Жарияланымдар

Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерге ескерту жариялайды

Астана жаңалықтары: Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерге ескерту жариялайды

Ауа-райының күрт бұзылуына байланысты Астана қаласының ЖПҚ көлік жүргізушілеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Жол жүру кезінде көлік апатының алдын алу мақсатында жүргізушілерге автокөліктің дөңгелегін жазғыдан қысқы дөңгелекке ауыстыруға кеңес береді», — делінген Астана қаласының ЖПБ таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жүргізушілерге күн райының ерекшеліктерін ескеріп, жылдамдық режимін белгіленген көрсеткіштен асырмай, жол белгілеріндегі нұсқаулар мен көлік құралдарының тұрақтау ережелерін қатаң қадағалауға кеңес береді.

«Жаяу жүргіншілерге де жол жүру ережелерін сақтау керек. Ол үшін жолды тек рұқсат етілген жерден өтуі тиіс», — делінген хабарламада.

Астана қаласында температураның төмендеуіне байланысты көктайғақ болады деп күтілуде.

Бүгін Астанада күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. «Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с соғады. Температура күндіз және түнде +3...+5°С төмендейді», — делінген Қазгидромет хабарламасында.

Синоптиктердің болжамынша 25 қазан күні Астанада күн райы бұлтты, қар жауып, бұрқасын соғады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. Түнде температура -3...-5°С, күндіз 0...-2°С.

Бейсенбі күні – көшпелі бұлт, түнде аздаған қар жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с соғады. Түнде температура -3...-5°С, күндіз — 0....-2°С.

Ауа райының төмендеп, суытуына байланысты көктайғақ болады деп күтілуде. Сондықтан, қалалықтар мен астана қонақтарына көшелерде абай болуын ескертеді.
Әрі қарай

«Қаллеки» театры жаңа маусымды «Абай» спектаклімен ашады

Астана жаңалықтары: «Қаллеки» театры жаңа маусымды «Абай» спектаклімен ашады

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық театры 26 қазанда 27-ші маусымын жылдағы дәстүр бойынша «Абай» трагедиясымен ашады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ал М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 117-ші теарт маусымы аясында А. Пушкиннің «Евгений Онегин» спектаклінің тұсауы кесіледі деп күтілуде.

«Жаңа маусым Астана қаласының 20 жылдығына арналады. Оның шеңберінде біз көрермен қауымды премьералық қойылымдармен қуантпақпыз. Бұл: «Братья Карамазовы», «Лекарь по не воле», «Маленький принц» спектакльдері. Ал бүлдіршіндер үшін біз екі жаңажылдық ертегіні дайындап қойдық. Қайырымдылық таңертеңгіліктерді де өткізетін боламыз», — деп мәлімдеді бүгін жаңа театр маусымына арналған баспасөз маслихаты барысында М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Еркін Қасенов.

«Жастар» театрының биылғы маусымы ерекше. Театр ағымдағы жылы өз 10 жылдығымен қатар, театрдың негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбайдың 70 жылдық мерейтойын атап өтпек. Осыған орай, 25 қазан мен 1 қараша аралығында «Жанарымдағы жалғыз әуен» атауымен «Жастар» театрының үздік қойылымдар фестивалі өтпек.

«Біздің сахнамызда тек түрлі деңгейдегі байқауларда бас жүлдеге ие болған қойылымдар ғана қойылады. Фестиваль аясында біз елдің басқа өңірлерінен әртістерді шақырып, олар үшін кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған арнайы тәжірибелік шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізіледі деп жоспарлануда. Бұл: актерлік шеберлік, сахна қозғалыстары, вокал сияқты сабақтар. Кешкі уақытта оқушыларымыз біздің спектакльдерді тамашалай алады. Бұл олар үшін үлкен мүмкіндік. Себебі «Жастар» театрындағы қойылымдар әлемдік стандарттарға сай» — деді «Жастар» театрының директоры Ернар Жұматаев баспасөз маслихатында.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 9 айында Астанада мыңнан астам спектакль көрермен назарына ұсынылды. Олардың 10-ы премьералық қойылым. Қойылымдар 200 мыңнан астам адамды қамтыған.
Әрі қарай

Астанада «Латын әліпбиіне көшу-ұлттық жаңғырудың ұйтқысы» атты жиын өтті

Астана жаңалықтары: Астанада «Латын әліпбиіне көшу-ұлттық жаңғырудың ұйтқысы» атты жиын өтті

Астана қаласында «Латын әліпбиіне көшу-ұлттық жаңғырудың ұйтқысы» атты ақпараттық-түсіндірме жұмысының отырысы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Астанада қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында білім басқармасы мен №74-ші мектеп-гимназиясының ұйымдастырумен «Латын әліпбиіне көшу-ұлттық жаңғырудың ұйтқысы» атты ақпараттық-түсіндірме жиыны өтті.

