Жарияланымдар

Астана әкімдігінде Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті

Астана жаңалықтары: Астана әкімдігінде Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Оралов ағымдағы жылы жастар саясаты саласында атқарылған жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың төрағалығымен Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өткізілді. Аталмыш Кеңес отырысына мемлекеттік органдар мен жастар үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, шығармашылық жастар өкілдері, елордалық ЖОО, колледждердің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары және мектеп көшбасшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес бірінші жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Оралов ағымдағы жылы жастар саясаты саласында атқарылған жұмыс туралы баяндап, келесі жылға жоспарланған жобаларды атап өтті.

Оған қоса, аталмыш кеңес отырысында 2018 жылға арналған кеңес жоспарының жобасы талқыланды. Жоспар жобасына жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетудің жаңа механизмдері, жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жастар арасында суицидтің алдын алу шаралары сияқты өзекті мәселелер енгізілді. Жастар істері жөніндегі кеңестің жаңа құрамы қарастырылып, онда Астана қаласының Мәслихат депутаты С. Батпенов, халықаралық гроссмейстер, ЮНИСЕФ ерікті елшісі Д. Сәдуақасова, Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының төрағалары Ф. Ахметова мен Р. Валеев және басқалары енді.

Отырыс барысында «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Е. Елеукен басқарма қолдауымен «Жайдарман» ойындарының Жоғарғы лигасын халықаралық деңгейде өткізу мәселесін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар, «Selfmade» жобасының авторы және жүргізушісі А.Жұманбаева аталған жобаны отандық телеарналарда жарыққа шығаруды ұсынды. «Selfmade» жобасының мақсаты жетістікке жеткен тұлғалармен сұхбат арқылы жастарды ынталандыру.

Аталған ұсыныстар назарға алынып, Кеңес жұмысының барысында қарастырылатын болады. Жалпы күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқылау кезінде жастар белсенді түрде ат салысып, өз пікірлерімен бөлісті.
Әрі қарай

Астананың ең үлкен ашық мұз айдынына кіруге жеңілдік жарияланды

Астана жаңалықтары: Астананың ең үлкен ашық мұз айдынына кіруге жеңілдік жарияланды

Қараша айының 25-26 күндері астананың ең ірі ашық мұз айдынына отбасыңызбен немесе достарыңызбен демалуға келуге болады – кіру билетіне 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 12.00-ден 23.00-ге дейін, демалыс күндері – сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін.

Қосымша ақпарат және билеттер туралы www.kassir.kz сайтынан біле аласыздар.
Әрі қарай

Үлескерлік құрылысқа қатысушыларға арналған ақпарат

2016 жылдың 10 қазанынан бастап тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу бойынша жаңа заң күшіне енді. Заңға сәйкес, үлескерлер мен құрылыс салушыларға бірқатар талаптар қойылады.

Үлескерлердің назарына

Астана жаңалықтары: Үлескерлік құрылысқа қатысушыларға арналған ақпарат

Астана жаңалықтары: Үлескерлік құрылысқа қатысушыларға арналған ақпарат
Әрі қарай

Қаллеки театрында «Шәмші» спектаклінің премьерасы өтеді

Астана жаңалықтары: Қаллеки театрында «Шәмші» спектаклінің премьерасы өтеді

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы жаңа премьераға дайындық үстінде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Желтоқсанның 1,2,3 күндері театр сахнасында «Шәмші» спектаклінің премьерасы өтеді. Жаңа қойылым белгілі композитор, «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өміріне арналып отыр. Ақын Серік Тұрғынбекұлының пьесасын сахналауға қойылым режиссері мен театр ұжымы алты ай бойы дайындалған.

«Бұған дейін Шәмші Қалдаяқов туралы еліміздің көптеген театрлары сахналады. Көп сериялы фильм де түсірілді. Шәмші туралы шығармалардың көбі оның өмірінің кезеңдері мен композиция ретінде әндеріне құралған. Біз көрерменге оның көп жыл бойғы жалғыздығы мен шығармашыл тұрғаның жан дүниесіндегі құбылыстар туралы сахналауды жөн көрдік», — дейді қойылым режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

Режиссердің айтуынша спектакль әу баста моноспектакль жанрында қойылуы тиіс-ті. Алайда композитор туралы шығармада оның әндерінің орындалуы заңды. Сол себепті, бастапқы жоспарды өзгертіп, шығарма жанрын музыкалық драмаға өзгертілді.

