Жарияланымдар

Астанада қылмыстық көрсеткіштердің азайғаны байқалады

Астана жаңалықтары: Астанада қылмыстық көрсеткіштердің азайғаны байқалады

Өткен аптада Астанада 750 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырған кезде 22 пайызға азайғаны байқалады. Астана қалалық ІІД-нің бастығы Амантай Әубәкіровтің айтуынша, қалада тіркелген қылмыстың басым бөлігін сырттан келген азаматтар жасайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Сергек» бейнебақылау камераларының көмегімен19 қылмыстың беті ашылды. 1,9 мыңнан астам (1949) әкімшілік құқық бұзушылық пен 608 ЖҚЕ бұзу фактісі анықталды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қалада тіркелген қылмыстардың басым бөлігін өзге өңірлердің азаматтары жасаған», — деді Астана әкімдігінде өткен аппарат жиналысында ІІД-нің бастығы Амантай Әубәкіров.

Департамент бастығы 15 қарашада елордада 12 кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған БҚО, ШҚО және Ақмола облыстарының тұрғындары ұсталғанын айтты. Бұған қоса, элиталы көліктерді ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топ қолға түсті.

Айта кетейік, бүгінде Астанада 983 шетелдік азамат пен (оның 336 алыс шет елдерден, 647 ТМД елдерінен) 1,3 мыңнан астам (1359) ҚР азаматы уақытша тіркеуде тұр. Тұрақты тіркеуге 2724 ҚР азаматы алынды. 85 шетелдік пен 27 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы аталған аралықта еліміздің өзге аймақтарынан және басқа елдерден келген 37 адам жасаған қылмысы үшін қамауға алынды.
Әрі қарай

Астанадан Жалтыркөл кентіне автобустар қатынайтын болады

Астана жаңалықтары: Астанадан Жалтыркөл кентіне автобустар қатынайтын болады

18 қарашада қала маңындағы Жалтыркөл кентіне қатынайтын № 316 автобус бағдары ашылады деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасында мәлімдегендей, қоғамдық автобус Астанадан таңғы сағат 5:40-та, 8:00-де, 11:00-де және 20:30-да «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» аялдамасынан, Жалтыркөл кентінен сағат 6:43-те, 9:03-те, 12:03-те, 16:03-те, 19:03-те, 21:33-те шығатын болады.

«Қоғамдық көліктер «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» бастапқы пунктінен келесі бағыт бойынша жүрмек:
Манас көшесі, – Абылайхан даңғ., – Астана-Қарағанды тас жолы, – Жібек Жолы ауылы, – соңғы аялдама Жалтыркөл ауылы.

Автобустар кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады. Қоғамдық көліктер Жібек жолы елді-мекеніне кірмейді», – делінген таратылған хабарламада.

Шетелдік 80 туроператор Астанаға келді

Астана жаңалықтары: Шетелдік 80 туроператор Астанаға келді

Елордада «Welcome to Astana» ақпараттық туры аясында шетелдік және отандық туроператорлар үшін диалогтық алаң құрылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«Астана Конвеншн бюро» ЖШС ұйымдастырған турға Қытайдан, Ираннан, ТМД елдерінен 80 туроператор қатысып, отандық операторлармен қарым-қатынасты орнатып, бірқатар келісімге келді.

«Welcome to Astana» ақпараттық турының алғашқы екі күнінде біз Астанадағы қонақ үйлерді, медициналық, ғылыми білім, спорт, мәдени нысандарды араладық. Қазақстан астанасының «Бәйтерек», «Нұр-Әлем» сияқты бірегей ғимараттарында болып қайттық. Туризм саласы бірлескен жұмысты талап етеді. Ол қалалар, елдер арасындағы достықты нығайтып, адамдарды жақындастырады», — дейді ресейлік экскурсия жетекшісі Вера Попович.

«Астана Конвеншн бюро» ЖШС-нің бас менеджері Әсел Қарбаеваның айтуынша, Астанада қазіргі таңда туризм саласының түрлі бағыттарын дамыту шаралары қолға алынып отыр.

