Жарияланымдар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Ұлы дала жастары» жобасы талқыланды

Астана жаңалықтары: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Ұлы дала жастары» жобасы талқыланды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарында «Ұлы дала жастары» жобасы іске қосылды. Оны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басқару офисінің менеджері Болат Атыбай Астана қаласының әкімдігінде өткен дөңгелек үстел мәжілісінде таныстырды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Мәжіліске Астана қаласының ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері басқармалары қызметкерлері, бағдарламаны басқару офисінің менеджері Атыбай Болат және елордадағы 14 жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы үш бағыттан тұрады. Сол үш бағыттың бірі – «Саналы азамат». Осы «Саналы азамат» бағытының шеңберінде «Ұлы дала жастары» жобасы әзірленді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстардан жоғары оқу орындары шет қалған. Астана қаласындағы ЖОО-дарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қосу үшін осы жоба жасалды. Жобаның мақсаты — еліміз алға қойған міндеттерді жастардың бойына сіңіру», — деді Болат Атыбай.

Жобаның негізгі бастамасы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі екендігін айта өткен жөн. «Ұлы дала жастары» жобасы қазан айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Жоба жастардың белсенділігін арттыруға, яғни, ғылым, бизнеспен айналысуына жағдай жасау, жаңа бастамалар жасау, ғылыми журналдардағы шет тіліндегі мақалалардың санын ұлғайтуға әсер етеді. Мәжіліс барысында оқу орнын тамәмдаған жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі төмен екендігі жайлы, сонымен қоса жатақхана жетіспеушілігі мәселелері қызу талқыға салынды.

Жиын қорытындысы бойынша ЖОО-дары аталған жобаға өз қызығушылықтарын білдіріп, белсенді атсалысатындығын жеткізді.
Әрі қарай

Елордада жаңадан қоғамдық көлік бағдарлары ашылады

2017 жылдың 28 қазанынан Астана қаласының бағдар желісін модернизациялау аясында жаңа қалалық және экспресс бағдарларын енгізу жолымен келесі Shuttle Bus бағдарларын (№ 506, 501, 500) оңтайландыру жоспарланған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы. Төменде жаңадан ашылатын бағдарлардың жүру жолдары көрсетілген.

№ 47 бағдар

2017 жылдың 28 қазаннан бастап қолданыстағы № 506 Shuttle Bus бағдарының негізінде № 47 жаңа қалалық бағдар енгізу жоспарлануда. Жаңадан ашылатын № 47 бағдар бастапқы пункт «Дегелен» тұйық көшесінен бастап келесі бағыттар бойынша жүреді: Бурабай к., – Ш. Құдайбердіұлы даңғ., – Р. Қошқарбаев к., – М. Жұмабаев к., – Обаған к., – Қ. Сәтпаев к., – Б. Момышұлы көшесі – М1 Көпірі – Мәңгілік Ел даңғ., — Достық к., – Түркістан к. – Ұлы дала к., – Қабанбай батыр даңғ., – Т. Рысқұлов к., – Мәңгілік Ел даңғ., – соңғы аялдама «ТК «Familly village». Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.

Астана жаңалықтары: Елордада жаңадан қоғамдық көлік бағдарлары ашылады

№ 54 бағдар

2017 жылдың 28 қазанынан бастап қолданыстағы №501 Shuttle Bus бағдарының негізінде жаңа қалалық бағдар енгізу жоспарлануда. Төменде жаңадан ашылатын № 54 бағдардың жүру сызбасы көрсетілген. «Болашақ көшесі» бастапқы пункт – Болашақ к. — Алмалық к. – Д. Бабатайулы к. – Н. Тілендиев даңғ. – Бөгенбай батыр даңғ. – Сарыарқа даңғ. – Тұран даңғ. – Сарайшық к., – Мәңгілік Ел даңғ., –– Достық к., – Түркістан к., – Керей, Жәнібек хандар к., — Мәңгілік Ел даңғ. – соңғы аялдама ««Арнау» ТК. Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.