Шараның мақсаты латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Ата-аналар мен оқушыларға латын әліпбиінің Елбасына таныстырылған үлгісін Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-орталығының қызметкерлері таныстырды.

«Латын әліпбиіне көшуге байланысты ғалымдар мен IT мамандар өз нұсқаларын ұсынды. Оның алғашқы екі нұсқасы қоғамның талқысынан өтуде. Қазірші шарада сол екінші нұсқаны таныстырып, түсіндірмекпіз. Осы нұсқада отыз екі әріп бар. Бұл нұсқанын алғашқы нұсқадан ерекшелігі төл дыбыстарымыз негізгі әліпби қатарынан орын алды және дәйекше арқылы берілді», деп айтты Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-орталығының ғылыми қызметкері Алмажан Қадырханқызы.

Орталық қызметкерінің айтуынша, қазіргі таңда қоғамның 90% елбасына таныстырылған екінші нұсқаны қолдауда. Қазіргі күні латын әліпбиінің екі нұсқасы қоғам талқысынан өтуде. Және қоғам тарапынан ұсынылған ұсыныстар мен ескертпелерді біз ескелеріз деді.

«Бүгінгі іс-шараның өзектілігі латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы оқушылар мен ата-аналарға терең мағлұмат беру және талқылау», деп атап өтті №74-ші мектеп-гимназиясының директоры Жеңіскүл Нүсіпжан.

Шараға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, қоғам қайраткерлері қатысты.
Әрі қарай

Астанада 9900 орынға арналған тоғыз мектептің құрылысы басталды

Қала әкімі жаңадан салынып жатқан балабақша, мектеп, колледждердің құрылысын бақылауда ұстауда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Жыл сонына дейін әр қайсысы 240 орынға арналған екі балабақша қолданысқа беріледі. Бірі Сарайшық мөлтек ауданында, екіншісі Макаренко, Радищева көше қиылысында орналасқан.

Қазіргі күнде мемлекеттік — жеке әріптестік аясында 1680 орынға арналған алты балабақшаның жобасы жүзеге асырылуда, берілу мерзімі 2019 жыл. Сонымен қатар, жаңадан ашылған 79 жеке меншік балабақшада мемлекеттік тапсырысты орындау аясында 6359 орын ашылады.

Көшпелі кеңес барысында Сарыарқа ауданында орналасқан 1 200 орынға арналған мектеп құрылысының барысы баяндалды. Құрылыстың аяқталуы 2018 жылдың тамыз айы. Ғимарат Күмісбеков — Бигелдинов, Абай мен Сарыарқа даңғылы аймағында орналасқан.

Жаңа оқу жылында мектептерде орын жетіспеушілікті шешу мақсатында 2 600 орынға арналған бес жапсарлы ғимарат салынып, қолданысқа берілді. Жаңа корпустар мына мекен жайларда орналасқан: № 37 мектеп – Күйші Дина 46/2, № 16 мектеп – Кенесары 81, № 17 мектеп-гимназия – Қабанбай батыр 9/1, № 22 мектеп– Жирентаев 16, № 32 мектеп – Абылай хан 25/3. Әсет Исекешев барлық корпустын дайындығын тексерді.

Сонымен қатар, әкім күрделі жөндеу жүрген № 29 орта мектепте болды. Бұл мектепте былтыр сымнын қысқа тұйықталуынан өрт шығып білім ошағына айтарлықтар зақым келтірген. Осы жазда жаңа блок тұрғызылып, инженерлік желілер өткізілді, жаңа терезелер мен есіктер орнатылды.

Қаламыздың 74 орта білім беру мекемесінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру ұйымдастырылды. Оқу барысына әр түрлі диагнозы бар оқушылар барады (қант диабеті, эпилепсия, туа біткен даму ақаулары, тыныс демікпесі, лейкоз және т/б).

Сонымен қатар, Әсет Исекешев мүгедек балаларға арналып ашылған каратэ және жүзу секциялар жұмысымен танысты. Қазіргі күні бас қаламызда мүмкіндігі шектеулі балалардың спортпен еркін шұғылдануына бар мүмкіндік жасалуда.

Көшпелі кеңес барысында Қарасай батыр көшесінде орналасқан Көпсалалы колледждің күрделі жөндеу жұмыстары туралы баяндалды. Оқу орнынын екі блогында жөндеу аяқталған, үшінші блокта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Осы жылы 9900 орынға арналған 9 мектептің құрылысы басталды:

1. Абай – Бегендинов көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп;

2. Оқжетпес – Бөкеев көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп;

3. Қорғалжын тасжолында орналасқан 900 орынға арналған мектеп;

4. Нәжмиденов – Қалдаяқов көше қиылысында орналасқан 1200 орынға арналған мектеп;

5. Өқжетпес – Қарталы көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп;

6. Сейфуллин – Омаров көше қиылысында орналасқан 900 орынға арналған мектеп;

7. Сауран — № 26 және Хусеин бен Талал көшелер қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп;

8. № 41 – Жұмабаев көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп;

9. № 31 – Нұра Есіл көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп.