«Біздің қалада оқиғалық туризмді дамытудың зор мүмкіндігі бар. Бұл тұрғыда Астананың әлеуеті зор. Өйткені бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдері Қазақстанның астанасын бейбітшілікке бастайтын орта ретінде таниды. Халықаралық деңгейде орын алып жатқан шиеленістер осы жерде шешіледі десем, қателеспеймін. Осындай халықаралық форумдар, конференциялар және басқа да шараларға көптеген туристер келуі мүмкін. Мысалға, жер жүзіне танылған мамандардың шеберлік сағаттарына қатысқысы келетін бар. Туризмнің аталмыш бағытын дамыту жұмыстарына алдағы уақытта көп көңіл бөлінетін болады», — деп атап өтті Әсел Қарбаева.

«Welcome to Astana» ақпараттық туры үш күнге созылды.
Әрі қарай

Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары өзгереді

20 қарашадан бастап № 4, 34, 46, 71, 81, 102 бағдарларының қозғалыс бағыты уақытша өзгеретін болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі басқармасында мәлімдегендей, қоғамдық көліктер бағыттарын Сарыөзен көшесінде жүргізілетін жөндеу-құрылыс жұмыстарына байланысты өзгертпек.

Нақтырақ айтқанда, № 4 бағдардың бағыты «№ 73 лицей» бастапқы нүктесінен Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қалса, бұл қиылыстан өткен соң автобус Тілендиев даңғылымен оңға Қайнар көшесіне, ары қарай бағдардың бұрынғы қозғалыс бағытына сәйкес жүретін болады.

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары өзгереді

№ 34 бағдардың бағыты Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгермейді. Осы қиылыстан өткен соң қоғамдық көлік Тілендиев даңғылымен оңға Қайнар көшесіне, бұдан кейін оңға Ақмола көшесіне, ары қарай солға Сарыөзен көшесіне солға Наурыз көшесіне өтіп, осы көшенің бойымен жүріп, солға Ұлытау көшесіне жеткеннен кейін соңғы «Қарасу» аялдама пунктіне дейін қозғалатын болады.

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары өзгереді

№ 46 бағдардың бағыты бойынша қозғалатын автобус «Комфорт Таун» ТК бастапқы нүктесінен Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүріп өтеді. Бұдан кейін Тілендиев даңғылымен оңға Қайнар көшесіне, Қайнар көшесінен оңға Ақмола көшесіне жетіп, ары қарай осы көшенің бойымен бұрынғы қозғалыс бағыты бойынша соңғы аялдамаға жетпек.

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары өзгереді

№ 71 бағдардың бағыты бастапқы нүктесінен Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қалады. Бұл көшелердің қиылысынан өткен соң автобус Тілендиев даңғылымен оңға Қайнар көшесіне, Қайнар көшесінен солға Ақмол көшесіне өтіп, ары қарай бағдардың бұрынғы бағытына сәйкес қозғалатын болады.

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары өзгереді

№ 81 бағдардың бағыты «Шарын базарынан» басталатын нүктеден Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қалса, аталмыш қиылыстан соң, автобус Тілендиев даңғылымен қозғалып, оңға Баршын көшесіне бұрылып, ары қарай бағдардың бұрынғы қозғалыс бағыты бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары өзгереді

«Нұра-Есіл» каналынан шығатын № 102 бағдарлы автобус бастапқы нүктесінен Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүріп өтеді. Бұдан кейін ол Тілендиев даңғылымен қозғалып, оңға Қайнар көшесіне, Қайнар көшесінен солға Ақмола көшесіне бұрылып, осы көшенің бойымен бағдардың бұрынңы қозғалыс бағыты бойынша соңғы аялдамаға жетеді.

«Барлық бағдарлар кері бағытта да осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады», деп жазылған хабарламада.

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары өзгереді
Әрі қарай

Астаналықтар алдағы аптада қайда бара алады

Астана жаңалықтары: Астаналықтар алдағы аптада қайда бара алады

Елорда әкімдігінің медиа орталығы 20-26 қараша аралығындағы мәдени шаралардың бағдарламасын ұсынады.

