Жарияланымдар

Бас қалада балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің азайғаны байқалады

Бүгінгі күні Астанада балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың азаю үрдісі байқалады. Егер 2013 жылы елордалық балалар үйінде 422 бала болса, 2017 жылы олардың саны 272 құрады, деді қалалық білім басқармасының жетекшісі Ануар Жанғозин мәслихаттың әлеуметтік-медени мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысында.

«Республикада жетім балаларды тәрбиелеуге алған қазақстандық отбасыларды материалдық ынталандыру енгізілді. 2004 жылдан бері патронаттық тәрнбие беру формасы дами бастады. Патронаттық тәрбиешілерге еңбек өтілі мен квалификациялық категориясына байланысты ай сайын еңбек ақы төленеді. Сонымен қатар баланы күтіп-асырауға 9-10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы беріледі», — деді А.Жанғозин.

Бұған қоса 2011 жылдан бастап баланың қамқоршылары да ай сайын 10 АЕК (22690 теңге) жәрдемақы алады.

«Ал 2015 жылдың қаңтар айынан бері бала асырап алған қазақстандық азаматтарға 75 АЕК мөлшерінде (170 175 теңге) бір жолғы төлемақы төлене бастады. Жалпы, бұл 2013 жылы елордалық балалар үйінде 422 бала болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 272 құрап отыр. Яғни, балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің 36% пайызға азайғаны байқалады», — деді Астана қалалық білім басқармасының жетекішісі.
Әрі қарай

Елордада жастар мәселесіне қатысты 59 жоба жүзеге асырылды

Астана жаңалықтары: Елордада жастар мәселесіне қатысты 59 жоба жүзеге асырылды

Жыл басынан бері қалада жастар саясатына қатысты 59 жоба жүзеге асырылды. Оның 34 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында орындалды, деді қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшісі Асхат Оралов мәслихаттың әлеуметтік-мәдени мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында.

«Аталған жобалар аясында 350 жуық шара өткізіліп, 75 мың жас қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыс жастар арасында кең танылған Facebook мен Instagram әлеуметтік желілері мен ақпараттық порталдар арқылы да жүргізіліп келеді. Мұндағы ауқымды қоса алғанда 5 млн жуық адамды қамтып отыр», — деді А.Оралов.

Оның айтуынша, 2016 жылы басқармамен 45 жоба жүзеге асырылған (оның 24 мемлекеттік жекеменшік тапсырыс шеңберінде).

«Ағымдағы жылы өткізілген шаралар 2015 жылмен салыстырғанда (150 іс-шара) екі есеге атты», — деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Астанада 14 жоғары оқу орны, 35 колледж бар. Бұл білім мекемелерінде 78 062 жас оқып жатыр.

Бұған қоса мәслихат отырысында белгілі болғандай елордада жастар мәселесімен айналысатын 70-тен астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Бүгінгі күні оның небәрі 27 пайызы белсенді жұмыс істеп тұр.
Әрі қарай

Астанада тұрғын үйлер мен бизнес орталықтар сапасының рейтингісі құрылады

Бұл біріншіден кезекте жылжымайтын мүліктің бағасына, ал екіншіден көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ғимараттар жайлы ақпараттың (көрсетілетін қызметтердің сапасы, инфрақұрылым, лифтілердің жұмысы және т.б.) қоғам үшін қолжетімді болатындығы туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова жылжымайтын мүлікке қатысты сұрақтар талқыланған Орталық-Азия елдерінің форумында (CRE) мәлімдеді.

«Біз осы мәліметтерге ие бола отырып, әр тұрғын-үй кешенінің құнды екендігін түсінеміз. Дәлірек айтқанда, біз әр үйде жарықтың, судың қашан және қанша рет сөндірілгенін, лифттің қай жерде және қашан жұмыс істемегенін, әр ПИК-не қанша шағым түскенін біліп отырмыз. Сондай-ақ, бірыңғай «109 қызметі» жұмыс істейді. Тек осы жылдың 9 айындағы қорытындыларға сәйкес, бізге тұрғын-үй кешендерін, коммерциялық қорды абаттандыру бойынша 400 мыңнан астам сауал келіп түсті. Осы мәліметтерді біз әр нысанның бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын нақты түрде бағалай алу үшін нарыққа ұсынуға дайынбыз. Яғни, біз тұрғын-үй кешенінің немесе бизнес орталығының премиум немесе бизнес санаты деңгейіне сай екендігін анықтайтын боламыз. Бізге әлі де мәліметтер түсіп жатыр», — деді М.Бектұрова.

