «Астана» телевизиялық арнаның директоры Ляззат Танысбай, «Қазақстан КТК Одағы» ӨЖҚҰ Президенті, «ЖІГЕР. АБЫРОЙ. САНА» қоғамдық қордың атқарушы директоры Елеукен Есентугел, астаналық «Шипалы» клиникасының бас дәрігері Қайрат Айдархан және танымал блоггер, айти-маман, қазақстан блогосфераның негізін қалаушылардың бірі Ерлан Оспан және Қорғалжың ауданының «Өрлеу» МКҚК директордың орынбасары, Қазақстан Халқы Қауымдастығының мүшесі Леонид Гейленгер.

— Шындығын айтқанда, бүгін мені марапаттайды және құттықтайды деп күтпедім. Өте қуаныштымын. Мен мемлекеттік тілді насихаттау керек деп санаймын – бұл республиканың әр азаматының борышы, — деп «Қазақстан КТК Одағы» ӨЖҚҰ президенті Есентугел Елеукен өз пікірін білдірді.

Іс-шара шеңберінде, мереке қонақтарына концерт арналды. Қазақ эстрада жұлдыздары өз хиттарын орындады. «Алашұлы» тобы, Қайрат Нұртас, Қарақат Әбілдина барлығы жақсы көретін әндерін орындады, сондай-ақ ағайынды Жүгінісовтар, Шахаризат Сейдахмет, Әсем Омар және тағы басқалары өз шығармашылығымен көрермендерді қуантты.
Әрі қарай

Отандық өндірушілер елорданы етпен үздіксіз қамтамасыз етеді

Астана жаңалықтары: Отандық өндірушілер елорданы етпен үздіксіз қамтамасыз етеді

Астана қаласы ауылшаруашылық басқармасының ақпараты бойынша, ет бағасын тұрақтандыру үшін отандық өндіруші-тасымалдаушылармен келісім жасалды. Келісімшартқа сәйкес, кәсіпкерлер белгіленген баға бойынша етті үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді.

Ресми статистикалық мәліметтер бойынша, 2017 жылдың тамызында Астанада инфляцияның деңгейі 99,8% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына — 98,4% болды.

Сиыр етінің бағасы 0,7%-ға өсіп, 1641 теңгені құрады. Ауылшаруашылығы басқармасы атап өткендей, сиыр еті бағасының өсу себебі өзіндік құнының элементіне қымбаттауы: валюта бағамына байланысты жем, жанар-жағармай, т.б. бағаның өсуінен болған.

Аталған өнім бағасын тұрақтандыру мақсатында отандық ет өндіруші және жеткізуші «Астана агропродукт» ЖШС-мен және 60-тан астам етті саудалаушыларменбелгіленген баға бойынша үздіксіз жеткізуге келісім жасалған. Осы меморандумдар аясында аталған өнімді сату тұрақты түрде әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар сұранысын қанағаттандыратын «Шапағат» коммуналдық базары арқылы жүзеге асырылады.

Осылай еттің сатып алу бағасын белгіленді (1250 теңге/кг), алдыңғы сан етінің бағасы 1350 т/кг.

Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру үшін қалада үнемі ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіліп тұрады. Осы жылдың наурыз айынын бастап 48 аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңке өткізілді. Онда 25 мың тоннадан астам өнім сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Оның 3200 тоннасы барлық ет түрлері.
Жәрмеңкелер өткізу азық-түлік бағасының төмендеуіне әсер етеді. Республиканың өңірлерімен тауарлар көлемін көбейту бойынша жүргізілген бірлескен жұмыстың арқасында оң динамика байқалады. Қырыққабат (45%), картоп (40,6%), пияз (26,6%) бағалары айтарлықтай төмендеген.

Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында шілде айынан тауар интервенциясы жүргізілуде. Ал осы айда сатып алынған күріш пен қарақұмық жармасы бойынша интервенция жүргізу жоспарланған.