Сонымен қатар, Иманов — Брусиловский көше қиылысында 900 орынға арналған оныншы мектептін құрылысы жоспарланған. Тұрғындары неғұрлым тығыз орналасқан аудандарда 37 мектеп және 10 қосымша құрылыс жүргізу үшін жер учаскелерін бөлу бойынша сұрақтар қаралды.

Көшпелі кеңес барысында, қала әкімі Әсет Исекешев білім басқармасының басшысына және орынбасарларына құрылысы жүріп жатқан білім ошақтарын қадағалауда ұстауды тапсырды.
Әрі қарай

Тұрғын үй құрылысына қатысушы үлескер мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы туралы ақпарат

Тұрғын үй құрылысына қатысушы үлескер мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы туралы ақпарат

Астана қ. 08.00 с. 13 қазан 2017 жыл

1. «Азбука жилья» АҚ компаниясының құрылыс нысандарын аяқтау мәселесі бойынша өтініш есепке қабылданды:

Әділет департаментінің өкілі Б.Алпанов Астана қаласы прокуратурасында 12 қазан күні «Орда Инжиниринг» ЖШС және 7 ТҚК өкілінің қатысуымен жиын өтіп, онда «Азбука жилья» компаниясының активтері «Орда Инжиниринг» ЖШС өткізу туралы шешім қабылданды;

«Айсанам Отау Астана» ТҚК өкілі К.Түсіпбеков «АйсанамДеЛюкс Успех» ТҚК өкілдерімен келіспеушілікке байланысты жалпы жиын өкізуден бас тартты.

Ведомствоаралық комиссия (ВАК) ұсынды:

Сәулет және қала құрылысы басқармасы «Бақша кварталы» ТК жер учаскесін бөліп беруге өзгеріс енгізуді жер комиссиясымен бірге қарастыру мүмкіндігі;

«АйсанамДеЛюкс» ТК бастамашыл тобы үлескерлердің бір тұрғын үй құрылысы кооперативіне бірігуі үшін жалпы жиын өткізу;

ВАК келесі отырысында С.Ордабаевтың қатысуымен «Азбука жилья» компнаиясының нысандарының құрылыс мәселесін қарастырады.

2. «Эксполисинвест» ЖШС директоры В.Белюсенконың 25 желтоқсанға дейін барлық блокты пайдалануды енгізу туралы өтініші қабылданды.

ВАК ұсынды:

В.Белюсенкоға нысанды пайдалануды енгізу және барлық негізгі құрылыс жұмыстарын аяқтаған соң жекеменшік тұлғалардың нысанындағы таза бөлімге кіруге рұқсат беру;

МСҚКбасқармасы ВАК келесі отырысында нысандар бойынша толық ақпарат дайындайды.

3. «Жастар-4» ТК құрылысы бойынша ұсынды:

«Жастар-4» тұрғын үй кешенінің өкілдеріне тұрғын үй кешенінің барлық подъезінің инвесторларымен бір тұрғын үй құрылыс кооперативіне бірігіп, құрылысты аяқтау жиынын өткізу.

4. «ШангХиГруп» ЖШС директоры А.Нығметовтің 20 қазанға дейінгі мерзімде барлық құрылыс жұмыстарын аяқтау туралы өтініші қабылданды.

ВАК ұсынды:

МСҚК басқармасы күн сайын құрылыс объектілерінің мониторингін өкізеді.

5. «Инженер-сервистік компаниясы» ЖШС нысаны бойынша ВАК ұсынды:

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Г.Жұбатқановтың «Инженер-сервистік компаниясы» ЖШС техникалық ғимаратын жүзеге асыру туралы мәліметпен ВАК-ны ақпараттандыру;

Құрылыс басқармасы жобалаушы компаниядан тұрғын үй кешені бойынша жобаға түзету енгізу үшін жоба құжатын сұратады;

Құрылыс басқармасы құрылыстың аяқтаулы кестесін әзірлейді.