20 қарашада бейбітшілік және келісім сарайында «Казахстан, дружественный к ребенку» конференциясы мен концерті өтеді.

21 қарашада М. Горький атындағы театр П. Морозовтың романтикалық «Ассоль» феериясын көрермен назарына ұсынбақ.

Дәл осы күні кешке бейбітшілік және келісім сарайында «Көңілді тапқырлар алаңы» атты әзіл концерті өтеді.

22 қарашада «Жастар» сарайында «Менің Тәуелсіздігім – менің теңдігім, менің Егемендігім – менің ынтымағым!» атты айтысты, ал Қуанышбаев атындағы театрда Р. Отарбаевтың «Әміре» драмасын тамашалауға болады.

23 қарашада «Астана» концерт залында өтетін «Қарағымай» атты Сүлеймен Ибрагимовтың шығармашылық кешіне немесе қазмедиа орталығындағы «Jaidarmanlive» әзіл кешіне баруға болады.

Дәл осы күні кешке М. Горький атындағы театрда А. Пушкиннің «Евгений Онегин» қойылымының тұсауы кесіледі деп күтілуде.

24 қарашада қазақ ұлттық өнер университетінің органдық залында Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының ішекті камералық оркестрінің «Жас таланттар» атты концерті ұйымдастырылады.

25 қарашада елорда циркі астаналықтар үшін «Великий русский цирк» атты шоу бағдарламасын ұсынады.

Сондай-ақ, бұл күні «Астана» концерт залында композитор Е. Абдықалықованың «Көздеріңе ғашықпын» атты шығармашылық кеші өтеді.

26 қарашада «Астана Операның» камералық залында «И песни удаль, и романса грусть» атты концерт өтеді.
Әрі қарай

Жаңа үлгідегі жәрдемақы туралы түсіндірілді

Астана жаңалықтары: Жаңа үлгідегі жәрдемақы туралы түсіндірілді

Астанада келер жылдан бастап қолданысқа енгізілетін бірыңғай жәрдемақы, яғни жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру үшін қолданыстағы үш жәрдемақыны біріктіру негізінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жәрдемақы – жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) енгізу қарастырылған.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 Қаулысы бойынша тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа механизмдерін біріктірген және бұрын қабылданған салалық және мемлекеттік: 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша әрекет еткен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы (ары қарай – Бағдарлама) бекітілді», — делінген хабарламада.

Осыған орай, Астана қаласының бірқатар мекемелерінде арнайы ақпараттық-насихат іс-шараларын жүзеге асыру жоспарланған.

Сондайақпараттық жұмыстың бірі Ұлттық мұрағатында өтті. Мекеме ұжымына бағдарламаның ережелері және АӘК бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әрі қарай

Елорда тұрғындары аз қамтылған отбасыларға көмек беруде

Астана жаңалықтары: Елорда тұрғындары аз қамтылған отбасыларға көмек беруде

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Сарыарқа» ауданының әкімдігі «Рахмет – Спасибо» қайырымдылық дүкенімен бірлесіп қайырымдылық акциясын жүргізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Акция аясында қаланың ОӘД, «Рахмет» СОО, «Астықжан» СО сияқты ірі сауда орталықтарында киімдерді қабылдайтын арнайы бокстар орнатылды.

Көмекке мұқтаж отбасыларға демеу болуды қалаған кез келген адам киімдерді, аяқ киімдерді, пайдалы да қызықты кітаптарды, түрлі аксесуарларды осы бокстарға сала алады. Жиналған киімдер мен заттар белгілі бір уақыт ішінде қаладағы тұрмысы төмен отбасыларға таратылатын болады.

«Қоғамның әлеуметтік проблемаларына бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз», — деп жазылған таратылған хабарламада.