-Бұл шаралар барлық тауар топтары бойынша тұтыну өскен жағдайда да бағаны бақылауға мүмкіндік береді. Өнім жетіспеушілігін болдырмайды және бағаның күрт шарықтап кетуіне жол бермейді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасын табады, — деп атап өтті ауылшаруашылығы басқармасының басшысы.
Әрі қарай

Елордада əлеуметтік қызметкерлердің форумы өтті

Астана жаңалықтары: Елордада əлеуметтік қызметкерлердің форумы өтті

22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау форумы өтті. Форум бағдарламасында барлық Республикадан әлеуметтік сала қызметкерлері мен қиыр және таяу шетелден келген қонақтар қатысты.

Форум шеңберінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын секциялық талқылау өткізілді. Секциялық жұмыс мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсету, қарттарды күту, тұрмыстық күш көрсету құрбандарына көмектесу, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және белгілі тұрғылықты орны жоқ тұлғаларды әлеуметтік оңалту және әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағыттары бойынша өткізілді.

Секциялар жұмысына барлығы 500 аса адам қатысты. Үш секция Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының ведомствоға бағынышты мекемелер базасында өткізілді: Астана қаласы Әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, Астана қаласы Әкімдігінің «Нұрлы Жол» Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ және Астана қаласы Әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» КММ.

Сонымен бірге, Форум шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың Үздік әлеуметтік жобаға конкурсы және Қолданбалы өнер көрмесі өткізілді. Секциялық жұмыстан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің төрағалығымен Пленарлық отырыс өтті.

Отырыс барысында әлеуметтік қызметтер сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар мен әлеуметтік саясатты одан әрі дамыту перспективалары әзірленді.
Әрі қарай

30 қыркүйек «Алауда» конькиде жаппайсырғанау маусымы басталады

Астана жаңалықтары: 30 қыркүйек «Алауда» конькиде жаппайсырғанау маусымы басталады

«Алау» мұз сарайында қысқы маусымға дайындық қызу жүруде.

400 метрлік жолға, хоккей кортына мұз қатыру процессі озық технология мен жоғары сапалы материалдарды қолдану арқылы жүргізіліп жатыр. Аренаға «Алау» логотипі мен мұз айдынының тұмары Алаулика суреті әр бермек.

Мұздың жалпы аумағы — 9200 м², мұндай ауқымды аумақ үшін 460 000 литр су қажет болған. Мұз құю жұмыстары бір аптадан соң аяқталады. Ал 2017 жылдың 30 қыркүйегінде сарай жаппай сырғанау әуесқойлары үшін есігін айқара ашады.

Өткен жылмен салыстырғанда оқушылар мен студенттер және зейнеткерлер үшін кіру бағасы кез келген сеансқа 500 теңгеге дейін арзандатылған. Бұдан бөлек 7 жасқа дейінгі балаларға, көпбалалы отбасы балаларына, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, I және II топтағы мүгедектер үшін кіру тегін.

Жаппай сырғанау алты күндік режимде өтеді: жұмыс күндері үш сағаттық бір сеанс 19:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс күні – 5 сеанс жоспарланған. Дүйсенбі – техникалық күн.

Айта кету керек, жылдан-жылға «Алау» мұз сарайында жаппай сырғанау танымалдылығы артып келеді. 2016-2017 жыл маусымы кезінде жаппай сырғанауға 160 000 адам келген. Бұл жоба жүзеге асырылғаннан бері ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
Әрі қарай

26 қыркүйекте "Астана - Орал " жүйрік поезды іске қосылады

Астана жаңалықтары: 26 қыркүйекте Астана - Орал  жүйрік поезды іске қосылады

2017 жылдың 26 қыркүйегінде «Астана-Орал» және «Алматы-Орал» жаңа бағыттары бойынша «Тұлпар-Тальго» жүйрік поездерінің іске қосылады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ деректері бойынша «Астана-Орал» поезды 28 қыркүйек күні 11 сағат 33 минутта «Астана-Нұрлы жол» станциясынан жүреді.Орал станциясына келу – 27 қыркүйек 12 сағат 42 минут.

Жолда жүру уақыты 13 сағатқа (39 сағаттан 26 сағатқа дейін) қысқарады. Тұрақтар келесі станциялар бойынша белгіленді: Астана, Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Әйтекеби, Никельтау, Ақтөбе, Қазақстан және Орал.