Аталмыш шаралар қалалық билік өкілдерінің пікірінше, азаматтарға ең алдымен жылжымайтын мүлікпен байланысты жағдайды бағалауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жылжымайтын мүліктің бағасына да әсер ете алады. Ал бұл көрсетілетін қызметтер сапасының біртіндеп жақсаруына әкелуі тиіс.

«Біз осы жұмыстың қандай нәтижелерді беретінін шамалап, кейбір өздерін «премиум» немесе бизнес санатына жатқызған кеңсе немесе ғимараттар қайта бағалануы мүмкін екендігін түсінеміз. Тиісінше, бұл баға тұрғысында қандай да бір түзетулерге әкеп соқтыруы мүмкін. Алайда, біздің тараптан нарыққа осындай ақпарат аса қажет», — деп түйді М.Бектұрова.

Елорда ғимараттары рейтингісінің үлгісі таяу арада OpenDataAstana.kz порталында жарияланатын болады.
Әрі қарай

Астананың бизнес орталықтары жаңа стандарттарға сай салынатын болады

Жеке кәсіпкерлерге өздеріне ұнаған және қалтасына қонымды үй-жайды жалға алу жеңіл болады,-деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Қала билігі жаңа еуропалық стандартқа сай келетін ҚНМЕ-н (Құрылыс нормалары мен ережелері) енгізуді жоспарлап отыр. Соңғысы айтарлықтай жеңілдетіліп, өз кезегінде ғимараттын құрылыс құнына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Орта Азиялық жылжымайтын мүлік форумында Астана қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова айтты.

«Біз кәсіпкерлерге офистік үй-жайлардың шағын мөлшерлісін жалға беру жайын талқыладық. Және ҚНМЕ бойынша шектеулер бары анық, құрылысшыларға бұндай ғимараттар салу қиын. Яғни шаршы метрі аз, оған қоса жуынатын бөлме мен дәретхананың болуы, ол құрылысшы үшін белгілі бір қолайсыздықтар тудырады. Оларға осының барлығын белгіленген құрылыс құнына енгізу керек. Жәнеде бұл жобалау барысына ыңғайсыздық тудырады. Өйткені қазіргі заманғы ғимараттар мүлде басқа талаптарды қажет етеді. Жалпы біз еуропалық стандарттарды енгізуді қолға алуды көздеп отырмыз»,-деп айтты М.Бектұрова

Жуық болашақта ҚНМЕ-ге өзгерістер енгізу жоспарлануда.
Әрі қарай

СҚО-ның тауар өндірушілері жәрмеңкеге 725 тонна өнім әкеледі

21-22 қазанда «Қазақстан» спорт сарайының көліктер тұрағында СҚО тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды елорда әкімідігінің медиа орталығы.

Ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесінде ет өнімдерінің – 78 тоннасы, макарон өнімдерінің – 5 тоннасы, балдың – 13 тоннасы, сүт өнімдерінің – 14 тоннасы, картоп пен басқа да көкөністердің – 559 тоннасы сатылады деп күтілуде.

Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандары мен Петропавл қаласының 115-ке тарта кәсіпорны қатысады.
Әрі қарай

Елордалық мектеп оқушылары тәртіп сақшысы мамандығының қыр-сырымен танысты

Астана жаңалықтары: Елордалық мектеп оқушылары тәртіп сақшысы мамандығының қыр-сырымен танысты

16-20 қазан аралығында республика аумағында «Мен және менің полицейім» акциясы өтуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Елордалық оқушылар полицейлердің жұмысымен танысты. Балалардың тәртіп сақшысы жұмысының қыр-сырын танып білуіне «Мен және менің полицейім» акциясы себеп болды. Іс-шараны өткізу барысында орта буындағы мектеп оқушылары үшін жыныстық қол сұғылмаушылықпен байланысты құқық бұзушылықтардың, басқа да теріс қылықтардың алдын алу туралы дәрістер оқылып, сұхбаттасу жүргізілді. Оқушылар үшін арнайы техника мен қызметкерлерге қажетті керек-жарақтардың көрмесі, сондай-ақ Астанадағы Оқушылар сарайы алдында өткен жаттықтырылған иттердің көрмесі акцияның ұмытылмас сәті болды.