Астана жаңалықтары: Елордада жаңадан қоғамдық көлік бағдарлары ашылады

№ 100 экспресс бағдары

2017 жылдың 28 қазаннан бастап қолданыстағы №500 Shuttle Bus бағдарының негізінде № 100 жаңа қалалық экспресс бағдарын енгізу жоспарлануда. №100 жаңа экспресс бағдарының жүру схемасы төмендегідей: Бастапқы пункт «Нұрлы жол» теміржол вокзалы»-нан шығып – ары қарай Байтұрсынұлы к., – М1 көпірі, – Мәңгілік Ел даңғылы — Қабанбай батыр даңғ., – соңғы аялдама «Халықаралық әуежай». Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.

Астана жаңалықтары: Елордада жаңадан қоғамдық көлік бағдарлары ашылады
Әрі қарай

Астанада қаланың шет жағындағы ойын-сауық орындары мәселесі

Ұлттық академиялық кітапханасында «Астана қаласының шет маңайындағы тұрғындар үшін ойын-сауық орындарын ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығының тілшісі.

Жиынның модераторы болып Мәжіліс депутаты Сапар Ахметов тағайындалды.

Дөңгелек үстелде баяндамаларымен жастар саясаты мәселесі жөніндегі, мәдениет, спорт, білім басқармасы, аудан әкімінің орынбасарлары, аталмыш мәселеге жетекшілік ететіндер, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, блогерлер мен басқа да қоғам қайраткерлері қатысты.

Осының алдын «Жайна Астана» қоғамдық бірлестігі «Әлеуметтік мәселелердің картасы» жобасын жүзеге асыру барысында 1500-ден аса поселке тұрғынымен сауалнама жүргізіп, елорда маңындағы ауылдар мен поселке тұрғындарымен өткізілген 22 кездесуде, халық үшін ең өзекті мәселе бос уақытты өткізетін ойын-сауық орындарын салып берсе деген тілектері барын анықтаған болатын.
Әрі қарай

Астанада құрылысы аяқталмаған нысандардың жәрмеңкесі 1 қарашада өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада құрылысы аяқталмаған нысандардың жәрмеңкесі 1 қарашада өтеді

Астанадағы «Думан» қонақ үйінде құрылысы аяқталмаған нысандардың кезекті жәрмеңкесі 2017 жылдың 1 қарашасында өтеді деп хабарлай елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана әкімдігі қалалық прокуратурамен бірлесіп инвесторларға арналған құрылысы аяқталмаған нысандардың кезекті үшінші жәрмеңкесін өткізеді.Әлеуетті инвесторларға құрылысы аяқталмаған 20 нысан ұсынылатын болады деп күтілуде.

Шара мақсаты – елордадағы проблемалы тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтау.

Жәрмеңкеге нысандардың құрылысын аяқтауға қаржысын салуға дайын әлеуетті инвесторлар қатысушы ретінде шақырылды. Олар үшін нысандармен танысуға арналған мәліметтер дайындалды. Материалдар бойынша қажетті ақпараты бар төлқұжат әзірленді.

Бұдан басқа, әкімдік жанындағы ведомствоаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша бүгінгі таңдаТҚК-дегі 28 нысан (5мыңнан астам инвестор) қала прокурорының талабы бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтайтын кәсіпкерлерге тапсырылды, 12 нысан бойынша (2300-ге жуық инвестор) жұмыстар жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, Астана қаласының әкімдігі мен прокуратура органдары бірлесіп, проблемалы нысандар бойынша инвестицияларды тарту ісіне қолдау көрсетуде. Солардың ішінде 19 сәуір мен 26 шілдеде өткен жәрмеңкелерде 16 нысан таныстырылған болатын.

Өткен жәрмеңкелердің нәтижесінде құрылысы аяқталмаған 6 нысан бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау жөніндегі келісімге қол қойылды («Скай сити» ТК, «Байтау», «Алға самал», «Хазрет», «Пана», «Табысқұрылтай»).

Жәрмеңке «Думан» қонақүйінде 1 қараша күні сағат 15:00-де басталады.

Қызықтырған сұрақтар бойынша мына байланыс телефондарына хабарласуға болады: 55-64-71, 55-64-73, 70-27-66, 71-24-36.
Әрі қарай

Елорда кемелері жолаушы тасымалдауда рекордтық көрсеткішке қол жеткізді



Биылғы жылдың кеме маусымында Есіл өзеніндегі теплоходтар 35 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетті. Осылайша «Есіл Астана» МКҚК алты ай ішінде 2017 жылдың жоспарын 60 пайызға артығымен орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Есіл Астана» МКҚК директоры Қанат Алинның айтуынша жолаушылардың артуына қалада өткен түрлі мәдени-спорттық шаралардың септігі тиді.