«Спектакльде оның басынан кешкен оқиғалары мен танымал әндерінің жазылу тарихы айтылмайды. Себебі, оны халық біз айтпасақ да біледі. Аңыз қылып айтып жүр. Біз қойылым арқылы оның жан дүниесіне үңілуге тырыстық», — дейді Б.Ұзақов.

Шәмші образын ҚР еңбек сірңірген қайраткері Нүркен Өтеуілов сомдайды. Қойылымда композитордың бірқатар әндері де орындалады. Премьераға Шәмші Қалдаяқовтың жұбайы мен балалары келеді деп жоспарланып отыр.

«Шәмші» музыкалық драмасының премьерасы 1,2,3 желтоқсан күндері Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сағат 18.30-да өтеді.
Әрі қарай

Астанада екі есе өткізуге қабілетті тағы бір нөсерлік кәріз нысаны салынды

Астана жаңалықтары: Астанада екі есе өткізуге қабілетті тағы бір нөсерлік кәріз нысаны салынды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қалалық әкімдік табиғи сел мен нөсердің суынан қорғану үшін «Астана қаласындағы нөсерлік кәріздерінің жүйесін дамыту» жобасын сәтті түрде жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Бүгін Әсет Исекешев Есіл өзенінің сол жағалауында салынып біткен нөсер суынан тазартатын ғимаратты барып көрді.

«Жоба Астанадағы нөсерлік кәріз жүйесін дамыту барысында қаланың ішкі ортасын жақсартып, жолдардың жабындысын, ғимараттар мен құрылыстардың негізі мен іргетасының сақталуын қамтамасыз етеді», — деді қалалық әкімдікте.

Тазалайтын ғимараттың қуаты тәулігіне – 19 590 кубометр (салыстырмалы түрде алсақ, бұл шамамен 4 мың жүзетін бассейн).

Естеріңізге сала кетейік, шелектеп жауған нөсердің суы қалалықтар мен жергілікті билікті біраз әбігерге салған болатын. Себебі, сол жағалау жақта жауын-шашыннан артылған тасқын суды кәріз жүйесі реттеуге шамасы жетпеді әрі оған орын да қарастырылмаған болатын. Мемлекет басшысы көлкіген жауын суының мәселесін шешуді тапсырған болатын.

Осыған байланысты, қала әкімдігі тұрып қалған суды тазарту және су тарту бойынша кешенді бағдарлама жасап шықты. Бағдарламада инновациялық технология мен техникалық шешімдермен бірге, ең үздік әлемдік тәжірибелер де ескерілді.

2017 жылдың соңына дейін тазартатын ғимарат кешені пайдалануға беріліп, Тұран даңғылынан Сығанақ көшесінің қиылысына дейін және Есілден Кіші Талдыкөл өзеніне дейін су айдайтын коллектор іске қосылады.

Астана жаңалықтары: Астанада екі есе өткізуге қабілетті тағы бір нөсерлік кәріз нысаны салынды

Ал жалпы Астанада нөсерлік кәріз жүйесін дамытуды 2019 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Оған дейін жауын-шашын мен қар суынан келетін мәселені толығымен жоймақ.
Әрі қарай

Астанада соғым маусымында ет бағасы қымбаттамайды

Астана жаңалықтары: Астанада соғым маусымында ет бағасы қымбаттамайды

Бас қалада соғым маусымында сиыр етінің бағасы 1 350 теңгеден аспайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы Астана қаласының Ауылшаруашылық басқармасына сілтеме жасап.

Астанада ет бағасын тұрақтандыру мақсатында ірі тауар өндірушілерімен коммуналдық базарға сиыр етін бекітілген бағамен тікелей жеткізу бойынша келісім шарттар жасалды.

«Аталған келісім шарттар шеңберінде сиыр етінің алдыңғы жауырын бөлігін сатып алу бағасын (1300тг/кг) және бөлшек сату бағасын (1350тг/кг) белгілеуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге, Ақмола облысының Целиноград ауданы өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда сиыр етінің бағасын 1300тг/кг бекітілген», делінген Ауылшаруашылық басқармасы таратқан ақпараттық хабарламада.