Алаңға ондаған патрульдік көліктер мен арнайы техника қойылды. 50-ге тарта полицей өз жұмысының ерекшеліктері жайлы әңгімелеп берді. Патрульдік көліктер, эскортты взвод, «Тигр», тікұшақтар мен басқа да мамандандырылған техника балалардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырса керек. Оқушыларға көлікте отырып, оның ішін көріп, патрульдік көлікті басқаруға да рұқсат берілген болатын әрі олар вертолеттің жұмысынан хабардар болып, «Тигр» сауытының ішіне де кіріп көрді.

«Шараның мақсаты – полиция қызметкерлерінің жұмысын көрсету. Жұмыстың қаншалықты қиын әрі қызықты екендігін көрсетіп, оның қыр-сырын ашу. Болашақта өскелең ұрпақтың полиция қызметін таңдауы үшін де аталмыш акцияны өткізіп отырмыз, яғни оны кәсіби бағдарлау жұмысына да жатқызуға болады», — деді Астана қаласы ІІД ЖПҚ-нің ювеналды полиция бөлімінің бастығы Самал Ахмет.

Айта кетейік, көрмеден бөлек, акция барысында 5-7 сынып оқушылары үшін ҚР ІІМ-нің музейіне, Жедел басқару орталығына, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандарды қабылдағыш сияқты Астана қаласы ІІД-нің басқа да әкімшілік ғимараттарына экскурсиялар ұйымдастырылатын болады.
Әрі қарай

Елорда жастары еңбекпен қамтылуда

Астана жаңалықтары: Елорда жастары еңбекпен қамтылуда

Жыл басынан бері елорданың 200-ге жуық жас маманы қалалық «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жұмыс жәрмеңкелерінің арқасында тұрақты жұмыс тапты, деп хабарлайды әкімдіктің медиа орталығы.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен бос орындар жәрмеңкесіне 50-ше жуық жұмыс беруші ат салысып, 100-ден астам бос орын ұсынды. Оған еңбек нарығына араласқысы келетін 1 мыңнан астам студент жастар қатысты, деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының директоры Мұхамеджан Болысбек.

«Бүгінгі жәрмеңкеде жұмыс берушілер университет тәмамдаған жас мамандармен қатар, білім алып жатқан студенттерге де жұмыс ұсынып отыр. Айлық мөлшері 70-80 мың теңгенің көлемінде», — деді М.Болысбек.

Оның айтуынша, жұмыс берушілер тарапынан технолог, өндіріс саласының мамандарына сұраныс басым.

«Біздің орталық жұмыс іздеген жастарды жұмыс берушілерге бағыттаумен айналысады. Тек биылғы жылдың басынан бері 400-ге тарта жас маманды жұмыс берушілерге бағыттадық. Бүгінде оның 200-ге жуығы тұрақты жұмысқа қабылданды», — деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының директоры.

Сонымен қатар, орталық директоры жастарға арналған жұмыс жәрмеңкелері елордадағы басқа да ірі ЖОО мен колледждерде өткізілетінін атап өтті. Желтоқсан айында жастарға арналған қалалық жұмыс жәрмеңкесін өткізу көзделіп отыр.
Әрі қарай

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітаптар таныстырылды

Астана жаңалықтары: Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітаптар таныстырылды

Бүгін Астана қаласы әкімдігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығарылған кітаптардың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Кітаптар Астана қаласынның 20 жылдығын атап өту барысында қолға алынған шаралардың басы. Бірінші кітап Саухат Жұмагүлдің «Сағындырған асылдар» атты кітабы. Бұл кітапта қазақ ұлтының өнеріне, мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың еңбектері енген.