6. «Магистральный 3» ТК нысаны нысаны бойынша ВАК ұсынды:

«Астана үлескерлері» ҚБ төрағасы Т.Чурсинаның тұрғын үй кешені бойынша цессия келісімдерін бекіту туралы ақпаратты алу бойынша нотариалды палатамен мәселені шешу үшін Астана қаласы прокуратурасына жүгіну;

Сәулет және қала құрылысы басқармасы бос алаңдарды көбейтудің мүмкіндігін қарастырады;

ТҚК төрағасы А.Иманалина ВАК келесі отырысында үлескерлердің саны туралы ақпаратты ұсынады;

1 және 2 блоктың қатысушы тобына тұрғын үйді пайдалану барысында кіргізуге және құрылыс жұмыстарын аяқтауда бекітілген тәртіп туралы түсініктеме берілгенін айта кету керек;

«СтройПроектИнвест и Ко» ЖШС жобалау мекемесінің басшысы Ю.Кимнің өтінішін қабылдауды есепке алу:

16 қабаттағы 3 блок пен 1 және 2 блок бойынша жобалау құжатының болуы туралы;

1 қабаттағы №3 блоктың эскиздік жобалауын бекітудің жоқтығы;

Жобалаушы мекеменің рұқсатынсыз коммерциялық ғимараттарды паркингпен қайта жабдықтау туралы;

Бутиктер астындағы көлік қоятын орындарды қайта жабдықтау;

Бутиктер астындағы көлік қоятын орындарды қайта жабдықтауды сараптамасыз өткізу үшін жобалау құжатын беру туралы.

7. «Төленді» ТҚК нысаны бойынша ВАК ұсынды:

«Есіл» ауданы әкімдігі ВАК-ның келесі отырысына дейін «Аниса» ТК мен «Көктал» ТК жол төсеу мәселесін әзірлеу;

жылу жабдығына қосу бойынша сыртқы жылутрассасы желісінің иелерімен келісімді жалғастыру туралы «Аниса 1» ТК қатысушы үлескерлер өкілі З.Абраеваның өтінішін қабылдауды есепке алу;

екі рет сату бойынша қылмыстық іс аяқталған соң мәселені шешу туралы З.Абраеваға түсініктеме берілді;

МСҚК басқармасы «Көктал» ТК ТҚК-не жобалау құжатын ұсыну бойынша жобалау мекемесімен әзірлеу;

«Жаңа Көктал» ТҚК төрағасы А.Ахметова ТҚК қарызы бар үлескерлердің арызын қосу бойынша түсініктеме беру үшін Астана қаласы прокуратурасына жүгіну;

«Мемсараптама» РМК сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірге үлескерлік құрылыстың нысандарын пайдалануды дер кезінде енгізу мақсатында тұрғын үй кешеніндегі көлік қоятын орынды қаматамасыз ету бойынша бөлек жобаны әзірлеуді есепке қосқанда «Тельман» тұрғын үй кешені құрылысының жобасын кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткізу және құжатты қабылдаудың мүмкіндігін қарастыру;

8. «Территория комфорта — 1» ТК нысаны бойынша алғашқы ғимаратты техникалық тексеруден өткізуде тұрғын үй кешені құрылысын аяқтаудың дайындығы туралы «Астана Трейд Интернешнл» ЖШС қаржы директоры Р.Байғұлинованың өтініші қабылданды.

ВАК ұсынды:

«ТК-1 Астана» ТҚК өкілі Ж.Елубекова ТҚК арқылы тұрғын үй салу үшін ақша тарту жолы бойынша түсініктеме алуға Астана қаласы прокуратурасына жүгіну;

«Астана Трейд Интернешнл» ЖШС өкілі ВАК келесі отырысына дейін бірінші басшының шақыруымен құрылыс нысандары бойынша әрекет ету жоспарын дайындау;

9. «Альбаракат» ЖШС нысаны бойынша ВАК ұсынды:

«Үміт Береке» төрағасы мен «Прага үй» ТҰК төрағасы бірлескен тұрғын үй кешені құрылысы бойынша мәселені шешу үшін үлескерлер жиынын ұйымдастыру;

«Альбаракат» ЖШС нысандарының құрылысына қаржы құйып зардап шеккен азаматтарды пәтермен қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік мәселені шешу мақсатында, сәулет және қала құрылысы басқармасы «Прага» ТК алаңын үлкейту үшін қосымша жер телімін беруді ұсыну мүмкіндігін қарастыру.

10. «Гранитный» ТК бойынша (бірінші және екінші кезек) ВАК ұсынды:

Жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы басқармасы «Адам Строй Сервис» ТҚК бөлінген жер учаскесіне жер комиссиясына түзету енгізудің мүмкіндігін қарастыру;

Жер учаскесінің жекеменшік иесі Лазарев жер учаскесін рәсімдеу бойынша кеңес алуға жер қатынастары басқармасына жүгіну;

«Алматы» ауданы тұрғын үй инспекциясы басқармасымен бірлесіп, тұрғын үй кешенінің жылу трассасын тексеріп, қорытындысы бойынша ВАК-сын ақпараттандыру;

Құрылыс басқармасы «Гранитный» ТК аумағын (балабақша) топырақ төсеу бойынша жұмыстарды 17 қазанға дейін жүргізу;

«Имбейс» ТҚК төрағасы Б.Серғазин қосалқы үй-жайды электрге қосу үшін «Астана-РЭК» АҚ және «Астанаэнергосбыт» ЖШС жүгіну;

11. «КазГазАстана» ЖШС нысаны бойынша «Біздің үй Зере-2» ТҚК төрағасы В.Жүсіпованың 224 зардап шеккен ТҚК 212 үлескердің шағымданғаны туралы өтініші қабылданды;

Екі рет сатылғаны туралы 6 фактінің анықталуы.