Атап өту керек, жеке тұтыну заттарын, ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы, ойыншықтарды, азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмектерді бокстарға салу тыйым салынады.
Әрі қарай

«Хоккей Жұлдыздары 2018 Аптасына» билеттер сатыла бастады

Астана жаңалықтары: «Хоккей Жұлдыздары 2018 Аптасына» билеттер сатыла бастады

Бүгіннен бастап 23 қарашаға дейін көптен күткен билеттерін алғаш сатып алу үшін Mastercard картасының иелері үшін Аптаның барлық іс-шараларына билеттерді арнайы алдын ала сатып алу ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

24 қарашадан бастап www.allstarweek.com және www.kassir.com сайттарда барлық қалаушылар үшін билеттерді онлайн-сату, ал 1 желтоқсаннан бастап – «Барыс-Арена» кассаларында билеттерді сату басталады.

«Хоккей Жұлдыздары Аптасы аясындағы барлық оқиғалар туралы нақты ақпараттармен және билеттерді сатып алудың толық талаптармен іс-шаралар сайтында танысуға болады. Жуық арада ЖХЛ және КХЛ жұлдызды матчтарына қатысуға кандидаттарды таңдау бойынша жанкүйерлер дауыс беруінің басталуы туралы хабарланатын болады», делінген хабарламада.
Әрі қарай

Азаматтық секторға «Атамекен» бағдарламасы таныстырылды

Астана жаңалықтары: Азаматтық секторға «Атамекен» бағдарламасы таныстырылды

Астанада «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар жұмылдырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен Астана қаласының ішкі саясат басқармасымен бірлесе үкіметтік емес ұйымдарға арнап «Рухани жаңғыру» аясындағы «Атамекен» шағын бағдарламасының таныстырылымын өткізді.

«Атамекен» шағын бағдарламасын жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғамның басқа да институттарының әлеуетін тарту жоспарланып отыр. Шағын бағдарлама негізгі екі бағыт бойынша жұмыс істейтін болады. Біріншісі — әлеуметтік бастамалар картасы, ал екіншісі жомарт жүрек деп аталады», — делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.
Әрі қарай

Өткен аптада қалалық 109 қызметіне 5 мыңға жуық өтінім түсті

Астана жаңалықтары: Өткен аптада қалалық 109 қызметіне 5 мыңға жуық өтінім түсті

Өткен аптада астаналықтардың 109 кезекші қызметіне түскен өтінімінен кейін қалада 82 жоспарлы және апаттық жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қала тұрғындары аула ішіндегі тазалық пен санитарлық ахуалға қатысты шағым көп түсті. Қарашаның 6 мен 13 аралығында 109 қызметіне 4871 өтінім түсті. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында белгілі болды.

Азаматтардан түскен шағым негізінде елордалық ұйымдармен 82 жоспарлы және апатты жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Астана Теплотранзит» АҚ –мен жылу трассасын жөндеу, бітеуіш орнату мен шарлы кранды алмастыру бойынша 4 жөндеу, «Астана су арнасы» тарапынан су құбырларын алмастыру бойынша 10 жөндеу жұмысы жүргізілді. «Астана РЭК» мекемесімен 59, «Астанателеком» қызметкерлерімен 7, «Астана қалалық жарық» — 1және «Астаналық дистанциялық электрмен қамтамасыз ету» мекемесімен 1 жөндеу жұмысы жүргізілді.

Айта кетейік, елордалық 109 қызметі «Астана Innovations» компаниясымен әзірленген «Смарт Астана» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Әрбір тұрғын аталған қосымшаны смартфонға жүктеп, кез келген сұрағын қоя алады. 6-12 қараша аралығында қосымшаға 20 өтінім түсті.

Бұған қоса 109 қызметінің «Фейсбук», «Твиттер» және «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде ресми парақшасы және электронды адресі бар. Ресми мәліметке сәйкес өткен аптада әлеуметтік желілер арқылы 2 өтініш пен 5 мессенджер түсті. Сондай-ақ 164 өтінім бірыңғай электронды жүйеге(қала әкіміне жүгіну) түсті.

Осылайша өткен аптада 109 кезекші қызметіне азаматтардан 4871 өтінім түсті.

Ескертейік, тұрғындар 109 қызметіне әлеуметтік желілер арқылы жүгінгенде нақты мекен-жайы мен өтініш берушінің мәліметтері және байланыс телефонын міндетті түрде көрсету керек.
Әрі қарай