«10-шы мамыр мен қазан аралығында Есіл өзеніндегі навигация маусымында шамамен 35 мыңнан астам жолаушыны тасымалдадық. Маусым басында кемелеріміздің техникалық мүмкіндігін ескеріп 20 мың адам тасымалдаймыз деп жоспарлаған едік. Әрине бұл біз үшін өте жақсы көрсеткіш. Ең бастысы кеме маусымында ешбір төтенше жағдай болған жоқ. Себебі, жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізіліп, жеке құрамның дайындығы жоғары деңгейде болды», — деді медиа орталықтың т ілшісіне берген сұхбатында кәсіпорын директоры Қанат Алин.

Осы жылы алғаш еңгізілген кемедегі түнгі серуен сәтті жүзеге асырылды. Жолаушы тасымалдауда рекордтық көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік берген де сол.
Әрі қарай

Кәсіпкерге мемлекеттен 18 миллион теңгені қалай алуға болады?

Жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша бизнесті дамытуға 476 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Қазіргі таңда бизнесмендерден түскен өтініштерді қарау жалғасуда. Несие берудің шарты туралы «Даму» мемлекеттік қолдау қорының шарасы бойынша кеңесші Айслу Жетпісбаева айтып берді. Маман ақшаның қызметтің кез келген түріне берілетінін, максималды сома – 18 миллион теңге, ал жылдық ставкасы 6% екенін атап өтті.

Сондай-ақ, «Даму» кепілмен қамтамасыз ету жетпеген жағдайда кепілгер болуға да баруы мүмкін. Мәселен, сіздің ЖК немесе ЖШС-ге әлі 3 жыл толмаған болса, сіз 85 %-ға дейін кепілдеме ала аласыз. 15% кепілдеме міндетті түрде депозит ретінде немесе жылжымайтын кепілдеме түрінде болуы тиіс. Егер кәсіпкер рынокта 3 жыл болса, әрекеттегі кәсіпкер болса, «Даму» оған қарыздың 50%-на кепіл бола алады және кәсіпкердің де 50% кепілі болуы қажет», — деп түсіндірді А.Жетпісбаева.

Барлық осы мәселе бойынша керекті кеңес пен көмекті Қажымұқан көшесі, 8а мекенжайындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан алуға болады.

«КҚК орталығында бір терезе қағидасымен жұмыс істейміз. Мәселен, кәсіпкер орталыққа келеді, біз оған қажетті бағдарламаны таңдап береміз. Әрі қарай ол ЖК, ЖШС қалай ашады, қандай құжаттар қажет екендігі туралы заңдық сауал бойынша кеңес ала алады. Сондай-ақ бізде бухгалтер де бар. Барлық салық салу бойынша қалай және нені төлеу керектігін, кедендік рәсімдерді, мемлекеттік сатып алуларды, сайтпен жұмыс жасау, бастысы бизнес-жоспар, барлық қызмет пен кеңес түрлері бізде тегін көрсетіледі», — деді А.Жетпісбаева.
Әрі қарай

Жыл басынан бері астаналық 153 мың тұрғын мемқызмет түрін алды

Астана жаңалықтары: Жыл басынан бері астаналық 153 мың тұрғын мемқызмет түрін алды

Ағымдағы жылдың қаңтар – қыркүйек айларында қалалықтарға 153 531 мемлекеттік қызмет көрсетілді деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, жұмыспен қамту саласында 22079, көші-қон саласында 6406, әлеуметтік салада 12046 қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар, әлеуметтік қолдауға 110 мыңнан астам адам ие болды. Әлеуметтік көмектің жалпы соммасы 4 млрд теңгеден асады.

Қазіргі таңда 2018 жылдан бастап жаңа форматта мекен-жай бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмекті енгізу бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй кешендерінде, еңбек ұжымдары мен қала ұйымдарында 224 кездесу өтті.