ВАК ұсынды:

«Марсель» ТК жер учаскесінің кадастрлық номерін сәулет және қала құрылысы басқармасына ұсыну;

«Зере-Самрұқ» ТҚК өкілдері «Зере 1» ТК инвесторларының саны мен қамауға алынған мүлік туралы ақпаратты білу үшін Астана қалалық ішкі істер департаментіне жүгіну;

Тұтынған электрэнергиясының қарызы бойынша мәселені шешу үшін «Астанаэнергосбыт» АҚ жүгіну.

12. «Арыстан» ТК құрылысы бойынша 1 қарашаға дейін жылутрассасы желісі құрылысын аяқтау туралы «Бажтур и К» ЖШС директоры М.Құсаиновтың өтінішін қабылдау.

ВАК ұсынды:

М.Құсаиновқа сыртқы жылутрассасы желісі құрылысын бастар алдын «Алматы» ауданы әкімдігін хабарландыру керектігі туралы түсініктеме берілді;

МСҚК басқармасы ВАК келесі отырысында жобалаушы мекемелердің басшыларын шақырады.

13. «ТамызИнвестГрупп» АҚ нысаны бойынша «Территория комфорта 2» ТК қатысушы үлескерлерінің ТҚК төрағасы З.Парчиеваның 238 үлескердің және 14 қазан күні сағат 15.00-де «Территория комфорта 2» ТК инвесторларының жалпы жиынын өткізу туралы өтініші қабылданды.

ВАК ұсынды:

МСҚК, жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы басқармасы «Территория комфорта 2» ТК инвесторларының жиынына қатысады;

«Слада Групп» ТҚК төрағасы С.Қарақыстықтың «Орбита» ТК 302 инвесторының 80 инвесторының ТҚК мәлімдемесі туралы;

Сәулет және қала қүрылысы басқармасы «Алтын Раид» ТК («Дар» ТҚК) жобалауды аяқтауға рұқсат мерзімін ұзарту мәселесін жер комиссиясында қарауды енгізу;

«Дар» ТҚК төрағасы Е.Қадырбаев су тартудың техникалық шартын алу үшін «Астана су арнасы» РМК жүгіну.

14. «Оберег» нысаны бойынша ВАК отырысында «Оберег» ЖШС басшысының келмегені белгіленді.

Ведомствоаралық комиссия: «Оберег» ЖШС бірінші басшысының ВАК-ның келесі отырысына келуін қамтамасыз етуді Астана қалалық ішкі істер департаментіне тапсырды.
Әрі қарай

Үлескерлерден ақша тартуға рұқсат беру туралы ақпарат

Сіздердің назарларыңызға 10 қазаннан бастап «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» жаңа Заңның қолданысқа енгізілгенін жеткізе кетейік (ары қарай – Заң).

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесідегідей тәсілмен ұйымдастырылады:

— Кепілдендіру қорынан кепілдік алу

— екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;

— тұрғын үйдің қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлерден ақша тарту.

Бірінші тәсілмен шешімді «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ қабылдайды.

Екінші және үшінші тәсілмен рұқсатты жергілікті атқарушы орган мен, сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілетті тұлғасы береді.

Жоғарыда көрсетілген Заңның 9, 10 бабына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қаысуды мына тәсілмен ұйымдастырады:

— екінші деңгедегі банктің жобасы арқылы қатысу;

— тұрғын үйдің қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлерден ақша тарту үшін мердігер тұрғын үй құрылысы нысандарын салуда тәжірибесі бар болуы міндетті, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер, бас мердігер. Сондай-ақ, мердігер өкілетті компания құруға міндетті, өз кезегінде ол компанияда болуға тиіс:

1) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесі;

2) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы болуы міндетті.

3) тұрғын үйдің қаңқасы салынып біткені туралы инжиниринг компаниясынң бекітілген есебі болуы;

4) инжиниринг компаниясымен келісім-шарт.

Келтірілген нормалар заңда 9,10 бапта нақты келтірілген.

Осыны айта келе, үш тәсіл бойынша тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісім-шартты есепке алу, кепілақша туралы келісім-шартты қайта талап етудің құқығын сәулет және қала құрылысы басқармасы өкілетті орган ретінде жергілікті атқарушы билік жүзеге асырады.