Айта кетейік, елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыруға оның ішінде ет бағасын реттеуге қалада апта сайын өткізіліп жатқан ауылшаруашылық жәрмеңкелері септігін тигізіп жатыр.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бүгінге дейін Астанада 64 аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, онда 27 440 мың тонна өнім сатылды. Қала әкімдігі аталған жәрмеңкені қараша айының соңына дейін өткізуді көздеп отыр.
Әрі қарай

«Астана» – «Вильярреал» арасындағы мачтық кездесуге байланысты елорданың бірқатар көшелерінде қозғалысқа шектеу қойылады

Астана жаңалықтары: «Астана» – «Вильярреал» арасындағы мачтық кездесуге байланысты елорданың бірқатар көшелерінде қозғалысқа шектеу қойылады

23 қарашада «Астана Арена» спорт кешенінде өтетін «Астана» (Қазақстан) және «Вильярреал» (Испания) командалары арасындағы кездесуге орай жанкүйерлер 11 қоғамдық көлікпен тасымалданады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Ағымдағы жылдың 23 қарашасында «Астана Аренада» сағат 22:00-де «Астана» (Қазақстан) және «Вильярреал» (Испания) командалары арасында Лига өткізілуіне орай, 23 қараша сағат 20:00 ден бастап Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран, Керей және Жәнібек хандар көшесіндегі учаскелерінен Ұлы дала қиылысына дейін көлік қозғалысы тоқтатылады. Аталмыш шектеу іс-шараның аяқталуына дейін жалғасады», – делінген Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қала тұрғындары мен қонақтары стадионға № 10, 12, 27, 37, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 506 автобустармен қатынай алады.

Сонымен қатар, қала басшылығы жанкүйерлерді тасымалдауға арнайы рейстер (шатллбас) ұйымдастыруды көздеп отыр.

Арнайы автобустар стадионға «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, Астаналық цирк және «Жастар» сарайының тұрағынан жүреді (және кері бағытта). Арнайы рейстерде жүру ақысы 90 теңге және қоғамдық көліктерде жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер аталған рейстерде жарамсыз.

«Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерді бұл күні жеңіл көліктерден бас тартуға шақырып, қоғамдық көлікпен жүруді ұсынады. Сондай-ақ «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы ауданына қатынауды жоспарлаған тұрғындарға жүріп-тұру шектеулеріне сәйкес қозғалыс уақытын алдын ала ұйымдастыру қажеттігін ескертеміз», – дейді тәртіп сақшылары.
Әрі қарай

Астанада жас ақындар айтысы өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада жас ақындар айтысы өтеді

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздік күні мен Тұңғыш Президенті күніне арналған жас ақындар айтысы өтеді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласының әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының мұрындық болуымен ертең, 22 қарашада «Жастар» сарайында «Тәуелсіздігім – теңдігім, Егемендігім – елдігім» атты жас ақындар айтысы өтетін болады. Оған еліміздің Алматы, Арқалық, Семей, Қызылорда, Павлодар, Шымкент қалалары мен Торғай, Шығыс Қазақстан өңірінен 9 айтыскер ақын қатысады деп күтілуде.

Айтыс барысында ақындар «Тәуелсіздігім – тұғырым»; «Алашым – ардағым»; «Рухани жаңғыру – мұратым»; «Туған жер – тұрағым»; «Тілім – тұмарым» тақырыптары бойынша сөз жарыстыратын болады.

«Айтысты өткізудің мақсаты ақындардың өрелі өнері, өрнекті сөздері арқылы Тәуелсіздік мұраттары мен құндылықтарын насихаттау; ел егемендігі жолындағы Елбасының атқарған игі істерін ұлықтау; «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын паш ету; өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың таным-талғамын ұлт руханиятына бағыттау; қазақтың төл өнері, құдыретті сөзі арқылы мемлекеттік тілдің мерейін арттыру, қолданыс аясын кеңейту болып табылады», — деп жазылған таратылған хабарламада.

Айтыстың қорытындылары бойынша жеңімпаздар Астана қаласы әкімінің атынан дипломдармен және бағалы сыйлықтамен марапатталады.
Әрі қарай

«Астана» – «Вильярреал» матч жанкүйерлері қоғамдық көлікпен қамтамасыз етіледі

Астана жаңалықтары: «Астана» – «Вильярреал» матч жанкүйерлері қоғамдық көлікпен қамтамасыз етіледі

Арнайы автобустардың жүру ақысы – 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Астана» – «Вильярреал» командалары арасында футбол матчы жанкүйерлерін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 23 қарашасында «Астана Арена» стадионына дейін арнайы автобустар ұйымдастырылады (кері бағытта әкететін). Автобустардың жүру уақыты – сағ 20:00-ден 21:00-ге дейін; Жеткізу орны – «Астана Арена» стадионы.