«Бұл кітапқа астанамыз Алматыдан Астана көшкенде Елордамыздың мәдени, әдеби ортасын қалыптастырып, өнер ордасын құруға атсалысқан ақын-жазушылардың ой тұжырымдары, толғаныстары еніп отыр», — деп атап өтті ішкі саясат бармасының басшысы Е.Каналимов.

Ал, қалған үш кітап блокнот ретінде шығарылған. Кітапта қаланың Бозоқтан Астанаға дейінгі қызықты, ғаламтор беттерінде жарық көрмеген тарихы айтылады. Шығарма қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шыққан. Оның құрылымы да айтарлықтай жеңіл болу үшін оқырманға Айя есімді робот көмектеседі.

«Астана қаласының тарихынан сыр шертетін заманауи кітап «Ел жүрегі — ажарлы қала Астана» деп аталып отыр. Кітап авторы Зәуре Төреханова. Ішінде екі кейіпкері бар екеу ара әңгімелесу арқылы Астананы таныстырып отырады», деп айтты Е. Каналимов.

Шара барысында Ерлан Каналимов оқырманның, кітап сүйер қауымның қалауымен, солар ұсынар тақырыптарға арнап кітап шығаруға біз дайынбыз соған сіздер атсалызсаңыздар деген тілегін жеткізді.

«Сіздер оқушылар, студенттер арасында сауалнама жүргізіп қазіргі заман оқырманын қызықтыратын тақырыптарды атасаңыздар. Біз оқырман сұранысына сай кітаптар шығаруға дайынбыз»,- деді ведомсво басшысы.

Шараға қаламыздың мектептерінің, колледждерінің тағы басқа білім ошақтарының кітапханашылары қатысты. Шара аясында оларға аталмыш кітаптар табыс етілді.
Әрі қарай

Астанадағы көмір сатылатын ірі орындардың мекен-жайлары белгілі болды

Астана жаңалықтары: Астанадағы көмір сатылатын ірі орындардың мекен-жайлары белгілі болды

Қатты отынды қала аудандарындағы 7 жерден сатып алуға болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Көмірді келесі мекен-жайлар бойынша сатып алуға болады: Ет комбинаты Көктал көшесі, 78 (Шұбаркөл), Жұбанов көшесі, 35 (Шұбаркөл), Сороковая станциясы Ж. Жабаев көшесі, 76 (Шұбаркөл), Герцен көшесі 6\2 (Кузнецтік Сарыадыр), Промзона, 4/39 «Кенмарттың» артында (Қаражыра), Бетон орталығы Дулатов көшесі, 182 (Қаражыра), Карьерная көшесі, 40 (Кузнецтік).

Толық ақпаратты «Жедел желінің» мына номірлері бойынша алуға болады: 55-69-17; 8-778-794-97-88; 55-68-99, 8-702-800-77-37.
Әрі қарай

Астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарған

9 ай ішінде бас қаламыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарған, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында жалпы өңірлік өнім 2 318,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,9% өскен. ЖӨӨ үлесі ЖІӨ-10,8%-ға өсті.

ЖӨӨ жан басына шаққандағы 2 343,1 мың теңге, республика бойынша орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары (1 198,6 мың теңге).

2 043 мың кв.м.тұрғын үй беріліп, 24,2% өсім көрсеткен.

Астанада шағын бизнесті дамыту аса маңызды санатқа жатады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту динамикалық құбылыс. Жыл басынан бері ШОБ субъектілері 7,1%, бұл ретте, олардың шығарған өнім көлемі 55,8% өскен.

Оған жұмыс орындарын ашу және көбейту сеп болған. Жыл басынан бері елордада 14 234 жаңа жұмыс орны ашылған. Соның ішінде 12 060 орын шағын және орта бизнеске тиесілі.

Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметі бойынша 2017 жылдың 2 кварталында қаламызда жұмыссыздық деңгейі 4,5% құраған.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 12% өсім көрсетіп 746,8 млрд теңгеге ұлғайған. Өнеркәсіптік кәсіпорындар 9 ай ішінде 375,7 млрд теңгенің өнімін өндіріп 7,4% өсім көрсеткен, оның ішінде өндеу өнеркәсібі 7,2%, электрмен жабдықтау 9,8%.
Әрі қарай