Пәтерлерді екі рет сатпау мақсатында үлестік қатысу туралы келісім-шарттарды пәтер бойынша жүргізіп, аяқталған пәтер мен үлескерлер санына қарап қадағалауға мүмкіндік береді.

«Базисинвестстрой» ЖШС мердігер компаниясы, «Рим кварталы» ЖШС өкілетті компаниясы заң шеңберінде әрекет етіп, қыркүйекте нысанды пайдалануға берді.

Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы әкімдігі Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін немесе екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша үлескерлерден ақша тартуға рұқсат бергенін жеткізе отырып, төмендегі хабарлайды:

27 қыркүйек 2017 жылғы Астана қаласы әкімдігінің № 120-1958 қаулысымен «АЛТЫН ШАР West» ЖШС өкілетті компаниясымен және мердігер «Шар құрылыс» ЖШС Астана қаласы, Есіл ауданы, 49 көше, 4 участокта орналасқан 2, 7, 9, 11 қабатты, жалпы алаңы 21012,2 шаршы метр тұрғын үй құрылысын салу үшін үлескерлерден ақша тартуға рұқсат берілді ( рұқсат № 11 27.09.2017 ж).

27 қыркүйек 2017 жылғы Астана қаласы әкімдігінің № 120-1959 қаулысымен «Highvill Park1 C» ЖШС өкілетті компаниясы мен «High Vill Kazakhstan ЖШС мердігерге Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 23 қабатты, алаңы 58132,92 шаршы метр тұрғын үй құрылысын салу үшін үлескерлерден ақша тартуға рұқсат берілді (№12 27.09.2017 ж).

Астана қаласы әкімдігінің 27 қыркүйек, 2017 жылғы № 120-1960 қаулысымен «Premier Palace» ЖШС өкілетті компаниясы мен «Арман қала 21 век» ЖШС мердігеріне мекенжайы Астана қаласы, Есіл ауданы, Е10, Е49 және Е51 көшесімен қиылысатын, алағы 12163 шаршы метр (тұрғын үй, В блогы) тұрғын үй құрылысын салу үшін үлескерлерден ақша тартуға рұқсат берілді (№13 27.09.2017 ж).

Астана қаласы әкімдігінің 29 қыркүйек, 2017 жылғы № 120-1966 қаулысымен «АБК технологическая оснастка» ЖШС өкілетті компаниясы мен «Жаға НС» ЖШС мердігері мекенжайы Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан мен 25 көшелермен қиылысатын 14, 16, 18 қабатты – алаңы 22684 шаршы метр (тұрғын ғимарат) тұрғын ұй құрылысын салу үшін үлескерлерден ақша тартуға рұқсат берілді (№ 14 29.09.2017ж).

Астана қаласы әкімдігінің 4 қазан 2017 жылғы № 120-2046 қаулысымен «ЖК Шатер» ЖШС өкілетті компаниясы мен «ПСК Клен» ЖШС мердігеріне Астана қаласы, Есіл ауданы, Е303 және Е305 көшелерімен қиылысатын 9 қабатты, алаңы 10621,48 шаршы метр (тұрғын ғимарат) тұрғын үй құрылысын салу үшін үлескерлерден ақша тартуға рұқсат берілді (№15 04.10.2017 ж).

Осыны хабарлай отырып, бұрынғы өкілетті компаниялар мен мердігерлер қосымшаға сәйкес (тұрғын ғимарат) тұрғын үй құрылысын салу үшін үлескерлерден ақша тартуға тиісті рұқсат берілгенін еске сала кетеміз.
Әрі қарай

Алғашқы Паралимпиадалық ойындардың жеңімпаздары белгілі болды

Астана жаңалықтары: Алғашқы Паралимпиадалық ойындардың жеңімпаздары белгілі болды

Астанада балалар арасындағы алғашқы паралимпиадалық ойындар аяқталды деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

ҚР Тұңғыш Президенті қоры ұйытқы болған паралимпиадалық ойындарды өткізудің басты мақсаты адаптивті дене тәрбиесін танымал ету және дамыту, инклюзивті білім беру саласындағы жаңа коммуникациялық шешімдерді дамыту, ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларды анықтау және әрбір қатысушы баланың дамуына ықпал ету болып табылады.

Қанатқақты жоба аясындағы паралимпиада ойындарына еліміздің Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстары мен Астана қаласынан 120 спортшы қатысты. 12-ден18 жастағы өрендер спорттың 5 түрі бойынша бақтарын сынаған болатын. Бұл: волейбол, шахмат, қоңыраумен жүгіру, жүзу және арбада таңылғандар арасында жүргізілетін би сайыстары.