Автобустар төмендегі автотұрақтардан жүретін болады:

– «Қазақстан» СК тұрағы;

– «Нұр Астана» мешіті тұрағы;

– «Жастар» сарайы» тұрағы;

– «Астаналық цирк» тұрағы.

Арнайы автобустардың жүру ақысы – 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз. Ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 37, 40, 51, 53, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады. Сағат 23:30-дан стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді Қабанбай батыр даңғылы бойынша қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады.
Әрі қарай

Әсет Исекешев Astana Innovations Challenge стартап марафонының жеңімпаздарымен кездесті

Астана жаңалықтары: Әсет Исекешев Astana Innovations Challenge стартап марафонының жеңімпаздарымен кездесті

Астана қаласының әкімі Astana Innovations Challenge стартап марафонының жеңімпаздарымен кездесіп, онда қатысушылар іс-шаралардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз жобалары жайында қысқаша айтып берді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Смарт Астана» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласы әкімдігінің тарапынан инновациялық экожүйені дамытуға және қаланы дамытуға дарынды жастарды жұмылдыруға көп көңіл бөлінуде. Осылайша, осы жылдың шілде айында Астана қаласының әкімдігі атынан «Астана Innovations» АҚ MOST бизнес-инкубаторымен бірлесіп, Astana Innovations Challenge стартап марафонын іске қосты.

Жарты жыл ішінде 6 стартап-байқау (4 стартап уикенд және 2 хакатон) өткізілді. Іс-шараға республиканың түкпір-түкпірінен 1500-ден астам адам қатысып, олар өзара 150 команда құрды. Стартап марафонның барысында қазылар алқасы 60 үміткерді анықтап, олардың арасынан 18 команда жеңімпаз атанды. Жобаларды бағалау үшін әлемнің 8 елі мен халықаралық ұйымдардан 90-нан астам сарапшы шақырылды.

Кездесу барысында қала әкімі Әсет Исекешев: «Мен сіздер сияқты жас, идеясы көп, белсенді жандармен кездескеніме қуаныштымын. Астана жаңа идеялар мен жаңа технологиялар орталығы болуда және оны ары қарай да дамытуға сіздерге барлық мүмкіндік жасалады, ел экономикасындағы жаһандық және технологиялық өзгерістер дәуірінде басты рөлге ғылым мен инновациялар ие», — деді.

Өз кезегінде жастар жасаған жобалары туралы қысқаша айтып берді. Мысалы, жаңа технологияларды қолдана отырып қаланы қардан тазалауды тиімді, сапалы, үнемді етуге болатыны, үйден шығар қоқысты қатты және сұйық түрге бөлуге тұрғындарды ынталандыру, көшені энергия үнемдегіш шамдармен және баламалы энергия көзімен қамтамасыз ету және де денсаулық саласының сапасын көтеруге байланысты жобалар.

Кездесуге келген Әлкей Аманжолов денсаулық саласының сапасын көтеруге байланысты идеясын айтып берді. «Дәрігерлерде аурудың алдын алуға уақыт та, мүмкіндік те жоқ. Біз бір-біріне тәуелді емес 3 технология арқылы осы сұрақтың шешу жолдарын қарастырып жатырмыз. Датчиктер арқылы ақпарат жинау, блокчейн арқылы сақтау, алгоритм арқылы нейронды жүйе сырқаттың алдын алуға көмек береді. Бірер жылдан соң біз сырқаттың қандайда бір аурумен ауруы мүмкіндігін алдын ала біліп, жолын кесу мүмкіндік аламыз», — деді ол.

Астана қаласының әкімі әрдайым диалогқа ашық екенін және жан-жақты қолдау білдіруге дайын екенін айтып өтті. Қала өміріне дарынды адамдар мен жастарды тартқысы келетінін, сондықтан бар мәселелер мен міндеттердішешу үшін технологиялық шешімдер табуды ұсынатынын білдірді.

Қорытындылай келе, әкім қатысушыларға Astana Innovations Challengeстартап-марафоны келесі жылы өз жұмысын жалғастыратынын хабарлап, оған белсене қатысуға, сондай-ақ, өз идеяларын іске асырып, жетекші халықаралық сарапшылардың пікірлерін естуге шақырды.
Әрі қарай