Бүгінгі күнге дейін жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы 8 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматқа оңалту қызметтері көрсетілді.
Әрі қарай

Астана әкімдігінің екі басқармасы Blockchain технологиясын енгізуді жоспарлауда

Астана жаңалықтары: Астана әкімдігінің екі басқармасы Blockchain технологиясын енгізуді жоспарлауда

Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы мен жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бірлесе отырып, Blockchain технологиясын енгізу бойынша BitFury салаcының жетекші компаниясымен үшжақты серіктестік меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Біз мемлекетке деген сенімділікті арттыру мен анықтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтер мен рәсімдер үшін жаңа регламенттерді енгізуді қалаймыз. Бұл мемлекеттік сатып алымдар, тендерлерге, жерге, тапсырыстарға қолжетімділік, құрылыс бизнесіндегі жаңа стандарттар мен регламенттер. Қазіргі таңда Астана қаласында ақылы түрде уақытша жерді пайдалануға құқықты сату бойынша аукционды өткізу үшін блокчейн технологиясын енгізу сынамалы жобасын іске асырып жатырмыз», — деді инвестициялар және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров меморандумға қол қою барысында.

Оның айтуынша, аталған технологияны қолдану арқылы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруға, салық және басқа қызметтермен үйлестіру жайлылығын қоса алғанда физикалық байланыссыз құжаттар айналымын электронды жүйеге ауыстыруға болады, нотариалдық қызметтерді қажет етпейді және де енгізілген деректер өзгертілмейді, мемлекеттік ақпараттық ресурстар анықтығына жәрдемдесуге және сыбайлас жемқорлықтын алдын алады.

Ал, жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Анзор Абаев: «Біз қазір бұл жүйенің жұмыс істейтініне сенімдіміз, болашақта аталған технологияны жылжымайтын мүліктің барлық нарығына енгізу мәселесін қарастыруымыз керек», – деді.

Блокчейн – бұл таратылған тіркеулердің технологиясы. Алғашында оны криптовалюталарды жасау кезінде қолданған. Қазіргі кезде Астана қаласының әкімдігі оны мемлекеттік басқару және басқа қызметтерге енгізу мүмкіндігін қарастыруда. «Жер учаскелерін иемдену құқықтарын тіркеу үшін Блокчейн технологиясын пилоттандыру – бұл Қазақстандағы жылжымайтын мүлікті цифрлық түрге ауыстыруға (сандық) тағы бір қадам», – деді Әлішер Әбдіқадыров.
Әрі қарай

Астана қаласында қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтеді

Астана жаңалықтары: Астана қаласында қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтеді

Қазан айының 28-29 аралығында Астана қаласында қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Қазақ күресінен өтетін жарысқа әлемнің 40 мемлекетінің спортшылары қатысады, олардың қатарында АҚШ, Қытай, Австралия, Үндістан, Литва, Ресей, Бельгия, Камерун және т/б бар. Қазақ күресі ежелгі спорт түріне жатады. Бүгінгі таңда оның күн өткен сайын танымалдылығы артып келеді. Тіпті, қазақ күресі түрлі той мен салтанатты іс-шараларда өткізіліп жүр. 2016 жылдан бастап ЮНЕСКО оны материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген.

Чемпионат сегіз салмақ дәрежесі және абсолютті дәреже бойынша өтеді. Қазан айынын 27 күні «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында спортшылардың салмақ өлшеу және жеребе тарту шарасы өтеді. Ал, 28-29 қазан күндері «Барыс Арена» мұзайдын сарайында жарыс өтеді.

Сайыстың алғашқы күні спортшылар 55, 99, 100, 100+ және келесі күні 60, 66, 74, 82 және абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды.

Іс-шараның басты ұйымдастырушысы ЗТБ «Қазақ күресі халықаралық федерациясы».
Әрі қарай

Астананың қай аудандарында жаңа мектептер салынуда (ВИДЕОГРАФИКА)



Осы жылы Астанада 9 900 орынға арналған 9 мектептін құрылысы басталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Сонымен қатар, қалалық мектептердегі орын жетіспеушілікті жою үшін 2 600 орынға арналған бес жапсырмалы корпус қолданысқа берілді.
Әрі қарай