Осылайша жүзу жарысында үшінші орынға Ернұр Жолашар (Астана қаласы), екінші орынға Әділет Жүргенов (Ақтөбе облысы) ие болды. Ал бірінші орын Владислав Нинахановқа (Қостанай облысы) бұйырды.

Шахматтан қола жүлдені Наби Диас (Алматы облысы), күміс жүлдені Арайлым Сағиева (Ақтөбе облысы) қанағат тұтса, алтын жүлдені Сұлтан Қожахметов еншіледі.

Арбадағы би сайысында үшінші орынды Лестин Асламбеков пен Диана Мұсағұлова, екінші орынды Таңатханов Бағдат пен Жансұлу Күзенбаева (Қостанай облысы) алды. Ал Ерлан Нұрмағанбетов пен Сандуғаш Ақанова аталмыш сайыста топ жарды.

Қоңыраумен жүгіру жарысында Надежда Коханенко (Қостанай облысы) мен Айя Хамзина (Алматы облысы) үшінші орынды өзара бөліссе, екінші орынды Диляра Асаинова (Павлодар облысы) иеленген болатын. Ал Валерия Гаврилина (Астана қаласы) мәре сызығына бәрінен бұрын жетіп, алтын медальды қанжығасына байлады.

Ал волейболдан командалық есепте үшінші орын Астана қаласының командасына, екінші орын Ақтөбе облысының командасына бұйырды. Ал жеңіс тұғырынан аталмыш жарыста Павлодар облысының командасы көрінді.

Айта кету керек, аталмыш спорт түрлерінен паралимпиадалық ойындар келесі жылдан бастап дәстүрлі түрде республика деңгейінде өткізіледі деп жопарлануда.
Әрі қарай

Индустриалды Астана: «Стеклянный дом» зауыты шыны шынықтыратын жүйені іске қосады

Астана жаңалықтары: Индустриалды Астана: «Стеклянный дом» зауыты шыны шынықтыратын жүйені іске қосады

Шыныдан және айнадан өнім жасайтын «Стеклянный дом» зауыты жыл сонына дейін шыныны шынықтыратын жүйені іске қосады. Ол өз кезегінде зауыттын қуаттылығын 50 пайызға артырады,-деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Зауыттын жылдық өнімділігі – 300 млн. теңге, ол 12 мың шаршы метр шыны өнімін құрайды. Зауыт басшысының жоспары өнімділікті 25 мың ш.м арттыру.

«Біздің зауытқа 9 жыл толды. Ал, индустриалды парк аумағында жұмыс жасап жатқанымызға бес жыл толып отыр. Жыл сайын технологияны жаңартудың арқасында зауыттын қуаттылығын арттырудамыз. Бізде шыныны кесу, өңдеу, бронды қалқан, триплекс шыны жасау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар біз көлемді шыныға көркем бейне басып шығара аламыз. Зауыттын 2016 жылғы толық қуаттылығы шамамен 12 мың шаршы метр дайын өнімді құрады. Бұнын бәріне біз жұмыс өнімдігін және мамандарымыздың кәсібилігін артыра отырып жеттік»,- деп атап өтті «Стеклянный дом» ЖСС –нің директоры Эдуард Никифоров.

Компания әр қашан өзінің технологиялық мүмкіндіктерін жаңартуда. Фирма көп қатпарлы қорғанышты шынынын көлемдік шектеусіз мөлшерін шығаруға қауқарлы. Жәнеде зауыт осы жылдың аяғында жаңа шынықтырылған шыны өнімін шығараду қалға алуда, ол өз кезегінде қуаттылықты 50-60% арттырады деп күтілуде.

«Осы жаңа ления арқылы біз көлемді артырып, жылына 25 мың шаршы метр өнім шығарамыз деген ойдамыз. Біздің басты артықшылығымыз әр тапсырысқа ерекше қараймыз. Бізде типтік өнім көлемі аз, жиі жекелеген тапсырыстар түседі. Көбі шетелден тапсырыс алуға қорқақтайды, ал біз тапсырыс аламыз және жоғары деңгейде орындап береміз», — дейді зауыт директоры.

Кәсіпорынның аумағы 1.5 гектар. Аумақта теміржол тұйығы бар. Болашақта қоймалар салу жоспарланған. Эдуард Никифоровтың айтуынша, бұл болашақта жүк қабылдауға, жөнелтуге және өнімді тиісті талапқа сай сақтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі күні зауыт өнімдерін тек Астанада емес Қазақстан бойынша құрылысқа қолдануда. Астанадағы «Highvill», «Hilton», «Nissan» «Керуен» СО, «Mega SILKWAY» ОСО, «Алау» МА, «Хан шатыр» ОСО, «Лазурный квартал» ТК-нің интерьері осы зауыттын өнімі.