Әр құрам қазақстандық өндірістің «Тұлпар-Тальго» 27 вагонынан құралатынын атап өту керек, олардың 2 вагоны «Гранд» класынан, 2 – «Бизнес», купе вагоны – 18, сондай-ақ 3 техникалық вагон және 2 вагон-мейрамхана (вагон-бар). Вагондарда жолаушылар үшін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды.

Қазақстан Республикасы аумағынан Ресей Федерациясының аумағы арқылы бақылау ресімдерінен өткізусіз келесі транзитпен мемлекеттік шекара арқылы жүйрік поездарды өткізу ресімдерін жеңілдету мақсатында «1996 жылғы 18 қазандағы т/ж көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеу ерекшеліктері туралы келісімге» өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін еске түсіреміз.
Әрі қарай

Астана әкімі елорда үлескерлерінің мәселелерін жеке бақылауға алды

Астана жаңалықтары: Астана әкімі елорда үлескерлерінің мәселелерін жеке бақылауға алды

Бүгін таңертең Астананың проблемалы тұрғын үй кешендерінің 100-ден астам инвесторлары үлескерлік құрылыс саласындағы өзекті мәселелерін шешу мақсатында көмек сұрап Астана әкімдігіне жүгінді.

Жиналғандар ішінде бірқатар тұрғын үй кешендерінің өкілдері бар. Атап айтсақ, «Жастар 4», «Шығыс», «ОралДизайнСтроиСервис», «Магистральный 3», «Есiл ЭК», «Махаббат»,«Азбука Жилья» («Садовые кварталы», «Айсанам DeLuxe», «Комфорт DeLUXE», «Жетiжол», «Гарант», «Комсомольский», «Династия»).

Әсет Исекешев салымшылардың жанайқайын тыңдап, азаматтардан өтініш қабылдады.

Отырыс жұмысына барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде қала прокуратурасының, Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің, ведомствоаралық комиссиясының ІІМ және бас прокуратура, сонымен қатар барлық үлескерлік құрылыс саласында қызығушылық танытқан органдардың өкілдері қатысты.

Кездесу қортындысы бойынша Астана қаласының әкімі құқық қорғау өкілетті органдарына үлескерлік құрылыстағы инвесторлар мәселелерін және аз уақыт ішінде заңнамалық және құқықтық сұрақтарды шешуді жүктеді. Бұдан бөлек, әкім үлескерлік құрылыс қатысушыларының проблемасы жеке бақылауға алынып, тұрғын үй кешендері бойынша инвесторлармен кездесу кестесі құрылатынын жеткізді. Бұл бағытта жұмыстар үзбей, шешімін тапқанша жүргізіледі, деп сендірді әкім.
Әрі қарай

Демалыс күндері Астанада екі облыстың жәрмеңкесі өтеді

Астана жаңалықтары: Демалыс күндері Астанада екі облыстың жәрмеңкесі өтеді

23-24 қыркүйек Астанада Қарғанды және Қызылорда облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана қаласы ауылшаруашылық басқармасының басшысы Ардақ Досанов хабарлады.

Оның сөзінше, 8 ай ішінде Астанада 50-ге жуық жәрмеңке өткен. Кейбір аймақтар бірнеше рет келген.

-Жәрмеңкелерде біз 8 млн теңгенің 25 мың тоннадан астам өнімін өткіздік. 23-24 қыркүйек Қарағанды мен Қызылорда облыстарының бірлескен жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарлануда. Онда 500 тонна өнім саудаланады, — деді Досанов мырза.

Естеріңізге саламыз, жәрмеңке Қ.Мұңайтпасов көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені аумағында өтеді.

Айта кету керек, елордаға жыл басынан бері дистрибьюторлік арналар арқылы 80 мың тонна азық-түлік жеткізілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25-30%-ға көп. Мұндай шаралардың барлығы бағаны бақылауға және барлық тауар топтары бойынша өсім болған жағдайда да өнімдердің жетіспеушілігін, жылдам қымбаттауын болдырмады.