Қазіргі күні зауыт 30 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Әрі қарай

Демалыс күндері елордада бірқатар мәдени іс-шара өтеді

Көрмелер, концерттер, қойылымдар, байқаулар. Осындай мәдени шараларға елорда тұрғындары мен қонақтары 21-22 қазанда бара алады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Тәуелсіздік сарайында қазанның 31-не дейін «Silkwayart» Бексейіт Төлкеевті еске алуға арналған көрме, Жанна Спунер, Мұхтар Байбосынов еңбектерінің көрмесі, «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы» атты көрме жұмыс істейтін болады.

21 қазанда сағат 15:00-де «Жастар» сарайында «Тату отбасыда» атты украин халқы шығармашылығының халықаралық фестивалі басталмақ. Ал жексенбіде мұнда таңертеңнен бастап, «ART GLOBAL» халықаралық көпжанрлы өнер байқау-фестивальі өтеді деп жоспарлануда.

Астана — опера осы аптада «Ұйқыдағы ару» балетін көпшілік назарына ұсынады. Қойылымды 22 қазанда тамашалауға болады.

Сенбі, 21 қазанда сағат 18:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында қала тұрғындары мен қонақтары үшін К. Хабенский мен «Солисты Москвы» ансамблімен кездесу мүмкіндігі туады. Ал 22 қазанда сағат 19:00-де мұнда «Шабыт» университетінің есептік концерті өтеді деп күтілуде.

Ал «Астана» концерт залында 21 қазанда сағат 17:30-да Тимур Мыңбаевтың шығармашылығына арналған симфониялық оркестрдің XVIII концерттік маусымы ашылады.

«Алжир» мұражайында 30 қазанға дейін «Репрессия тарихы бала көзімен» көрмесі жұмыс істемек.
Әрі қарай

Астанада балалар арасында алғашқы Паралимпиадалық ойындар өтуде

Астана жаңалықтары: Астанада балалар арасында алғашқы Паралимпиадалық ойындар өтуде

Бүгін, 20 қазанда елорданың Оқушылар сарайында ҚР Тұңғыш Президенті қорының ұйымдастыруымен балалар арасындағы алғашқы паралимпиадалық ойындар салтанатты түрде ашылды деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«Жеңістерге бірге» атты паралимпиадалық ойындарды өткізудің басты мақсаты адаптивті дене тәрбиесін танымал ету және дамыту, инклюзивті білім беру саласындағы жаңа коммуникациялық шешімдерді дамыту, ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларды анықтау және әрбір қатысушы баланың дамуына ықпал ету болып табылады.

Қанатқақты жоба аясындағы паралимпиада ойындарына еліміздің Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстары мен Астана қаласынан 120 спортшы қатысуда. 12-ден 18 жастағы өрендер спорттың 5 түрі бойынша бақтарын сынап жатыр. Бұл: волейбол, шахмат, қоңыраумен жүгіру, жүзу және арбада таңылғандар арасында жүргізілетін би сайыстары.

Ұйымдастырушылардың сөздерінше, елімізде есту қабілеті нашар балалар арасында волейболдан, көру қабілеті нашар жасөспірімдер арасында қоңыраумен жүгіруден, менталдық өзгерістері бар балалар арасында шахматтан паралимпиадалық жарыстар бұдан бұрын өткізілмеген. Бүгінгі ойындардың бірейгейлігі, міне, осында жатса керек.

Астана қаласының намысын аталмыш сайыстарда №65 мектептің түзету сыныбының оқушылары мен қоңыраумен жүгіру сайысында бақ таластыратын №10 мектептің оқушысы қорғамақ. Елордалық команданың бапкері Бақыт Рауан астаналықтардың жеңіс тұғырынан көрінетіндігіне сенімді екендігін айтады.

«Бұл сайыстарға біз қыркүйек айынан бастап қызу дайындық жұмыстарын жүргіздік. Біздің мектеп – есту қабілеті нашар балаларды оқытатын қаладағы жалғыз оқу ордасы. Сол себепті мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ең мықты деген балаларды таңдады. Арбаға таңылғандар арасында өтетін би сайысына да көп дайындалдық. Оқушыларымыз вальс билейді. Өте әдемі номер деп есептейміз.

Командамыздың мүшелері қалалық, республикалық жарыстардың жүлдегерлері болып табылады. Жақында ғана командамыздың мүшесі, Сұлтан Қожахметов, шахматтан Азия ойындарының жеңімпазы атанған болатын. Сол себепті біздің команданың әлеуеті өте зор деп санаймыз», — деп бөлісті Бақыт Рауан.

Спортшылардың өнерін бүгінгі паралимпиада ойындарында әлем чемпиондары, спорт шеберлері, спорттық биден Қазақстан федерациясының мүшелері бағалайтын болады.

Айта кету керек, аталмыш спорт түрлерінен паралимпиадалық ойындар келесі жылдан бастап республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізілмек.
Әрі қарай